Реферат тақырыбы: Қант диабеті, этиологиясы, патогонезі



жүктеу 24,86 Kb.
бет2/3
Дата19.05.2023
өлшемі24,86 Kb.
#42681
түріРеферат
1   2   3
Реферат та ырыбы ант диабеті, этиологиясы, патогонезі Орында а

Жіктелуі, симптомдары

Қант диабеті –бұл, ұйқыбезі гормоны – инсулиннің абсолюттік немесе қатысты жетімсіздігі салдарынан, қан құрамында қант деңгейінің созылмалы артуымен сипатталатын эндокриндік ауру. Ауру зат алмасудың барлық түрлерін, тамыр, жүйке жүйесі, сондай-ақ басқа жүйелер мен органдарды бұзуға әкеліп соғады.
Жіктемесі:
Ерекшеленеді:

  1. Инсулинге тәуелді диабет (қант диабеті 1 түрі) негізінен балалар мен жас адамдарда дамиды;

  2. Инсулинге тәуелді емес диабет (қант диабеті 2 түрі) әдетте 40-тан асқан, артық салмағы бар адамдарда дамиды. Бұл аса таралған аурудың түрі (80-85% жағдайда кездеседі);

  3. Екінші қайтара болған қант диабеті;

  4. Жүкті әйелдердің диабеті.

  5. Тамақтанудың жеткіліксіздігінен болатын, диабет

1 түрдегі қант дибетінде, ұйқы безі жұмысының бұзылуына байланысты инсулиннің абсолюттік жетімсіздінен болады.
2 түрдегі қант диабетінде инсулиннің қатысты жетімсіздігі байқалады. Ұйқы безінің тіндері бұл кезде инсулинді (кейде тіпті артық мөлшерде) жеткілікті бөледі. Алайда, тіннің бетіндегі құрылым мөлшері азайған немесе қоршалған, бұл оның тінмен байланысын қамтамасыз етеді және глюкозаның қаннан тіннің ішіне түсуіне көмектеседі.
Тіндердегі глюкозаның жетімсіздігі инсулиннің одан да көп бөлінуі үшін дабыл болып табылады, бірақ бұл нәтиже бермейді, және уақыт өте келе инсулин өнімі біртіндеп азая түседі.
Себептері:
1 түрдегі қант дибетінің негізгі себебі ұйқы безінің тіндерін бұзатын, оған қарсы ағзада антителабөлінетін, иммундық жүйенің жаңылысынан болатын, аутоиммундық процесс болып табылады. 1 түрдегі дибеттің пайда болуын қоздырудың басты факторы, бұл ауруға генетикалық бейімділік фонындағы вирустық инфекция (қызылша, желшешек, гепатит, эпидемиялық паротит т.б.) болып табылады.
2 типтегі қант диабетінің дамуын қоздыратын негізгі факторлар екеу: семіздік және тұқым қуалаушылық:
1. Семіздік. Семіздіктің І дәрежесі болған кезде қант диабеті дамуының тәуекелі 2 есе, ІІ дәрежесінде – 5 есе, ІІІ дәрежесінде – 10 еседен артық артады. Аурудың дамуына семіздіктің абдоминалдық түрі – май іштің аумағына тарағанда көп байланысты болады.
2. Тұқым қуалаушылық. Ата-анасында немесе жақын туыстарында қант диабеті болғанда, ауру дамуының тәуекелдігі 2-6 есеге арта түседі.
Инсулинге тәуелді диабет біртіндіп дамиды және белгілерінің қалыпты көрінуімен байқалады. Екінші қайталаған диабеттің болу себептері:

  • ұйқы безі аурулары (панкреатит, ісік, резекция және т.б);

  • гармонды табиғат (акромегалия, диффузиялы уытты жемсау,феохромоцитома) аурулары;

  • дәрілер мен химиялық заттардың әсері;

  • инсулин рецепторының өзгерулері;

  • анықталған генетикалық синдром т.б.

Тамақтың жеткіліксіздігінен болатын диабет және жүкті әйелдердің қант диабетін жеке бөледі.
Диабеттің пайда болуына қандай себептер болуына қарамастан, салдары біреу: ағза аспен түсетін глюкозаны (қант) толық көлемде пайдалана және оның артығын бауыр мен бұлшықеттерде қорлай алмайды.
Артық мөлшерде пайдаланылмаған глюкоза қанда (жартылай несеппен шығады) айналады, бұл барлық органдар мен тіндерге қолайсыз есер етеді. Өйткені, глюкозаның тінге түсуі жеткіліксіз, энергия көзі ретінде майларды пайдалана бастайды. Нәтижесінде, әсіресе бас миына, ағзаға артық мөлшерде кетондық дене деп аталатын уытты зат пайда болып, май, ақуыз және минералды алмасулар бұзылады.
Қант диабетінің симптомдары:

  • шөлдеу (науқастар тәулігіне 3-5л және одан да артық сұйық ішуі мүмкін);

  • жиі кіші дәретке (күндіз де түнде де) бару;

  • ауыздың құрғауы;

  • жалпы және бұлшықеттің әлсіздігі;

  • тәбеттің жоғарылығы;

  • терінің (әйелдерде әсіресе жыныстық мүшелері) қышуы;

  • ұйқы басу;

  • жоғары шаршағыштық;

  • жараның нашар бітуі;

  • 1 түрдегі қант диабетімен ауыратын науқастардың бірден арықтауы;

  • 2 түрдегі қант диабетімен ауыратын науқастардың семіруі.

1 түрдегі (инсулинге тәуелді) қант диабеті әдетте, жылдам, кейде аяқ астынан дамиды. Инсулинге тәуелді диабет біртіндеп дамиды және белгілерінің қалыпты білінуімен ерекшеленеді.
Қант диабетінің асқынуы:

  • жүрек-тамыр аурулары (тамырлардың атеросклерозы, жүректің ишемиялық ауруы, микард инфарктісі);

  • перифериялық артерия атеросклерозы, оның ішінде аяқ артериялары;

  • аяқтардың микроангиопатия (ұсақ тамырлардың зақымдануы);

  • диабеттік ретинопатия (көз көруінің төмендеуі);

  • нейропатия (сезімталдықтың төмендеуі, тері қабаттарының құрғауы және қабыршықтануы, аяқтарда болатын ауру мен тартылу;

  • нефропатия (несеппен ақуыздың бөлінуі, бүйрек қызметінің бұзылуы);

  • диабеттік табан – перифериялық жүйкенің, тамырлардың, терінің, жұмсақ тіндердің зақымдануынан табанның ауруы (жара, іріңді-некротиялық процестер);

  • әртүрлі инфекциялық асқынулар (терінің жиі іріңдеп зақымдануы, тырнақ зеңдері т.б.);

  • комалар (диабеттік, гиперосмолярлық, гипогликемиялық).

Бірінші түрдегі қант диабеті кейде әлсіздікпен, іштің ауруы, құсу, ауыздан ацетон исінің шығуымен көрінетін, жағдайының бірден төмендеуі. Бұл қанда уытты кетон (кетоацидоз) денесінің жинақталуы. Егер бұл жағдайды жылдам жоймаса, науқас есінен танады – диабеттік кома – және өліп кетуі мүмкін. Комотоздық жағдай инсулинді артық қолданған кезде және қанда глюкоза деңгейінің бірден төмендеуінен – гипогликемиялық кома кезінде пайда болады.


  1. жүктеу 24,86 Kb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау