Реферат «Азаматтық құқық»



жүктеу 42,65 Kb.
бет3/8
Дата23.11.2023
өлшемі42,65 Kb.
#44437
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Ортақ меншік

1.2. Ортақ меншіктің түрлері


Ортақ меншік бірлескен (үлесі белгіленбеген) және үлестік меншік болады (АК-тің 209-бабы, 2-тармағы).
Азаматтық кодекс бойынша әрбір меншік иесіне ортақ меншіктің үлесі тиесілі. Мұндай үлес тең және тең емес дәрежеде бөлінеді. Бірақ та үлестің көлемі мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге байланысты мәселелердің шешіміне әсер етпейді. Сондықтан да олар ортақ келісім негізінде бірлесіп шешіледі.
Мүлікке ортақ меншік үлестік меншік болып табылады, бұған мүлікке ортақ меншік құру заңда көзделген реттер қосылмайды. Ортақ бірлескен меншік: 1) ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі; 2) шаруа (фермер) қожалығының ортақ меншігі; 3) жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік түрінде болады. Заң құжаттарында ортақ бірлескен меншіктің басқа да түрлері көзделуі мүмкін (АКтің 219-бабының 1-тармағы).
Басқа жағдайлардың бәрінде үлестік меншік түрінде көрінеді.
Бірлескен ортақ меншікте оған қатысушылардьщ үлесі болады, бірақ олардың жалпы мүліктегі көлемі алдын-ала айқындалмауына байланысты оны да тең деп есептейді.
Мұндай тәртіп ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезінде бірлесіп тапқан мүліктеріне де қатысты ("Неке және отбасы туралы" Заңның 32-бабы). Сонымен бірге "Неке және отбасы туралы" заңы некеде тұрған кездерінде бірлесіп тапқан дүние-мүліктерін жұбайлардың келісімі арқылы бөлу мүмкіндігін де жоққа шығармайды. Демек, неке шартында олар мүлікті бірлесіп немесе жекелей пайдалануына болады ("Неке және отбасы туралы" Заңның 40-бабы).
Келісімге келе алмаған жағдайда әрбір меншік иесі сотқа жүгінуіне құқылы.[2,58]

II. ТАРАУ. ОРТАҚ МЕНШІКТІҢ ЖЕКЕЛЕНГЕН ТҮРЛЕРІ

2.1. Ортақ үлестік меншік


Меншіктің үлестік түрі деп мүлік объектісін қатысушылар арасында нақты үлеске бөлуді айтады.
Үлестік меншіктің ерекшелігі оның пайда болу кезінде ортақ мүліктегі меншік иелерінің үлесі болатындығымен айқындалады. Бөлудің мұндай сипаты меншік иелерінің келісімдері және заң құжаттарымен тағайындалады. Осы келісім аркылы қатысушылардың үлес мөлшері айқындалып, өзгеріске ұшырайды, мұның өзі олардың ортаға салған үлестеріне байланысты болады. Егер қатысушылардың үлес көлемі келісім шартта немесе заң құжаттарында көрсетілмесе, онда олардың үлестері тең дәрежеде бөлінеді.
Заңда меншік иелерінің бірінің күшімен мүлікті жақсарту мәселесі айқындалған. Мүліктегі үлес көлемін айқындауда ортақ мүлікті пайдалану тәртібін сақтай отырып, оны жаксарту мәселесінің ара-жігін ашып алу керек. Ортақ мүлікті пайдаланудың белгіленген тәртібін сақтай отырып, оны жақсартуды өз есебінен жүзеге асырған үлесті меншікке қатысушының ортақ мүліктегі өз үлесін ұлғайтуға құқығы бар.
Ортақ мүлікті бөліп алып жақсарту, егер үлесті меншікке қатысушылардың келісімінде өзгеше көзделмесе, оны жасаған қатысушының меншігіне түседі (АК-тің 211-бабы).
Ортақ мүлікті иелену, пайдалану және билік ету барлық қатысушылардың келісімімен жүзеге асырылады (АК-тің 212— 213-баптары).
Үлесті меншіктегі мүлікті иелену және пайдалану оның барлық катысушыларының келісуімен, ал келісімге келмеген жағдайда — сот белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылады (A К-ті ң 213-бабының 1-тармағы).
Ортақ меншік құқығын жүзеге асыру кезінде иелену, пайдалану және билік ету салдарына мән беру керек. Егер меншік иелері ортақ мүлікті иелену және пайдалану жөнінде ортақ бір пікірге келе алмаса, онда сотқа жүгіне алады.[3,35] Егер көзқарас қайшылығын сот шешпейтін болса, оны тараптардың өздері шешеді.
Ортақ үлестік меншікке қатысушылардың әрқайсысы ортақ мүліктен өзінін, үлесін заттай күйінде бөліп беруге талап етуге құқылы. Егер үлесті заттай беліп беруге заң құжаттарында жол берілмесе немесе ол ортақ меншіктегі мүлікке шамадан тыс залал келтіруіне байланысты мүмкін болмаса, бөлініп шығушы меншік иесі үлесті меншіктің басқа қатысушыларынан өз үлесінің құнын төлетіп алуға құқылы (АК-тің 218-бабының 3-тармағы). Ресейдің сот тәжірибесінде мұндай залалға мүліктің мақсатты пайдаланбауы, оның техникалық жағдайын нашарлатып жіберуі немесе материалдық не көркем шығармашылық құндылығын төмендетіп жіберу (мысалы, суреттер, монет, кітапхана, және т.б.) тәрізді жағдайлар жатады.
Тәжірибеде мүлікті қатысушылар арасында бөлуде немесе олардың біреуіне немесе бірнешеуіне заттай беруде қиындықтар кездеседі. Біз бұл арада тағы да Ресейдің сот тәжірибесіне тоқтала кетпекшіміз. Олардың шешімдері мынадай: белінетін меншік иесінің талабы бойынша қалған катысушылар оған сұрағанын ақшалай береді, содан кейін әлгі меншік иесі ортақ мүліктегі үлес құқығынан айырылады. Кейбір жағдайларда ғана меншік иесінің үлесі айтарлықтай болмаса әрі оны іс жүзінде бөлу мүмкіндігі жоқ болса, сот осы меншік иесінің келісімін бермегеннің өзінде қалған қатысушыларға оған өтем төлеуді міндеттей алады.
Сот таласқа түскен мәселеге жан-жақты зерттеу жасап, тараптардың ұсынған дәлелдемелерімен санасады, мәселен, мүлікті пайдалану кімге қандай, қажет, оның денсаулығы, кәсіби қызметі қандай, неше баласы бар, отбасында жұмысқа қабілеттілері бар ма, жок, па, бәрі-бәрі есепке алынады.
Мұндай ережені бөлінбейтін заттарға да қолдануға болады (мысалы, автомашина, музыкалық құралдар т.б.).[4,28]
Ауылдағы шаруа қожалығына (фермерге) оны қолданбайды. Кейбір жекелеген жағдайларда, сот нақты жағдайды ескере отырып, үлес меншігіне қатысушылардың ішінен біреуіне ғана бөлінбейтін затты беруі мүмкін. Бұл орайда қалған қатысушылардың үлес көлемдеріне мән берілмейді.
Үлес меншігіндегі мүліктерді бөлудің мүмкін еместігі және де Азаматтық кодекстің 218-бабы 4-тармағында көрсетілген жағдайларға карап, қатысушы бүл мүлікті пайдалану құқығынан айырылады деуге болмайды. Мұндай жағдайда мүлікті пайдаланудың қалыптасқан нақты тәртібі ескеріледі, әрі бұл ортақ меншік құқығындағы үлеске сай келмеуі мүмкін.
Шарттын, немесе сот шешімі негізінде қозғалмайтын мүліктің бір бөлігін тұлғаның қалай иеленетіндігі белгіленеді. Әңгіме бұл жерде оның заңды үлесі мен құқықтары туралы болып отыр. Мұндай жағдайда жалпы меншікті бөлуге болмайды (мысалы, қозғалмайтын мүліктің бір бөлігі бүлінеді, одан қалған қатысушылардьщ үлесі өзгермейді, олар мүліктің қалған бөлігін иелену мен пайдалану тәртібін айқындауға құқылы, бұл орайда олардың үлестері сәйкестендіріле белгіленеді).
Азаматтық кодекстің 214-бабына сәйкес үлесті меншіктегі мүлікті пайдаланудан алынатын жемістер, өнімдер мен табыстар ортақ мүліктің құрамына келіп түседі. Үлесті меншіктің қатысушылары арасында жемістің, өнім мен табыстың одан кейінгі бөлінуі, өзгеше көзделмесе, олардың үлестеріне сәйкес жүргізіледі.
Үлесті меншіктегі мүліктердің мазмұны бойынша шығынды қатысушылардың бәрі сәйкестендірілетендей көтереді. Дәл осындай тәртіппен меншік иелері салық, басқа да төлемдер төлеуге қатысады, сондай-ақ ортақ мүлікті күтіп ұстау мен сақтауға байланысты шығындарға қатысуға міндетті (АК-тің 215-бабы). Аталған норма орындалуға міндетті және де ол тараптардың келісімімен өзгертіледі. Бірақ бұл норма қатысушының бірінің ортақ мүлікке кеткен шығынды төлеуіне кедергі жасамайды.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, өкілеттік билікті жүзеге асырудың өзіндік ерекшеліктері болады. Заң үлестік меншіктің әрбір қатысушысы өзіне тиесілі үлесті өзінің қалауы бойынша сатуға, сыйға беруге, мұрагерлікке қалдыруға, өз үлесіне билік ететіндігін қарастырған. Немесе Азаматтық кодекстің 216-бабында айтарлықтай сатып алудың артықшылық құқығына ие бола отырып, белгіленген шарттарды сақтап, оған билігін жүргізе алады. Оған басқа меншік иелерінің келісімі қажет емес.
Ортақ меншіктің әрбір қатысушысы өз үлесін сатуға құқылы. Заң осы мүмкіндікті ескере отырып, басқа меншік иелерінің мүддесіне назар аударады, олар үшін ортақ меншікке бөтен тұлғалардың кіруіне әрқашан қолдау көрсете бермейді. Азаматтық кодекстің 216-бабы ортақ меншік қатысушыларына сатып алудың артықшылык, құқығын береді. Үлесті меншік құқығындағы үлесті бөгде адамдарға сату кезінде сатылатын үлесті оның сатылатын бағасы бойынша және жария саудаға салу реттерінен басқа тең жағдайларда үлесті меншіктің қалған қатысушыларының сатып алуға басым құқығы болады.
Үлесін сатушы оның бағасын және оны сатудың басқа да шарттарын ескере отырып, үлесті меншіктің басқа қатысушыларына өз үлесін бөгде адамға сату ниеті туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Егер үлесті меншіктің басқа қатысушылары сатып алудан бас тартса немесе қозғалмайтын мүлікке меншік құқығындағы сатылатын үлесті бір ай ішінде, ал басқа мүлік жөнінен — хабар алған күннен бастап он күн ішінде сатып алмаса, сатушы өз үлесін кез келген адамға сатуға құқылы.[5,71]
Үлес сатып алудың басым құқығы бұзыла отырып, сатылған жағдайда, үлесті меншіктің кез келген қатысушысы үш айдың ішінде сотта өзіне сатып алушының құқықтары мен міндеттерін аударуды талап етуге құқылы (АК-тің 216-бабы).
Азаматтық кодекстің 216-бабында үлесті жария саудамен сату жайы қарастырылған. Меншік үлесі құқығындағы үлесті жария сату меншік үлестерінің басқа қатысушыларының келісімінсіз тек Азаматтық кодекстін 222бабы 2-тармағы мен басқа да заң құжаттарында көрсетілген ретте жүргізіледі.
Азаматтық кодекске үлесті айырбас шарты бойынша басқа біреуге беру кезінде де үлесті сатудың басым құқығы нормасы жаңалық болып енді (АК-тің 216-бабының 5-тармағы). Бұл жағдайда ортақ меншікке қатысушы тең бағалы мүлікті ұсыну жөніндегі айырбас шартында көрсетілген барлық міндеттемені өзіне алады.
Кондоминиумде өз үлесіне билік етудің арнайы белгіленген жүйесі бар. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 31-ба-бына сәйкес жалпы меншіктегі тұрғын үй әрбір меншік иесіне көзделмесе, үлес көлемі тұрғын үйдің пайдалы аумағына байланысты айқыңдалады. Үйдің тұтастай аумағына кіретін мұндай үлес сол қалпында бөлінбейді. Үйге меншік құқығының басқа адамға етуі сол үлесті алғанға тиесілі үлесі өтеді, меншік иесі өзінің ортақ меншіктегі үлесін өзгеге беруге құқысы жоқ, демек олардың әрқайсысы үйдің өзіне тиесілі бөлігін қалауынша пайдаланып күтеді. Үйдің жалпы бөліктерін ұстауға кететін шығын, егер келісімде өзгеше көзделмесе, меншік иесі үлестеріне сәйкестендіріле бөлінеді. Көппәтерлі үйде меншік иелерінің ортақ әрекеті керек. Ондай үйді әдетте тұрғындардың өздері пайдаланады. Азаматтық кодекстің 217-бабына сәйкес үлесті меншік құқығындағы үлес, егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, шарт жасасқан кезден бастап шарт бойынша сатып алушыға ауысады. Шарт бойынша мүлік алушының меншік құқығы, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, зат берілген кезден бастап пайда болады (АК-тің 238-бабының 1-тармағы). Азаматтық кодекстің 217-бабы бойынша үлесті меншік құқығындағы үлес шарт жасасқан кезден бастап сатып алушыға ауысады. Тараптар бұдан басқа да жайларды қарастыра алады, мысалы, ол мүлікті берген немесе ақша төлеген кезден де басталуы мүмкін. Қозғалмайтын мүлікке меншік құқығындағы үлесті бөтен біреуге беруде келісімдерді тіркеу жөніндегі жалпы ереже қолданылады.[6,45]

жүктеу 42,65 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау