Реферат Тақырыбы: Қазақстанның төл валютасы теңге тарихы. Орындаған: Қисаева Даметкен. Құқықтану 102


ЕРКІН ӨЗГЕРМЕЛІ АЙЫРБАС БАҒАМЫ РЕЖИМІН ЕНГІЗУ



жүктеу 29,63 Kb.
бет4/7
Дата21.01.2022
өлшемі29,63 Kb.
#34243
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Д.Қисаева Құқық-у 102 топ 2

2. 2 ЕРКІН ӨЗГЕРМЕЛІ АЙЫРБАС БАҒАМЫ РЕЖИМІН ЕНГІЗУ

1999 жыл. Әлемдік қаржы дағдарысының әсері салдарынан сауда әріптес елдер валютасының девальвациясы нәтижесінде төмендеген қазақстандық экспорттың бәсекелестік позицияларын қалпына келтіру үшін 1999 жылдың сәуірінде теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамының (СПОК) режимі енгізіледі.

Капитал қозғалысына валюталық шектеулерге қажеттілік Қазақстанда шетел валютасының ішкі көздерінің айтарлықтай тапшылығының болуымен және ұлттық валютаға сенім білдірудің әлсіздігімен түсіндіріледі, сондықтан валютаның елден кетуі валюта бағамының тұрақтылығына және тұтастай алғанда экономиканың дамуына қауіп төндірді.

Еркін өзгермелі режимді енгізу экономиканың нақты секторын дамыту үшін серпін берді. Инфляция қарқынының төмендеуіне, валюта нарығының салыстырмалы тұрақтылығына, банк жүйесіндегі халықтың жинақ ақшасының өсуіне және шетелдік тікелей инвестициялардың құйылуына байланысты қазіргі күнге дейін де таусылған жоқ.

Осы уақытқа валюта нарығының евросегментінің қалыптасуы, жеке тұлғалардың мерзімді депозиттерін сақтандыру жүйесін іске қосу жатады.

2000 жыл. Ұлттық банк ХВҚ алдындағы барлық міндеттемелерін мерзімінен бұрын өтеді. "Қазақстан ипотекалық компаниясы" ЖАҚ, "процессинг орталығы" ЖАҚ құрылды, вексельдік қайта қаржыландыру жүйесін енгізу басталды.

2000 жылғы қазаннан бастап Қазақстан Ұлттық Банкі мүшесі болып табылатын халықаралық сақтандыруды қадағалау органдары қауымдастығының (IAIS) негізгі қағидаттары мен стандарттарына сәйкес әзірленген "сақтандыру қызметі туралы" Заң қабылданды.

2001 жыл. Мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін жетілдіру және арттыру, өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өндірістерді дамыту, ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдемдесу мақсатында Қазақстанның Даму Банкі құрылды. "Қазақстан актуарлық орталығы" ЖАҚ құрылды,оның негізгі бағыттарының бірі сақтандыру нарығында және зейнетақы қызметтері нарығында актуарлық қызмет көрсетуге жәрдем көрсету болып табылады.

Қазақстан қор биржасында (ҚҚБ) нақты уақыт режимінде баға белгілеулерді қоюға мүмкіндік беретін автоматты РЕПО сауда алаңы жұмыс істей бастады.

Бағалы қағаздарды бастапқы орналастыру кезінде қаржылық кеңесшілер және андеррайтерлер, маркет-мейкерлер және KASE ресми тізіміне енгізілген бағалы қағаздар бойынша мамандар ретінде әрекет ететін брокер-дилерлер институты одан әрі дамыды.

Елдің түрлі өңірлерінде тұратын Қазақстан азаматтарының қаржылық қызметтерге толыққанды қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында почта-жинақтау жүйесін дамыту жөнінде белсенді жұмыс жүргізілуде.



жүктеу 29,63 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау