Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2015 жылғы «10» тамыздағы
№ 11-1-2/328 бұйрығына
2 - қосымша
«Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі (нормативтік - құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11646 болып тіркелген).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандығы туралы анықтама.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
5. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай рәсімдерден тұрады:
1-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауы, тексеруі, тіркеуі - 1 жұмыс күн;
2- процесс - құжаттарды қарастыру, көрсетілетін қызметті алушының деректерін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі - ҰҚК) ақпараттық жүйесіне енгізу - 1 жұмыс күн;
3-процесс - материалдарды ҰҚК-мен келісу - 7 жұмыс күн;
4-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің қорытындыны дайындауы және дипломатиялық пошта арналары арқылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне (бұдан әрі – СІМ) жолдауы - 15 күнтізбелік күн;
5-процесс - материалдарды қарау және тексеру, СІМ қорытындысын дайындау - 7 рабочих дней;
6-процесс - Комиссия мүшелерінің отырысында дауыс беруге салу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) жұмыс органының материалдарды қарауы - 120 күнтізбелік күн;
7-процесс - Комиссия шешімін және Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтық мәселелер жөніндегі Жарлығының жобасын дайындау - 5 жұмыс күн;
8-процесс - көрсетілетін қызметті берушіні Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтық мәселелер жөніндегі Жарлығы туралы хабардар ету - 15 күнтізбелік күн;
9-процесс - Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы анықтаманы беру - 3 жұмыс күн.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің нәтижесі мынадай рәсімді орындауды бастау үшін негіз болады:
1-процесс бойынша - өтініштің көшірмесіне құжаттарды қабылдау туралы белгі қою;
2-процесс бойынша - көрсетілетін қызметті берушінің ҰҚК ақпараттық жүйесіне сұрау салуы;
3-процесс бойынша - материалдарды келісу туралы ақпараттық жүйенің жауабы және СІМ хабарламасы;
4-процесс бойынша - көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы қорытындысы;
5-процесс бойынша - Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы СІМ-нің қорытындысы;
6-процесс бойынша - Комиссияның шешімі;
7-процесс бойынша - Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтық мәселелер жөніндегі Жарлығы;
8-процесс бойынша - көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасы;
9-процесс бойынша - Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандығы туралы анықтама алу.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібінде көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелернің (қызметкерлердің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мынадай адамдар қатысады:
1) көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы;
2) ҰҚК-нің лауазымды адамы;
3) СІМ-нің лауазымды адамы;
4) Комиссия Жұмыс органының лауазымды адамы.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін бере отырып, тиісті құжаттары бар өтінішті қабылдауды, тексеруді, тіркеуді және қарастыруды, азаматтықтан шығу туралы қорытындыны дайындауды жүзеге асырады.
Материалдарды ҰҚК-мен келісу ақпараттық жүйені пайдалану арқылы жүзеге асырылады. ҰҚК-нің лауазымды адамы қабылданған шешім туралы СІМ-ді хабарландырады.
СІМ-нің лауазымды адамы материалдарды қарастырады және Комиссияның жұмыс органына жолданатын азаматтықтан шығу туралы қорытындыны дайындайды.
Комиссия отырысында материалдарды қарастыруды және Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасын дайындауды Жұмыс органының лауазымды адамы жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реті, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілер және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
«Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
қосымша
«Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі» мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
*ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимылдары;
- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
- қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) ҚФБ атауы;
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту;
- таңдау нұсқасы.
Достарыңызбен бөлісу: |