ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ: Л. К. Сапарова, М. Д. Қурбаниязов Жалпы психология (Əдістемелік құралы)
Еске ұсынылған материалдың құрылымы және оның сақтау ерекшелiктерi.
Қысқа мерзімді есте- бейне сезімдік деңгейдегі толық көріністей болмай, оқиғаның қандай да бір шағын баламасына сәйкес келеді. Мысалы, сізге қаратылған ақпарат оны құрайтын дыбыстар жүйесінде қабылданбай, біртұтас сөздер қалпында еске алынады. Әдетте, ұсынылған материалдың ең мәнді деген 3-4 бірлігі немесе кейінгі элементтері ғана қабылданады. Саналы, ерік күшін қосумен сол қабылданған сөздік материалды бірнеше рет қайталай отырып, оны біршама ұзақ мерзім сақтауға болады. Ал сезімдік естегі бейне қайталанбайды, ол секундке жетпей, жойылады да, ұзақ сақтауға келмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |