Регламенті Жалпы ережелер «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту»



жүктеу 479,09 Kb.
Дата10.11.2018
өлшемі479,09 Kb.
#18963
түріРегламент

Павлодар облысы әкімдігінің

2015 жылғы «24» сәуір

№ 112/4 қаулысымен

бекітілді




«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты

жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

регламенті
1. Жалпы ережелер

1. «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) 1-қосымшаға сәйкес облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту актісі (бұдан әрі – акт).

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

іс-қимыл тәртібін сипаттау

4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» № 272 бұйрығымен бекітілген «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 9-тармағында көрсетілген өтініш пен құжаттарды тапсырады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір

рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:


1) қағаз тасығышта өтінішті қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтінішті қабылдауды, ұсынылған құжаттарды, өтінішті тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, кеңседе тіркелгені туралы белгі қойылған өтініштің көшірмесін береді. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және 1 жұмыс күні ішінде орындау үшін уәкілетті органды анықтайды;

2) уәкілетті органның басшысы ұсынылған құжаттармен бірге өтінішті қарайды және жауапты орындаушыға береді. Жауапты орындаушы ұсынылған құжаттармен бірге өтінішті қарайды, актіні бекітуге дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына – 1 жұмыс күні ішінде береді;

3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы актіге қол қояды. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері шығыс хат-хабарлар журналына бекітілген актіні тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушыға 1 жұмыс күні ішінде береді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкерлер) құрылымдық бөлімшелері мен уәкілетті органдардың тізімі:


  1. көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері;

  2. көрсетілетін қызметті беруші басшылығы;

  3. уәкілетті органның басшылығы;

  4. уәкілетті органның жауапты орындаушысы.

7. Актіні бекіту бойынша әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасында (кесте) келтірілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ХҚКО-мен және (немесе)

өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,

сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8. Көрсетілетін қызметті алушы қызмет алу үшін стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ХҚКО-ға ұсынады. Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚКО-ның қызметкері стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан

бас тарту туралы қолхат береді.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

1) ХҚКО-ның қызметкері 15 минут ішінде құжаттардың түпнұсқасын мемлекеттік ақпараттық жүйесінен ұсынылған мәліметтермен салыстырады және көрсетілетін қызметті берушіге орындау үшін жолдайды. ХҚКО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

2) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтінішті қабылдауды, тіркеуді, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 жұмыс күні ішінде орындау үшін уәкілетті органды анықтайды;

3) уәкілетті органның басшысы ұсынылған құжаттармен бірге өтінішті қарайды және жауапты орындаушыға береді. Жауапты орындаушы ұсынылған құжаттармен бірге өтінішті қарайды, бекітуге актіні дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына – 1 жұмыс күні ішінде береді;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы актіге қол қояды. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды тапсыру тізілімін жасайды және бекітілген актіні ХҚКО-ға 1 жұмыс күні ішінде жолдайды;

5) ХҚКО 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға бекітілген актіні береді.

10. Құжаттарды ХҚКО арқылы қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші немесе ХҚКО-ның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚКО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады.

11. ХҚКО-да дайын құжаттарды көрсетілетін қызмсетті алушыға (немесе оның нотариалды расталған сенімхаты бар өкіліне) беру жеке куәлікті ұсынған кезде қолхаттың негізінде жүзеге асырады.

ХҚКО бір айдың ішінде нәтиженің сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы дайын құжаттарды алуға ХҚКО-ға бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде, ХҚКО-ның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін дайын құжаттарды ХҚКО-ға жібереді.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы осы регламенттің 3-қосымшасындағы бизнес-процестердің анықтамалығында келтірілген.

«Мемлекет жеке меншікке сататын

нақты жер учаскелерінің кадастрлық

(бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік

Көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша


Р/с №

Атауы

Мекенжайы

Байланыс

нөмірі


Электрондық

мекенжайы



1

2

3

4

5

1

Павлодар облысының әкімдігі

Павлодар қаласы,
Академик Сәтбаев көшесі, 49- үй

8-718-2
32-08-18

kense1.ao@pavlodar.gov.kz

2

Ақтоғай ауданының әкімдігі

Ақтоғай ауданы,
Ақтоғай ауылы,
Абай көшесі, 75- үй

8-718-41
2-14-50

kense.aakr@pavlodar.gov.kz

3

Баянауыл ауданының әкімдігі

Баянауыл ауданы,
Баянауыл ауылы,
Сәтбаев көшесі, 45- үй

8-718-40
9-12-03

kense.abr@pavlodar.gov.kz

4

Железин ауданының әкімдігі

Железин ауданы,
Железин ауылы,
Әуезов көшесі, 19- үй

8-718-31
2-21-40

kense.azhr@pavlodar.gov.kz

5

Ертіс ауданының әкімдігі

Ертіс ауданы,
Ертіс ауылы,
Қажымұқан көшесі, 118- үй

8-718-32
2-10-68

kense.aer@pavlodar.gov.kz

6

Качир ауданының әкімдігі

Качир ауданы,
Тереңкөл ауылы,
Елгин көшесі, 172- үй

8-718-33
2-15-70

kense.akr@pavlodar.gov.kz

7

Лебяжі ауданының әкімдігі

Лебяжі ауданы,
Аққу ауылы,
Всеволод Иванов көшесі, 92-үй

8-718-39
2-10-32

kense.alr@pavlodar.gov.kz

8

Май ауданының әкімдігі

Май ауданы,
Көктөбе ауылы,
Абылайхан көшесі, 34- үй

8-718-38
9-11-70

kense.amr@pavlodar.gov.kz

9

Павлодар ауданының әкімдігі

Павлодар ауданы,
Павлодар қаласы,
Қаирбаев көшесі, 32 үй

8-718-2
32-20-89

kense.apr@pavlodar.gov.kz

1

2

3

4

5

10

Успен ауданының әкімдігі


Успен ауданы,
Успен ауылы, Ленин көшесі, 71-үй

8-718-34
9-19-37



11

Шарбақты ауданының әкімдігі

Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы,
Советов көшесі, 51- үй

8-718-36
2-19-91

kense.ashr@pavlodar.gov.kz

12

Ақсу қаласының әкімдігі

Ақсу қаласы,
Астана көшесі, 52- үй

8-718-37
5-01-63



kense.aa@pavlodar.gov.kz

13

Екібастұз қаласының әкімдігі

Екібастұз қаласы,
Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45- үй

8-718-77
4-09-45

kense.ae@pavlodar.gov.kz

14

Павлодар қаласының әкімдігі

Павлодар қаласы,
Қайырбаев көшесі,
32- үй

8-718-2
32-01-80

kense.ap@pavlodar.gov.kz

«Мемлекет жеке меншікке сататын

нақты жер учаскелерінің

кадастрлық (бағалау) құнын бекіту»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет регламентіне

2-қосымша

2-кесте. Әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер)

арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау





Негізгі рәсімнің (жұмыс барысының) іс-қимылы



Іс-қимылдың (жұмыс барысының) №

1

2

3

4

5

6


1

Атауы

Көрсетіле-тін қызметті берушінің қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның жауапты орындаушы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы

Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері

2

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Өтінішті қабылдау және тіркеу, құжаттар-дың толықты-ғын тексеру


Құжаттардың толықтығын тексеру


Өтінішті, құжаттар-ды қарау

Өтінішті, құжаттарды қарау

Актіге

қол қою



Шығыс

хат-хабарлар журналға тіркеу





Іс-қимылдың

(жұмыс барысының) №



1

2

3

4

5

6


3

Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Тіркелгені туралы белгісі бар өтініштің көшірмесі

Уәкілетті органды анықтау


Жауапты орындау-шыға беру

Актіні бекітуге дайындау, көрсетілетін қызметті беруші басшысына беру

Бекітілген акті

Бұйрық беру, ХҚКО-ға жолдау

4

Орындалу мерзімдері

1 жұмыс күні ішінде

1 жұмыс күні ішінде

1 жұмыс күні ішінде

«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты

жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

3-қосымша
«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің

кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің



анықтамалығы










ИӘ



ЖОҚ







Шартты белгілер:

- мемлекеттік қызметті көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;


- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) құрылымдық-функционалдық бірлік



атауы ;

- таңдау нұсқасы;



- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту
жүктеу 479,09 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау