23
Нарықтық ортаны қалыптастырудың негізгі факторы кәсіпкерліктің
қалыптасуы және дамуы болып келеді. Саяси экономия, бастапқы кезде
кәсіпкерікке өзіне тән өзекті мәселесі ретінде экономикалық өсудің және пайда
табиғатының көздерін ұғындыруымен байланысты көңіл бөлген. Кәсіпкер
туралы түсінік 18-ғасырда өмір сүрген алғашқы француз бизнес теоретигі
Ричард Канильтонның «Коммерция табиғаты жайлы очерк» деген еңбегінде
пайда болды. Мұнда ол белгілі баға бойынша өндіріс құралдарын сатып алып,
олардың көмегімен тауар өндіруге үміттеніп және сол заттарды өзіне де белгісіз
пайда түсіретін жоғары бағамен сататын субъектісін жобалап түсінген.
Кәсіпкерлікке көңіл бөлгендердің бірі - Адам Смит [12]. Ол кәсіпкерді капитал
иесі бола отырып, қандай болса да, коммерциялық кәсіпкерлік мақсатын іске
асыруы үшін және пайда табу үшін тәуекелге барады деген. А.Смит пікірі
бойынша кәсіпкерлік пайда тәуекел компенсациясы болып табылады. Жан
Батист Сэй – кәсіпкерлік түсінігін кең көлемде қарастырған. Ол кәсіпкерлік
қызметтің мәнін жоғары бағалай отырып, өнімді шығарудағы оның белсенді
рөлін мойындаған. Сэйдің айтуынша кәсіпкер қызметтеріне ақпараттарды
жинастыру, қажетті тәжірибиені жинақтау, шешім қабылдау және өндіріс
үрдісін ұйымдастыру кіреді. Сонымен бірге ол бұл қызметтердің
шығармашылық ерекшелігіне көңіл аударып, олардың өндірісті басқарудың
ескішіл күнделікті операциялардан айырмашылығын айтқан.
К.Маркс көбіне Смиттің көзқарастарына сүйеніп, өзінің қосымша құн
теориясында кәсіпкерді тек қана өзінің капиталын жұмсап және өндірілген
қосымша құнды иеленген қоғамдық тұлға деп, яғни жалдамалы еңбекті
пайдаланушы капитал иесі мен өндірісті ұйымдастырушыны кәсіпкердің
қызметтеріне теңестірген.
Көптеген экономистердің ойынша, кәсіпкерлік теориясын тұтас алып
талдаған Иозеф Шумпетер. Кәсіпкерліктің мәнін И. Шумпетер алдымен
прогрестің қозғаушы күші және өндіргіш күштерінің үдемелі дамуы ретіндегі
жаңашылдық қасиетіне байланысты ашты. Кәсіпкер – жаңашыл - ол
экономикадағы барлық серпінді өзгерістердің қайнар көзі [13].
И.Шумпетер кәсіпкерлердің ішінен төрт түрін бөлген. Бұлар
Казақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасуына зор маңызы бар. Ол түрлер-
«фабрикант-саудагер», «индустрия капитандары», «директор-менеджерлер»,
«негіздеушілер». Барлық төрт топтың ортақ белгілері бар. Оларға жататындар:
билікке ұмтылу, жаңа жетістіктерге жету, шығармашылық қуанышы. Атап
кететін жағдай, кәсіпкерліктің бұл сипаттамасы Франсуа Перридің сынына
түскен. Перридің айтуынша қазіргі жағдайда кәсіпкердің жаңашыл рөлі
ғалымдарды, зерттеушілерді және басқа мамандарды қамтуда. Бұл жай
меншіктің, басқару қызметінің өсіп жетілуіне байланысты. Ф.Перри тағы да
кәсіпкердің белгілі ортада жұмыс істейтінін және басқа институттардың әсерін
көретінін ескертеді.
Кәсіпкерлік теориясының дамуына И.Тюнен және Ф.Найт айтарлықтай
үлес қосты. Тюнен кәсіпкерге ерекше қасиеттердің иесі деп сипаттама береді.
Өз саласындағы «өнертапқыш, зерттеуші» және жобаланбаған, жоспардан тыс
24
пайда алуға ұмтылушы ретінде көрсетеді. Кейін Тюненнің көзқарастарын
Фрэнк Найт дамытты. Найттың ойынша, кәсіпкерлік пайданың алынуын күдік
туғызатын «жалғыз қауіп» - ол кәсіпкердің жауапкершілігін пайдаланатын
«айрықша белгісіздік». Тюнен мен Найттың теориялық зерттеулерінің нәтижесі
кәсіпкерлік қызметтің дамуына және экономикалық ғылымның алға жылжуына
зор үлесін қосты.
Кәсіпкерлік теориясына «екінші дем» берген австриялық мектептің
өкілдері – Ф.Хайек, И.Кирцнер көзқарастары болды. Сондай-ақ Израиль
Кирцнердің айтуы бойынша тепе-тендікпен бірге теңсіздік нарықтық
жағдайлардың қасиеттеріне көңіл аударуға тұрарлық. Теңсіздік жағдайлары
уақыттағы да, кеңістіктегі де сұраным мен ұсыныстың айырмашылығына
негізделеді. Осыдан да қосымша пайда алуға мүмкіндіктер туындайды, ал
кәсіпкерліктің мәні осы мүмкіндіктерді пайдалануымен жүзеге асады. Фридрих
Хайектің кәсіпкерлік теориясы көбінесе И. Шумпетер ойларымен үндес. Бірақ
бірізділігімен және кеңділігімен ерекшеленді. Жеке бастың тәуелсіздігі өзінің
экономикалық әлеуетін тиімді жұмсағанға мүмкіндік береді. Ф. Хайек үшін
кәсіпкерліктің мәні жаңа экономикалық мүмкіншіліктерді іздеуден тұрады; ол
іс-әрекеттің бір түрі емес, мінез-құлықтың сипаттамасы болып табылады. Жаңа
мүмкіндіктерді іздеудің қозғаушы күші ретіндегі, нарықтың жағдайы жайлы
бірегей білімдерді тиімді пайдалануға тырысатын кәсіпкер болып келеді.
Осымен ол өзіне бәсекелестікте озықтықты және артығырақ пайда алуын
қамтамасыз етеді. Тек қана пайда мен кірісті табуына бейімделуінің тұрақты
мақсатын, кәсіпкерліктің тұрақты дамуынан құралмайтындығынан, қазіргі
американ экономисті Роберт Хизрич кәсіпкерлікті – кәсіпкердің материалды
және рухани мұқтаждықтарының бірлікті қанағаттандыру үрдісі ретінде
қарастырады. Сонымен бірге Р.Хизрич қазіргі қоғамдық кәсіпкерлікке аса көңіл
бөледі: «Кәсіпкерлік экономикада, қоғамға өзгеше жүргізу механизмін және
құрылымдық өзгерістердің жол бастаушы қызметтерін көрсетеді. Бұл
өзгерістер жиынтық өнімнің өсуіне әкеледі және экономикалық дамуының
катализаторы ретінде шығады».
Кәсіпкерлік түсініктемесі әртүрлігімен айқындалады. Бұл кәсіпкерліктің
әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде бір қалыпты болмауына
байланысты. Оның қызметтерінің және ұйымдастыру нысандарының терең
өзгірісі болып жатыр. Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының рөлі және
саны өсуде. Кез-келген қоғамға кәсіпкерлік пен жаңашылдық тән. Бұл жағдайға
И.Шумпетер мен А.Маршалл көңіл бөлген. Егерде И.Шумпетер кәсіпкерліктің
және жаңашылдықтың бірдейлігін көрсетсе, А.Маршалл қоғам өміріндегі
кәсіпкерлердің анық рөлін өздерінің жаңашылдықтарымен жаңа тәртіп құрумен
бірге қоғамдағы конструктивті жетіліп жатқан үрдістерді жылдамдатады деп
айтқан [14].
Бізге, И.Шумпетердің кәсіпкерді бұрынғы өндіріс формаларын және қоғам
өмірін ұйымдастыруын батыл бұзатын экономиканың революционері ретінде
бағасы дұрысырақ болып көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |