Жұмыс атқару принципін қарастыру мақсатында триггердің бір шығыс Енді Т ену жолында «1» сигналы пайда болды десек, ол тек D1.2 элементінен ғана өтіп, оның шығысында «0» ретінде пайда болады. D1.1-дің шығыс жолындағы «1» өзгеріссіз қалады. Келесі мезетте D1.2-нің шығыс жолында пайда болған «0» D1.4-тің, яғни триггердің терістеме шығысында «1»-дің пайда болуына әкеп соғады. Енді D1.3-тің екі ену жолында да «1» болғандықтан (алынған = 1 − − Q және бұрынғы D1.1-дің шығысындағы «1»), оның шығысы «0»-ге айналады (ЖӘНЕЕМЕС тәсімінің қасиеті). Сонымен келіп түскен бір кіріс импульсінің әсерінен триггер жағдайы қарама-қарсы күйге өзгеріп, ол келесі импульсті қабылдау дайындығынан өтіп үлгерді: Q=0 сигналы санақ сигналының D1.2 элементінен өтуіне тыйым салып отырса, = 1 − − Q сигналы осы хабардың D1.1-ден өтуіне жағдай жасап, триггердің тағы бір «төңкеріліп», бұрынғы қалпына қайтып келуіне мүмкіндік береді. Қорыта айтқанда, әрбір келесі санақ импульсінен триггердің жағдайы қарама-қарсыға өзгеріп отырады. Ал триггердің нақты қазіргі күйі қандай деген сұраққа оның бұрынғы күйін, бұрынғы «тарихын» білмей жауап бере аламыз. Соңдықтан да триггер – жадылы, есте сақтау қабілеті бар тәсім деп саналады. Триггердің кіріс-шығыс сигналдарының өзгерісі 15.7, ә-суретте көрсетілген. Көріп отырғанымыздай, шығыс сигналдарының өзгеру жиілігі кіріс сигнал жиілігінен екі есе аз. Мұнын өзі оны жиілік бөлгіш құрылғылар ретінде пайдалануға болатынын білдіреді. Өндірісте RS, T, D (кідірту) триггерді дербес жасалынған түрде сирек кездеседі. Оларды қазір жиі қолданылып жүрген әмбебап JK-триггерінің негізінде құрастырып алуға болады. JK-триггерінің J,K, С ену жолдары бар. J ену жолы RS-триггердің S жолында, К – R жолына ұқсас болса, оның С жолы Т-триггердің Т немесе С 7 жолына ұқсас болады. Триггерлердің жан-жақтылығын арттыру мақсатында оның өндірісте қолданылатын түрлері бірнеше J және K ену жолдарымен дайындалады. Мәселен, қазір көп тарап отырған 155, 555, 1533 интегралдық тәсімдердегі JKтриггерлері (нұсқасы 15.8 суретте көрсетілген) үш-үш J және K кіріс жолдарымен жарақталған. Бұл олардың пайдалану өрісін едәуір кеңейтіп отыр.
Триггер белгісінен тағы бір байқап отырғанымыз, оның J, K жолдарынан басқа R, S және С кіріс жолдарының болатындығы. Бұл, әрине, JK-триггердің пайдалану өрісін одан ары кеңейте түседі. Ал С ену жолына жебенің ұшы (немесе үшбұрыш) қарсы қойылса, оның импульстің соңымен, яғни ену импульсінің «1»- ден «0»-ге ауысуымен басқарылатынын көрсетеді. Егер, керісінше, жебе бағыты ену бағытымен сәйкес келсе (15.6, ә-сурет), онда триггер импульстің басталу кезеңімен (алғы шебімен, «0»-ден «1»-ге ауысу кезеңімен) басқарылады. Бұл жағдай, 15.7, ә-суреттегі кернеулер диаграммасында Т сигналындағы жебенің түсуімен көрсетілген. JK-триггер негізінде кез келген триггерді жинауға болады дедік. Мәселен, осы JK-ден Т-триггер жасау үшін, оның барлық J және K ену жолдарын біріктіре қойып, оған «1» сигналын (мысалы, тоқ көзі Е-ге қосумен) беріп, санақ импульстерін С ену нүктесіне берсе болғаны. Ал мұндағы R (немесе S) жолдарының қажеттілігін санауыштар құра бастағанда байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |