Республикасында



жүктеу 1,49 Mb.
Pdf просмотр
бет13/17
Дата04.01.2022
өлшемі1,49 Mb.
#31443
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
кәсіпкерлоік оқулық


КӘСІПКЕРЛІК 
ҚЫЗМЕТ 
СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ 
ІСКЕРЛІК 
ҚАТЫНАСТАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 
 
3.1  
Шағын  кәсіпкерлік  субъектілерінің  белсенділігін  арттырудағы 
шетел тәжірибесін пайдалану нәтижелігі мен мүмкіндіктері бағыттары 
 
 
Батыс  елдерде  фирма  өсімінің  кезеңдік  теориясы  да  кең  таралған,  ол 
«ұйымдық  тәртіп»  аумағындағы  зерттеу  нәтижесінде  туып,  фирма  дамуының 
кезеңдік сипаттарын ерекшелеу негізінде фирма өлшемін сапалық анықтаудың 
кеңеюіне  жол  берді.  Фирма  өсімі  теориясының  бір  нұсқасы  кәсіпорын 
мөлшерін  анықтаумен  тікелей  байланысты  болмаса  да,  бекітудің  сапалы 
нұсқасын дамыту үшін қолданады. 
Осы теорияның бір нұсқасы кәсіпорын өсімі кезеңінің индикаторы ретінде 
өнімді  дамыту  стратегиясына  көзделді.  Көптеген  авторлар  компанияларды  бір 
өнімді  өндіруге  бағытталған  шағын  фирмадан  бастап,  өнімнің  үлкен  өндірісі 
бойынша  қызмет  диверсификациясына  бағытталған  ірі  кәсіпорындар  – 
конгломерат–компания  түрінде  қарастырады  (технология,  қызмет,  «ноу-хау»). 
өнім  дамуының  кезеңін  сипаттау  үшін  фирманың  жылдық  табысының  оның 
өндіріске  кеткен  барлық  шығындарының  қатынасына  тең  «мамандандыру 
коэффиценті» қолданылады. 
Сапалық көзқарастың артықшылығы – теориялық негіздеменің белгілі бір 
дәрежедегі  жетістігі  және  түрлі  кәсіпорындарға  «менеджмент  жүйесі»  т.б. 
сияқты  сапалық  критерийлер  тән  кең  спектр  есебі.  Бұл  тұжырымның 
кемшіліктері  –  түрлі  сипаттамалар  қатарын  анықтау  үшін  фирмаішілік 
ақпаратқа  ену  қиындығы  мен  тәжрибені  қолдау  күрделігі  (мысалы, 
«менеджмент жүйесі»), және критерийлердің неғұрлым кең спектрі. 
Шағын  фирманың  таза  сапалық  анықтамасын  оның  өмір  сүру  және  даму 
ерекшіліктерін  бөлу  арқылы  қалыптастыруға  болады.  Бұл  көзқарас  шағын 
фирманың қызметі ретінде қарастырады: айқындылықсыздың жоғарғы деңгейі, 
инновация енгізуге жоғары мүмкінділік (кең мағынада); тұрақты дамуды және 
өзгерістерге тез бейімделуі. 
Комбинациялы  көзқарас  бертінде ғана қолданыла бастады.  Оның  мысалы 
болып 1971 жылы Болтон  комитеті (Ұлыбритания) баяндамасында  ұсынылған 
шағын  фирма  анықтамасы  табылады.  Бұл  шағын  бизнесті  дамыту  мәселесін 
алғаш  қарастыру  мысалы.  Ол  әртүрлі  елдердегі  шағын  фирмалар  дамуының 
кейбір аспектілерін салыстырмалы талдау нәтижелері келтірілген (кесте 14). 
Монополизм  нарықтағы  еркін  бәсекелестіктің  мүмкіндігін  жоя  отырып, 
экономикалық  өрлеуге  кері  әсерін  тигізетіні  белгілі,  яғни  капитал  мен 
өндірістің жиынтығын құрайтын монополизмнің бойында қай кезде де тоқырау 
қаупі бар. Оған қарсы тұра алатын бірден бір фактор  – ол әлемдік тәжірибеде 
кең етек алған, біздің елімізде де енді дамып келе жатқан шағын бизнес. Жалпы 
өркениетті  елдердің  қай  қайсысын  алсақ  та  өздерінің  экономикалық  және 
әлеуметтік мәселелерін шешуде шағын кәсіпкерлікке арқа сүйейді.  


 
89 
 
Кесте 14 
Шағын бизнеске жатқызу критерийлері (Ұлыбританияда) 
 
Қызмет түрі 
Жұмысбастылар 
саны 
мен 
жылдық 
айналым 
Өнеркәсіп 
жұмысбастылар саны 200-ден көп емес 
Құрлыс, 
пайдалы 
қазбалар 
өндіру 
жұмысбастылар саны 25-ден көп емес 
Бөлшек сауда, қызметтер 
Айналым 50000 ф. ст-тен көп емес 
Автомобильдер сату 
Айналым 100000 ф. ст-тен көп емес 
Көтерме сауда 
Айналым 200000 ф. ст-тен көп емес 
Көлік 
Фирма меншігінде транспорт құралдары 5-
тен аспайды 
Қоғамдық тамақтандыру 
Кез-келген  бөлімдер  мен  кәсіпорындардан 
басқа  барлық  жеке  кәсіпорындар  (сыра 
қайнату зауыттары мен басқарылатын). 
 
Себебі  шағын  бизнес  халықтың  әл-ауқатын  арттырумен  қатар,  қосымша 
жұмыс  орындарының  ашылуына  да  себебін  тигізеді.  Бұл  жағдайды  төмендегі 
кестенің көрсеткіштерінен айқын байқауға болады (Кесте 15). 
 
Кесте 15 
Шағын  бизнеске  қатысушылардың  жалпы  жұмысқа  қамтылғандар 
санындағы әр елдегі үлесі, 2006 мәлімет 
 
Ел аты 
Үлесі 
Ел аты 
Үлесі 
Италия 
80% 
Румыния 
27% 
Ұлыбритания 
76% 
Венгрия 
24% 
Жапония 
73% 
Словакия 
23% 
Бельгия 
72% 
Польша 
23% 
Франция 
69% 
Ресей 
10% 
Германия 
64% 
Беларусь 
6% 
АҚШ 
53% 
Хорватия 
22% 
 
Кәсіпкерлік  сектор  нарықтық  бәсекелестіктің  өзгеруіне  өте  сезімтал. 
Сонымен катар экономикадағы бәсекелік сипатты қолдай отырып, орта топтың 
қалыптасуының  негізін  қалайды.  Осындай  әлеуметтік  базаны  дамытпастан 
нарықтык  реформаларға  жоғары  баға  беру  мүмкін  емес.  Бұл  сипаттаманың 
әділдігін  экономиканың  қолдаушы  күші  болған  шағын  бизнесті  кең  бағытта 
қолдаған  шет  елдердің  тәжірибесі  айғақтайды.  Мысалы,  АҚШ-та  жалпы 
өнімнің  40  пайызы  және  еңбекке  қабілетті  халықтың  53  пайызы  оның  үлесіне 
тиеді.  Ірі  корпорацияларға  қарағанда  шағын  кәсіпорындар  технологиялық 
жаңалықтарды  анағұрлым  көп  игереді.  Мұндай  кәсіпорындар  тауарларды 


 
90 
 
экспортқа шығаруға мүмкіншіліктері мол. Олардың үлесіне: Германия, Италия, 
Жапония сияқты елдерде тауар экспортының 40 пайызы жуығы тиеселі екен. 
Кесте  деректері  дәлелдеп  отырғандай,  шағын  бизнес  өркениетті  елдерде 
әлеуметтік  мәселелерді  шешудің  басты  күші  бола  отырып,  тұрақтылықтың 
кепіліне  айналуда.  Экономикалық  және  статистикалык  мәліметтер  бойынша 
шағын бизнес субъектілерінің рөлі тіпті дамыған елдерде артқаны байқалады. 
Шағын  бизнестің  осындай,  басқа  да  экономикалық  және  әлеуметтік 
функциялары  шағын  бизнесті  дамыту  мәселесін  маңызды  мемлекеттік 
міндеттер  қатарына  жатқызуға  және  экономиканы  реформалаудың  ажырамас 
бөлігі  деп  қарастыруға  негіз  береді.  Шағын  және  орта  кәсіпорындардың  ірі 
ұйымдармен  тиімді  ынтымақтастық  құруы  келешегі  зор  бағыт.  Шағын 
кәсіпорындар  ғылыми  техникалық  жетістіктерді  қабылдауға  анағұрлым 
қабілетті,  нарықтағы  сұраныс  өзгерісіне  оңай  бейімделеді.  Сондай-ақ  ірі 
кәсіпорындарға  тауарлар  жеткізу  мен  қызмет  көрсету  кұқығы  үшін  өзара 
бәсекеге  барады,  мұның  өзі  олардың  тұрақты  табыстарына  кепілдік  береді. 
Олар 
ірі 
кәсіпорындардың 
орнықтылығын 
және 
өндірістік 
әртараптандырылуын  қамтамасыз  етіп,  монополистік  бағытқа  қарсы  әрекет 
ереді. Шағын бизнес нарықта консалтингтік, брокерлік, маклерлік, делдалдық, 
жарнама,  қолданбалы  зерттеу  жұмыстары  бойынша  қызмет  көрсетумен 
қамтамасыз етіліп, белсенді рөл атқарады. 
Соңғы уақытта дамыған нарықтық экономикасы бар мемлекеттерде шағын 
бизнестің дамуы  үлкен  орын  алып  отыр.  Егер  1950  жылдары  АҚШ-та  орташа 
шамамен  жыл  сайын  130  мың  фирма  тіркелсе,  60  жылдары  –  220  мың,  ал  70 
жылдары – 350 мың, ал 90 жылдары жыл сайын 600 мың фирмаға дейін орташа 
шамамен  тіркелген.  Бұл  құбылыстың  себебі  шағын  бизнестің  дамып  отырған 
қоғамдық  тұтынушылықты  дер  кезінде  қанағаттандыра  алу  қабілетімен, 
ғылыми  техникалық  прогресс  барысында  өндірістік  құрал-жабдықтардың 
жетілділігімен  және  аралас  экономикадағы  әр  түрлі  меншік  формаларының 
біркелкі мүмкіндігімен түсіндіріледі. Шағын бизнес – шешім қабылдау мен оны 
жүзеге  асырудағы  еркіндік,  іскерлік,  нәтижелерге  толық  экономикалық  және 
құқықтық  жауапкершілік,  сондай-ақ  шығармашылық  ынта  және  жігермен 
сипатталады. 
Әлемдік  тәжірибеде  қоғам  мен  мемлекет  мүддесінде  шағын  бизнесті 
мемлекеттік  қолдау  норма  болып  есептеледі.  Мұндағы  мемлекеттің  міндеті 
шағын  кәсіпорындарға  қаржылық,  техникалық  және  өзге  де  ресурстарды  беру 
ғана  емес,  сондай-ақ  оларды  қандай  да  бір  дәрежеде  болсын  қолдау  емес, 
олардың  өмір  сүруі  үшін  құқықтық  және  экономикалық  жағдай  жасау,  нарық 
жағдайында  өсіп,  өмір  сүре  алуы  үшін  жағдай  жасаудан  тұрады.  Еуропа, 
Жапония, АҚШ, Азия сияқты әлемнің барлық елдерінде және Латын Америка 
елдерінде  шағын  кәсіпкерлікті  дамытуды  қолдаудың  қуатты  толқыны  жүруде. 
Барлық Еуропа, әсіресе, өтпелі экономикасы бар елдер (Шығыс Еуропа) шағын 
кәсіпкерлік  мемлекеттік  қолдауға  өз  үлестерін  қосуды  кеңейтуге  зор  назар 
аударуда.  


 
91 
 
Экономикалық қызметтестік және дамуды ұйымдастыру елдерінде барлық 
фирмалардың  99%  -  бұл  жұмыс  орындарының  қайнар  көзі  болып  табылатын 
(жұмысбастылықтың 40% - 80%) және ЖІӨ-нің 30%-70%-ын қамтамаыз ететін 
шағын және орта кәсіпорындар. Мемлекеттік қолдау бағдарламаларының 1552-
нен  (1989-1993жж.  аралықтары)  немесе  «Өнеркәсіптік  субсидиялардың 
бағдарламалары»  ішінен 359  шағын  және орта  бизнесті қолдауға  бағытталған. 
Еуропалық Одақтың 12 елдерінде 1990 ж. 15,8 млн. ауылшаруашылықтық емес 
жеке кәсіпорындар есептелген. Олардың 14,7 млн. микрокәсіпорындар болды, 1 
млн-ға  жуығы  шағын  кәсіпорындар,  шамамен  70000  кәсіпорында  100-500 
жұмыскерлер қызмет етсе, тек 13000 кәсіпорын 500-ден астам қызметкерлерге 
ие  болды.  Микрокәсіпорындар  үлесіне  ауылшаруашылықтық  сектордан  тыс 
жұмыспен қамтылғандардың 31,8%-ы тиесілі, шағын - 24,9% және орта - 15,1%. 
Шағын  бизнес  көптеген  елдердің  экономикасындағы  базалық  негіздеме 
болып табылады.  
1993  жылы  Еуропалық  Қауымдастық  жеке  секторының  шамамен  15,7 
млн.кәсіпорындары  шағын  және  орта  бизнес  кәсіпорындары  ретінде  қызмет 
етті.  Еуропалық  Қауымдастық  елдеріндегі  бизнес  үшін  неғұрлым  тиімділері 
микрокәсіпорындар болып табылады (1-9 адам). Мұнда олар шамамен 14,5 млн. 
1989-1992 жж. Аталмыш кәсіпорындардың айтарлықтай ұлғаю көзге түсті, 
әсіресе  шағын  кәсіпкерлік  есебінен.  Шағын  және  орта  бизнес  кәсіпорындары 
Еуропалық Қауымдастық гүлденуіне айтарлықтай салым енгізе отырып, жұмыс 
орындарының 70%-ын қамтамасыз етті.  
Еуропалық  Қауымдастық  деңгейінде  шағын  бизнестің  артушы  рөлі 
дамыған елдердің көбісінде мақсаттары төмендегілер болып табылатын арнайы 
саясатты өңдеу қажеттілігі танылғанына әкелді: 
-  ұлттық  шағын  кәсіпорындардың  халықаралық  бәсекеқабілеттілігін 
дамыту; 
- жаңа жұмыс орындарын құру; 
- шағын кәсіпорындардың экономикалық өсімі; 
- шетел компаниялары мен инвестицияларын тарту; 
- инновациялық іс-әрекет; 
- технология трансферті. 
Еуропалық  Қауымдастықтың  көптеген  мүше  елдерінде  шағын  және  орта 
бизнеске  қатысты  саясат  тұжырымдамасы  федералды  биліктің  прерогативасы 
болып  табылады,  ал  нақты  шаралар  жергілікті  биліктер  деңгейінде  жүзеге 
асырылады. 
Саясаттың  жекелеген  салалары  бойынша  Еуропалық  Қауымдастық 
елдеріндегі  шағын  және  орта  бизнесті  мемлекеттік  қолдаудың  жалпыланған 
тәжірибесін келтірейік. 
1. Шағын кәсіпорынды құру. Барлық айтылғандардан шағын кәсіпорындар 
санын  арттырып,  саласын  кеңейтуге  мемлекеттің  тікелей  қызығушылық 
танытуы  туралы  сөз  қозғауға  болады.  Еуропалық  Қауымдастықтағы  білім  алу 
жүйесі мынадай: мұнда азаматтар кәсіпкер болу мүмкіндігі туралы тіпті мектеп 
жасынан біле бастайды. Өз жолында бастаушы кәсіпкер қандай қиындықтарды 


 
92 
 
кездестіруі мүмкін? Олар мынадай: қаржылық қаражаттардың жетіспеуі, нақты 
бизнес-жоспардың болмауы, заң білмеу және нарықтық жағдайлар. 
Осыны ескере отырып, Еуропалық Қауымдастық барлық елдерінде белгілі 
бір  дәрежеде  меншік  ісі  бар  адамдарды  ынталандыратын  түрлі  бағдарламалар 
жүзеге асырылады. Оларға қаржылық, ақпараттық және кеңес берушілік көмек 
көрсетіліп,  оқыту  ұйымдастырылады.  Мысалы,  Дания  меншік  іс  ашуға 
талаптары  бар,  бірақ  жұмыссыз  отырғандарға  арналған  бастаушы 
кәсіпкерлердің  Сызбасын  өмірге  енгізген.  Мұндай  адамдар  меншік  іспен 
айналысу  барысында  өз  жәрдемақыларының  жартысын  алып  отырады, 
максималды төлем мерзімі  3,5 жыл. 
2.  Субподрядтар.  Сонымен  қатар,  тұтынушылар  мен  жабдықтаушылар 
арасындағы  неғұрлым  тұрақты  қатынастарды  қалыптастыру  қарқыны 
байқалады.  Олардың  көбісі  шағын  кәсіпорындар.  Субподряд  осылайша  ірі 
фирмалардың технологиялық және коммерциялық «ноу-хауына» жол ашылған 
шағын кәсіпорындарға тиімді. Жабдықтаушы ретінде әрекет ете отырып, шағын 
кәсіпорындар зор көлемдегі экономикалық дербестікке қол жеткізе отырып, өзі 
өндіретін соңғы өнім өндірісін жақсарта алады.  
Бірақ  бұл  салада  да  шағын  кәсіпкерлік  қатаң  халықаралық  бәсекелестік, 
нарықтық  коньюнектураның  жағдайы  және  өзгеруі  туралы  толық  ақпараттың 
болмауы  сияқты  проблемалармен  қақтығысады.  Сәйкесінше  осы  саладағы 
шағын  бизнесті  қолдаудың  негізгі  шаралары  ақпараттандыру  және  кеңес 
берумен байланысты.  
3.  Экспорт.  Соңғы  жылдары  тиімді  шекаралық  сауда-саттық  жолында 
тұрған  көптеген  тосқауылдардың  көбісі  ЕҚ-да  жойылды,  бұл,  әрине, 
экспорттың  кеңеюіне  ықпал  етеді.  Осында  туындайтын  мәселелер 
субподрядтық салада аталғандарға ұқсас. 
Ұлыбританиядағы  «Экспорттық  инициатива»  мемлекеттік  қолдауды 
жүзеге асырудың мысалы бола алады. Ол халықаралық саудадағы потенциалды 
экспортерлердің қызығушылығын арттыруға және олардың көлемін арттыруға 
бағдарланған. Экспорттық инициатива мыналарды қамтиды: 
-  жеке  сектормен  байланысты  және  тәжірибесі  жоқ  экспортерлерге 
мамандардың  кеңес  берушілік  қызметтерін  ұсынатын  сауда-саттық  пен 
өнеркәсіп бөлімі; 
-  «өзіндік  көмек  көрсетуді»  қамтамасыз  ететін  ақпараттық  орталық,  яғни 
фирма  үшін  нарықтарды  іздеумен  байланысты  ақпараттық  мүмкіндіктерді 
ұсыну; 
-  фирмамен  көрсетілген  өнімдер  және  нарықтар  бойынша  экспорттық 
ізденіс; 
- өнімге сұраныс, жергілікті бәсекелік жағдай, маркетингтік зерттеу өткізу 
жөнінде  кеңес  беру  және  ақпараттық  қызметтерді  ұсынатын  анықтамалар 
қызметі. 
4.  Қаржыландыру.  Еуропалық  Қауымдастық  барлық  елдері  шағын  және 
орта бизнеске түрлі тетіктерді қолдана отырып, қаржыландыру көздерін табуға 
қатысты  мәселелерді  шешуге  көмектеседі.  Кейбір  мемлекеттер  (Ұлыбритания, 


 
93 
 
Нидерланды және т.б) негізінен займ кепілдіктерін қамтамасыз ету жүйелеріне 
шоғырланады.  Ал  көптеген  елдер  субсидиялар,  инвестицияларға  фискалды 
жеңілдіктер,  жеңілдікті  займдар  немесе  дотациялар  арқылы  шағын  және  орта 
бизнесті қолдау үшін ерекше резервтерді құрады. Шағын және орта бизнестің 
негізгі  қорларына  қаражаттарды  инвестициялау  ерекше  ынталандырылады. 
Кейбір елдерде (Бельгия, Франция, Нидерланды және т.б.) тәуекелді капиталды 
шағын  және  орта  бизнеске  ұсыну  тәжірибесі  жүзеге  асырылады.  Жекелей 
алғанда,  аталмыш  елдердің  үкіметі  тәуекелді  қорлардың  мүмкін  болатын 
шығындарын компенсациялауға кепілдік береді. 
90  жылдардың  басында  Португалия  Еуропалық  Қауымдастық  арнайы 
құрылымдарын  пайдалана  отырып,  тікелей  қаржылық  қолдауға  ие  болды: 
өндірістік инвестициялар қоры (SIN EDIP); 
Сыйақылардың  жергілікті  жүйесі  (SIBR);  энергияны  тиімді пайдаланғаны 
үшін сыйақылар жүйесі (SIURE); 
Ақпараттық  технологияларда  шағын  инвестициялық  жобалар  (PPI)  мен 
инновацияларды  сыйақылау  жүйесі.  Алынған  қаражаттар  жалпыеуропалық 
деңгеймен  салыстырғанда  Португалияның  шағын  кәсіпорындарындағы 
қаржылық тапшылық пен технологиялық ара-қашықтықты жоюға ықпал етті.  
5.  Жұмысбастылық.  Шағын  және  орта  бизнес  еуропадағы  жұмыс 
орындарының  негізгі  қайнар  көзі  болып  табылады.  Аталмыш  саладағы  басты 
мәселе  –  білім  беру  жүйесі  мен  еңбек  нарығының  жеткілікті  түрде 
баланстанбауы,  сондай-ақ  кадрларды  дайындаудың  нашар  дамыған  ішкі 
жүйелері.  Осылайша,  мәселе  жұмысбастылықта  ғана  емес,  сондай-ақ 
Еуропалық  Қауымдастық  елдерінде  білім  беруге  қатысты  жұмысбастылық 
мәселелерінде болып отыр.  
Жұмысбастылық  саласындағы  мемлекеттік  қолдаудың  негізгі  шаралары 
қаржылық  көмек  (мысалы,  шағын  кәсіпорындарға  арнайы  субсидиялар), 
ақпараттау, кеңес беру және дайындау болып табылады.  
Грецияда жұмыс орындарын құрудың арнайы Бағдарламасы қабылданған, 
онда  жастар  мен  әйел  адамдарға  ерекше  назар  аударылған.  Еуропалық 
Қауымдастық  елдерінің  ішінде  бірінші  болып  Ирландия  60  жылдарда 
жұмыссыздықтың 
жоғары 
деңгейімен 
соқтығыса 
отырып, 
шағын 
кәсіпорындарға субсидия бере бастады.  
6.  Білім  беру  және  оқыту.  Кәсіпкерлікке  көмек  көрсету  тұрғысынан 
аталмыш  мәтінде  қарастырылған  білім  берудің  мақсаты  адамда  кәсіпкер 
қасиеттерін дамыту болып табылады. 
Мұнда білім берудің екі деңгейін бөліп көрсетуге болады. 
Біріншісі  –  кәсіпкерлік  іс-әрекет  үшін  қажетті  білім  мен  дағдының 
минималды көлемін беретін бастауыш білім беру. 
Екіншісі – қолданбалы сипатқа ие тереңдетілген білім беру. 
Оқыту  мемлекеттік  құрылымдармен  және  жеке  ұйымдармен  жүзеге 
асырылады. Ерекше бағдарламалар әйел адамдар үшін өңделеді. 
Осылайша,  Ирландияда  1992  жылдан  бастап  жұмысқа  үйрету 
бағдарламасы  әрекет  етеді,  ол  өнеркәсіптік  кәсіби  дайындықты  арттыру 


 
94 
 
мақсатында өңделіп, шағын кәсіпорындардың бәсекеқабіеттіліктерін арттыруға 
бағытталады.  
Бағдарлама  26-52  апта  аралығында  толық  оқыту  барысында  жүзеге 
асырылады. Қызметкерлерін оқуға жіберетін компания мөлшеріне байланысты 
мемлекет оқыту курсының ақысын жартылай төлейді.  
АҚШ-ғы шағын кәсіпорындардың әрекеті шағын бизнес Әкімшілігі сияқты 
арнайы мемлекеттік ұйым біліктілігіне кіреді, ол 1953 жылы АҚШ конгресімен 
құрылған.  Оған  шағын  кәсіпкерлерге  қаржылық  кеңес  беру  көмегін  көрсету, 
үкіметтік тапсырыс алуға жәрдемдесу және ірі кәсіпорындармен келісім-шартқа 
отыруға жәрдемдесу міндеті жүктелген.  
АҚШ  президенті  жыл  сайын  Конгреске  шағын  бизнес  жағдайы  туралы 
мәлімет беріп отырады. АҚШ конгресі шағын бизнесті дамытуға қатысты түрлі 
бағдарламаларды  бекітеді.  Аталмыш  бағдарламалар  түрлі  үкіметтік 
ведомстволарға 
ие 
(Сауда-саттық 
министірлігі, 
ауылшаруашылық 
министірлігі).  Бизнесмендерге  ақпаратпен,  оқытумен  және  кеңес  берумен 
көмектеседі.  
Келесі  федералды  ұйымдар  шағын  кәсіпорындарды  дамыту  бойынша 
бағдарламаларға 
қатысады 
және 
сауда-саттықты 
дамыту 
бойынша 
Координациялық  комитеттің  қатысушылары  болып  табылады:  АҚШ-ң  сауда 
палатасы,  ауылшаруашылық  департаменті,  көлік,  байланыс,  энергетика,  білім 
беру, еңбек, қаржы, қауіпсіздік департаменті. АҚШ сауда  өкілеттілігі, АҚШ-ң 
экспортты-импорттық 
банкі, 
сауданы 
дамыту 
Агенттігі. 
Шетелдік 
инвестициялар  бойынша  жеке  компания.  Халықаралық  даму  Агенттігі. 
Қоршаған  ортаны  қорғау  бойынша  Агенттік.  Ақпараттық  агенттік.  Бюджетті 
құру және басқару бойынша бөлімше. Ұлттық қауіпсіздік кеңесі. Халықраралық 
сауда бойынша комиссия. Экономикалық кеңес берушілер кеңесі.  
Аймақтық деңгейдегі шағын бизнеске ерекше назар аударылады.  
Осылайша,  мысалы,  1983  жылы  Мичиган  штатындағы  Уэйнск 
университеті  шеңберінде  шағын  бизнесті  оқыту,  кеңес  беру,  зерттеу  және 
құқықтық қорғау бойынша бағдарламаларды жүзеге асыру үшін шағын бизнесті 
дамыту Орталығы құрылған.  
Құқықтық  негізге  ие  аталмыш  федералды,  жергілікті  бағдарламаның 
мақсаты төмендегідей анықталған: 
- 13 аймақтық бөлімшелер арқылы Мичиган штатында шағын фирмаларға 
ілеспелі кеңес беруді қамтамасыз ету
-  шағын  бизнес  мәселелері  бойынша  тәжірибелік  оқыту  бағдарламаларын 
өңдеп, жүзеге асыру; 
- Мичиган штатында шағын бизнес мәселелерін талдау; 
- өзге қоғамдық және жеке ұйымдармен бірлесе отырып, құқықтық қорғау 
мәселелері бойынша шағын бизнес мүдделерін қорғау. 
Заңнамаға  сәйкес  шағын  кәсіпкерлік  субъектілерін  несиелеу  шағын 
кәсіпкерлікті  қолдау  қорының  қаражаттары  есебінен  жүзеге  асырылады,  олар 
жеңілдікті  жағдайларда  шағын  кәсіпкерлік  субъектілеріне  толық  алынбаған 


 
95 
 
табыстарын  компенсациялауға  құқылы.  Осындай  тәртіп  шағын  кәсіпкерлік 
субъектілерін сақтандыру барысында да қарастырылған. 
Кейінгі онжылдықтарда  экономикасы дамыған  Батыс елдерінде бәсекенің 
дамуы әсерінен шағын және орта бизнес рөлі арта түсті. Мұның басты себебі - 
экономикалық сектордың кәсіпорындарына тән артықшылықтар. 
Тұрақты  экономикалық  жүйеде  шағын  кәсіпкерлік:  динамикалық  түрде 
дамуы мүмкін, тұтынушылардың сұранысының өзгеруіне тез бейімделе алады, 
бәсекелес  нарықтық  қатынастарға  ықпал  етеді,  экономиканың  құрылымдық 
қайта құрылуына әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын ашады, жаңа кәсіпкерлік 
топ  пен  меншік  иелерінің  құрылуына  жағдай  жасайды,  елдің  жалпы  ұлттық 
өнімінде  үлкен  үлеске  ие  бола  алады,  мемлекетгік  бюджетке  үлкен  қаржы 
сомаларын береді. 
Дамыған  елдерде  шағын  кәсіпорындар  мынадай  салаларда  басым  рөл 
атқарады:  сауда,  автосервис,  құрылыс,  қызмет  көрсету  салалары.  Қазір  шағын 
кәсіпорындар  жоғары  технологиялық  сфераларға:  машина  құрылысы, 
энергетика,  электротехника,  химиялық  өнеркәсіп,  транспорттық  қызмет, 
информатика, 
микроэлектроника, 
телекоммуникация 
салаларына 
әртараптандырылып жатыр. 
Шағын және орта кәсіпорындардың ірі кәсіпорындармен қатар қызмет етуі 
дамыған елдер экономикасына тән белгі.  
АҚШ  шағын  бизнес  басқармасының  жіктелуі  бойынша  шағын  бизнес 
субъектілеріне: жұмыскерлер саны 500-ге дейін болатын өндірістік және сауда 
кәсіпорындары,  ал  басқа  салалар  үшін  -  жылдық  табысы  2  миллион  долларға 
дейін болатын кәсіпорындар жатады. 
АҚШ-та тіркелген кәсіпорындардың 97%-ына жуығы шағын кәсіпорындар. 
Бұл  шағын  кәсіпорындар  жалпы  ұлттық  өнімнің  53%-ына,  көтерме  сауданың 
64%-ына,  бөлшек  сауданың  72%-ына,  қызмет  саласының  57%-ына  ие  болып 
тұр. 
Экономикалық  өсу  және  кұлдырау  кезінде,  жаңа  жұмыс  орындарын  ашу 
мен  қысқарту  кезінде  шағын  кәсіпкерлік  жұмыссыздық  проблемасын 
бәсеңдетеді. АҚШ-тық шағын бизнес даму мысалы көрсеткендей, шағын бизнес 
сыртқы  ортаның  өзгеруіне  тез  бейімделеді.  АҚШ  Сауда  министрлігінің 
мәліметтері  бойынша  шағын  кәсіпкерліктің  инновациялық  сипаты  елдің 
экономикалық өсуіне 20-25%-ға дейін үлес қосады. 
АҚШ-та  шағын  бизнес  тұрақты  түрде  мемлекеттік  дауға  ие.  Әр  түрлі 
мемлекеттік  реттеулер  мен  қолдау  шаралары  құқықтық  базаға  негізделеді. 
Солардың бірі  «Шағын бизнес  туралы»  заң.  АҚШ конгрессінде шағын бизнес 
проблемаларымен  екі  комитет  айналысады.  Федералдық  деңгейде  шағын 
бизнес  әкімшілігі  қызмет  атқарады.  Әкімшіліктің  басты  функциясы  -  шағын 
бизнесті  жан-жақты  қолдау.  Әрбір  штатта  әкімшіліктің  аймақтық  бөлімдері 
жұмыс  істейді.  Аймақтық  бөлімшелер  шағын  бизнес  субъектілеріне  нарық 
туралы ақпарат береді, оның мәселелерін шешуге көмектеседі. 
АҚШ-та  шағын  бизнес  қоғамда  кәсіпкерлік,  бәсекелестік  атмосферасын 
дамытуға  үлкен  үлес  қосады.  Мемлекет  тарапынан  болатын  шектеулер 


 
96 
 
кәсіпкерлікке  кедергі  келтіреді.  Сондықтан  да  АҚШ  конгресі  шағын  бизнеске 
тікелей  бақылау  жасайды.  Конгресс  шағын  бизнесті  қолдау  және  дамыту 
мақсатында бірнеше программа жасады. 
АҚШ шағын бизнесті колдаудың мемлекеттік жүйесі: 
- бюджеттен тікелей дотациялау; 
- мемлекеттік тапсырыстардың бір үлесін шағын кәсіпорындарда орналас-
тыру; 
- шағын бизнеске несие беру кезінде мемлекеттік кепілді қолдану; 
- шағын бизнеске салықтық жеңілдіктер беру. 
Негізгі  бағдарлама  бұл  инкубаторлық  бағдарлама.  Инкубаторлар  -  ол 
университеттер,  компаниялар,  федералдық  органдар,  штаттық  басқармалар 
жанында  құрылатын  ұйымдар.  Бұл  ұйымдардың  негізгі  мақсаты  -  жаңа 
кәсіпкерлерге  жан-жақты  көмек  көрсету  болып  табылады.  Себебі  көптеген 
кәсіпкерлер  өз  ісін  бастағысы  келгенімен,  мүмкіндігі  жоқ,  осындай 
кәсіпкерлерге 
инкубаторлар 
көмекке 
келеді. 
Қойылған 
мақсатқа, 
қаржыландыру  көзіне  байланысты  инкубаторлар:  фирмалық,  университеттік, 
жекеше болуы мүмкін. Инкубаторларды қаржыландырудағы мақсаттар: 
- инкубатор клиенттерінің табысына ортақтасу; 
- жеке тұлғалардан арендалық төлемдер алу
- жаңа жұмыс орындарын ашу. 
Сауда палаталары да инкубаторларды қаржыландыруға қатысады. АҚШ-та 
шағын  кәсіпорындар  экономикада  жетекші  рөл  атқарады.  Сондықтан  да 
федералдық, штаттық басқару органдары шағын және орта бизнестің дамуына 
үлкен мән беріп отыр, оның дамуына барлық жағдай жасап жатыр. 
Қазір  шағын  кәсіпорындар  жоғары  техналогиялық,  химялық  өнеркәсіп, 
транспорттық  қызмет,  инфарматика,  телекомуникация  салаларына  әр 
тараптандырылып жатыр.  
 
17%
13%
12%
9%
7%
9%
8%
9%
10%
6%
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет көрсету
Құрылыс
Бөлшек сауда
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету
Жылжымайтын мүлік аясында
Қаржы аясында
Көлік 
Көтерме сауда
Білім
Басқа салаларда
 
Сурет 11. АҚШ-тың салалар бойынша кәсіпкерлік қызмет түрлері 


 
97 
 
Инкубаторларды қаржыландырудағы мақсаты:  
-
 
Инкубатор клиентінің табысына ортақтасу; 
-
 
Жеке тұлғалардан арендалық төлемдер алу; 
-
 
Жаңа жұмыс орындарын ашу . 
Сауда  палаталары  да  инкубаторларды  қаржыландыруға  қатысады.  АҚШ–
та  шағын  кәсіпорындар  эканомикада  жетекші  рөл  атқарады.  Сондықтанда 
федералдық,  штаттық  басқару  орындары  шағын  және  орта  бизнесті  дамуына 
барылық жағдай жасап жатын.  
АҚШ  экономикасыда  олар  барлық  техникалық  прогресс  саласында  
жататын барлық жаналықтарды жасауды, игерудің және  өндіріске енгізудің тең 
жартысына жуығы қамтамасыз етеді.  
АҚШ-ғы  Орталық  федералды  әкімшілік  бір  жағдайда  кәсіпорындардағы 
жұмысбастылардың  орта  тізімдік  құрамы  көрсеткішін  қолданады,  ал  екінші 
жағдайда  –  ақша  түріндегі  шығарудың  жылдық  көлемін  пайдаланады. 
Жұмысшылардың  орта  тізімдік  құрамы  көрсеткіші  ауытқудың  жоғары 
амплитудасын  иемденді:  жиһаздық  көтерме  саудадағы  100  адамнан,  мыс  құю 
өнеркәсібіндегі 1000 адамға дейін. Негізгі көрсеткіш ретінде жұмысшылардың 
орташа  тізімдік  құрамының  тұрақты  мөлшерін  тек  Федералды  статистикалық 
бюро  ғана  ұстанады.  Ол  шағын  кәсіпорындарға  кем  дегенде  500  адам  жұмыс 
істейтін кәсіпорындары жатқызды. Айта кететін жайт, АҚШ-та кәсіпорындарды 
бөлу критерийіне көзқарастағы ішкі саланың ғана емес, сонымен бірге фирма-
ішілік  айырмашылықтар  мысалдары  да  кездеседі.  Мысалы,  «Мак  Греухилл» 
компаниясында  50  жұмысшыға  дейін  жұмыс  істейтін  кәсіпорынды  шағын 
кәсіпорындарға, 100-ге дейін – орта, ал 100-ден жоғары және одан да көп – ірі 
кәсіпорындарға жатады. 
50%
25%
25%
Шағын бизнестегі жалдамалы жұмысшылар
Ірі бизнестегі жалдамалы жұмысшылар
Орта бизнестегі жалдамалы жұмысшылар
 
 
Сурет 12. Жалдамалы жұмысшылардың жеке сектордағы үлесі 
 
АҚШ  1953  жылы  шағын  кәсіпкерлік  мәселелері  бойынша  атқарушы 
үкіметтің арнайы органы құрылды – жалпы бойынша орналасқан, 400-ге жуық 
қызметкерлер  бар,  ол  өңірлік  және  120-ға  жуық  жергілікті  бөлімдерден 
тұратын,  тармақталған  жүйесі  бар,  шағын  кәсіпкерлік  әкімшілігі.  әкімшіліктің 
орталық  аппараты  1100  қызметкерлерден  тұрады,  оның  негізгі  қызметкерлері 


 
98 
 
техникалық  және  кеңес  беру  қызметтерін  көрсету,  шаруашылық  жүргізуші 
субъектілер арасында мемлекеттік тапсырыстарды үлестіру, шағын кәсіпкерлік 
субъектілеріне  қаржылық  көмек  көрсету  механизмін  дайындау  болып 
табылады. [15] 
Бүгінгі  таңда  АҚШ-та  7  млн-ға  жуық  шағын  кәсіпорындар  бар.  Негізінде 
әрбір  отбасы  шағын  кәсіпкерлікпен  айналысады  деуге  болады.  Яғни  АҚШ-та 
шағын бизнес кәсіпкерліктің бір түрі ғана емес, өмір сүрудің негізі. Мелекетте 
жыл  сайын  600  мыңға  жуық  шағын  кәсіпкерлік  тіркеліп,  олардың  500  мыңы 
жойылады.  Бірақ  бұл  ешкімді  сескендірмейді,  себебі  американдықтар 
сұраныстың  динамикасына  қарап,  ескі  бизнестерін  жаңа  басқа  бизнеске  қаарй 
бұрып жібереді. 
Американың шағын кәсіпкерлігі сауда, өндірістік орта, қаржылық сектор, 
консалтинг, инновациялық ортада және әлеуметтік қызмет көрсету салаларында 
жақсы  дамыған.  АҚШ-та  ең  алдымен  осы  салаларды  штаттық  және  аймақтық 
орталарында  дамыту  болып  табылады.  Штаттық  пен  аймақтық  ортаны 
қаржыландыруға  байланысты  ұйымдар  құрылған.  Бұл  ұйымдардың  басты 
мақсаты қандай да кәсіпорындарға қаржылық, несиелік түрінде көмек көрсету. 
Мысалға Коннектикут штатын алайық:  
Жапонияда  шағын  бизнеске  ерекше  назар  аударады.  Себебі  шағын 
бизнесті  дамыту  арқылы  Жапония  соғыстан  қираған  елден  жоғары 
технологиялық  дамыған  елге  айналды.  Жапонияның  халық  шаруашылығында 
шағын  және  орта  бизнес  субъектілерінің  саны,  жұмысшылар  саны,  тауар 
айналымы  басқа  секторлармен  салыстырғанда  алдыңғы  қатарда  тұр.  Дәстүр 
бойынша  әрбір  ірі  корпорация  өз  жанында  бірнеше  шағын  кәсіпорын  құрады. 
Бұл  кәсіпорындар  бас  кәсіпорынға  тәуелсіз  болады  және  өздерінің  ұйымдық 
кұрылымын жасайды, жаңа өнімдерді шығара бастайды. 
Жапонияда  шағын  кәсіпорындар  үлесіне:  өндірістік  өнімнің  55%-ы, 
көтерме сауданың 60%-ы, бөлшек сауданың 80%-ы тиеді, Еркін нарықты бәсеке 
шағын  кәсіпорындарға  сыртқы  ортаға  бейімделуіне  көмектеседі.  Мұндай 
жағдайда  мемлекеттік  органдар  шағын  кәсіпорындарға  кұрал-жабдықтарды 
жаңартуға, технологияны жақсартуға, өнімге деген сұранысты дамытуға көмек 
береді. Жапонияның шағын бизнесті мемлекеттік қолдауының басты ерекшелігі 
-  басымды  бағыттарды  дамытудағы  уақыт  мерзімі.  Басымдылық  бағыттар  бір 
немесе  одан  да  көп  жылдарға  бекітіліп,  кейіннен  өзгеріп  тұруы  мүмкін. 
Мемлекет  шағын  кәсіпорындарға  мемлекеттік  тапсырыстарды  алуда  да 
көмектеседі.  Жапонияда  шағын  бизнесті  мақсатты  түрде  бюджеттен 
қаржыландырады.  Әрбір  министрлік,  әр  ведомство  өз  шығындар  бюджетіне 
шағын  бизнеске  жұмсалатын  қаржыны  кіргізеді.  Шағын  және  орта 
кәсіпорындарға  жеңілдетілген  салық  мөлшерлемесі  қолданылады.  Жапонияда 
шағын және орта кәсіпорындар жалпы ұлттық өнімнің 73%-ына ие болып отыр. 
Жапонияда  шағын  кәсіпкерлікті  ұйымдастырушылық  реттеу  шағын 
кәсіпкерліктің Мемлекеттік корпорациясымен жүзеге асырылады. Жапонияның 
халық  шаруашылығындағы  шағын  және  орта  кәсіпкерлік  субьектілерің  саны, 


 
99 
 
тауар  айналымы  басқа  секторлар  мен  салыстырғанда  саны  алдынғы  қатарда 
тұр. 
Дәстүр  бойынша  әрбір  аймақтық  ірі  корпарация  өз  жанында  бірнеше 
шағын  кәсіпорын  құрайды.  Бұл  кәсіпорындар  бос  кәсіпорындарға  тәуелсіз 
болады және өздерінің ұйымдық құрылымың жасайды, жаңа өнімдерді шығара 
бастайды.  Жапонияда  шағын  кәсіпорындар  үлесіне:  өндірістің  өнімің  50%-зы, 
көтерме сауда 60%-зы. 
Еркін нарықты бәсеке шағын кәсіпорындарға сыртқы ортаға бейімделуіне 
көмектеседі.  Мұндай  жағдайда  мемлекеттік  орган  шағын  кәсіпорынға  құрал 
жабдықтарды  жаңартуға  техналогияны  жақсартуға,  өнімге  деген  сұранысты 
дамытуы  көмек  береді.  Жапонияның  шағын  кәсіпкерлікті  мақсатты  түрде 
бюджеттен  қаржыландыруды,әрбір  министірлерін,  әр  ведомство  өз  шығындар 
бюжетіне  шағын  бизнеске  жұмсайтын  қаржыны  кіргізеді.  Шағын  және  орта 
кәсіпорындарға женілдетілген салық мөлшерлемесі қолданылады.  
Жапония шағын және орта кәсіпорындар ЖҰӨ 73% -ына ие болып отыр.  
Экономиканы  құрылымдық  қайта  құру  үшін  шағын  бизнесті  дамыту 
маңызды мәселе. 
Ұлыбританияда шағын бизнес субьектілеріне: жылдың тауар айналымы 2 
милион  фунт  стерлинг  аспайтың,  активтер  сомасы  1  милион  фунт  стерлинг 
және  жыл  бойы  50  адамды  жұмыспен  қамтитын  кәсіпорындар  жатады. 
лыбритания  мемлекеттік  консультациялық  қызмет  бастаушы  кәсіпкерлерге 
қажетті кеңестер береді. Мысалы: комерциялық мәселеледі  қалай шешу керек 
екенің,  бухгалтерлік  есепті  қалай  жүргізуді  керектігі  туралы,  нарықта  қалй 
зерттеу екендігі туралы кеңестер. 
Қазақстанда шағын кәсіпорынды ашу үшін жұмсалатын күш –жігерді шет 
елде  шағын  кәсіпорын  ашуға  жұмсалатын  уақытпен  салыстыру  мақсатында 
Франция  Үкіметінің  шағын  Кәсіпорындар    үшін  жасап  жатқан  шараларының 
атап  өткен  жөн.  Франциядағы  тұрақты  түрде  дамып  жатқан  саясаты  жатыр. 
Басты назарда шағын және орта кәсіпорындар. Себебі бұл Кәсіпорындар нақты 
экономиканың  ең  динамикалық  елі.  Францияда  шағын  кәсіпорындарға 
жұмысшылар  саны  500-ден  аспайтын  кәсіпорындар  жатады.  Ресми  дерек 
бойынша Францияда шағын және орта кәсіорындар -16500000 адам  жұмыспен 
қамтылған.  Орташа  есеппен  бір  кәсіпорында  7  адам  жұмыс  істейді.  Әдетте 
әкімшілік  процедуралар  шағын  кәсіпорындар  құруға  кедергі  келтіретін  мәлім, 
Сондықтан  Франция  үкіметі  формальді  мәселелерді  қысқаруға  көшті. 
Францияда  шағын  бизнесті  несиелеу  негізінде  пайдасыздық  өсімді  мемлекет 
бонофикацилайды. Бонификция- бұл жеңілдету.   
Францияда шағын кәсіпкерлікті реттеудің ұйымдастырушылық құрылымы 
шағын және орташа кәсіпкерлік Конфедерациясымен, Сауда және өнеркәсіптік 
палаталарымен, 
бастаушы 
және 
дамушы 
кәсіпорындардың 
Ұлттық 
агенттігімен,  техника,  өнеркәсіп  және  экономикалық  ынтымактастық  істері 
жөнінен Агенттігімен көрсетілген. 
Орталық бюджет арқылы шағын және орта бизнеске жұмыспен қамтуда  да 
қаржыландырады.  Яғни  еңбек  әлеуметтік  шығындар    бойынша  жеңілдіктер 


 
100 
 
беріледі. Францияда жұмыссыздар өз кәсіпорның ашу үшін мемлекет көмегіне 
сүйене  алады.  Азиялық  қаржылық  кризис  көрсеткендей  шағын  және  орта 
кәсіпорындар  сыртқы  факторға  аз  тәуелді.  Үкіметтің  шағын  және  орта 
кәсіпрындардың  қолдауға  бағытталған  саясаты  өте  алуан  түрлі  болып  келеді 
және бұл саясат кәсіпорындардың ары қарай дамуын қалайды.  
Германияда  да  аймақтық  шағын  және  орта  кәсіпкерліктің  басты 
сипаттамасы – ең алдымен меншік құқы мен кәсіпорынды тікелей басқарудың 
бірлігі болып табылады. 
Екінші сипаттама  –  кәсіпорын қызметінің  айшықтылығы, оның  көлемінің 
шектеулігі,  қожайын  мен  жұмыскер  арасындағы  өзіндік  ерекше  қатынас 
сипатын  білдіріп,  өңдірістің  түпкі  нәтижесі  үшін  екі  жақтында  бірдей 
мүдделігін, ынталығын тудырады. 
Үшіншіден кәсіпорын өмірінде басқкаушы рөлінің ерекше маңыздылығы: 
ол шаруашылықтың нәтижелігіне тек қана мүлік иесі болғандықтан ғана емес, 
сонымен  бірге  өзінің  де  өндіріспен  тікелей  айналысып,  оны  ұйымдастыруға 
барлық жағынан қатысуынан көрінеді.  
Төртіншісі  –  істі  жанұялық  негізде  жүргізу,яғни  кәсіпорын  қызметін 
нәтижелі ұйымдастыруға, жүргізуге атадан болған мұра ретінде машықтану. 
Бесіншіден  –  шағын  кәсіпкерліктің  тағы  бір  сипаты  белгісі  ретінде 
кәсіпорынды қаржыландыру мәселесін айтуға болады.  
Шағын  кәсіпкерліктің  жоғарыда  аталған  сапалық  жақтарымен,  бірге 
сандық жағынан да сипаттамалары бар. 
Германияда  2007  жылдың  аяғына  қарай  жоғарыда  көрсетілген 
стратегиялық  есептеу  тәжірибесіне  байланысты  1,9  милион  шағын  және  орта 
кәсіпорын  жұмыс  істеп,  әрбір  аймағын  орта  есеппен  бөліп  қарағанда  олар 
халық  шаруашылығының  салалары  бойынша  мынандай  негізге  бөлінеді: 
қолөнерінде  - 537, сауда  -  225, өнеркәсіпте  - 108,  қызмет көрсету  саласында  -
665, еркін мамандық секторы 360.  
Шағын  кәсіпкерліктің  барлық  кешенде  ішкі  және    сыртқы  проблемалары 
олардың өз күшімен шешілуі мүмкін емес.   
Германияда  шағын  бизнесті  мемлекеттік  қолдау  жүйесінің  негізінде 
жатқан басты принцип - өздігінен, мүмкіндігінше, өз бетінше дамуды барынша 
ынталандыратын көмек беру болып табылады.  
Бұл  елдерде  шағын  кәсіпкерлік  арнайы  қабылданған  заңдар  және 
дайындалған  Бағдарламалар  арқасында  дамуда  және  де  шағын  кәсіпкерлікті 
дамытудың  қабылданған  Бағдарламалары  жалпы  экономиканы  дамытудың 
жалпы  үлттық  стратегияларымен  байланыстырылған.  Сонымен,  мысалы 
Жапонияда  шаруашылық  етуші  субъектілердің  қызметі  12  заңмен  реттеледі, 
соның ішінде экономиканың осы сферасының мәнін, міндеттерін, құқықтарын 
және  жеңілдіктерін  аныктайтын  «ұсақ  және  орта  кәсіпорындар  туралы  негізгі 
заңмен», АҚШ-та шағын кәсіпкерлікті дамытудың негізгі құжаты болып «ұсақ 
бизнес  туралы  акт»  табылады;  Германияда  –  «Жазалаушы  құқық»;  Қытайда 
шағын  және  орташа  кәсіпорындарға  көмектесу  туралы  заңның  жаңа  жобасы 
дайындалған  және  т.б.  жалпы  алғанда  шағын  және  орташа  кәсіпкерлік  даму 


 
101 
 
деңгейі  субмердігерлік  жүйесі  арқасында  ірі  кәсіпкерліктің  даму  деңгейіне 
байланысты. Жапонияда орташа кәсіпорындар ірі кәсіпорындардан заказдарды 
ала  отырып,  олардың  жартысын  шағындарға  береді.  Сөйтіп,  мысалы.  1992 
жылы  Жапонияның  55,6%-ға  жуық  шағын  кәсіпорындары  өзінің  даму 
стратегиясын  кооперациямен  және  ірі  компаниялар  тапсырмасымен 
байланыстырды.  Басқа  елдерде  субъектілер  ірі  кәсіпкерлікпен  тікелей 
байланыста болуы мүмкін. [15,66] 
Жоғарыда аталған елдерде шағын кәсіпкерліктің инфрақұрылымына үлкен 
көңіл  бөлінеді.  Ол  кәсіпкерлерге  қызметтер  жиынтығын  (маркетинг, 
мамандарды  дайындау,  сақтандыру,  консалтинг  және  т.б.)  көрсететін, 
орталықтармен;  бизнес-инкубаторлармен;  технопарктермен;  субъектілерді 
несиелеуші,  қаржылық  ұйымдармен  және  институттармен;  қоғамдық 
ұйымдармен  көрсетілген.  Қаржылық  институттарға  шағын  кәсіпкерліктің 
Қаржылық  корпорациялары;  Халықтық  қаржылық  корпорациялар,  банктер, 
арнайы  құрылған  қорлар,  мемлекеттік  бюджеттер  жатады.  Атап  кету  қажет, 
берілген елдерде шағын кәсіпкерлік қысқа, орташа және ұзақ мерзімді негізде 
несиеленеді  және  проценттік  ставкалары  салыстырмалы  төмен.  Ерекше  көңіл 
«ноу-хаумен» байланысты жобаларға бөлінеді. 
Шағын  кәсіпкерліктің  істегі  салықтық  саясаты  салықтық  жеңілдіктердің 
толық жүйесін қарастырады. Сонымен АҚШ-та табысы 50 мың долларға дейін 
шағын  кәсіпорындар  үшін  салықтар  ставкасы  15%,  70  мың  доллларға  дейін  - 
25% елдегі максималды ставка 34% кезінде. 
Соңғы жылдары экономикалық өсу қарқыны бойынша Қытай әлемдік көш 
бастаушылардың  бірі  болып  саналады.  1997-2007  жылдардағы  ішкі  жалпы 
өнімінің жылдық орташа өсімінің қарқыны 9,6%-құрады. Тұтастай алғанда бұл 
жылдардағы  жалпы  ішкі  өнім  көлемі  5,7  есеге,  жан  басына  шаққандағы  4,4 
есеге көбейді. 
Ұлыбританияның  шағын  бизнестегі  тәжірибесі.  Ұлыбританияда  шағын 
бизнес  субъектілеріне:  жылдық  тауар  айналымы  2  миллион  фунт  стерлингтен 
аспайтын,  активтер  сомасы  1  миллион  фунт  стерлингтен  және  жыл  бойы  50 
адамды жұмыспен қамтитын кәсіпорындар  жатады.  Ұлыбритания  мемлекеттік 
консультациялық  қызметі  бастаушы  кәсіпкерлерге  қажетті  кеңестер  береді. 
Мысалы:  коммерциялық  мәселелерді  қалай  шешу  керек  екенін,  бухгалтерлік 
есепті  қалай  жүргізу  керектігі  туралы,  нарықты  қалай  зерттеу  керек  екендігі 
туралы кеңестер. Шағын бизнес жөніндегі Үкіметтік қызмет кәсіпкерлер үшін 
әр  түрлі  семинарлар  мен  курстар  ұйымдастырып  тұрады.  Сонымен  қатар 
Үкімет банктер алдында кәсіпкерлер үшін қарыздық кепілдеме береді. Шағын 
кәсіпорындар салықты табысқа жеткеннен соң ғана төлейді. 
Қазақстанда  шағын  кәсіпорынды  ашу  үшін  жұмсалатын  күш-жігерді  шет 
елде  шағын  кәсіпорын  ашуға  жұмсалатын  уақытпен  салыстыру  мақсатында 
Франция  Үкіметінің  щағын  кәсіпорындар  үшін  жасап  жатқан  шараларын  атап 
өткен жөн. 
Франциядағы  тұрақты  түрде  дамып  жатқан  іскерлік  қызметтің  негізінде 
мемлекеттің  мақсатты  түрде  жүргізіп  жатқан  саясаты  жатыр.  Басты  назарда 


 
102 
 
шағын және орта кәсіпорындар. Себебі бұл кәсіпорындар нақты экономиканың 
ең динамикалық агенті. Францияда шағын кәсіпорындарға - жұмысшылар саны 
500-ден  аспайтын  кәсіпорындар  жатады.  Ресми  дерек  бойынша  Францияда 
шағын  және  орта  кәсіпорындарда  -  16  500  000  адам  жұмыспен  қамтылған. 
Орташа  есеппен  бір  кәсіпорында  7  адам  жұмыс  істеген.  Әдетте  әкімшілік 
процедуралар  шағын  кәсіпорындарды  құруға  кедергі  келтіретіні  мәлім. 
Сондықтан  да  Франция  Үкіметі  формальды  мәселелерді  қысқартуға  кешті. 
Францияда  шағын  және  орта  бизнесті  экономика,  каржы,  индустрия 
министрлігінің  бір  департаменті  бақылайды.  Әкімшілік  қысым  бірқатар 
әкімшілік,  әлеуметтік  процедураларды  оңтайландыру  арқасында  азайды. 
Францияда  шағын  бизнесті  несиелеу  кезінде  пайыздық  өсімді  мемлекет 
бонификациялайды.  Бонификация  -  бұл  жеңілдету.  Қаржылық  механизм 
арқылы мемлекет шағын бизнеске несие ұсынысын арттырды. 
Орталық бюджет арқылы шағын және орта бизнеске жұмыспен қамтуды да 
қаржыландырады.  Яғни  еңбек  және  әлеуметтік  шығындар  бойынша 
жеңілдіктер  беріледі.  Францияда  жұмыссыздар  өз  кәсіпорнын  ашу  үшін 
мемлекет көмегіне сүйене алады. 
Азиялық  қаржылық  кризис  көрсеткендей  шағын  және  орта  кәсіпорындар 
сыртқы  факторға  аз  тәуелді.  Осыдан  бұл  кәсіпорындар  үлкен  кәсіпорындарға 
карағанда  артықшылықтарға  ие.  Үкіметтің  шағын  және  орта  кәсіпорындарды 
қолдауға  бағытталған  саясаты  өте  алуан  түрлі  болып  келеді  және  бұл  саясат 
кәсіпорындардың ары қарай дамуын колдайды. 
Шетелдік тәжірибеге қарап, Республикамызда атқарылатын іс-шаранын әлі 
көп  екенін  байғауға  болады.  «Шағын  кәсіпкерлікті  қолдау  туралы»  заң 
атқарылатын  іс-шаралардын  бастамасы  ғана,  экономиканың  бұл  секторын 
көтеру  үшін  жүйелі  түрде  жұмыс  атқарылуы  керек.  Республикамызда  шағын 
және  орта  кәсіпкерлікке  қағаз  жүзінде  емес,  шет  елдегі  сияқты  нақты  көмек 
қажет. 
 
 

жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау