Регламенті Жалпы ережелер «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу»



жүктеу 283,5 Kb.
Дата28.11.2017
өлшемі283,5 Kb.
#2086
түріРегламент

Павлодар облысы әкімдігінің

2015 жылғы «09» маусымдағы

№ 170/6 қаулысымен

бекітілген


«Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт

бере отырып бірдейлендіруді жүргізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:



  1. көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - ветеринарлық паспорт бере отырып, ауыл шаруашылығ жануарларын бірдейлендіру әдісінің бірімен жануарларға жеке нөмір беру, телнұсқасын беру.

Ветеринариялық паспорттың көшірмесін алу қажеттілігі жағдайында - ветеринариялық паспорттың көшірмесін беру.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің)

іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш бергенде, белгіленген нысан бойынша өтініш және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 9-тармағында көзделген құжаттар мемлекеттік қызметті ұсынуға негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар топтамасын қабылдайды және тіркейді, құжаттарды қабылдаған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы өтініштің көшірмесін көрсетілетін қызметті алушыға береді – 30 (отыз) минут;

2) көрсетілетін қызметті берушінің ветеринарлық маманы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексереді, мынадай тәсілдердің бірімен (сырғалау, таңба басу, чип салу) жануарға жеке нөмір береді, жануардың жеке нөмерін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің деректер қорына енгізеді, паспорт ресімдейді - көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін – облыстың жергілікті атқарушы органдары бекіткен өткізу мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады;

ветеринарлық паспорттан көшірме беру жүгінген күн ішінде.

3) көрсетілетін қызметті берушінің ветеринарлық маманы, сырға (сырғалар) жоғалған, бүленген (жеке нөмірін айқындау мүмкін емес) кезде қайталама мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде, жануарға жаңа жеке нөмір бере отыра, көрсетілетін қызметті берушіге сырғалар келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

Ірі қара малдың сырғасы жоғалған немесе бүлінген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушіге аспалы сырғалар көшірмесі келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі журналда тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға паспорт береді – 30 (отыз) минут.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ветеринарлық паспорт бере отырып, ауыл шаруашылығ жануарларын бірдейлендіру әдісінің бірімен жануарларға жеке нөмір беру, телнұсқасын беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара

іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне келесі құрылымдық бөлімшелер (қызметшілер) қатысады:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) көрсетілетін қызметті берушінің ветеринарлық маманы.

8. Әрбір әкімшілік рәсімнін (іс-әрекеттің) орындалу уақытын көрсете отырып, әрбір бірліктің әкімшілік рәсімінің (іс-әрекетінің)реттілігі мен өзара іс-қимылының сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік қызмет «Павлодар облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы арқылы көрсетілмейді.

10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушіге өтінішін береді.


      1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегiмен порталда тiркелуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (порталда тiркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшiн жүзеге асырылады);

2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталға көрсетілетін қызметті алушының паролін енгізу процесі (авторизациялау процесі);

3) 1-шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын логин (жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – БСН) мен пароль порталмен тексеру;
      4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрату нысанын экранға шығару және қажетті құжаттарды электрондық түріндегі сұратуын тіркей отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (деректерді енгізу);

6) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұратуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін таңдауы;

7) 2-шарт – порталмен ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және кері қайтарылған (кіші жойылған) тіркеу куәліктерінің ішінде болмауын, сондай-ақ сұратуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;

8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-ның дұрыстығы расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

9) 6-процесс – қызметті көрсетуге сұратуға толтырылған нысанды (енгiзiлген деректердi) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы растауы (қол қою);

10) 7-процесс – көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан агроөнеркәсіптік кешеннің салаларын басқарудың бірынғай автоматтандырылған жүйесі «e-Agriculture» (бұдан әрі – ББАЖ АЖ) порталына түскен өтінішті қайта өңдейді;

11) 3-шарт – рұқсат беру үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың сәйкестігін және негіздерге сай екенін қызмет көрсетушінің тексеруі;

12) 8-процесс – ББАЖ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған қызметінен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

13) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ветеринариялық-санитариялық қорытындыны алу күні мен уақыты туралы хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электронды құжат қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қолдану арқылы жасалады.

Портал арқылы көрсетілетін қызмет берушінің қадамдық іс-қимылдары мен шешімдері осы регламенттiң 3-қосымшасында келтірілген.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) ретінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

«Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша

Уәкілетті органның атауы және

оның байланыс деректері



Р/н

Уәкілетті органның атауы

Байланыс деректері

1

2

3



Павлодар қаласы әкімдігінің Павлодар қаласы ветеринария бөлімінің «Ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Павлодар қаласы,

Қамзин көшесі, 352/1- үй,

email: vet_otdel.pvl@mail.ru

тел. 8(7182)577385





Екібастуз қаласы әкімдігінің Екібастуз қаласы ветеринария бөлімінің «Ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Екібастұз қаласы, Гридин көшесі, 43-үй,

email: orvet 888@ mail.ru

тел. 8(7187) 752553




Ақсу қаласы әкімдігінің Ақсу қаласы ветеринария бөлімінің «Ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Қалқаман ауылы,

Промышленная көшесі, 27-үй,

email: Aksuvetstanciya@mail.ru

тел. 8(71837) 68693





Ақтоғай ауданы әкімдігінің Ақтоғай ауданы ветеринария бөлімінің «Ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Ақтоғай ауылы,

22 Партсъезд көшесі, 14-үй,

email: vet.stanciya@mail.ru,

тел. 8(71841)24388





Баянауыл ауданы әкімдігінің Баянауыл ауданы ветеринария бөлімінің «Ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Баянауыл ауылы,

Марғұлан көшесі, 1-үй,

email: bayanvetsluba@mail.ru

тел.8(71840) 92357





Железин ауданы әкімдігінің Железин ауданы ветеринария бөлімінің «Ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны



Железинка ауылы, Әуэзов көшесі, 10-үй,

emai: vet-compani @ mail.ru

тел 8(71831) 21558


1

2

3



Ертіс ауданы әкімдігінің Ертіс ауданы ветеринария бөлімінің «Ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Ертіс ауылы, Бөгенбай көшесі, 11-үй,

email: vetirt@mail.ru

тел.8(71832) 21138




Качиры ауданы әкімдігінің Качиры ауданы ветеринария бөлімінің «Ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Тереңккөл ауылы,

Байтұрсынов көшесі, 236-үй,

email: Kachvetstan@mail.ru

тел. 8(71833) 24314





Лебяжі ауданы әкімдігінің Лебяжі ауданы ветеринария бөлімінің «Ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Лебяжі ауылы, Баймулдин көшесі, 4-үй,

emai: akkuvet@mail.ru

8(71839) 79011




Май ауданы әкімдігінің Май ауданы ветеринария бөлімінің «Ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Көктөбе ауылы,

Қазыбек би көшесі, 15/2-үй

email: vets12@mail.ru

тел 8(71838) 91906





Павлодар ауданы әкімдігінің Павлодар ауданы ветеринария бөлімінің «Ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Павлодар қаласы,

Генерал Дүйсенов көшесі,123-үй,

email: kqpvetservis@mail.ru

тел. 8(7182) 652071





Успен ауданы әкімдігінің Успен ауданы ветеринария бөлімінің «Ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Успенка ауылы, Тәуелсіздіктің 10 жылдығы көшесі, 10-үй,

email:vetstancij2012@mail.ru

тел. 8(71834) 91531




Шарбақты ауданы әкімдігінің Шарбақты ауданы ветеринария бөлімінің «Ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Шарбақты ауылы, Ленин көшесі, 39-үй,

emai: otdel_veterinariya@mail.ru

тел. 8(71836) 23509

«Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің)

іс-қимылдар тәртібін сипаттау


Негізгі үдерістің іс-әрекеті (жұмыс барысы, ағымы)

1

Іс-әрекет (жұмыс барысы, ағымы) №

1

2

3

2

Атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі


Көрсетілетін қызметті берушінің ветеринарлық маманы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі

3

Іс-әрекетінің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және сипаттамасы

Құжаттар топтамасын қабылдайды және тіркейді

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексереді


Журналда тіркейді

4

Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

Құжаттарды қабылдаған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы өтініштің көшірмесін көрсетілетін қызметті алушыға береді

1) мынадай тәсілдердің бірімен (сырғалау, таңба басу, чип салу) жануарға жеке нөмір береді, жануардың жеке нөмірін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің деректер қорына енгізеді, паспорт ресімдейді; ветеринарлық паспорттан көшірме беру.

2) сырға (сырғалар) жоғалған, бүленген (жеке нөмірін айқындау мүмкін емес) кезде жануарға жеке нөмір береді.

Ірі қара малдың сырғасы жоғалған немесе бүлінген жағдайда, аспалы сырғалар көшірмесін беру.


Мемлекеттік қызмет нәтижесін береді

5

Орындау мерзімі

30 (отыз) минут

1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін – облыстың жергілікті атқарушы органдары бекіткен өткізу мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады;

ветеринарлық паспорттан көшірме беру жүгінген күн ішінде;

2) жануарға жаңа жеке нөмір бере отыра, көрсетілетін қызметті берушіге сырғалар келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

Ірі қара малдың сырғасы жоғалған немесе бүлінген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушіге аспалы сырғалар көшірмесі келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде.



30 (отыз) минут


«Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламетіне

3-қосымша


Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі

функционалдық өзара әрекеттесудің диаграммасы


Шартты белгілер:




Бастапқы хабарлама

-




Соңғы хабарлама




Аралық хабарлама




Қателік



Ақпараттық жүйе




Процесс



Шарт



Басқару ағыны




Хабарлама ағыны




Түпкі алушыға ұсынылатын электрондық құжат

«Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне



4-қосымша

«Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы














Шартты белгілер




мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы



көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) ҚФБ атауы



келесі рәсімге (іс-қимылға) өту

жүктеу 283,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау