Республикасында



жүктеу 1,49 Mb.
Pdf просмотр
бет12/17
Дата04.01.2022
өлшемі1,49 Mb.
#31443
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
кәсіпкерлоік оқулық

2.3
 
Кәсіпкерліктің 
іскерлік 
субъектілерінің 
этикалық 
және 
мәдениеттілік деңгейінің нәтижелігі   
 
 
Этика  проблемалары  туралы  адамдар  ұстанатын  айқындамалардың  сан 
қырлы  көптігі  біздің  моральдық  ережелерімізді  бұзатын  қарсы  қимылдардың 
болуынан  деп  түсіндіріледі.  Іскерлік  қимылдардың  меркантильдік  мүдделерін 
қолдайтын адамдар, егер бұл проблема болса, онда мұны қатал өзіндік бақылау 
жолымен  жақсырақ  шешуге  болады  деп  есептейді.  Бұл  айқындаманы  сы-
наушылар  адамдардың  қылықтарын  сырттан  реттеу  арқылы  шешуге  болады 
деп  есептейді.  Өкінішке  орай,  адам  тәртібін  реттеудің  тікелей  әдісіне  көшуге 
асыққандықпен қараған тәртіпке қатал өзіндік бақылау болуын сынағандар да, 
жақтаушыларда  жұмыс  орындағы  тәртіптің  дұрыс  болуы  сияқты  маңызды 
мәселені  көзден  таса  қалдырып  отыр.  Осының  салдарынан  бизнес  этикасы 
жөніндегі  кең  тараған  әдебиеттердің  көпшілігі  адам  үшін  пайдасыз  болып 
қалуда. 
Іскерлік өмірде орныққан  тәртіптерді сынаушылар  әрқилы  ситуацияларда 
қалай  дұрыс  әрекет  жасауға  болатыны  хақында  сұрақтар  беретін  көрінеді. 
Рольф  Нейдер  іскерлік  өңірдегі  тәртіптердің  сыналатыны  туралы  айта  келіп, 
сыншы  корпорацияны  тұрғылықты  тоқтатуға,  монополизмді  жоюға  өнімді 
сатпауға,  қызметшілерді  қорқынышты  қатерге  душар  етпеуге,  корпорацияда 
жұмыс  істейтін  саналы  адамдарға  зорлық  жасамауға  және  бүгінгі  адамдармен 
болашақ  ұрпақтардың  өмір  сүру  құкын  қорғауды  бастауға  шақырады  деп 
жазады. 
Нейдер  бүтіндей  барлық  корпорацияларда  адамдар  тәртібін  едәуір 
өзгертуге  шақырады.  Бұған  жету  құралы  оның  пікірі  бойынша,  іскерлік 
белсенділікке бақылау жасау жөніндегі шараларға адамдардын неғұрлым кең де 
белсенді қатысуы, сондай-ақ осындай бақылаудың тиімділігі көп болуына жету 
болмақ.  Алайда  Нейдердің  әдісі  нақты  ұйым  шеңберінде  қызмет  бабындағы 
міндеттерді  орындау  кезінде  әрқилы  жағдайларға  кезіккен  адамдар  алдында 
тұрған тікелей диллемаға (екі ұдайға) қатысы жоқ. Бұл адамдар өз ұйымының 


 
73 
 
пайдасына,  сондай-ақ,  өзінің  қызметте  жоғарылауына  қамқоршы  болуына 
мәжбүр. 
Басқа  сыншылар  өз  ұйымдарында  қызмет  міндеттерін  орындаған 
кездерінде  әртүрлі  ситуацияларға  душар  болғанда  адамдар  алдында  тұрған 
моральдық  диллемаға  байыпты  қарайтын  сыңайлы.  General  Motors 
корпорациясынан кеткен соң, алайда өз компаниясымен және заң бойынша аса 
күрделірек болар алдында, олар туралы бұхаралық ақпарат құралдары соншама 
көп  хабар  берген,  АҚШ-та  іскер  топтармен  араласқандағы  өзінің  тәжірибесі 
туралы Джон Делореннің жазған келесідей: «ол кезде маған осылай көрінетін, 
бүгін  де  осылай  көрінеді.  АҚШ-та  іскерлік  қатынастарды  ұйымдастыратын 
жүйе,  тіпті  көптеген  іскер  адамдардың  жеке  моралі  мінсіз  дерлік  болса  да, 
мүлде жансақ, моральға қайшы, әрі жауапкерліксіз шешімдер қабылдауға жол 
беретін.  Жеке  тұлғалардың  мораліне  қарағанда,  өзінің  топтық  жаратылысына 
орай  жүйеде  өзге  мораль  болатын,  бұл  моралы  жүйеге  өзінің  зорлығымен 
кажеті  жоқ  және  де  адамдар  өміріне  қауіпті  өнімдер  шығаруға,  жеткізіп 
берушілеріне  диктаторлық  әділетсіздікпен  қарауға,  осындай  жабайы  бизнеске 
мүмкіндік  жасағаны  үшін  пара  беруге  және  алуға,  басшыға  сөзсіз  салпаң 
бағынуды қызметшілерден талап етіп, олардың қарапайым құқықтарын бұзуға, 
керек  десеңіз  қайраткерлерді  заңсыз  каржыландыру  арқылы  үкіметтің  билік 
жүргізудің  «демократиялық»  үрдісін  жүзеге  асыруға  ыкпал  жасауына  рұқсат 
беретін. 
Делоренның сараптамасы жұмыс орнында  дұрыс қылықтар жасау кезінде 
болатын қиындыктарды ашып көрсетеді. Егер бұл жәй ғана іс болса, онда іскер 
адамдардың  жеке  моралі,  сөз  жоқ,  олардың  қызмет  бабындағы  міндеттерді 
атқарған  кезінде  іс  қимылдарға  басшылық  болар  еді.  Бірақ  Делорен  аса 
маңызды проблемаларды шешудің ережесін ұсынбайды. 
Тек  сыншылар  іскерлік  әлемінде  жайлаған  тәртіптер  тұрғанда,  жұмыс 
орнында  моральдық  тұрғыдан  дұрыс  қылықтар  жасау  өте  қиын  екенін 
пайымдамайды. 
Ерекше  маңызды  саналатыны  бизнестің  меркантильдік  мүдделерін 
қолдайтын адамдар да әрдайым осы проблемаларды атап көрсетеді. Мысалыға 
Мильтон  мен  Роуз  Фридмендерді  алыңыз.  Олардың  қазіргі  капитализм  көп 
зерттелген «таңдау еркіндігі» деген еңбегінде алдымен іскер адамның жеке күш 
жігерін  бизнес  әлемінің  арнасына  бұратын,  бизнес  пен  бизнесменнің  игілігіне 
бағытталған өзгеше көрінбейтін механизм бар екенін көрсетеді. Осы нық пікір. 
Адам  Смиттің  еркі  нарықта  «көрінбейтін  қол»  туралы  ойымен  қабысады.  Бұл 
бытыраңқы көптеген тауар сатушылармен тұтынушылардың жеке күш жігерін 
берік экономика құру арасына бағыттайды. 
Фридмендер  өздеріне  Адам  Смит  айтып  отырған  «көрінбейтін  қол» 
билігіне  бір  жола  беріле  аламыз  ба?  деген  сауал  қояды.  Сөйтеді  де  «беріле 
алмаймыз» деген мағанада келесідей жауап қайтарады: «Көптеген экономистер, 
философтар,  реформаторлар  және  әлеуметтік  сыншылар  нықтап  тұрып, 
өздерінің  жеке  пайдасы  үшін  жасалған  қамқорлық,  міндетті  түрде 
тұтынушыларды сатушылардың алдауына жетелейді. 


 
74 
 
Тұтынушыдардың  білімсіздігі  мен  хабарсыздығы  нәтижесінде  сатушылар 
орасан  көп  пайда  табады.  Олар  тұтынушыларды  сендіріп,  алғысы  келмеген 
өнімдерді  алғызады.  Ал  сыншылар  мынаны  атап  көсетеді:  егер  нарыққа  қатал 
бақылау  болмайынша,  оның  қолайсыз  әсері  тікелей  нарық  жұмысына 
тартылмаған адамдарға қатты батады. 
Нарық  қатынастарына  тікелей  қатысушылар  нарықтың  шіри  бастаған 
ықпалына килігеді. Нарықтың халық бұқараға жаппай тигізген әсері біздің кір 
ауаны  жұтуымыздан,  лас  суды  ішуімізден,  денсаулыққа  зиянды  өнімдермен 
тамақтануымыздан көрінеді. 
Нарық  міндетті  түрде  қатал  шектелген  шеңберде  болуы  керек.  Сонда 
тұтынушылар  бір  ниетпен  жарнамаланған,  сатып  алғанда  нағыз  кеселі  бар 
тауарлардың  хабарсыз  болудан,  осындай  тауардарды  өткізіп  жіберетін  арсыз 
сатушылардан,  сондай-ақ,  біздің  бәрімізді  нарықтық  қатынастардың  қоршаған 
ортаға  тигізген,  оны  ластаған,  барған  сайын  адам  өміріне  қауып  төндірген 
кеселдің әсерінен қорғайды». 
Капитализмді  қорғайтын  авторлар  ретінде  Фридмендерден  біз  еркін 
нарықты шабулдан қорғауға талпынысты күте алар едік. 
Бірақ  қазір  бәрі  керісінше  болып  жатыр.  Өйткені  авторлар 
бизнесмендердің еркін нарық жағдайында экономикалық еркіндіктің беретінен 
анағұрлым  көп  алғысы  келетінін  және  осыған  байланысты  адамзат  үшін  шын 
мәнісінде елеулі екенін тамаша түсінеді «Көрінбейтін қолдың сыналуына негізі 
бар»  деп  есептейміз.  Алайда  олар  нарыққа  ықпал  жасайтын  қолда  бар 
механизмдер  жағдайды  нашарлатады,  аз  да  болса  жақсарта  алмайды  деп 
пайымдайды.  Енді  іскерлік  әлеміне  сырттан  бақылау  жасау  туралы  мәселені 
қарастыруға  жаңа  қөзқарас  турғысынан  келмейінше  іскерлік  адамы  үшін  өз 
қылықтарының  дұрыстығымен  этикасы  жөнінде  шешімдер  қабылдау 
проблемасы қарастырылмай қалады. 
Соңғы  кезде  жұмыс  орнындағы  адамдарда  пайда  болатын  этикалық 
проблемаға  едәуір  көңіл  бөлінетін  болды.  ХХ-ғасырдың  70  жылдарының 
ортасына  дейін  General  Electric  компаниясында  заңға  қайшы  келетін  баға 
белгілеумен  және  Америкада  автокөлік  өнеркәсібінде  өмірге  қауыпті  көлік 
құралдарын  шығару  хақында  жауапкерліксіз,  саналы  түрде  шешімдер 
қабылдануына  байланысты  қоғамда  халықтың  түрлі  топтарында  ұнатудың  екі 
лагері  пайда  болды:  бірінші  жақта  тұтынушылар  мен  зерттеушілердің 
мүдделерін қорғаушылар бизнесмендер мен үкіметті этикаға жатпайтын қарым 
қатынастарды  таратты  деп  айыптайды,  ал  екінші  жақта  –  бизнесмендер  мен 
үкіметті қорғаушылар. 
Посуотергейт  дәуірі  деп  аталған  кезеңдегі  нағыз  ірі  жанжалдармен  нағыз 
сорақы фактілер туралы айтар болсақ, АҚШ-тың үкіметімен іскер топтарында 
Пентагонның  әскери  өнеркәсіп  кешенінде,  конгресте  қаржымен  басқа  да 
құралдарды  бөлген  кездерде,  медицина  өнеркәсібінде,  инвестициялық 
фирмалар  мен  сақтандыру  компанияларында,  мұнай  өндіріп,  өңдейтін, 
автомобиль,  темекі  өнеркәсіптерінде,  сыртқы  салада  заңдарға  қайшы  келетін 
әрекеттермен корупцияның орасан көп фактілері ашылған болатын. Жоғарыда 


 
75 
 
көрсетілген  түрлі  салдармен  қатар  бизнесте  ең  қарапайым  этикалық 
нормаларды сақтау проблемасы мейлінше өткір қойылып отыр. Осы жағдайда 
үкіметпен  іскер  топтар  көп  зиян  көрген  атақтарын  сақтап  қалу  үшін  кейбір 
қадамдар  жасауға  мәжбүр  болды.  Консалдингті  фирмалар  ұйымдарда 
моральдық ахуалды жақсарту мақсатында семинарлар мен тренингтік шаралар 
өткізу туралы өнеркәсіптік журналдардың көпшілігінде өз жаранамаларын бере 
бастады.  Ал  этика  ресурстар  орталығының  негізін  «American  Viewpoint,  іnc» 
ұйымы 
қалады. 
Ол 
пафлет 
жанырындағы 
кітаптар 
таратумен, 
американдықтарға  (әсіресе  бизнесмендерге)  этикашыл  болу  қажеттігін 
үйрететін семинарлар өткізумен айналысады. Сол әрекеттерге қарағанда, басты 
мақсат еркін кәсіпкерлік жүйесін сақтау болған. 
Бұл  ұйым  экономикалық  еркіндік  жүйесіне  жайылып  бара  жатқан 
салақтық, пара беру, сатып алу және басқа да құбылыстар қатер төндіреді деп 
есептейді.  «American  Viewpoint»  өкілдері  егер  мораль  нормаларын  сақтайтын 
осы  құбылыстар  реттелмесе,  олармен  күресті  мемлекет  өз  қолына  ала  алады, 
осыдан  кейін  барлық  экономикалық  еркіндік  жойылады.  Бірақ  жоғарыда 
айтылғандармен шамалап көрсетілген фактілер тұрғысынан келгенде, міндетті 
түрде ерікті нарық жүйесін сақтап, экономиканы мемлекеттің реттеуінен алайда 
шеткері ұстау керек, әйтпесе ерікті нарық жүйесін сақтап қалу мүлде күмәнді, 
әрі үлкен мәселе болып қалады. 
Егер тәртіптің қандай типі дұрыс, қайсысы бұрыс екендігін бизнесмендер 
біледі,  деп  есептесек,  онда  кейбір  жағдайда  шешімдер  қабылдау  мейлінше 
қиындыққа  айналады.  Кейде  бизнесмендер  бір  сәтінде  дұрыс  жасадық  деп 
жүрсе, кейін қателескендері байқалады. Мүмкін ертеректе олар өз қылықтарын 
дұрыс,  деп  есептеген  болар,  өйткені  мұндай  қылықтар  жиі  жасалып,  олар 
туралы  айғақтары  болды  ғой.  Мұндайда  адамдар  өз  қылықтарынын  этикаға 
жататынын немесе жатпайтынын ескере бермейді. 
Бұл  бизнес  этикасының  проблемалары  көтеріліп  отырған  көп  тараған 
әдебиеттің  осы  проблема  жөніндегі  сауалдардың  көпшілігіне  жауап  беруге 
қабілетсіздігіне тән бір ғана мысал. Өйткені бұл проблема терең тамыр жайған 
және  оған  кез  келген  ұйымның  жұмысы  негізделген.  Жоғарыда  аталған 
ұйымның  осылайша  маңызды  проблемаға  көңіл  аударуы  мақтауға  тұрарлық. 
Бірақ этика проблемаларын шешу қажеттігіне тап болғанда нақты адамдар үшін 
нақты  іс  қимылдарды  талқылау  және  зерттеу  ағарту  жұмысының  маңызды 
бөлігі болуы керек. 
Басшылар мен қатардағы қызметшілер тәртібі этикасын көтеру мақсатында 
келесі шаралар мен әдістерді пайдалануға болады: 

 
Этика  кодекстері  жалпы  құндылықтар  жүйесі  мен  этика  ережелерін 
сипаттайды,  оны  қызметшілер  ұстануға  тиіс.  Этика  нормативті  ұйым 
мақсаттарын  баяндау,  этикалық  калыпты  жағдай  жасау  және  шешімдер 
қабылдау  үрдісінде  этикалық  ұсыныстарды  анықтау  үшін  жасалады.  Әдетте 
ұйым этика нормативтерін қызметшілеріне баспа түріндегі заттармен жеткізеді; 

 
«Этика  карталары»  компанияның  әрбір  қызметшісіне  арналған 
корпорацияның этикалық кодексін бақылайтын этика ережелері мен ұсыныстар 


 
76 
 
топтамалары. Оларда компанияның этика мәселесі жөніндегі консультантының 
аты  жөні  мен  телефоны  көрсетілген.  Бұл  әдіс  Жапония  компанияларында 
белсенді түрде қодданылады. 

 
Этика  жөніндегі  комитеттер.  Бұл  ұйымдар  этика  көзқарасы  бойынша 
күнделікті  тәжірибені  бағалау  үшін  тұрақты  комитеттер  құрады.  Мұндай 
комитеттердің  барлық  дерлік  мүшелері  жоғары  деңгейдегі  басшылар; 
басқалары  мұндай  комитеттер  құрмайды.  Бірақ  бизнес  этикасы  жөніндегі 
адвокат деп аталатын маман жалдайды. Мұндай адвокаттың рөлі – ұйымның іс 
қимылына  байланысты  этика  мәселесі  жөнінде  пікір  қалыптастыру,  сондай-ақ 
ұйымның «әлеуметтік ары» функциясын атқару. 

 
Әлеуметтік  тексерістерге  іс  қимылдың  әлеуметтік  ықпалы  мен  ұйым 
бағдарламасын  бағалап,  есеп  беру  ұсынылады.  Этикалық  тексерісті 
жақтаушылар 
осындай 
тұрпаттағы 
есептер 
ұйымының 
әлеуметтік 
жауапкершілігінің деңгейін куәләндыра алады деп бағамдайды. 

 
Этика  тәртібіне  оқыту.  Тәртіптің  этикалық  көрсеткіштерін  көтерудің 
ұйым  пайдаланатын  ыңғайлы  бір  жолы  басшылармен  қызметшілерді  этика 
тәртібіне оқыту. Қызметшілер бизнес этикасымен танысып, аддынан шығатын 
проблемаларды  сезінетінін  арттырды.  Қызметшілерді  басқарумен  мемлекетті 
басқаруға  оқыту  курсынның  пәні  ретінде  этикаларды  тізу,  этика  тәртібіне 
оқытудың  бір  формасы  болып  табылады.  Осының  нәтижесінде  оқып 
шыққандар проблемаларды жақсы түсіне бастайды. 

 
Этикалық  сараптау  жоғары  басшылықтың,  қызметшілердің  немесе 
жұртшылықтың  алаңдаушылығын  туғызып  отырған  ұйым  ұжымының  (немесе 
нақты  жобаның)  аспектілерін  жан-жақты  зерттеп,  ұйымның  беделі  мен 
болашағына  ықпал  жасай  алады.  Мұндай  сараптаудың  нәтижесі  ұйымның 
моральдық  ахуалы  мен  моральдық  орнықтылығын  жақсартуға,  сондай-ақ, 
ұйымның  (немесе  оның  нақты  жобаларының)  тәжірибесіне  түзетулер  енгізуге 
бағытталған ұсыныстар жүйесіне айналады. 

 
Этикалық  консультация  нақты  моральдық  дилеммалармен  байланысты 
ұйым  проблемаларын  өз  күшімен  (немесе  тиісті  құралдары  болмаса)  шеше 
алмайтын жағдайда беріліп, көлденең жақтан бизнес этикасы жөнінде құзырлы 
тәуелсіз мамандар шақырылады. 
Қорыта  келгенде,  іскерлік  өмірдің  моральдық  проблемаларының  күрделі, 
әрі көп қырлы екені сонша, тек бір бағыттағы айқындамадан бастап шешу аса 
күрделі.  Әртүрлі  жағдайда  және  әртүрлі  субъектілер  жөнінде  бизнесмен  түрлі 
этикалық принциптер мен құндылықтарға сүйене алады. 
Мұндай  ситуацияның  болуы,  ғалымдар  пікірі  бойынша,  бизнестің 
моральдық проблемаларының күрделі болуынан ғана емес, сонымен бірге осы 
заман мәдениетінің ерекшеліктерімен де байланыстырады. Бір кездегі қоғамда 
бір  ғана  этика  жүйесі  (антика  дәуірінде  рахымшылдар  этикасы  немесе  жаңа 
замандағы утилитаризм этикасы) басым болған дәстүрлі мәдениеттен өзгешілігі 
сол, казіргі коғамда әртүрлі этикалық жүйелер тең жүреді, бизнес саласындағы 
бірдей кұбылыстарға әртүрлі этикалық баға беріледі.  


 
77 
 
Әрқилы этика жүйелері (православие, ислам, атейзм) қалыптасқан Ресейде 
қазіргі этика ережесі айрықша өзекті болып отыр. Бизнес этикасын ғылым және 
оқу пәні ретінде дамыту біздің елімізде экономикалық ситуацияны жақсартуға 
үлес қосады, деп ойлаймыз. 
Кәсіпкерліктің  этикасы  баяғы  заманнан  келе  жатқан  оқып  үйреніп  біліп 
алу  объектісі  болып  саналады.  Оны  ертеде  Аристотель  өсімқорлықтан  кіріс 
алуға  теңестірген.  Ерте  заманнан  бері  бизнес  адам  қызметінің  кажетті  бір 
жүйесі  ретінде  баян  етілген.  Бизнес  этикасын  зерттеушілер  барлық  уақытта 
кәсіпкерліктің  өзекті  элементтеріне,  оның  ішінде  ерекше  бизнесменнің,  өзінің 
жеке ісінің этикалық тұрақтану негізіне аса көңіл аударған.  
Бизнес – ол өзінің есебінен және өзінің тәуекелділігі мен жауапкершілігіне 
қарызға  алған  қаражаттың  немесе  өзінің  қаражат  есебінен  іске  асырылатын, 
мақсаты  болып  тұрақтандыру  мен  кіріс  алу  үшін  жеке  ісін  дамыту  және 
кәсіпкерлік  болып  табылатын  еңбек  ұжымының  жалпы  қоғамдық  әлеуметтік 
проблемаларын  шешуге  бағытталып,  өз  еркімен  жасалған  коммерциялық 
қызмет. 
Басқа  сөзбен  айтқанда,  бизнес  –  ол  өзінің  және  қоғамның  қажеттілігін 
қанағаттандыруға,  өзінің  ісін,  қайта  жасап  шығаруды  кеңейтуге,  мекеменін 
сапалы  өркендеуін  пайдалануы  мен  кіріс  алуға,  қаражатты  көбейтуге 
бағытталған  және  тұрақты  инновацияларды  пайдалануға  арналған,  өз  еркімен 
жұмыс істейтін әрекетті экономикалық қызмет. 
Бүгінгі Қазақстандағы бизнестің мақсаты – шаруашылық айналымды өсіру 
және  кіріс  алу  емес,  сонымен  қатар  үздіксіз  дағдарыс  жағдайында  өмір  сүру 
қабілеттілігі. 
Бизнес этикасы – ол адалдық, ашықтық, айтқан сөзінде тұратын, нарықта 
тұрақталған  ережелер  мен  дәстүрлерді,  әрекеттерді  заңдарға  сәйкес  тиімді 
пайдаланып  жұмыс  істеу  мүмкіндігіне  негізделген  іскерлік  этика.  Нарықтық 
жағдайда  кәсіпкерлік  қызмет  қорытындысы  ең  алдымен,  бизнесменнің 
құзырында  болады,  материалдар  мен  қызметкерлер,  ондағы  адамдардың 
жұмысының 
сапасы 
және 
олардың 
психологиялық 
факторларының 
ерекшелігінің  маңызы  алдын  ала  анықталады.  Бизнес  психологиясы,  ондағы 
күндегі орнықтырылып жатқан табысқа жету іскерлік бағыты сияқтанады. 
Адам  «симптомдардың»  білінуін  қарастырып  көрейік.  Әкімшілік 
тәртіптерде  мыналардан  бөлінеді:  Жеке  адам  әділдігінен,  оның  басымдыққа 
бейімділігінен, атақ кұмарлығынан, кызбалығынан және әлеуметтік тегінен. 
Жеке  адамның  өзін  көрсетпек  болған  тілегімен  емес,  нақтылы  ситуация 
талаптарымен  басқарылатын  тәртіп  келтірілген  деңгейі  объективтілік  деп 
түсініледі.  Бастық  өзінің  сезімін  қызметшіге  «айқайымен»  білдірсе, 
қызметшінің  жұмыс  нәтижесін  жақсартудын  ақылды  әдісі  деп  емес,  осы 
бастықтың мұндай тәртіпті психологиялық қажеттілігі тұрғысынан көрсетуі деп 
түсінген дұрыс. «Объективті» адам  – бұл ситуацияларға тиімділік тұрғысынан 
келуге кабілетті адам, себебі, салыстырмалы тұрде айтсақ, оның невротикалық 
және  психопатикалық  түрткілері  жоқ.  Бейімделмеген  немесе  объектілікке 
жатпайтын  тәртіп  фрустрацияның  нәтижесі  болып  табылады.  Кедергілер 


 
78 
 
немесе  екіұдайлық  салдарынан  фрустрация  жағдайында  калған  адамдар 
бірнеше  иррационалдық  тәсілдердің  кез  келгенін  сезіне  алады.  Олар  күш 
көрсетуге  дейін  баратын  ызалы  келеді.  Олар  инфантильдік  реакцияға  дейін 
кулдьфауы  мүмкін  (осы  реакциялар  ұйым  жұмысына  белсене  қатысуға 
жетелемейді).  Олар  үйреншікті  іс  қимылдарға  қатты  жармасады,  ұсынылған 
өзгерістерге,  тіпті  нағыз  керектісін  қабылдаудан  бас  тартады.  Ақырында 
«үнжұрғасы түсіп», ынтагерлігін, өз рухының белгілерін жоғалтады. 
Басымдылыққа  беттімділік  деп  адамдар  арасындағы  қатынастар  кезінде 
ынтаны  өз  мойнына  алуға  немесе  олардың  үстінен  бақылау  жасауға  ұмтылу 
әрекеті  түсініледі.  Басымдыққа  бейімділік  адамның  қасиеттеріне  орай 
ситуацияларға байланысты өзгере де алады. Әкімшілік қызметін атқаруын өзіне 
бағыныштыларға  басымдық  көрсетуге  бейім,  бірақ  жоғарыдағы  басшылар 
алдында  құрдай  жорғалайды.  Басшылықтың  ақырғы  шегі  немесе  құлдық,  ұру 
фрустракцияның  немесе  қызметтегі  басқа  да  адам  патологияларының 
көрсеткіштеріне айналады. 
Бұл  жүйедегі  инновация  ішінде  мынадай  сұрақтарды  шешу,  мысалы 
алғашқы  ұжымның,  жұмыс  тобының,  бригаданың,  команданың  құрастыру 
санының  тиімділігі;  олардың  функционалдық  құрылымы;  ұжым  мүшелерінің 
психологиялық 
сыйысушылығы; 
енбек 
мотивациясы 
оның 
ішінде 
басқарушылық қызметтің т.с.с. 
Бизнесте әдетте үш құрастырылған бөлікті бөліп көрсетеді: 
-
 
кәсіпкер; 
-
 
кәсіпкердің жағдайы; 
-
 
кәсіпкерлік этикасы. 
Дау  жоқ,  бүгінгі  бизнестің  басты  фигурасы  –  ол  таусылмас  күші  бар 
табандылықпен,  қиындықтардан  өте  білетін,  алға  қойылған  мақсатқа  жету 
жолында  кездесетін  кез  келген  тосқауылды  жеңе  білетін,  стандартсыз  ерекше 
ой сезіммен өзінің бостандығының арқасында басқарушылық шешім қабылдап 
тұрақты тәуекелдікке баруға дайын адамдар. 
Фирманың  жақсы  да  жемісті  жұмыс  істеуі  үшін  кәсіпкерлік 
мәдениеттілігінің  алатын  орны  зор.  Ол  тек  қана  кәсіпорынға  жоғары  бедел 
қамтамасыз  етумен  қатар,  өндіріс  тиімділігін  арттырып,  өнім  сапасын 
жақсартып, табысты көбейтуге ықпал етеді. 
Кәсіпкерлік мәдениеттілігінің мәні туралы әртүрлі көзқарастар бар. Соның 
ішінде  неғұрлым  мәдениеттілікке  толық  анқтама  берген  В.Д.  Козлов,  ол 
кәсіпкерлік  мәдениеттілігі  -  бұл  формальды  және  формальды  емес  тәртәп 
жүйесі,  қызмет  ережесі,  әдет-ғұрып  және  дәстүр,  жеке  адамның  және  топтың 
мүддесі,  нақты  ұйым  құрылымындағы  қызметкерлер  мінез-құлқының 
ерекшеліктері,  ұйымды  басқару  стилі,  қызметкерлердің  еңбек  жағдайына 
қанағаттану  көріністері,  өзара  қарым-қатынас  деңгейі  [19].  Сонымен 
кәсіпкерлік  қызметтің  мәдениеті  -  кәсіпорынның  бағалылығын,  өзара 
қатынастар  стилін,  климатын  анықтайды.  Кез-келген  жаңадан  ашылған 
ұйымдық  құрылым  өз  мәдениетін,  ішкі  және  сыртқы  қатынастарын, 
стратегиясын, билік жүргізу, шешім қабылдау тәртібін қалыптастырады. 


 
79 
 
Кәсіпкерлер  мәдениеті  екі  негізге  бағытталады:  әлеуметтік-экономикалық 
ортада  тірі  қалудың  қам-қарекеті  болса,  екіншіден,  өзінің  алдына  қойған 
мақсатына  жетуді  қамтамасыз  ету.  Әр  кәсіпорынның  бөлімшілерінде  әртұрлі 
өзіне тән субмәдениеттілігі болады, олардың арасында келіспеушілік болуы да 
мүмкін. Сондықтан да кез-келген кәсіпорынның міндеті сондай келіспеушілкті 
болдырмау және жою әртүрлі субмәниеттілікті интеграциялау.  
Сонымен  әр  салаға,  аймаққа  кәсіпорынның  құрылуы  тарихына,  ондағы 
адамдар  ерекшеліктеріне  байланысты  кәсіпорынның  өзіне  тән  мәдениеттілігі 
болады. Кәсіпорын мәдениетіне мына факторлар әсер етеді: кәсіпорын мақсаты, 
оның бағалылық жүйесі мен пікірі, кәсіпорында қабылданған ережесі.  
Кәсіпкерлер  мәдениетінің  элементтері  осы  кәсіпорын  қызметінің 
тәжірбиесі  нәтижесінен  және  оның  лидерінің  ықпалы  әсерінен  қалыптасады. 
Ғалым  Б.Карлов  [20]  кәсіпкерлік  қызмет  мәдениеттлігінің  негізгі  он 
ерекшелігін атады: 
-
 
әлеуметтік,  оның  қалыптасуына  фирманың  көпшілік  қызметкерлері  әсер 
етеді; 
-
 
ұжым мүшелерінің мінез-құлқын реттейді; 
-
 
адамдармен жасалады; 
-
 
барлық жұмыскерлер саналы немесе саналы емес түрде қабылдайды; 
-
 
дәстүрді сақтауға негізделген
-
 
танып білуге болады; 
-
 
 өзгертуге қабілетті
-
 
көп қырлы, былайша айтқанда, бірақ тәсілмен жетуге болмайды
-
 
әрдайым дамып отырады. 
Кәсіпкерлік қызмет мәдениеттілігінің қалыптасуы және дамуы біріншіден, 
кәсіпорын  өткен  және  қазіргі  мәдениет  дәстүрін  талдау  негізіне  сүйеніп, 
тиімдісін іріктеу негізін де табиғи жолмен қалыптасады, екіншіден мінез-құлқы 
кешенін  күшпен  енгізу  арқылы  да  мәдениеттілікті  қалыптастырады.  Ал, 
кәсіпкерлік  қызмет  мәдениеттілігін  жетілдіру  үшін  жеке  элементтердің  өзара 
әрекеттерінің механизмін талдау қажет. Жүргізілген зерттеулер нәтижесі мына 
жағдайларды  байқатады.  Бұрынғы  жалпы  мойындалған:  тәртіпті  бөлу, 
орталықтандыру,  иерархия,  карьера,  билік  жүргізу  тәрізді  элементтер  өз 
маңыздылығын жойып бара жатыр. Ал, оның орнына ұжым, қажеттілікке бағыт 
жасау,  өзін-өзі  бағалау,  анықтау,  шығармашылық,  өзін  жетілдіру,  келісімге, 
ымыраға келу қабілеттілігі, менімділік, тұрақтылық, кәсіби қабілеттілік сияқты 
элементтердің мәні арта түсуде. 
Кәсіпорын мәдениеті нашар деп мына жағдайды айтуға болады: 
-
 
бағалалық жүйесі туралы анық түсінік болмағанда және мақсатына жету 
құралдары жоқ болғанда; 
-
 
стратегиялық мақсаты жоқ болса
-
 
 мақсатының тактикасы жоқ болғанда; 
-
 
 ұйымның  жеке  бөлімшелерінің  арасында  әртүрлі  көзқараста  келісім 
болмаса; 
-
 
 басшы жалпы түсінікті дамытуға еш нәрсе істей алмаса. 


 
80 
 
Бүгінгі  күнде  Казақстанда  бизнес  номенклатуралық  өкілдері  көп  жұмыс 
істейді  (бұрынғы  партия  және  комсомол  аппараттарының  қызметкерлері), 
олардың көпшілігі іскерлік қабілеттілігімен ерекшеленеді, көпшілікте олардың 
бұрынғы  өмірден  келе  жатқан  кең  қалыпты  байланыстары  бүгінгі  күндерге 
дейін әлі жалғасып келе жатыр. Ондай адамдар кәсіпкерлік ұйымдық негіздерді 
жақсы біледі. 
Бизнеске өзінің мамандығы бойынша өз уакытында өзінің жұмыс қызметі 
жоғары өсе алмай қалған және де мамандығы тіпті болмаған адамдарда кейінгі 
кездері  келе  бастады.  Біріншіден  –  өзінің  тиісті  материалдық  қаражатты 
кірістер  деңгейіне  қанағаттанбаған,  жоғарғы  білімді  және  кәсіпкерлік 
мамандықтары  бар  адамдар  бүгінгі  күндердегі  бизнесте  өзінің  көпшілігінде. 
Бүгінгі  күндері  бизнесте  жұмыс  істейтіндер,  олар  Қазақстандағы  бизнестік  ісі 
алға  жүріп  тұрған  бизнесмендер  мен  кәсіпкерлер.  Олар  өздерінің  бұрынғы 
уақытағы  бизнестен  жинаған  ақшалары  мен  нарықты  экономика  кезіндегі 
ресми бизнеске келді де өздерінің фирмаларын ресми заңды түрде тіркеп алды. 
Барлық  отандық  кәсіпкерлер  мен  бизнесмендер,  шынын  айтқанда  бизнес 
этикасының не екенін өздері де жақсы түсіне бермейді. 
Бизнесмендер  туралы  қарапайым  Қазақстандықтар  арасында  сұрақ-жауап 
жүргізген  кезде,  біздің  кәсіпкерлер  мен  бизнесмендердің  басты  кемшіліктері 
болып, олардың мәдениетсіздігі байқалды. 
Көптеген  отандық  бизнесмендер  өздерінің  істеп  жүрген  жұмыстарымен 
халық  алдында  өзінің  атағын  жоғарылатудың  орнына,  көпшілікте  өздерінің 
кірісі  туралы  көп  ойлап  кеткен.  Осы  тұрғыда  өте  жиі  өзінің  міндеттемесін 
дұрыс  ойдағыдай  етіп  орындамайтын,  партнерлерінің  ықыластылығына 
немқұрайды  қарап,  оларды  ашық  алдауға  да  баратын  жағдайлары  да  бар. 
Дегенмен,  өмірде  және  бизнесте  басшылыққа  алатын  принциптерді,  есепке 
алмау  дұрыс  емес,  оның  себебі  олар  қимылдағы  кәсіпкерліктегі  этикалық 
барысқа  өте  қатерлі  таңба  қалдырады.  Сипатты  заңдылық:  кісілердің  білімдік 
және  мәдениеттік  деңгейі  күшті  болған  сайын,  ол  соншалықты  қоғамның 
жаңашыл  экономикасына  жақын,  сондай-ақ  адам  арасындағы  істік 
қатынастарында шындық, тәртіптілік соншалықты аз болады.  
Бүгінгі  Қазақстанда  болып  жатқан  жағдай  көпшілікте  шаруашылық 
жағдайларымен дәлелденеді, ол өз уақытында жалақыны төлемеушілік, төлеген 
күнде  оны  уақтылы  бермеуі,  заңды  базалардың  қарама  қайшылығы,  үкіметтік 
құрылымның  көптеген  басқару  рычагтарын  жоғалтуы.  Бизнестегі  адалдыққа 
және  парасаттыққа  жылжудың  басты  жолы,  нарықтық  қатнастардың  нақты 
мәдениеттілігі  болып  экономиканы  көтеру  бүгінгі  кездегі  жаңашыл  нарықка 
өту.  Онда  шаруашылықты  жүргізу  жүйесіндегі  жағымсыз  кемістіктерді 
туғызатын тарихи, әлеуметтік және мәдениеттік жағдайларды жоюға мүмкіндік 
беріледі.  Қазақстандағы  бизнеске,  қоғамдық  этика  жағдайларына  өзінің 
көптеген түрлі таңбасын қалдырып, кейбір жағдайларда еліміздің әртүрлі өмір 
жүйелеріне қарама-қайшылық өзгерістерді тұғызу үстінде қалдырады.  
Бүгінгі  күндері  Қазақстанның  іскерік  ортасында  тұрақталған  жағдай  ол, 
бизнесмендердің  іскерлік  тәртіптілігінің  жоқтығы,  өзіне  алған  міндетті 


 
81 
 
орындамаулық  және  ұқыпсыздығымен,  өзінің  сөзінде  тұра  алмауы,  өзі  үшін 
пайда табу үшін қызығуы және де басқа да тәртіпсіздік стильмен ерекшеленеді. 
Сондай 
жағдайлардың 
салдарынан 
біздің 
жаңадан 
пайда 
болған 
бизнесмендеріміз өздерінің тұрақты шетел әріптестерімен жұмыстық қатынаста 
болып,  кейбір  жағадайларда  өздерін  тәртіппен  алып  жүре  алмау  себебінен 
пайда табудың орнына зиянға ұшырап қалып жатады. Дегенмен біздің іскерлік 
адамдар  әдетте  өздерінің  жеке  компаниялары  болғанымен,  әдетте  оларда 
беделділік әлі аз. Шет елдерде уақытпен тексерілген әріптестерді бағалайды, ал 
жаңадан пайда болған әріптестерге өте абайлап қарайды. Сондықтан, жаңадан 
пайда болған кәсіпкерлерге жұмысы алға басады деуі екіталай.  
Барлық  дүниежүзі  елдерінде  іскерлік  этика  және  міндеттілік  деген  нақты 
түсінік  бар.  Мысалы,  АҚШ-та  екі  жақ  қандай  да  бір  болмасын  іс  туралы 
келісетін  болса  «техасстік  қол  алысу»  түсінігі  жүргізіліп  отырады.  Егер  де, 
келісім  шарт  жасаушылардың  біреуі  келісім  шарт  жағдайын  бұзса,  онда  одан 
әрі қарай шартты бұзған адаммен бизнестік қызмет істеу тоқтатылады. 
Ондай  болып  қалған  жағдайда  қайтадан  өзінің  имиджін  қалыптастыра 
білетін,  өзінің  жауапкершілігін  сезе  білетін,  жауапты  мамандықтағы  басқа 
бизнесмендерді  қалыптастыру  керек.  Бизнестік  жұмысты  арақ  ішкіш  және 
уақытын босқа өткізетін саудагер  емес,  өзіне-өзінің сенімділігі  мол,  өзін және 
өзінің  фирмасын  дұрыс  жағынан  көрсете  білетін,  өзінің  жұмысқа  деген 
ынтасын  білдіре  алатын  тартымды,  жақсы  тәрбиеленген  джентельмен  адам 
істей алады, оның себебі оның есебінде бизнесті және этиканы жақсы білетін ой 
сезім  жатыр.  Ондай  бизнесмендерді  бүгінгі  нарық  экономикасы  талап  етіп 
отыр.  XXI  ғасырда  бизнес  саласында  бәсекелестік,  бірін-бірі  аямаушылық 
күрделі  орын  алып  келе  жатыр.  Қазіргі  кездегі  мәдениетті  бизнестің  негізгі 
мақсаты, ол өзіңнің тұрақты клиентгеріне қызмет көрсетуді жақсарту, сөйлесіп 
келіссөз  жүргізуді  жеңілдетіп,  тез  алға  жылжуға  мүмкіндік  беретін  жаңа 
мәдениетті  бизнес  қалыптасуы  керек.  Демек,  келешекте  нарықтың  позициясы 
күшейтіледі деген сөз.  
Бизнес  этикасы  коммерциялық  қызмет  барысында  кірісті  көбейтуге  анау 
айтарлықтай  мүмкіндік  береді.  Атап  айтқанда,  ол  клиенттің  сізге  деген  жан 
киярлық  сенімділігін  сақтауға  көмектеседі.  Білікті  мамандардың  ойлары 
бойынша,  ескі  партнерлерді  ұстап  тұру,  жаңадан  пайда  болған  партнерлердің 
ынтасын  жаулап  алудан  бірнеше  рет  арзан.  Сондықтан  барлық  фирмалар 
тұтынушыға  жол  табуда  болады.  Бұл  мақсат  бойынша  инвестицияға  дейін 
фирма  мәдениетін  және  этикасын  құрастыру  үшін  және  олардың  тиісті 
жұмыскерлерін  дайындауға  негізгі  қаражатқа  көп  ақша,  уақыт  және  күш 
жұмсау  қажет  болады.  Белгілі  жағдай  бойынша,  істік  әлемде  көпшілік  халық 
бір-бірімен  тығыз  байланыста  болып  жатады.  Мысалы,  әр  бизнесменнің 
көптеген  өздерінің  жолдастары  мен  таныстары  болады.  Тиісті  жағдайларда 
бизнесмендер өздерінің достары мен таныстарын да тұрақты клиенттері ретінде 
пайдаланып кетеді. Бұл жерде, барлығы адалдықпен, әдептілікпен, білгірлікпен 
жылдам  жол  сілтеу  жағдайлары  анықталады.  Егер  де,  сіз  дұрыс  жасамасаңыз, 
өзіңіздің  қателігіңізді  біліп  клиенттен  уақтылы  кешірім  сұрасаңыз,  ол  клиент 


 
82 
 
үшін  дұрыс  көрініп,  оның  ойынша  сізбен  одан  әрі  қарай  коммерциялық  іс 
атқаруға болатындығына сенім артады.  
Бизнесте 
тұрақталған 
ереже 
бар: 
өзіңнің 
клиентеріңе 
және 
қызметкерлеріңе  күнделікті  қамқорлық  жасап  отырсаңыз,  нарық  сіз  үшін  де 
камқорлықта  болады.  Бұл  жерде  жасап  шығарушылардың  кәсіби  репутациясы 
өте маңызды. Ондай репутацияға ие болу өте қиын, ол үшін көптеген жылдар 
кетеді,  ал  оны  арзымайтын  нәрсе  үшін  бір  сәтте  жоғалтып  алуға  да  болады: 
мысалы  уақтылы  телефон  сокқан  адамға  немесе  хат  жазған  адамға 
мәденитсіздікті білдіріп уақтылы жауап бермей, факсты күтіп отырған адамға, 
оның  факсіне  уақтылы  жауап  қайтармай  өзінің  беделін  жоғалтып  алуға  да 
болады.  Өзінің  беделі  үшін  сөзінің  мәдениеттілігі  және  өзін  ұстай  білу,  киімі, 
офисінің ішкі көрінісі және басқалары да маңызды. Көп уақыт негізінде жұмыс 
істеуге  ынтасы  бар  біздің  кәсіпкерлер  үшін  ол  екі  есе  маңызды.  Тәжірибеде 
кейбір  жағдайлар  болып  қалады,  мысалы,  шет  ел  кәсіпкерлеріне,  біздің 
кәсіпкерлерден тәртіпсіздік, білмеушілік, пайдақорлық көрініп қалса, олар сол 
сәтте біздің кәсіпкерлермен өз байланыстарын үзуге мәжбүр болады. Қазақстан 
қоғамындағы  терең  тамыры  бар  кәсіпкерлік  этика,  жаңа  жағдайда  қалай  да 
болса қайтадан құрастырылуда. Ол сондай-ақ бизнес мәдениеттілігіне жатады. 
Жаңа орыстардың немесе қазақтардын бейнесі – ол халықты немесе мемлекетті 
алдап  өздерінің  саудагерлік  операцияларымен  өзінің  қаражатын  жинап, 
кәсіпкерлік  мәдениеттіліктің  қалыптасуына  өзінің  таңбасын  қойған  жағдайды 
саудагерлік  деп  атауға  болады.  Оның  ерекшелік  сипаттамасы  –  жоғарғы 
тәуекелділікті,  ашылып  тұрған  мүмкіндіктерді  және  кез  келген  жолдармен 
құралдарды  барынша  пайдалана  отырып,  жылдам  қаражаттық  жетістіктерге 
жету.  Ондай  мәдениеттілікті  негізінде  жас  бизнесмендер  жақсы  көреді, 
олардың ұраны: «жылдам келісім – тез ақша». Ондай іскерлік адамның жылдам 
түрде  жауынгерлік,  агресивтік  сапалылығы  дами  бастайды.  Ондай  жағдайда 
адамның  сезімі  шетте  қалып  кояды.  Оның  ең  бастысы  –  кез  келген  бағамен 
және  кез  келген  тәсілмен  тез  және  көлемді  қаражаттық  корытынды  болуы. 
Ондай  бизнесмендер  әдетте  ырымшылдық  және  әртүрлі  ерекше  белгілерге 
көңіл аударғыш болады. 
Саудагерлік істің мәдениеттілігі жоғарғы сапалы өнімдерді жасап шығару 
және  сату  мақсаты  емес,  бүгінгі  кездегі  тұтынушыларға  кызмет  етуді,  жұмыс 
орындарының  санын  көбейту,  қоғамды  дамытуды  жөнге  келтіру  болып 
саналады. Бұл жерде мүмкіншілігіне қарай жасап шығару еңбексіз ең көп кіріс 
алуға  бағытталған.  Бұл  жерде  бағалы  қағаздар  төлем  қаражаттар,  шикізат 
ресурстарына  және  басқаларымен  келісім  шарт  жасалынады.  Дегенмен, 
Қазақстанның  бүгінгі  күндегі  нақты  эконамикада  болған  жағдайына 
байланысты бизнестің мақсатты жағдайы туралы оның қоғамдық қажеттілігіне 
деген  түсініктің  өзі  тұрақты  өзгеріп  отырады  және  де  қайтадан  жаңа  сапалы 
деңгейде кәсіпкерліктегі бұрынғы Қазақстанның мейрімді дәстүрі, жағдайлары 
кайтадан  пайда  бола  бастайды.  Қазақстанның  бизнесмендері  бүгінгі  күндері 
барлық  акивтік  жаңа  түр  сипат  және  бағалылық  бағыттарды  ала  бастауда. 
Өзінің  жаңартылған  істік  мәдениеттік  нарықтың  талабын  канағаттандыруға 


 
83 
 
бағытталған  жеке  өзінің  бағалылығы  емес  коғамдық  приоритеттік  шекарасын 
күнделікті  кеңейте  бастауда.  Біздің  кәсіпкерлердің  этикалық  бағалауларында 
және  бабын  табуда  елеулі  өзгерістер  болып  жатыр,  олардың  бүгінгі  күнгі 
нарықтық  жағдайға  және  олардың  талаптарының  бірге  қосылу  процестері 
тездетіліп  бизнестің  өте  басқаша  этикасының  қалыптасуы  үшін  жаңа  негіздер 
шыға бастауда, ол біздің мемлекетіміздің келешектегі алға өркендеуінің кепілі 
болып саналады. 
Баршаға  белгілі,  бизнесмен,  ол  біріншіден  –  бастық.  Бизнес  этикасының 
приоритеттік  ерекше  маңызы,  ол  басқарушылықта  болады.  Кәсіпкерліктің 
экономикалық мақсаты – жалпы мақсатқа жету үшін, ұжымның интеграциясын 
қамтамасыз  ететін  және  өнегелілік  менеджмент  үшін  негіз  болып  саналатын 
мекеменің  әрбір  қызметкерінің  жеке  қызығуын  орталандыру.  Бугінгі  күндері 
көптеп  тиімді  басқару,  ол  адам  факторының  рөлін  жоғарылатуға  бағытталған. 
Адамға  немесе  жеке  тұлғаға  мақсатталынған  басқару  әрбір  қызметкердің 
бостандық жағдайда дамуын, оның жеке мүддесін, ойын, арманын қамтамасыз 
етеді,  ол  әрбір  ұжым  мүшесінің  шығармашылық  қабілеттілігін  және 
ынталылығын  ашып  көрсетеді.  Ондай  менеджмент  өнегелілік  деп  аталады. 
Оның себебі ол өнегеліліктің негізінде, жиынтықты ынталандыруға негізделген 
және де ол мәдениет, бостандық және адамның ынтасы негізіндегі адамгершілік 
қатынастың дамуына бағытталған. Әрбір компанияның басқарушылық этикасы 
және 
сәулелендіретін 
мәдениетінің 
деңгейін 
өзінің 
баскарушылық 
«философиясы»  калыптасады.  Егерде  бүгін  менеджменттің  орта  назарында 
адам тұрса, оның жеке артықшылығы, оның сіңірген еңбегін мойындау, ең көп 
түрде  оның  білгірлік  тәжірибесін  пайдалану,  ондай  жағдайда  басқару  –  ең 
жаңашыл өнегелілік, этикалық сыпайылылық деген сөз. 
Бизнес  этикасы  саласының  Дж.Сидерблом  және  Ч.Дж.Дохерти  сияқты 
американдық  мамандар  атап  көрсеткендей,  біз  әдетімізде,  тұрмыс 
жағдайларымызда  ешқашан  істеп  көрмеген  істерді  қызмет  үрдісінде  істеуге 
мәжбүр боламыз. Мәселен, біздің көпшілігіміз біреудің үйінен хат жазатын зат 
ұрлау  ойымызға  келген  емес.  Ал  кейбір  адамдар  осыған  барған  әрекетін 
білдірмеуге  тырысып  бағады,  қолға  түсіп  қалса  қатты  өкінеді.  Алайда  біз 
жұмыс  орнымыздан  түрлі  заттарды  үнемі  алып  шығамыз  да  жеке  шаруа-ызға 
пайдаланамыз  немесе  отбасымыздың  мүшелеріне,  достарға  береміз.  Кейбір 
адамдар бәскелестік іскерлік ортадағы жұмыста теріс қылықтар жасайды. Көп 
ретте  ұйымдағы  жұмыс,  әдеттеті  жағдайларда  біз  лайықсыз  санайтын, 
қылықтар  көрсетуге  мәжбүрлейді.  Мәселен,  бөтен  адамның  еңбек  нәтижесін 
сынға  алудың  аяғы  көптеген  өкпе-назға  душар  етеді,  әдетте  мұндайдан  сырт 
болғымыз келеді. Ал жұмыс жағдайында сынау, кемшіліктерді талдау  – бұлар 
қызмет міндетіне жатады. Ұйымдық және бәсекелестік факторларының үйлесуі 
көп  ретте  адамның  мінез  кұлқының  күмәнді  деп  аталуына  әкеліп  соғады.  Біз 
кандайда бір фактыны жасырып қалуға, сытылып кетуге, артықшылық іздеуге, 
залал  келтіруге  немесе  біреудің  залалын  елемеуге,  басқа  адамдар  жөнінде 
жасалған әрекеттерді көрсек те тіс жармауға мәжбүр боламыз. 


 
84 
 
Ұйымның  этикасын  Дж.Сидербломмен  және  Ч.Дж.Дохертимен  бірге 
талдап  көрейік.  Мәселен,  хат  жазуға  арналған  заттарды  ұрлау  дұрыс  болып 
көрінуі  мүмкін.  Өйткені  көптеген  ұйымдар  бюджеттерінің  ысырап  болуына 
қарағанда, ұрланатын нәрсенің кұндылығы мейлінше төмен ғой. Алайда бұлай 
жасалған  түйін  басқа  ұрлық  қарлықтарды  ақтау  үшін  пайдаланылуы  мүмкін. 
Міне,  сондықтан  осындай  кез  келген  әрекетті  сорақылық  деп  санаймыз. 
Осымен  қатар  жұмыс  орындарынан  арзан  заттарды  жымқыру  тәртіп  салтын 
көрсетеді.  Бұл  тәртіп  ұжымның  меншігі  мен  қорын  өздерінің  жеке 
мақсаттарына  пайдалануды  көздейтін  жұмыс  істеушілердің  бәрін  өзара 
байланыстырады. 
Ұсақ ұрлық дағдылы болып табылатын ұжымда қызметкерлердің қалыпты 
тәртібі  және  іскерлік  байланысы  үшін  телефонмен  жеке  сөйлесулер,  ұжым 
бюджеті  есебінен  қызметшілердің  жеке  сапарларда  болуы,  тағы  басқалар 
арасындағы  күмәнді  қылықтардың  жігін  айыру  қиын.  Сондыктан  да  ұсақ 
ұрлықтар, олармен күрес баршаға қолайсыз болып көрінеді. Бірақ осындай тәр-
тіп  баршаның  ортақ  әдетіне  айналған  болса,  онда  келтіретін  зиян  анағұрлым 
ауыр  қылықтармен  күрес  қиын  болады.  Күндер  өте  келе  қызметшілер 
қордардың зор шығынға ұшырауына қарсы тұра алмайтын жағдайда қалады. Ал 
бұл шығындар акционерлерге кіріс болар еді немесе ақшаларына жұмыс істеп 
тұрған  адамдарға  қайтарылар  еді.  Тәртіптің  тағы  бір  келеңсіз  мысалы 
шындықты жасыру. Әдетте, біз оны, жұмыстан тыс уақытта, дұрыс емес дейміз. 
Бизнесті  жүргізу  негізінен  тауар  сату  мен  сатып  алудан  біржаққа  пайда 
түсіру  дегенді  білдіреді.  Сатылатын  объект  туралы  жалған  акпарат  беру 
мүмкіндігі бола қалғанда, сатушы санкциядан кауіптеніп заңнамада көрсетілген 
мүмкіндікті  міндетті  түрде  пайдалануға  бармайды.  Алайда  бүкіл  шындықты, 
әсіресе  сатылатын  тауар  ерекшелігін  жасырғанда,  сатып  алушының  осындай 
тауарды  басқа  жерден  іздеуге  мәжбүр  болатыны  сауданың  «ойында»  тіпті 
ескерілмейді. Жоғарыда айтылғаннан шығатын қортынды: адамның жұмыстағы 
тәртіп ережелері әдеттегідей ерекше ситуация туғызады, олар қоғамда адамның 
кез-келтен басқа байланыстарда колданатын ережелерінен елеулі өзгешеленеді. 
Біз жұмыс орнынан сырт жерде кез-келген фактіні жасыра аламыз, оны дұрыс 
деп есептеуге болады. Мәселен, кез-келген фактіні танысымыздан, оның игілігі 
үшін – айталық қолайсыз ситуация қалдырмау үшін жасырамыз. Осыны өзіміз 
үшін  қандай  да  бір  мақсатка  жету  үшін  жасадық  десек,  өзімізді  ұятқа 
қалдырғандай  сезікте  жүрер  едік.  Бұдан  бір  өзгешілік  мынадай:  жоғарыдағы 
жағдайда  кез  келген  сатушы  ақаулары  мен  кемшіліктері  айтылмай,  ұсталған 
автокөлігін  мініп  кетіп  бара  жатқан  сатып  алушыны  көргенде  шаттыққа 
кенелгендей  сезінеді.  Бизнестің  ерекшелігі  –  басқа  адамдарға  тигізген  зиянға 
селқос  карайды.  Бұл  дағдылы  жағдай  да  жат  көрініс.  Нарықтық  экономика 
жағдайында кәсіпкерлер өндіріп, сататын өнімдер кейде адамдардың өмірі мен 
денсаулығына қатер төндіреді. Бірақ түрлі себептерге байланысты көпшілік сол 
өнімдерді сатып алуға туекел етеді. Ал өнімді өндірушілер мен сатушылар, егер 
заң  мәжбүр  етпесе,  қатер  бар  екенін  білсе,  тұтынушыларын  ескетпейді. 


 
85 
 
Жарнама  көп  жағдайда  қауыпті  өнімді  пайдаланған  кезде  қаупсідік  сезімін 
туғызу үшін пайдаланылады. 
Басқа 
адамдарға 
зиян 
жасалғанына 
бос 
қараушылық 
ұйым 
қызметкердерімен  араласқан  кезде  жиі  байқалады.  Жұмыстан  шығарылатын, 
қызметі  төмендетілетін  немесе  жалақысы  кемітілетін  адам  жөнінде  атқарушы 
кісі  тарапынан  жаны  ашу  рұхсат  етілмейтін  қателік.  Кейбір  жағдайларда 
мұндай  іс  қимыл  талас  тұғызбайтын  сенімді  көңілмен,  әрі  басымдылықпен 
орындалады, түсінік сұралмайды, басшының беделінің өзі бағынышты адамның 
келісуден  басқа  амалын  қалдырмайды.  Мүмкін,  заң  бойынша  осының  өзі 
жеткілікті  шығар.  Бірақ  бұл  басқа  ойлармен  қарағанда  заң  толық  жетілген 
болып табылмайды. Моральдық көзқарас бойынша басқа адамдарға келтірілген 
зиянды елемеу тәртіптегі осалдық, әдеттегі жағдайларда мұны дұрыс емес деп 
атаймыз. Біз жұмыстан шығарылған адам туралы: «оған көмектескім келер еді, 
бірақ бизнестің аты бизнес» деген пікірді де айтамыз. 
Жұмыс жағдайларында жарамсақтық пен шағыстыру қылығы «адамдармен 
жұмыс  істей  білу»  деп  есептелуі  мүмкін.  Әдеттегі  жағдайларда  егер  сізге 
басқалар  жарамсақтанып  жүрсе,  кейін  оларды  мақсатыңызға  жетуге 
пайдаланбақ  болсаңыз  немесе  сіз  бір  адамды  екінші  біреуге  айдап  салу  үшін 
жасырын  одақ  ұйымдастырсаңыз,  онда  басқалар  сізге  арам  немесе  безбүрек 
адам  деп  қарайтын  болады.  Бірақ  жұмыста  мұндай  сөзтоптамасы  кұбылып 
тұрады.  Адамды  жарамсақ  деп  атаудың  орнына,  оны  «сапырылыстыруға 
шебер» деп, «безбүйректігін» жұмсартып «іскер» адам деп аталады. 
Бизнес  әлемінде  осындай  құбылыстардың  бар  екеніне  таласатын  ешкім 
жоқ.  Алайда  мұндай  құбылыстар  «кіріс  жасайтын  бизнес»  әлемінде  (көбінесе 
бұл іскер адамдар әлемі деп аталады) ғана болып отырған жоқ. Олар белгілі бір 
деңгейде кез келген ұйымнан байқалады. Егер біз оқу орындары немесе емдеу 
мекемелері сияқты қоғамдық сектор ұйымдарын қарастыратын болсақ, олардан 
адамдарға 
ықыласпен 
қарауды 
немесе 
жеке 
бизнес 
саласының 
кәсіпорындарына  карағанда,  жауапкершілікпен  қызмет  көрсетілгенін  көрген 
емеспіз.  Кесірдін  тамыры  сонда:  өндірісті  ұйымдастыру  қызметі  өз  формасын 
өзгертіп,  адам  қылықтарының  көпшілігінің  моральдық  жаңа  мазмұнын 
қалыптастырады. 
Жұмыс  орнындағы  этикалық  стандарттар  өмірде  жалпыға  ортақ 
стандарттардан  өзгешелігі  бар  екені,  бизнес  жетекшілерінен  бірнеше  рет 
сауалдарға  жауап  алынғаннан  кейін,  айқын  көрінеді  де,  калың  жұрттың 
игілігіне  айналады.  1977ж.  Наrward  Вusihess  Review  басылымы  сұрау 
өткізгенен кейін 1000-нан астам жетекшілердің әрбір жетеуінің төртеуі олардан 
тиімді  жұмыс  істеушілерді,  басшылардың  кіріс  жасауына  қамқоршыларды 
сондай-ақ  этикашыл  адамдар  ретінде  көргісі  келетіндермен  іштей  қақтығыста 
болатынын  айтқан.  Олар  қызмет  міндетін  атқару  кезінде  бөтен  қылық  жасау 
жалпыға ортақ болып табыла ма деген сауалға жауап қайтарғанда үштен екісі, 
бұл  этикаға  жатпайды  деп  есептейтінін  нық  айтқан.  Мыналар  еске  алынады: 
керек  адамға  «сыйлық»  беру,  бағаны  жоғары  белгілеу,  шырқатып  сату, 
тұтынушыларды  алдау,  жұмысқа  қабылдаудағы  әділетсіздік  және  өздеріне 


 
86 
 
жұмыс  істейтін  қызметшілерге  шекеден  қарау  –  бәрі  де  этикаға  жатпайды. 
1976ж.  Ріtnеу  –  Воwes  корпорациясының  300  жүздей  және  Uniroyal 
корпорациясының  200  менеджерлеріне  корпоративтік  мақсаттарға  жету  үшін 
өздерінің  этикалық  принциптерімен  ымыраға  келетін  кездері  бола  ма  деген 
сауал  берілген.  Ріtnеу  –  Воwes  корпорация  менеджерлерінің  онының  жетеуі 
және  Uniroyal  корпорация  менеджерлерінің  оннан  алтауы  осындай  ымыраға 
келетінін жауаптарында айтқан. 1982ж. өткізілген сұрау жоғарыда келтірілгенге 
ұқсас  жағдай  АҚШ-тың  экономика  кұрылымына  еліктеген  басқа  да  елдерде 
орын  алғанын  көрсеткен.  International  Management  басылымы  өткізген 
сұрауларға  бизнестің  919  басшыларының  53%  соңғы  бес  жылда  компания 
мүдделері үшін істейтінін және этикалық немесе моральдық ретте өздері дұрыс 
деп  санайтынын,  арасында  бір  ғана  алашақтық  болғанын  көрсеткен.  Істі 
жүргізу кезінде этикаға және заңға жатпайтын сыйлық, пара алу сияқты әдістер 
жиі  пайдаланылатын  мысал  ретінде  келтірілген.  Мұның  артында  қажетті 
ақпаратты жасыру және бұрмалап көрсету тұрады. 
Ғылыми  зерттеулер  мынаны  көрсетеді:  көптеген  адамдар  өздері  жұмыс 
істейтін  ұйымдарда  орын  тепкен  жағдайлардың  ықпалымен  жеке  моральдық 
стандарттармен  ымыраға  келеді.  Бірақ  өндірістік  ұйым  мен  бизнесті  кесір 
ретінде көрсету үшін адамды моральдық драманы бастан кешіруге душар еткен 
жағдайды  білу  үшін  1983ж.  Галлапада  өткізілген  менеджерлермен  қарапайым 
көпшіліктен  алынған  сұрауларға  жауаппен  танысу  керек.  Сұрауларды 
өткізгенде: жауаптардың бір бөлігі өздері жұмыс істейтін, мүдделеріне қысым 
жасап, моралдық принциптерін басып тастаған ұйымды кінәлайтын адамдардан 
алынады,  деп  күтілді.  Мұны  олар  өздерінің  жеке  пайдасы,  ал  кәсіпорынан 
алатыны  жеткілікті  емес,  деп  есептейді.  Мәселен,  түскі  асқа  ақша  компания 
есебінен төленетін болса, адам менюдегі ең қымбат тағамға тапсырыс бере ала 
ма, деген сауалға біреу «бере алады, өйткені мұндай молшылыкқа әрдайым қол 
жете  бермейді»  депті,  екіші  біреу  «олар  маған  мүмкіндік  беруге  тиіс,  мен 
қалада  24  сағат  бойы  болмаймын,  олар  осынысымен  қолайсыздық  жасайды» 
деп жауап берген. 
Басқа  адамдардың  қате  қылықтарына  қарсы  тұру  керек  болғанда  қызмет 
бабындағы  міндеттерді  атқару  кезінде  өзіміздің  әдеттегі  стандарттарды 
басшылыққа  ала  бермейміз,  оны  түсіну  өзімізге  қиын.  Сіздің  кәсіпорынның 
қызметкерлері ішінде сізде барсыз, кәсіпорындардың өнімдері тұтынушыларға 
зиянды  екені  туралы  бір  қорытындыға  келдіңіз  делік.  Сіз  мұны  тек  ойын 
элементі  деп  шамалаңыз,  қызметшілер  өздері  туралы  да,  ойлауға  мәжбүр 
болады.  Кейін  тағы  бір  өнімнің  зиянды  екенін  білесіз.  Сіздер  жағдайды 
ақындырып бара жатқандарыңызды анықтау үшін қандай ережені ұстану керек? 
Қарастырылып отырған проблема ерекше күрделілікке айналады. Өйткені 
басқалар  туралы  таратылған  ақпарат  әрқашанда  теріс  қылық  ретінде 
қабылданады.  Мәселен,  сіздің  көпшілігіңіз  тым  жас  кездеріңізде  мұғалімдерді 
биік тұлға ретінде көріп келдіңіздер. Бірақ хабардан оған көрсетілген құрметті 
көрген жоқсыздар. Бұдан кейін «хабаршылардың» айтқандарына әрқашан шұба 
келтіріледі.  Осы  дағды  есейген  шақта  да  сақталады.  Егер  біздің 


 
87 
 
«хабаршыларға»  жеркенішті  көзқарасымыз  жұмыс  орнымызда  парасаттылық 
ережелерінің  басым  саналмайтындығымен  үйлесетін  болса,  онда  жоғарыда 
баяндалған  ситуацияларға  ауыз  ашуға  болмайтынын  оңай  түсінеміз.  Біздің 
әркайсымыз жиі немесе ауық-ауық тәртіптің күнделікті нормаларын бұзсақ, кез 
келген  адам  туралы  екіжүзділіктің  елеулі  сезімі  пайда  болады.  Біреу  бір 
оқиғаны  жеке  алып,  өз  әріптестері  туралы  көлденең  адамдарға  қолайсыз 
ақпарат  беруге  бекінеді.  Мұндай  ситуацияларда  тағы  бірқатар  күрделі 
моральдық  проблемалар  туындайды.  Кәсіпорындарда  жұмыс  істеген  адамдар 
былыққан істердің үдеп бара жатқанын біледі, ол туралы ашық айтқысы келеді 
немесе  қандай  да  бір  шара  қолдану  керектігін  түсінеді.  Моральдық  тәртіптің 
қалыпты  ережелері  жиі  бұзылады.  Осындай  көпшіліктің  үндемеген 
тыныштығын  бұзу  да,  зияны,  әрі  теріс  қылықтар  жасальш  жатқанын  көріп 
тұрып, моральдық берік шекте тұру да қиын. 
Сонымен жалпы кәсіпкерліктің этикасына қорытынды жасасақ, мынандай 
тұжырымды айтуға болады: 
1.
 
Кәсіпкерлік этика кәсіпорынның жоғарғы мәртебеде болуын қамтамасыз 
ету  үшін  маңызды  роль  атқарады.  Өндіріс  тиімділігін  арттыруға,  табысты 
көбейтуге ықпал етеді. 
2.
 
Бүкіл дүниежүзінде іскерлік және кәсіби этикаға ерекше ықылас қояды. 
Өйткені,  бұл  –  адам  мінез-құлқының  құлықтылық  (өнегелілік)  нормаларының 
жүйесі, олардың бір-бірімен қатынас жасаудағы міндеттері. 
Кәсіпкерлік  қызмет  субъектілеріне  тән  мәдениеттілік  және  іскерлік 
этикасы  әр  елде,  әр  аймақта  ішкі  және  сыртқы  ортаға  байланыста  әрқашан  да 
дамып,  жаңа  мазмұнда  жетіліп  отырады.  Оны  Қазақстан  Республикасындағы 
кіші  бизнестің  қалыптасып,  оның  субъектілерінің  іскерлік  белсенділігінің 
артуынан анық байқау қиын емес. Бұл мәселелер жөніндегі толық түсінік келесі 
үшінші бөлімде кеңінен берілген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
88 
 

жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау