41
ұйым қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту;
Кесте 3
Инновациялық қызметтің жіктелуі
Критериі
Инновацияның түрлері
Таралымдығы
- бірең-саран;
- кең көлемде
өндірістік циклдағы орны
- шикізат
- өнім
- қамтамасыз ететін
Қабылдағыштығы
- аша алатындығы
- өзгерте алатыны
- ауыстыра алуы
- қайтаратындығы
Нарық үлесін қамтуы
- локалды
- жүйелі
Жаңалық деңгейі
- радикальды
- қиыстырушы
- жетілдіруші
Кәсіпкер қызметінің аясы
- технологиялық (өндірістік)
- экономикалық (сауда)
- әлеуметтік (басқару)
ұйымның өндірген өніміне деген тұтынушылар сұранымын тиімді
деңгейге жеткізу;
қоғамның этикалық және рухани нормасын жақсартуға көмек көрсету,
тұтыну мәдениетін жақсарту және т.б.
Белгіленген мақсатқа жету үшін кәсіпкерлік қызметтің ағымдағы және
жетістіктегі нақты міндеттері анықталып, оны жүзеге асыруға кіріседі.
Кәсіпкерлік қызметтің міндеттерін негізінен екі бағытқа бөліп қарауға
болады. Бірінші бағыт – бұл міндеттер кешені, мұны шешкенде кәсіпкердің
инновациялық қызметінің жемісті болуы қамтамасыз етіледі (сурет 3).
Екінші бағыт - бұл міндеттер кешені, оны шешкенде өндіріс үрдісінің
тиімділігі қалыптасады немесе аралық қызмет жөнге келетін болады. Пайда
өсімін алу үшін кешенді міндеттерді шешуді талап етеді: өндіріс пайызы, оны
қажетті факторлармен қамтамасыз ету, қаржының қайнар көзін іздеу,
бәсекелетік өзгермелі жағдайда кәсіпорынның өзін-өзі сақтап қалу механизмін
талдау, сатып алушылардың немесе клиенттердің қажеттілігін қанағаттандыру;
сату көлемін арттыру; жұмыскерлер санын қысқарту; маркетинг стратегиясын
дайындау. Жабдықтаушыларды таңдау, бизнестегі партнерлерді таңдау;
қоршаған ортаны қорғау шараларын дайындау және т.б.
Кәсіпкерлердің сыртқы ұйымдармен, серіктестермен, бәсекелестермен,
тұтынушының жеке топтарымен, жабдықтаушылармен, жергілікті және
42
орталық үкімет органдарымен, салық органдарымен, кеденшілермен және басқа
да кәсіпкерлік қызметке қатысушылармен өзара қатынастарды, іс-әрекеттері
белгіленген формада және норма мен құқық тәртібін сақтауды талап етеді.
Сурет 3. Кәсіпкердің жаңалықты дайындау әрекеті
Кәсіпкерлік аядағы қарым-қатынастардың басты элементі - келісім,
былайша айтқанда мұның өзі кәсіпкерлік мақсатқа жетудің экономикалық-
құқықтық формасы болып табылады. Келісім - бұл кәсіпкерлердің өз
арасындағы кез-келген шарт. Оның негізі коммерциялық мүдде. Келісім
нәтижесі
айырбас
үрдісі
ретінде
келісімге
барлық
қатысушылар
қанағаттандырылады, коммерциялық мақсат орындалады, айырбас нәтижесінде
түсім алынады.
Іскерлік қатынастардың негізгі бағыттары мына аяларда болуы мүмкін:
өндіріс, тауар айырбасы, сауда және қаржы қатынастары аясында.
Өндірістік қатынастар аясында іскерлік қатынастардың мына формалары
пайдаланылады: біріккен кәсіпорын ұйымдары, аралас кәсіпорын ұйымдары,
өндірістік кооперация, лизинг, жобаны қаржыландыру, шартты басқару және
т.б. Тауар айырбасы аясындағы іскерлік қатынастың негізгі формалары:
айырбас, айырбас операциялары. Сауда аясындағы өзара қатынастар формасы:
әдеттегі келісім; ақпараттар алмасу келісімі, өндірістік байласта тікелей
белгіленген келісімдер, экспорт тауары және импорт тауары жөніндегі
келісімдер. Ал, кәсіпкерлердің қаржы қатынастарындағы өзара әрекеті
трансферттік, коммерциялық формада әр салада жүруі мүмкін. Кәсіпкерлер
қатынасы мұнда ұлттық, халықаралық немесе ұлтаралық деңгейде жүреді.
Инновациялық пікірді іздеу
Жаппай тауар дайындау
Неғұрлым пайдалы пікірді іріктеу
Нарықты өзіне қарату
Ойынды мұқият дайындау
Нарыққа тарау жылжыту
Эксперттік бағалау
Маркетингтік зертеу
Бизнес – жоспарды дайындау
Сынақтан өткізу
Тексеруге қажетті үлгіні дайындау
43
Жалпы алғанда жұмыстың осы тарауындағы үшінші бөлімде жүргізілген
талдау нәтижесі мынадай қорытынды жасауға негіз болады:
- кәсіпкерлік қызмет типологиясы жасалды;
- жаңалықты дайындаудағы кәсіпкер әрекетіне талдау жүргізілді;
- кәсіпкердің инновациялық қызметіне жіктеу жүргізіліп, оның негізгі
мақсаттары мен міндеттері айқындалды.
Сонымен, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің пайда болуы, дамуы және
өзара қатынастарының қалыптасуы, олардың алға қойған мақсаттарына жету
жолдарының өзіндік ерекшеліктері болады. Өйткені кәсіпкерлік қызмет
субъектілері шаруашылықты жүргізуде өзгелерден бөлек, тек өзіне ғана тән
тәуекелділігі, кәсіпкерлік құпиясы және этикасы бар. Шаруашылықты
жүргізудегі кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің бұл аталған ерекшеліктері
келесі екінші тарауда беріліп отыр.
44
2 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ІСКЕРЛІК
БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1 Кәсіпкерлік субъектілердің іскерлік белсенділігінің құрылымы мен
даму жағдайы
2009 жылы шағын кәсіпкерліктегі тіркелген субъектілер саны берілген
мемлекеттік статистикалық есеп бойынша 1 084 170 бірлікке жеткен (кесте 4).
Оның ішінде заңды тұлғалар - 213 454 бірлік, жеке кәсіпкерлер - 676 736 бірлік,
шаруа (фермерлік) қожалықтар - 193 980 бірлік.
Кесте 4
2009 жылы шағын кәсіпкерліктегі тіркелген субъектілер саны
бірлік
Барлығы
соның ішінде
заңды
тұлғалар
жеке
кәсіпкерлер
шаруа
(фермерлік)
қожалықтар
Қазақстан
Республикасы
1 084 170
213 454
676 736
193 980
Ақмола
47 097
6 314
35 997
4 786
Ақтөбе
41 534
8 494
28 343
4 697
Алматы
113 389
9 418
51 778
52 193
Атырау
38 886
6 012
30 815
2 059
Батыс Қазақстан
35 104
4 238
26 386
4 480
Жамбыл
49 965
5 533
28 173
16 259
Қарағанды
69 764
13 401
49 588
6 775
Қостанай
56 260
7 395
42 778
6 087
Қызылорда
28 508
3 867
21 952
2 689
Маңғыстау
44 620
6 533
36 892
1 195
Оңтүстік Қазақстан
164 068
18 383
76 664
69 021
Павлодар
37 486
9 073
24 756
3 657
Солтүстік Қазақстан
30 455
4 578
22 264
3 613
Шығыс Қазақстан
94 990
12 006
66 597
16 387
Астана қ.
73 299
24 335
48 948
16
Алматы қ.
158 745
73 874
84 805
66
Ескерту – ҚР статистика жөніндегі агенттігінің деректері. www.stat.kz
Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың 2009-2011 жылға арналған
кезекті бағдарламасы өңделді. Бұл бағдарламаның алдыңғы бағдарламаларынан
өзгешелігі мұнда акцент тек нарықтық инфрақұрылымның жаңа бірліктерін
(бизнес-орталықтарын,
бизнес-инкубаторлар,
үнемі
жұмыс
жасайтын
семинарлар, оқу курстары және басқалары) құру ғана емес, сонымен бірге
Достарыңызбен бөлісу: |