Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады



жүктеу 12,97 Mb.
Pdf просмотр
бет3/11
Дата19.11.2018
өлшемі12,97 Mb.
#20693
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

4

№9 (116)



29 тамыз

2014 жыл

С Ұ Х Б А Т



Қадірменді оқырман, газеттің осы саны 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университетінің 70 жылдық мерейтойына 

орай өткен жылдар қойнауынан сыр 

шертіп, тарихи оқиғалар жайында 

университетті басқарған тұлғаларды 

сөйлеткенді жөн көрдік. Бүгінгі парасат 

мектебінің қалыптасу жолымен танысып, 

тарих беттерін қайта ақтаратын 

боласыздар... 

НАҒЫЗ ЭЛИТАНЫ 

ТӘРБИЕЛЕЙТІН ОРТА

басты назарда болды ғой. Институтқа оқуға кел­

ген қыздар, осы кезеңдерден өтіп келгендер ғой. 

Комсомол және кәсіподақ ұйымдары өте жақсы 

жұмыс істеді. Содан өніп­өскен қыздарымыз 

лауазымды қызметте жүр. 

Бүгінде ұлттық болмысымызды сақтап 

қалу үшін күресіп жатырмыз.  Ол нағыз ке­

рек нәрсе. Ұлт болашағын ойлайтын қыздар 

Отансүйгіш ұл­қыздарды тәрбиелеумен бірге, 

солардың анасы да болады. Қазіргі таңда 

құндылықтарымызды паш еткеніміз абзал. 

Оған әуелі ақын­жазушылар, өнер адамдары, 

ғалымдармен жиі­жиі кездесу ұйымдастырып, 

олардың ұлт тағдыры үшін күресіп жатқан өмір 

тәжірибелерімен тілге тиек ету. Одан міндетті 

түрде үлгі­өнеге алады. Сондай зиялы қауым 

өкілдері қатарында Ә.Тәжібаев, Ә.Шәріпов, 

Ә.Нұрпейісов, О.Сүлейменов, Ф.Оңғарсынова, 

Б.Төлегенова, Е.Серкебаев, Р.Бағланова,  

Р.Жаманова, П.Тәжібаева және т.б. болды.  

Мен ректор болып тұрған тұста мынадай 

талап қойдым. Алматыдағы барлық театрға 

барып, қойылымдарын түгелдей көруге 

тырысыңдар дедім. Сондай­ақ, түрлі уни­

верситеттермен тығыз қарым­қатынас жа­

сап тұратынбыз. Оларға барып, олар бізге 

келіп, ұл­қыз алмасатынбыз. Осы институтты 

бітірген қыздар академик З.Қабдоловтың, 

филология ғылымдарының докторы, профес­

сор Т.Кәкішевтің, ҚР Парламенті Мәжілісі­

нің депутаты Қ.Сұлтановтың, Алматы қаласы 

әкімі А.Есімовтің жарлары – осы Қыздар уни­

верситетін бітірген арулар. Бұл тізімнің жалғасы 

шексіз, әлбетте.

– Қыздар университетінің 70 жылдық мерей-

тойына ақжолтай тілегіңіз...

– Бүгінде Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университетіне – 70 жыл. түрлі 

күрделі жағдайды басынан өткерген қыздар 

педагогикалық институты үлкен жетістіктерге 

жеткенін мақтан тұтамыз. Бәрі көз алдымызда 

өтті, өтіп жатыр. Күннен күнге көркейіп, гүлдей 

берсін! Озық білім беретін жетекші оқу орын­

дары қатарынан қашанда үздік болып көріне 

берсін. Қаншама қыздарымыз жұмыс істеп 

жүрген жерінде бақытты болсын. Жұмысын 

адал атқарсын. Білім­біліктілігімен озық 

болсын! Біздің университеттің түлегі екенін 

ешуақытта ұмытпасын! Қыздар университеті 

ұжымына, профессор­оқытушылық құрамы­

на, білім алушыларына сәттілік, іскерлік, 

жақсылық атаулыны тілеймін. Еліміз бірлікте 

болсын. «Мәңгілі ел – Мәңгілік Қазақстанның» 

Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2050 стратегия­

сын орындауға бәріміз жұмылып, күшімізді 

салайық!

-Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан 

Арай ЖҰМАШҚЫЗЫ

Жатақхана деген аты ғана болмаса, әскерилер 

жататын казарма сияқты, бір бөлмеде 25 қыздан 

тұратын, қыздардың төсегі, үстел мен үш­төрт 

орындық болатын. Сондай нашар жағдай 

болды. Өйткені, соғыс кезі. Есесіне, күніне 

үш мәрте тегін тамақ берілді. Оған Үкімет өзі 

қолдау көрсетіп, қаржы бөліп отырды. Алматы 

орталығынан орын берді. Ал, қыздарға зиялы, 

мейірімді ғалым­профессорлар сабақ берді. 

Сөйтіп, қыздар университеті жылдан жылға 

көркейе түсті. 

Бүгінгі жағдай енді тым күшті ғой. Сонау 

қиыншылық заманында қазақ қыздарына пай­

дасын тигізген бұл оқу ордасының қоғамдағы 

рөлі орасан зор. Мыңдаған қыздарымыз бітіріп 

шығып, қаншама ұрпақты білім нәрімен су­

сындатты. Менің өмірімде алатын орны тіпті 

теңдессіз. Өйткені аталмыш оқу ордасын 

бітірдім, студенттік шағымнан ректорлық 

қызметке дейін көтерілдім. Енді осыдан­ақ 

бағамдай беріңіз...



– Сіз ректор болып тағайындалған кезде білім 

ордасы қандай еді? 

– Мен басшылық жасап тұрған кездегі 

білім ордасы сол уақыттың талабына сәйкес 

болды. Біздің қыздарды тек қана үш мәрте 

тегін тамақ беріп қана қойған жоқ, төрт мау­

сымдық киімдермен толықтай қамтамасыз 

етті. Қыстық­күздік пальто, етік, көйлек, туф­

ли – осы  лардың бәрін тегін берді. Соғыс кезінде 

киім де тапшы болды. Ал, бұл  ауыл қыздарына 

тең дессіз көмек еді. Киім беру үрдісі халықтың 

хал­ахуалы, тұрмысы жақсарғаннан кейін, он 

жыл дан соң тоқтатылды. Тегін тамақтандыру 

күні бүгінге дейін жалғасын табуда. 

Білім сапасы жағынан да жақсы болды. 

Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы, ұлт 

қайраткері Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың 

қабылдауына болдым. Институтта туындаған 

барлық мәселелерді баяндадым және салына­

тын жатақхана, оқу ғимараттарының жобасын 

сыздырып алғанмын. Димаш аға керемет адам 

ғой енді... Бәрін тыңдап болды да, үш нөмерлі 

вертушкасымен (ол кезде, мен ректор болып 

тұрғанда сондай телефонды пайдаланатынбыз) 

Мемлекеттік жобаның (госплан) бастығына 

хабарласты да, былай деді: «Менің алдымда 

ректор Күләш Құнантаева отыр. Осы балаларға, 

қазақ қыздарына көмек көрсетуіміз керек. Сен 

барлық сұрағанын жасап бер», – деді. Содан 

бас тап жоғары жақтағылар қыздар институтына 

бәрі оң көзбен қарай бастады. Қазіргі жаңа оқу 

ғимаратының құрылысы да сол кезде басталды. 

Оның жобасын Мәскеуге жіберіп, бекіткіздік. 

Бекітпей тастауы да мүмкін. Өйткені, сол 

кездегі ақшамен 3 млн­нан аспауы шарт. Жо­

баны сызған армян жігіті Туманян болатын, 

соманы содан асырмауға мүмкіндігінше ты­

рысып бақтық. Солай  үш ғимарат бой түзеді. 

Сосын енді асхана болған соң, оған үлкен­үлкен 

кастрюльдерді, бүкіл тұрмысқа қажетті ыдыс­

аяқтарды алып берді. Осылай біраз шаруаның 

басы қайырылды. Қаскелеңнен агро жерлер 

берілді. Үкіметтің қаулысын шығарып, жерді 

заңдастырдық. 

Сондай­ақ, дүниежүзілік денсаулық сақтау 

ұйымының жиналысына  Канада,  Америка, Аф­

рикадан түрлі шетелдік қонақтар келді, Қыздар 

институты асханасынан дәм татты. Сонда: 

«Бұл жерде қазақ қыздары үш уақыт тамақпен 

қамтамасыз етіледі екен. Мұндай толықтай 

жағдай жасалған институт біреу ғана. Мұны 

қалай да сақтап қалу керек. Сіздер үлгісіздер. 

Сіздерден көріп басқа елдер де солай жасар» 

деген ойларымен бөліскен болатын. Ол енді 

рас болып шықты. Өзбекстан мен Қырғызстан 

қыздар институтын ашқан болатын. Кейін 

екеуі де жабылып, өзбектер орыс тілі институ­

ты болып кетсе, қырғыздардікі кәдімгі ұл­қыз 

аралас институт болып қалды. Сондықтан ТМД 

елдерінде жалғыз қыздар университеті әзірге 

тек Қазақстанда. Кейін «университет» атағына 

ие болды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзі қолдап, 

институтты сақтап қалуымен қоса, «универ­

ситет» мәртебесін берді. Президентімізге зор 

алғыс. Қазақ қыздарының болашағы – ұлт 

болашағы деп қарап, үлкен үміт күтіп отыр. Сол 

үдеден шыға білу қажет.  



– Сіздің студенттік кезіңізбен салыстырғанда 

қазіргі қазақ қыздары қандай? Ұлттық болмысты 

сақтап қалу үшін не істеу керек? 

– Біздің кезімізде Кеңес үкіметі билік 

құрған тұс. Тәртіп қатал. Бәріміз пионер, комсо­

мол болып өстік. Менің шұғылданған мәселем 

балалардың оқу мәселесі еді. Ал, тәрбие тіпті 

–   К ү л ә ш   Қ ұ н а н т а й қ ы з ы ,   Қ ы з д а р 

университетінің қоғамдағы рөлі, маңызы мен 

сіздің өміріңізде алар орны қандай?

– Ұлы Отан соғысы кезінде айтып бітіре 

алмайтын қиыншылықтар көп болды ғой. 

Ер­азаматтар соғысқа аттанды. Жоқшылық, 

тапшылық заман. Қазақстанда шағын ауылдар, 

шалғайда орналасқан елдімекендер көп қой. 

Сол ауыл­аймақтардағы мектептерде сабақ 

беретін мұғалімдер жетіспей, үлкен мәселе 

болды. Республиканың бірінші хатшысы, мем­

лекет қайраткері Ж.Шаяхметов: «Қазақстанда 

қыздар педагогикалық институтын ашу керек» 

деген бастаманы көтеріп, өзі Мәскеуге хат жаз­

ды. Ол кезде КСРО құрамында болғандықтан, 

бәрі тек Мәскеу арқылы шешілетін. Содан 

рұқсат беріп, 1944 жылы қыздар педагогикалық 

институты құрылды. Әлбетте, бәрі бірден бола 

қойған жоқ. Бір кішкентай ғана мекемеде, 

қазіргі өнер және музыка факультетінде ашыл­

ды. Бірінші, екінші қабатта – оқу ғимараты. 

Тек үшінші қабатта қыздар жатақханасы болды. 

Өйткені, мұнда ғылым кандидаттары, док­

тор, профессорларды әрдайым шақыртып 

отырдық. Политэкономикадан С.Толыбеков, 

орыс тілінен Есенғалиева, филологиядан 

З.Ахметов сынды атақты кісілер сабақ берді. 

Дәріс оқыған ғұлама ғалымдарымыз өт көп 

болды, ол кісілердің өзін көрген, білім­ғылым 

алған студенттеріміз ешқайсысы жаман болған 

жоқ. Керісінше, лауазымды қызметте істеп, 

атақты болғандары баршылық.



– Сіздің ректор кезіңізде есте қалған 

маңызды оқиғаларды айтып берсеңіз... 

– Мен ректор болып тұрған кезде аталмыш 

университеттің кем­кетігін толықтыруды 

мақсат еттім. Жатақхана жетіспеді. Асхана­

да 90 адам ғана тамақтана алады, ас ішетін 

жерді кеңейту керек болды. Сосын жараты­

лыстану саласында оқитын географтар мен 

биологтар бар, оларға тәжірибеден өтетін 

жер, агроучасток қажет болды. Оқитын кор­

пустар аз. Осындай мәселелерді шешу басты 

мәселе болғандықтан, Қазақстан Компартиясы 

Нағыз педагогтарды 

тәрбиелеген шаңырақ 

Қазақстанның барлық өңірлеріне 

барып, жастардың тәрбиесіне 

үлкен үлес қосып отырған Қазақ 

мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университетіне, міне, 70 жыл то-

лып отыр. Осы уақыт ішінде сан 

мыңдаған арулар ұстаздық ма-

мандықты игеріп шықты. Осын-

дай айтулы кезең ішінде бұл оқу 

ордасының түлектері миллиондаған 

азаматтың тәрбиелену, тұлға бо-

лып қалыптасу жолында еңбек етіп 

келеді. Тәуелсіздіктің нығаюы, білімді 

қоғам қалыптастыруда осы киелі 

шаңырақтың сүбелі үлесі бар екендігі 

сөзсіз.

Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университеті – 

қазақ қыздарының қара шаңырағы. 

Жыл сайын жүздеген түлектер 

білікті ұстаздар санын артты-

рып, қатарын көбейтіп келеді. Ел-

басы Н.Ә.Назарбаев 30 дамыған 

мемлекеттік қатарына кіруге айқын 

бағдарлама жасап берді. Осы жолға 

жетудің басты тетігі мен кепілі – 

білім жүйесін дамыту. Қазіргі замана-

уи бәсекенің басында білім жүйесі мен 

ғылыми жаңалықтар тұр. Басқа да 

көрсеткіштермен бәсекелесуге бола-

ды. Дегенмен де, осы білім жүйесін да-

мытпай, білікті кадрларды оқытпай 

айтарлықтай жетістікке жетуге 

болмайды. Бұл тұрғыда педагогикалық 

оқу орындарының алдында үлкен 

жауапкершілік тұр. 

Қазіргі таңда жастарды заман 

талабына сай, бәсекеге қабілетті, 

и д е о л о г и я л ы қ ,   п а т р и о т т ы қ 

тұрғыда тәрбиелеп отырған Қыздар 

университетінің ұстаздар қауымына 

е л д і ң   д а м у ы   ж о л ы н д а   а я н б а й-

тын білікті мамандарды оқытып, 

шығаруларына, оқу ордасының 

кемелденуіне, әрдайым өз мақсатынан 

таймай қызмет етуіне тілектеспін.

Мәулен ӘШІМБАЕВ,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Күләш ҚҰНАНТАЕВА,

ҚазМемҚызПУ-дың 1968-1984 жылдардағы ректоры



жүктеу 12,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау