Реферат тақырыбы: «Тіл, дін, өнер, этика-мәдениеттің құрамдас бөлігі»



жүктеу 68,25 Kb.
бет9/10
Дата20.01.2022
өлшемі68,25 Kb.
#33791
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ильясова И философия

Мәдениеттің құрамдас бөліктері

Мәдениет және тіл[өңдеу]

Мәдениет және оның өзіндік ерекшеліктері әрқашан философиялық ізденістер мен зерттеулердің негізгі пәні болып келді. Сондықтан мәдени даму барысын онда қалыптасқан ойлау тәсілі, дүниетаным түрі арқылы түсіндіруге тырысқан көптеген философиялық үрдістерді байқауға болады. Мысалы, мәдениетті рәміздік ойлау түрі арқылы анықтаған Э. Кассирердің, мәдениетті психофизиологиялық деңгейде қарастырған 3. Фрейдтің және тағы басқалары концепциялары соның куәсі. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап батыс ойшылдарының арасында мәдениетті тілмен теңдестіре қарау әдісі кең етек жайып, олардың барлығы дерлік «тілді адам тіршілігінің негізгі, маңызды анықтауышы деп бір ауыздан қолдап отыр».[5]. Бүгінде тіл негізгі коммуникативтік құрал ғана емес, адамның бүткіл болмысын, адамның мәдениетін аңғартатын әмбебап ұғым. Фрейдизмфеноменологияэкзистенциализманалитикалық философиягерменевтикаструктурализмсемиология, т.е.с. бір ауыздан мәдениетті тілдік қарымқатынас саласы ретінде анықтайды. Рухани әлемдегі мұндай өзгерістердің лебі мәдениеттану саласынан да байқалады. Мәдениеттің өзін метатіл ретінде анықтап, оның бойындағы коммуникативтік мүмкіншіліктерді негіздеу барысында лингвистикаға басты назар аудару заңды іс. Өйткені, соңғы 50-60жылдар аралығында қарым-қатынас, коммуникация мәселесін жан-жақты зерттеген бірден-бір сала — осы лингвистика.[6]

Мәдениет және дін[өңдеу]

Тарихи жадыға тиесілі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлыгы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде болса керек. Өйткені тіпті «религия», сөзінің этимологиялық бастапқы мәнінің өзі де «біріктіру», «байланыстыру», «қатынасты қалыптастыру» дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады.

Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауға болады.

Мәдени коммуникация[өңдеу]

Қазіргі уақытты мәдениеттің аудио-визуалды кеңістік кезеңі деп атайды. Жаңа қарым-қатынас құралдарын — телеграфты, радионы, те¬лефонды, теледидарды, компьютерді және тағы басқа жетістіктерін ғылыми- техникалық прогресс ала келді. Соның нәтижесінде баспа өнімдері және соған негізделген басқа да мәдениет институттары (әдебиет, театр, кітапхана, тағы сол сияқтылар) дағдарысқа ұшырап отыр. Кітапханадан оқушының, театрдан көрерменнің, әдебиеттен ақын-жазушылардың, өмірден эпистолярлық жанрдың — күнделік, хат, өмірбаян жазу ісінің қайтқан кезеңі келді. Көп ойланып, көп толғануды, өзіндік сананың рефлексиясын қажет ететін процестер бірте-бірте ұмыт қалуға айналды. Адамдар менталитеті өзгеріске ұшырады. Электрондық коммуникацияның шапшандылығының арқасында тек көз арқылы дүниені танып-білу мүмкін емес болып отыр. Бүгінгі күнге ештеңені қалт жібермей еститін «саққұлақ» пен ештеңені мүлт кетірмей аңғаратын «көреген» қажет. Осы екеуінің симби¬озы арқылы ғана біз қар көшкінінің қарқынындай ақпараттық экспансияға төтеп бере аламыз. Біртұтас электрондық байланыс біздің планетаны «үлкен ауылға» айналдырып отыр. Индивидуалистік жекешілдіктің орнын альтруистік «елжандылық», ұлтшылдықтың орнын космополитизм, монологтың ор¬нын диалог алған кезең.

Мәдениет және өнер

Рухани мәдениетіміздің зерттелу  тарихын дәл мына уақыттан  басталды деп басып айту қиын. Халықтық мәдениет қаншалықты  көне болса, оның зерттелу тарихы  да соншалықты тереңге таратады. Сол сияқты рухани мұрамыздың  жиналу, саралану, насихатталуы да  тереңге тамыр созады. 

Өнер – қоғамдық сананың ең көне формаларының бірі. Оның сананың басқа формаларынан, мәселен ғылым мен философиядан айырмашылығы сол, ғылым мен философия сыртқы дүниенің теориялық бейнесі, яғни олар теориялық ойлау болып табылса, өнер шындықтың көркем бейнесі болып табылады. 

  Өнер өте ертеде шықты. Алғашқы  адамдар кейінгі ұрпақтарға тас  балталар мен сүйектен жасалған  найзалар ғана қалдырған жоқ, сонымен қатар үңгірлердің қабырғаларына  салынған түрлі суреттер, балшықтан, тастан жасалған мүсіндер де  қалдырған. 

  Өнер қалай пайда болды? 

  Батыс социологтары мен өнер  теоретиктері әдетте өнерді «адам  жанының құпия қасиетінен» немесе  адамның  туысынан бірге болатын «тамашалау сезімінен». Өнердің шығуы жөніндегі мұндай көзқарастың теориялық негізі философиялық идеализм екенін түсіну қиын емес. 

  Кейбір батыс теоретиктері өнердің  негізін жануарлар дүниесінен, атап  айтқанда, құстардың шырылынан, олардың  түлеуінен, хайуанаттардың ойынынан  тағы басқаны іздейді. Сөйтіп, өнерді  адамның табиғатқа еліктеуі деп  түсіндіреді.Адам еңбек процесінде  айналадағы дүниені танып біледі. Бұл білім оған өте қажет, өйткені  еңбек дегеніміз білімді қажет  ететін мақсатты да саналы  іс-әрекет. Алайда еңбек ету процесінде  көздеген мақсатқа жету үшін  білім ғана жеткіліксіз, ол үшін  белгілі бір мінез-құлық сапалары, мысалы табандылық, ержүректілік, ынтымақтылық  сезім және сондай-ақ қара күш  сапалары – күш-қуат, төзімділік, ептілік тағы басқалары керек. Ал бұлардың бәрі адамға өздігінен  келмейді, оларды тәрбиелеу қажет. Өнер сол сапаларды тәрбиелеудің  маңызды бір құралы ретінде  пайда болды. Қысқасы, өнерді тудырған  қоғамдық өмір қажеттіліктері, біріншіден, дүниетану және, екіншіден, адамды  тәрбиелеу. 

  Өнердің мынадай үш негізгі  ерекшелігін атап көрсету керек: біріншіден, өнер шындықты бейнелендіру  формасы, яғни дүниетану формасы; екіншіден, өнер қоғамдық сананың  адам эстетикалық сезім тудыратын  формасы . 

  Өнердің шындықты бейнелендіру  формасы ретіндегі ерекшелігі  ең алдымен оның нені және  қалай бейнелендіретінімен анықталады.Өнер  дүниені адамның нақты сезімдік  формада бейнелендіру қабілетіне  негізделеді.Егер құбылыс пен мән бір-біріне сәйкес келсе, демек, адам сезім мүшелерімен құбылыстардың мәнін тікелей танып біліп отырса, онда ешқандай ғылымның керегі болмас еді. Бірақ құбылыстың мәнін тікелей сезіну арқылы білуге болмайды. Ғылым заттар мен құбылыстарға тән жалпы, маңызды қасиеттердің, қатынастардың бейнесі, демек мәннің бейнесі. Бұл жалпы мәнді ғылым жалпы ұғымдар мен категориялар, заңдылықтар формасында бейнелендіреді  

Мәдениет және этика



Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады. “ Этизм” термині Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш шығармасының (“Никомах этикасы”, “Евдем этикасы”, “Үлкен этика”) атауына кірген. Аристотель Этизм жайлы сөз қозғағанда негізгі үш мәселеге тоқталып, этик. теория, этик. кітаптар, этик. іс-тәжірибе туралы айтады. О баста грек тіліндегі Этизмның латын тіліндегі баламасы ретінде мораль қолданылса, кейіннен білім беру дәстүрінде Этизм – ілім мәнінде, мораль – оның пәні ретінде қарастырылды. Әдетте, Этизмлық ой-толғамдар адамдардың мінез-құлықтары мен салт-дәстүрлерінің әралуан екендігін баяндаудан басталады. Сократ әр-түрлі мінез-құлықтарды бағалап, саралау үшін парасатқа жүгіну керек деп білді. Платон адам жан-жақты ұйымдастырылған мемлекетте өмір сүріп, оның басшылығын дана-философтар атқарғанда ғана рухани және мінез-құлық кемелдігіне жете алады деп білді. Парасат иесі ретінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асырған адам, өз өмірінің жоғ. мақсатын айқындап, мемлекеттің негізі болып табылатын саясатқа, экономикаға Э-лық нормалармен жетекшілік жасайды. Этизм ұғымы жайлы Д.Юмның “Адамның табиғаты” туралы трактатында жан-жақты айтылады. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Этизм ұғымының баламасы ретінде ар-ождан ұғымы қолданылып, негізгі тақырып ретінде ұсынылған.

Этиканың құрылымы[өңдеу]

Этиканың құрылымы. Этика үш бөліктен тұрады:


  • теориялық этика;

  • нормативті этика;

  • эмпириялық этика.

Теориялық этика — этиканың негізгі үғымдарын, оның зерттеу пөнін, ғылым ретінде даму тарихын зерттейді. Нормативті этика — негізгі этикалық категорияларды: мейірімділік пен катыгездік, ізгілік пен жауыздык, ар-үждан, үят, абырой, парыз және т.б. қарастырады. Эмпириялық этика — белгілі бір кезеңдердегі адамзат үйымдарының накты адамгершілік келбеті туралы түсінік береді.



жүктеу 68,25 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау