Реферат Тақырыбы : Нышандағыш, айқындағыш, триггерлер, тіркеуіштер мен санауыштар. Орындаған: Жумагалиев. Д. М


Тіркеуіштер сандық мәліметтерді тіркеп, сақтап, жылжытып берсе, ал санауыштар



жүктеу 25,23 Kb.
бет4/4
Дата19.01.2022
өлшемі25,23 Kb.
#33623
түріРеферат
1   2   3   4
14 жұма - Мех. Негіздері - Жумагалиев

Тіркеуіштер сандық мәліметтерді тіркеп, сақтап, жылжытып берсе, ал санауыштар импульстер санын санап беруге арналған. Тіркеуіш (регистр) пен санауыштың жұмыс істеу принципін қарастыру үшін ондағы санақ жүйесіне тоқтала кетейік. Күнделікті пайдаланып жүрген ондық («10») жүйесінде санау бізге үйреншікті-ақ. Бірден онға дейін санаймыз да, келесі ондыққа көшеміз. 8 Ондықтарды топ-топқа бөліп, жүздіктерге жылжимыз... Олардың бәрін тізбектеп, ұзыннан-ұзақ жаза бермес үшін олардың әрқайсысына өз мәніне сәйкес орындар (позиция) бөлінген. Мысалы: 625=6·100+2·10+5·1 болады да, 100, 10, 1-ліктерін арнайы жазбасақ та, оларды тұрған орындарынан байқаймыз. Мәселен, теңдеудің сол жағында тұрған «6» алты емес, 600 екенін оның үшінші орында (оң жақтан бастап санағанда) тұрғанынан байқаймыз. Электрондық құрылғылар да ондық сандар жүйесінде жұмыс істей алады. Бірақ ол үшін ондық жүйесіне сәйкес он кернеу деңгейін сайлап, ең қиыны – оларды әрдайым бұлжытпай дәл таба алатын болуымыз керек. Осы қиындық ондық жүйесінен екілік жүйесіне ығысуға мәжбүр етіп отыр. Екілік жүйесінде, бірі жоғары, бірі төмен, екі-ақ деңгей бар. Сонымен қатар бұл деңгейлердің шамасына да қатты талап қойылмайды. Тек белгілі бір шама шегінен асып кетпесе болғаны... Оларды табу да, тұрақтандыру да қиын емес. «0»-ме, әлде «0, 3»-пе немесе «4»-пе, әлде «5»-пе айтарлықтай айырмашылығы жоқ: біріншісінде – төменгі кернеу («0»), екіншісінде – жоғарғы кернеу («1») деп есептейміз. Екілік жүйесінде тек «0» мен «1» болғандықтан, ондық сандар жүйесінен екілік сандар жүйесіне көшкенде тек бірінші екі цифр ғана (0 және1) өзгеріссіз қалады да, қалғандарын белгілеу үшін жоғарғы позициялық орындар пайдаланылады (4.3-кестені қараңыз). Кестедегі сәйкестікке қарап, енді жоғарыда келтірілген 625 цифрын екілік жүйесінде де жазып көруімізге болады: 625 = 0110 0010 0101. Әрине цифрымыз созылып кетті. Осыншама ұзын цифрларды меңгеру үшін көп те, күрделі де құрылғылар қажет болар?!... Алайда олар көп болғанымен де, өз бетінше қарапайым, біркелкі триггер тәсімдерінен тұрмақ. Ал бір кристалға миллиондаған элементтерді сыйдыру мүмкіншілігі туып жатқанда (мысалы, Р5 (Pentium) микропроцессорында 3.1 млн. транзистор болса, Р7-де 24 млн. транзистор болмақ), көп триггерлерден тұратын санауыштар мен тіркеуіштер де өте үлкен бола қоймас! Тіркеуішті бірнеше триггерлерден құруға болады. Олар параллель және тізбекті болып екіге жіктеледі. Параллель тіркеуіште мәліметтер триггерлердің бар тобына разряд-разряд бойынша бірден келеді де, тактілік импульстің әсерімен барлығына бірден жазылады. 15.9 суретте төрт D-триггерінен тұратын 4 разрядты параллель тіркеуіш көрсетілген. 4 разрядты мәлімет (Х1-Х4) 4 триггердің D-кірістеріне бірден түсіп, кідіріп, триггердің С-кірістеріне берілетін бұйрықтың (тактілік немесе жазу импульстерінің) келуін күтеді (бұл D-триггерінің бір такті кешеуілдеп жүретін қасиеті). Осы импульстің келуімен берілген мәлімет триггер жадысына жазылмақ. Ал шығыс импульстері (мәліметтері) тактілік импульстің келуімен кіріс сигналдарына сәйкес өзгеріп отырады. Қарастырылған тіркеуіштің шартты белгісі 15.10 суретте көрсетілген. Тізбекті (жылжымалы) тіркеуіште триггерлер тізбектеле қосылып, хабар барысы да бірінің соңынан бірі тізбектеле жүріп отырады.

. Триггерлердің D-кірісіне келіп түскен Х-мәлімет (0 немесе 1) С-кірісіне тактілік импульс келіп түсісімен бірінші триггерге жазылады да, ал әрбір келесі триггер алдыңғы триггердің күйіне көшеді (кейінгісі алдыңғысының шығысына қосылғандықтан). 15.11 сурет – Триггерлердің тізбекті тобынан құрылған тіркеуіш құрылымы (а) мен оның шартты белгісі (ә) Бұл процесс 15.12 суретте Q1-Q4 сигналдарының Х-сигналына байланысты өзара жылжуымен көрсетілген. Көріп отырғанымыздай әрбір тактілік импульс мәлімет жиынтығын бір разрядқа жылжытады. n разрядты санды жазу үшін n триггер керек те, олар тізбектеле қосылуы тиіс. Әлбетте тізбекті тіркеуіштің жылдамдығы параллель тіркеуіштің жылдамдығынан төмен, бірақ оның есесіне тізбекті тіркеуіштің бір ғана кіріс жолы болса, параллель тіркеуіштің n разрядты түрінің n кіріс жолы болуы керек. Өндірісте шығарылатын қарапайым 4 разрядты К155ИР1 (ИР – тіркеуіштің белгісі) тіркеуішінің құрылымы мен белгісі 15.13 суретте келтірілген. Әрбір алдыңғы триггердің шығыс жолы келесі триггердің D-кірісіне ЖӘНЕНЕМЕСЕ элементі арқылы қосылған. Төрт D-триггерінен тұратын осы тіркеуіштің D-кірістерінен басқа қосымша С1, С2, және V, I кірістері бар. Көп жағдайда мәліметтерді солдан оңға қарай 10 жылжыту керек болғанымен, кейде оларды оңнан солға да жылжыту қажеттігі туады. 15.12 сурет – Жылжымалы тіркеуштің кіріс-шығыс кернеулерінің диаграммалары Қаралып отырған тіркеуіштің осындай да қасиеті бар. Егер тіркеуіштің Vкірісіне «0» берсек, онда әрбір келесі триггердің кірісі алдыңғысының шығысымен ЖӘНЕ-НЕМЕСЕ арқылы қосылған болады да, С2 кірісіне берілген тактілік импульс әрбір триггерде жазылған «1», «0»-діктерді алдыңғысынан келесісіне жылжытады. Басқаша айтқанда, әрбір келесі триггер алдыңғы триггердің күйіне көшіп, сан мәліметтері солдан оңға жылжиды. Тіркеуіштің I кірісі тек бірінші триггермен байланысты да, мәліметтерді тізбектеп бірінің соңынан бірін қабылдап отыруға арналған. Бірінші тактіде мәлімет D1-ге жазылса, екінші тактіде ол D2-ге көшіп, D1-ге келесі разряд жазылады т.с.с. Барлық 4 разряд түгел жазылып болған соң толық мәліметті параллель түрде триггерлердің Q1–Q4 шығыстарынан алуға болады. Мәліметтер тіркеуішке параллель де жазылуы мүмкін. Мұндай жағдайда 4 разрядты мәлімет бірден тіркеуіштің D1- D4 кірістеріне беріледі. Бірақ бұл амалды орындау кезінде V=1 болып, тактілік импульстер С1 кірісіне берілуі керек.

Пайдаланған деректер

  1. https://stud.kz/referat/show/16509

  2. https://stud.kz/referat/show/6247

жүктеу 25,23 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау