|
Реферат Тақырыбы : Нышандағыш, айқындағыш, триггерлер, тіркеуіштер мен санауыштар. Орындаған: Жумагалиев. Д. МТриггерлер, тіркеуіштер мен санауыштардың жұмыс жасау принциптері, қолдану облысы, сипаттамаларын зерттеу
|
бет | 2/4 | Дата | 19.01.2022 | өлшемі | 25,23 Kb. | | #33623 | түрі | Реферат |
| 14 жұма - Мех. Негіздері - ЖумагалиевТриггерлер, тіркеуіштер мен санауыштардың жұмыс жасау принциптері, қолдану облысы, сипаттамаларын зерттеу.
Триггер – орнықты екі күйі бар, бірінен екіншісіне сыртқы сигналдың әсерінен көше алатын жадылық тәсім. Жадылық тәсімдердің негізгі ерекшелігі, олардың шығысының тек кіріс сигналдарымен ғана емес, сонымен қатар оның өзінің бұрынғы (әлде бастапқы) күйіне де байланысты анықталатындығы. Жоғарыда қаралып өткен логикалықкомбинациялық тәсімдердің шығысы кіріс сигналдарының қиысуларына тікелей байланысты. Тригеллердің олардан айырмашылығы – шығыс сигналдарының кіріс хабарларымен қатар оның ішкі күйіне де тәуелді болуы. Басқаша айтқанда, шығыс жолынан белгілі бір хабар алу үшін триггердің ішкі, өзіндік, алдыңғы күйін де ескеру қажет. Соңдықтан да мұндай құрылғылар жадылық немесе есте сақтау мүмкіндігі бар құрылғылар қатарын түзеді. Өндірісте кеңінен таралған жадылық құрылғылар тобына интегралдық триггерлер жатады. Атқаратын қызметтеріне қарай олар: RS, T, D, JK (жи-ка) т.б. болып бөлінеді. RS-триггер орнатушы (установочный) немесе нұсқаулы триггер деп те аталады. Оның себебі: сигнал «S» (Set - орнату) кіріс жолына берілгенде негізгі шығыс жолы Q-де «1» пайда болуы керек те, ал «R»-ге (Reset – қайта түсіру) берілгенде, онда «0» (нөл) пайда болуы керек. Сонымен, «S» «1»-лік кіріс жолы 5 да, «R» «0»-дік кіріс жолы болып саналады. RS-триггердің шартты белгісі 15.6, асуретте көрсетіліп отыр. Оның кіріс жолдары жоғарыда айтылғандай S және R әріптерімен белгіленіп, негізгі шығыс жолы Q-мен белгіленген. Көріп отырғанымыздай, триггердің Q-ге қарсы − − Q («Q емес») шығыс жолы да бар: Q=1 болғанда, = 0 − − Q , немесе Q=0 болғанда, = 1 − − Q . Соңдықтан да − − Q шығысы инверсиялық шығыс жолы немесе терістеме шығыс жолы деп аталып, оның шығыс нүктесі терістеме белгісімен (кішкене дөңгелекшемен) белгіленеді. а) ә) б) 15.6 сурет – Триггерлердің тәсімдік шартты белгілері: а) RS триггер; ә) T – триггер; б) JK – триггер Өндірісте жиі қолданылып жүрген интегралдық триггерлердің бірі – Ттриггер – санауыш триггер деп те аталады. Оның ерекшелігі – кіріс нүктесіне берілген әрбір импульс әсерінен шығыс сигналының бір күрт өзгеріске ұшырмауы немесе берілген екі импульске шығыс жолында толық бір импульс беруі. Басқаша айтқанда, Т-триггер импульстер санын екіге бөліп, екіге дейін («0» және «1») санай алатын, қарапайым санауыштар қатарын түзетін құрылғы. Т-триггердің шартты белгісі 15.6, ә-суретте көрсетілген. Т-триггердің жұмыс істеу принципін ЖӘНЕ-ЕМЕС логикалық элементтер негізінде құрылған түрінде түсіндіруге болады (15.7, а-сурет). Суретте көрсетілгендей Т-триггерді екі ену жолы бар төрт ЖӘНЕ-ЕМЕС тәсімдерінен құрастыруға болады. Бұл тәсімдерді қысқаша 4×2 ЖӘНЕ-ЕМЕС деп белгілейік. Осы төрт логикалық тәсімнің бір ғана корпуста орналасуы мүмкін (мысалы, К555ЛА3), демек, триггерді бір ғана микротәсім (микросхема) корпусында жинастыруға болады. Тәсімде келтірілген 4 элементтің соңғы екеуі: D1.3 мен D1.4 (D1 корпусындағы 3-, 4-логикалық элементтер) жоғарыда қарастырылып өткен RSтриггерді құрайды. Одан Т-триггерге көшу үшін D1.1, D1.2 тәсімдерін қосу керек. Осы қосылулардың ерекшеліктеріне назар аударатын болсақ, D1.3 пен D1.4-тің шығыс жолдарының D1.1 мен D1.2-нің және де өздерінің кіріс жолдарына қарама-қайшы қосылатынын көреміз. Оның үстіне D1.1 мен D1.2-нің екінші ену нүктелері өзара біріктіріліп, жаңа Т ену жолын құрып отыр. Т кіріс жолын сихрондық («С» әрпімен белгілейді) немесе саңақ жолы деп атайды. жолында «1», екіншісінде – «0» бар деп алайық, мәселен, Q=1, = 0 − − Q болсын. Олай болса, Q=1 қайту жолдарымен, D1.2 мен D1.4-тің бірінші кіріс 6 жолдарынан шығып, олардың екінші кіріс жолдарында пайда болған сигналдардың өтуіне «рұқсат» береді. Осыған қарама-қарсы = 0 − − Q сигналы D1.1 мен D1.3 тәсімдерінің сигнал өткізулеріне тыйым салады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|