Республикасында



жүктеу 1,49 Mb.
Pdf просмотр
бет17/48
Дата10.11.2018
өлшемі1,49 Mb.
#18865
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48

 
38 
 
факторының бөлігі кәсіпкерге тән, ол жетпеген бөліктерін кәсіпкерлік қызметті 
қалыптастыру процесінде амалсыздан тауып алуына тура келеді. 
Өндірістік  кәсіпкерлік  акция  нәтижесі  болып  белгілі  өндірілген  тауар 
көлемін сатып алушыларға өткізу және солар үшін ақшалай түсімді алу. 
Коммерциялық  кәсіпкерлікте  басты  рөлді  тауарлы-ақша,  сауда-айырбас 
операциялар  атқарады.  Өнімді  шығарумен  байланысты,  оларды  өндірістік 
ресурстармен  қамтамасыз  ету  қажетсіз.  Тауарды  сату  мен  сатып  алу,  сату 
бағасы және тауарлар  көлемі болжанады. 
Коммерциялық келісім шарттың бағдарламасына мыналарды енгізеді: 
-  сатып алу сорттау, тауарды сату, жарнама жұмыстарын өткізу және тағы 
басқа операцияларын орындау үшін жұмысшыларды жалдау; 
-  кейін сату үшін тауарды сатып алу; 
-   тауарды  өткізу  мен  сақтау  үшін  сауда  орындарын,  қоймаларын, 
мекемелерін жалға алу; 
-   өзінің төлем қызметін орындайтын келісім шартқа тікелей қатыспайтын 
тұлғалар мен сыртқы ұйымдардың қызметін төлеу және алу; 
-   несиені  пайызбен  қайтару  және  келісім  шартты  қаржыландыру  үшін 
ақша құралдарын несиеге айналдыру
-   келісім шартты орындауға қажетті ақпарат алу
-   сатып алушыға тауарды өткізу және одан түсім алу; 
-   келісім шартты тіркеу, салықтарды төлеу; 
Қаржы  кәсіпкерлігінде  сату-сатып  алу  объектісіне  тауар-ақша,  валюта, 
бағалы  қағаздар  жатады.  Қаржылық  кәсіпкерлікте  қызметтің  ерекше  түрлері 
көрінеді,  егерде  кәсіпкер  бағалы  қағаздарды  өткізу  ретінде  көрінсе  және  ол 
белгілі  жағдайларда  орналастырады  және  оның  кәсіпкерлік  қызметінің  мәні 
сонымен қорытындыланады. 
Жалпы бұл бөлімде қаралған мәселелерден шығатын қорытынды кәсіпкер 
туралы  түсінікке  ғалымдар  XVIII  ғасырдан  бастап  ерекше  көңіл  бөлген  және 
кәсіпкерлік  қызметтің  әртүрі  формасы  әр  кезеңдегі  экономиканың  нығаюына 
әсер  еткені  айқын  байқалады.  Сондықтан  да  кәсіпкерлік  қызметтің 
эволюциясына кеңірек тоқталған жөн. 
Сыртқы  ұйымдар  мен  тұлғалардың  назарын  ынталандыруда,  яғни  өзінің 
күшімен орындай алмайтын жағдайда, кәсіпкерге қызмет көрсету керек. Бұндай 
жұмыстар  ақшалы  төлемақыны  талап  етеді.  Егер  кәсіпкерде  алғашқы  капитал 
болмағанда, ол ақша ресурстарын иемденушіден несие алуына тура келеді. 
Кеңестік  кәсіпкерлік  -  бұл  ой  нарығының  бір  бөлігі.  Онда  мынандай 
жұмыстар істеледі: қаржылық, инвестициялық саясаттарды жасақтау, белсенді 
маркетинг,  тәуелсіз  кеңестер  беру.  Кеңестік  кәсіпкерлік:  жалпы  басқару, 
әкімшіліктік,  қаржылық  басқару,  маркетинг,  ақпараттық,  маманданған 
қызметтер. Шет елдік тәжірибеде басқару мәселелері бойынша коммерциялық, 
ақылы  кеңестер  –  экономика  және  басқару  бойынша  Еуропалық  Федерация 
Кеңестік  ассоциацияның  анықтамасы  бойынша  консалтинг  деген  атауды 
иемденді.  Менеджмент  –  консалтинг  басқару  мәселесі  бойынша  тәуелсіз 
кеңестер мен көмек көрсету қызметтерін ұсынады және де өзіне мәселелер мен 


 
39 
 
мүмкіншіліктерді анықтау және бағалау, осыған сәйкес шаралар қабылдап, іске 
асыру бойынша ұсыныстар енгізеді. 
Кәсіпкерлік қызмет өзінің әртүрлі белгілеріне қарай жіктеледі. Оны кесте 
2-ден көре аласыздар. 
Кәсіпкерлік  қызмет  нақты  қызметті  жүзеге  асырумен  байланысты 
болатынын  еске  алсақ,  бұл  қызмет  түрін  былайша  сипаттауға  болады:  бұл 
жоспарлау,  ұйымдастыру  үрдісі  ретінде  және  қоғамның  экономикалық, 
әлеуметтік  және  экологиялық  қажеттілігін  қанағаттандыру  мақсатында  тауар 
және  қызмет  көрсетудің  ұдайы  өндірісін  тұрақты  жаңартып,  үздіксіз  жүзеге 
асыруы ретінде түсеніміз.Кәсіпкерлік қызмет былайша жүруі мүмкін:  
1)  қандай  да  болмасын  тауар,  өнім  немесе  қызмет  көрсету  түрлерін 
үздіксіз өндіру арқылы; 
2)  өндірушілердің  тұтынушыға  жеткізетін  тауар  қозғалысы  жөніндегі 
аралық қызмет өндірісі арқылы. 
 
Кесте 2 
Кәсіпкерлік қызметті белгісіне қарай нысаны мен түріне жіктеу 
 
Ұйымдық-
құқықтық нысаны 
бойынша 
Шаруашылық 
қызметінің 
сипатына қарай 
Салалық  қызметі 
бойынша 
Меншік 
нысаны 
бойынша 
Картелдер 
Синдикаттар 
(консорциумдар) 
Трестер 
Концердер 
Концерн-
конгломераттар 
Холдинг-
компаниялар 
Акционерлік 
қоғамдар 
(корпорациялар) 
Кооперативтер 
Серіктестіктер  
Өндірістік 
Саудалық 
Делдалдық 
Банктік 
Сақтандырулық 
Инвестициялық 
Инновациялық 
Инжинирингтік 
Венчурлік 
(тәуекелділік) 
Консалтингтік 
Аудиторлық 
Трастолық 
Өнеркәсіп 
Ауыл 
шаруашылығы 
Сауда 
Байланыс 
Көлік 
Қаржы-несиелік 
Мәдениет 
Өнер 
Білім 
Ғылым 
Денсаулық сақтау 
Тұрғын 
үй 
шаруашылығы 
Мемлекеттік 
Қазыналық 
Ұжымдық 
Жалгерлік 
Кооперативтік 
Акционерлік 
Жекелеген 
Аралас (біріккен) 
Мемлекеттік 
кооперативтікпен 
бірге 
Ұжымдық жекемен 
бірге 
Мемлекет  аралық 
(біріккен кәсіп-ын) 
Ескерту 
– 
Экономикалық 
әдебиетті 
талдау 
негізінде 
автормен 
құрастырылған 
 
Мұндай  еңбек  бөлінісі  аймағында  кәсіпкерлік  қызметтің  мынадай 
типологиясы қалыптасты (Сурет 2). 
Кәсіпкерлік  қызмет  –  пайда  табуға  бағытталған,  өз  ынталығына, 
жауапкершілігіне  және  кәсіпкердің  инновациялық  пікіріне  негізделген 
қызметтің ерекше түрі. 


 
40 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 2. Кәсіпкерлік қызмет типологиясы 
 
Кәсіпкерлік  пікір  өндірушінің  мүмкін  болатын  мүддесін  анықтау  ретінде 
білінеді,  оның  өзі  қандай  да  болмасын  нақты  экономикалық  формалардың 
көрінісі.  Мұндай  мүддені  ашу  кәсіпкерлердің  мүмкіндігін  нарық  қажеттілігіне 
сәйкестендіру арқылы жүзеге асуы мүмкін немесе керісінше нарық қажеттілігін 
кәсіпкер мүмкіндігіне сәйкестендіру арқылы болады. 
Кәсіпкерлік экономикалық белсенділіктің ерекше түрі ретінде әрекет етеді, 
өйткені  оның  бастапқы  кезеңі  әдетте  пікірмен  байланысты  -  мұның  өзі  ойлау 
қабілетінің нәтижесі болып табылады. Соның салдарынан материалдық форма 
түрін  қабылдайды.  Кәсіпкерлік  міндетті  түрде  инновациялық  үрдістермен 
сипатталады:  жаңа  тауар  өндіру,  қызмет  түрін  ауыстыру  немесе  жаңа 
кәсіпорынның  негізін  қалау.  Өндірісті,  сапаны,  басқарудың  жаңа  жүйесі 
өндірісті  ұйымдастырудың  жаңа  тәсілдерін  енгізу  немесе  жаңа  технологияны 
қолдану - міне мұның бәрі инновациялық үрдістерге жатады. 
Кәсіпкерліктің негізгі екі элементтіне толығырақ тоқталған жөн: 
-  кәсіпкерлік қызмет ретіндегі – жаңашыл-инновациялық қызмет; 
-  осы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкер әрекеті (кесте 3). 
Кәсіпкерік  қызметтің  әр  түрінің  нәтижесі  кәсіпкерліктің  алға  қойған 
мақсатына  қол  жеткізгені  болып  табылады.  Кәсіпкерлік  қызметтің  негізгі 
мақсаты ретінде мыналарды атауға болады: 

 
белгілі объектіге салынған кәсіпкерлік капиталдан, қаржыдан, ресурстар 
мен материалдық қордан пайда алу

 
қоғам сұранысын, оның мүшелерінің нақты қажеттілігін немесе тұтастай 
елдің, аймақтың қажеттілігін қанағаттандыру. 
Өндіріс үрдісінің жұмыс істеуінің немесе аралық қызметтің өзіне тән кең 
көлемде мақсаты болады. Мысалы, ондай мақсаттар былайша болуы мүмкін:  

 
жаңа нарықты қамту және өндірісті дамыту үшін ақша қорын жинақтау
Кәсіпкерлік қызмет 
Өндірістік 
Делдалдық  
Тауар 
және 
қызмет 
көрсету 
өндірісі 
Иннова
циялық 
қызмет 
Брокер 
Дилер 
Комиссио
нер 
Көтерме сауда, 
коммерсант, 
дистрибьютор-
лар,  
агенттер 
Маклер, 
банкир, 
коммива-
жерлер 


жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау