Дәрілердің асептикалық жағдайда дайындалу ерекшеліктері
ҚР ДСМ нұсқауына сәйкес инъекцияға арналған ерітінділер, көз тамшылары мен майлары, жаңа туған балаларға арналған дәрілік формалар, сыртқа қолданылатын кейбір ерітінділер дәріханаларда асептикалық жағдайда дайындалады. Асептикалық жағдайды қамтамасыз ету үшін дәріханаларда асептикалық блок жабдықталады.
Асептикалық блок - микробиологиялық және басқа да ластанудан сақтану мақсатында арнайы бөлініп, жабдықталып пайдаланылатын дәріхананың бөлмесі.
Асептикалық блок шлюзден, асептикалық бөлмеден (дәрілік формалар дайындалатын), стерилизациялау және дистилляциялау бөлмелерінен тұрады. Асептикалық блоктың бөлек кіру есігі немесе басқа бөлмелерден шлюз арқылы бөлінеді. Блокка кірер жерде дезинфекциялық реітінділермен суланған резина ковриктері төселінеді.
Асептикалық блоктың шлюзінде стерильденген киімдерді сақтайтын шкаф, киінуге арналған отырғыш, қол жуғыш, айна, электрқұрғатқыш орналастырылады.
Асептикалық бөлмеде секциялы - жиналмалы ассистеиттік стол, дәрілік заттарды сақтауға арналған шкаф, айналма, дәрілік формалардың құйылған ыдыстарын жабу, тығындау-аппараттары орналасады. Асептикалық стол терезеден 1м қашықтықта қойылады. Асептикалық бөлменің ауасын зарарсыздандыру қабырғаға 1,8 - 2м жоғарғылықта орналастырылған бактерицидтік лампалар арқылы жүргізіледі. Бактерицидтік лампалар бөлмеде адам болған жағдайда 1 Вт 1 м3 көлемді, ал адам болмағанда 2-3 Вт 1 м3 көлемді қамтитын есеппен анықталып орналастырылады.
Дәріханада стерильді ертінділердің дайындалуы және сапасының бақылануы Мемлекеттік фармакопея, стерильді ертінділерді дайындаудың әдістемелік нұскаулары, бұйрықтар мен нұсқаулардың талаптарына сәйкес жүргізіледі. Дайындалған ерітінділердің сатылық бақылауларының нәтижелері сәйкесті журналға тіркеліп отырады.
Дәрілік формаларды асептикалық жағдайда дайындауға керекті ыдыстар, қосымша материалдар, мақталы тампондар т.б. алдын-ала стерилизацияланады.
Тазартылған су, инъекцияға арналған су, дәрілік заттар және қосымша материалдар нормативтік құжаттардың талабына сәйкес болуы керек.
Бір жұмыс орнында бір мезгілде құрамында әртүрлі дәрілік заттар бар бірнеше стерильді ертінділерді немесе құрамында бір дәрілік зат бар, бірақ әртүрлі концентрациядағы стерильді ертінділерді дайындауға тиым салынады.
Ерітінділер дайындалғаннан кейін құйылған ыдыстар тығындалып, үстінен пергамент қағазымен жабылып, қағаздың шетінен 3x6 см көлемінде тілше қалдырылып байланады. Қалдырылған пергамент қағазының тілшесінде дәрінің құрамы, концентрациясы көрсетіліп, дайындаған фармацевт немесе фармацевт ассистент қолын қояды. Дайындалған ерітінділерді стерилизациялау дайындаудың басталуынан 3 сағат өткенге дейінгі мезгілде, фармацевтің немесе фармацевт ассистентінің бақылауымен жүргізіледі. Стерилизациялау параметрлері журналға арнайы тіркелінеді. Бумен стерилизациялау аппараттарымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған тұлғалар жіберіледі. Стерилизациялау аппараттарымен жұмыс істеу үшін тұлғалар алдынала медициналық тексеруден, арнайы оқу курсынан, техника қауіпсіздігін сақтау инструктажынан өтеді.
Инъекцияға арналған ерітінділерді микробиологиялық бақылаудан өткізу және пирогендігін сынау МФ талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Стерильді ерітінділер құрамына кіретін заттардың физикалық-химиялық қасиеттерін сақтауды қамтамасыз ететін жағдайларда және бекітілген жарамды мерзімдер шегінде сақталынады. Стерильді ерітінділердің стерилизациялаиу тәртібі, жарамды мерзімі және сақталу жағдайлары ҚР ДСМ бұйрығымен анықталып бекітіледі.
Стерильді ерітінділердің нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес болмауы сыртқы түрі, рН өлшемі, құрамына кіретін заттардың сандық және сапалық көрсеткіштері, механикалық қосындылардың көрінуі, шекті мөлшерінің аздығы, тығынының осалдығы, басқа да безендірілу тәртібінің сақталмауы бойынша анықталады.
Асептикалық жағдайда дайындалатын дәрілік формаларға қойылатын санитарлық талаптар ҚР ДСМ арнайы бұйрығымен анықталып бекітіледі. Асептикалық жағдайда дайындалатын дәрілік формаларды жасауда қолданылатын дәрілік заттар штангласдарда, шаң кірмейтін тығыз жабылатын шкафтарда сақталады. Штангластар толтырылу алдында жуылып стерилизацияланады.
Стерильденген қосымша материалдар жабық күйінде 3 тәулік сақталады. Ашылған материалдар 24 сағ. ішінде қолданылады. Биксті ашып материал, ыдыстарды стерильденген пинцетпен алғаннан кейін қайтадан тығыз жабылады.
Асептикалық жағдайда дайындалатын, бөлшектенетін дәрілік заттарды құятын стерильденген ыдыстардың сақталу мерзімі 24 сағ. аспауы керек.
Ірі сыйымдылықты баллондарды жуып болғаннан кейін ыстық бумен 30 мин. буландырып зарарсыздандырады. Кейін стерильді тығынмен немесе стерильді пергаментпен жауып, ыластанбайтын жағдайда 24 сағ. сақталады.
Асептикалықк блок қызметкерлерінің санитарлық киімдері бикске салынып булау стерилизаторында 120°С температурада 45 мин. немесе 132°С 20 мин. стерилизацияланады. Кейін бикстерде 3 тәуліктен көп емес мезгілге сақталады.
Қызметкерлердің аяқ киімдері жұмыс басталар алдында және жұмыстан кейін дезинфекцияланады, кейін жабық шкафтарда немесе жәшіктерде шлюзде сақталынады. Аяқ киімдер сыртынан 15 % хлорамин немесе 0,75 % хлорамин ерітіндісіне 0,5 жуу ұнтағы, болмаса 3% сутегі перекисі ерітіндісіне 0,5% жуу ұнтағы қосылған ерітінділермен 2 рет сүрту арқылы дезинфекцияланады. Сонымен қатар, аяқ киімдерді дезинфекциялау формалин ерітіндісіне немесе 40 % сірке қышқылына малынған мақтаны нашатыр спиртімен немесе негізбен нейтрализацияландырып салынған пакетте жүргізіледі.
Асептикалық жағдайда жұмыс істеу кезінде тиым салынады:
асептикалық блокка стерильденбеген киіммен кіруге және стерильденген киіммен асептикалық блоктан шығуға;
стерильденген санитарлық киімнің астынан қызметкерлердің көшеде киетін киімдерін киюге;
қызметкерлерге косметикалық заттарды және аэрозольды дезодаранттарды қолдануға;
сағат және зергерлік бұйымдарды тағуға.
Стерильді емес дәрілік формаларды дайындауда сақталатын санитарлық талаптар
Стерильді емес дәрілік формаларды дайындауда қолданылатын дәрілік заттар штангластарда тығыз жабылған шкафтарда сақталады. Дәрілік заттарды сақтауға арналған штангластарды толтыру алдында жуып стерилизациялайды.
Қосымша материалдар, жабу, орау, тығындау құралдары алдынала дайындалып, стерилизацияланып санитарлық ереже талаптарына сәйкес сақталынады.
Дәріханалық ыдыстар қолданар алдында жуылып, кептіріліп, стерилизацияланады.
Кіші механикаландыру құралдарыда жұмыс соңында 50-600 жылы сумен жуылып, дезинфекцияланады. Дезинфекциядан кейін бұйымдар ыстық сумен жуылып, тазартылған сумен шайылып, ыластанбайтын жағдайда сақталады.
Әр сменаның басында және аяғында қол өлшегіштері, шпателдер, қайшылар және басқа да ұсак дәріханалық инвентарлар 3 % сутегі перекисі 0,5% жуу заттары қосындысы ерітіндісімен сүртіліп, кейін таза сумен жуылады. Жуғаннан кейін инвентарларда жуу заттарының ізінің қалмауы тексеріледі. Бюреткілік қондырғылардың ағызу крандары жұмыс басталар алдында ерітінді тұздарынан, тұнбалар қалдықтарынан тазартылады және спиртті эфирлі қоспамен (1:1) сүртіледі.
Бюреткілік қондырғылар және пипеткалар 10 күнде 1 рет концентраттардан тазартылып, 50-600 жылы суға гарчица ұнтағы қосылған ерітіндімен немесе 3% сутегі перекисі ерітіндісін 0,5% жуу заттары қосындысымен жуылып, кейін тазартылған сумен шайылады. Жуылып, шайлып болғаннан кейін жуу заттарының іздерінің қалмауы тексеріледі.
Дәрілік заттарды өлшеп алғаннан кейін штангластардың қақпағын, жабылатын шетін және қол өлшегіштерін мәрлі салфеткасымен сүртеді. Мәрлі салфеткасы бір-ақ рет қолданылады.
Жұмыс соңында құйғыштар, сүзгілер, капсулалар, ступкалар жуылып дезинфекцияланады.
Иллюстрациялық материалдар: 10 дана слайд
Әдебиет:
Бақылау сұрақтары: (Кері байланыс)
Экстемпоралды дәрілік формаларды дайындау жұмысының ерекшеліктері?
Дәрілік формаларды дайындау орындары, жабдықталуы?
Дәрілік формаларды дайындаушы фармацевт технологтың құқықтары мен міндеттері?
Дәріханаларда стерилді дәрілік формаларды дайындауға қойылатын талаптар?
Дәріханада дәріханаішілік дәрілік заттарды дайындауды ұйымдастырып жүргізу?
Тақырыбы №8: Дәрілердің сапасын дәріханаішілік бақылауды ұйымдастыру
Мақсаты: студенттерге дәрілердің сапасын дәріханаішілік бақылауды ұйымдастырумен таныстыру.
Дәріс тезистері:
Дәріханаларда дайындалған дәрілік заттар, оның ішінде дәріханаішілік дайын дәрілік формалар, бөлшектелінген өнімдер, концентрленген ертінділер және жартылай фабрикаттар дәріханаішілік бақылаудан өткізіледі.
Дәріханаларда дайындалған дәрілердің сапасын қамтамасыз ету мақсатында ҚР ДСМ бұйрығымен барлық меншік түріндегі дәріханаларға қатысты арнайы нұскаулар бекітіледі.
Дәріханаларда дайындалған дәрілік заттардың сапасына жауапкершілікті дәріхана басшысы және оның орынбасары, фармацевт-аналитик немесе (дәріхана штатында фармацевт-аналитик лауазымы болмаса) фармацевт-технолог атқарады. Дәріхана басшысы және оның орынбасары дәрілік заттардың сапасын бақылаудың барлық түрлерінің орындалуына керекті жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті.
Дәріханалық жағдайда дайындалған дәрілердің сапасына бақылау жасауды фармацевт-аналитик жүргізеді және аналитикалық жұмыстардан басқа фармацевт-аналитикке келесі шараларды жүргізу жүктеледі:
дәрілік заттардың дайындалу технологиясына, сапасына, сақталу жағдайына, жарамды мерзімдеріне, санитарлық ережелерге қатысты барлық мәселелер бойынша дәріханада тексерулерді жүргізу;
дәрілік заттарды дайындау барысында орын алған қателіктерге талдау жүргізу; қателіктерді жіберуге себеп болған жағдайларды анықтау; жіберілген қателіктерді дәріхана басшысының назарына жеткізу және алға карай оларды болдырмау мақсатында ұсыныстар жасау;
дәрілік заттарды дайындау кезінде физикалық химиялық және фармакологиялық сыйысушылықтарды анықтау;
канағаттанарлықсыз сападағы дәрілік формалар дайындалған жағдайда, себептерін анықтап, оларды алға қарай болдырмау шараларын жүргізу;
дәріханада дәрілік заттардың сақталу жағдайларын, жарамды мерзімдерін, дәріханалық жағдайда дайындалған дәрілік формалардың дұрыс безендірілуін қадағалап бақылау.
Дәріханаға түскен барлық дәрілік заттар, медициналық бұйымдар, басқа да фармацевтикалық тауарлар міндетті түрде қабылдау бақылауынан өткізіледі.
Дәрі-дәрмектерді қабылдау бақылауынан өткізуде сыртқы түрлері мен иісі, жолдама және есеп айырысу құжаттарының дұрыстығы, сапалық сертификаттарының, басқа да сапалылығын көрсстетін құжаттардың болуы тексеріледі.
Сонымен қатар, қабылдау бақылауын жүргізуде дәрі-дәрмектердің орап-буылуының бүтіндігі, маркировкасының дәрілік заттардың безендірілу талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Біріншілік, екіншілік және топтастыру ораулардың маркировкаға сәйкестіктері, инъекцияға арналған ерітінділерді дайындауда колданылатын дәрілік заттарда «инъекцияға жарамды» жазуларының болуы тексеріледі.
Дәріханаларда дәрілік заттарды дайындауда қателіктерді болдырмау мақсатында келесі алдын-алу шаралары жургізіледі:
1) санитарлық нормалар мен тәртіптерді, эпидемияға қарсы жүргізілетін шараларды және дәріханаларда дарілік заттарды дайындаудың асептикалық жағдайларын сақтау;
2) өлшеу приборларының дұрыс та дәл жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оларды жыл сайын тексеруден өткізу;
3) тазартылған, инъекцияға арналған сулардың алыну, сақталу тәртіптерін қатаң сақтау;
4) су трубаларын уақытылы санитарлық тазартудан өткізу;
5) стерилденген ерітінділерді, тазартылған және инъекцияға арналған суларды уақыттылы стерильдігін анықтау сынағынан өткізу;
6) дәріханаға келетін рецептер мен емдеу-профилактикалық ұйымдарының сұрау-талап қағаздарының дұрыс жазылғандығын, дәрілік заттардың жазылған дозаларының аурудың жасына сәйкестігін, қолдану тәсілдерінің көрсетілгендігін анықтау мақсатында қатаң түрде тексеру;
7) дәрілік заттарды дәріханалық жағдайда дайындау барысында дайындау технологиясын қатаң сақтау;
8) дәріханаларда дәрі-дәрмектердің сақталу жағдайларын, олардың физикалық-химиялық қасиеттеріне және нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес қамтамасыз ету;
9) ассистенттік бөлмедегі дәрілік заттар сақталатын штангласдарда: толтырылған күні, штангласты толтырған және дәрілік заттың сапасын тексерген қызметкерлердің қолдары қойылуы керек. Улы және күшті әсерлі дәрілік заттар салынған штангласдарда жоғарғы реттік және тәуліктік дозалары, ал стерильді дәрілерді дайындауда қолданылатын дәрілік заттар салынған штангласдарда «стерильді дәрілік формалар үшін» - ескерту жазулары блуы керек;
10) құйылған штангласдар тамшы өлшегіш немесе пипеткалармен қамтамасыз етілуі тиіс. Белгілі көлемдегі тамшылар саны анықталып, штангласқа жазылып қоюы керек;
11) концентрленген ертінділерді, жартылай фабрикаттарды, дәріханаішілік дайын дәрілік формаларды дайындау және бөлшектеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі барлық жазулар лабораториялық - бөлшектеу жұмыстарын есепке алу журналында жазылуы тиіс.
Дәріханалардың өндірістік іс-әрекеттеріне, дайын және дайындалған дәрілік заттардың сапасына бақылау жұмыстарын жүргізу үшін, дәріхана дәрілік заттарды сертификациялау органдарымен немесе акаредитациядан өткен сынау лабораторияларымен аналитикалық-бақылау қызметтерін көрсету туралы шарт жасайды.
Сертификаттау органы немесе аккредитациядан өткен сынау лабораториясы дәріханада тоқсанда бір рет тазартылған және инъекцияға арналған суларды, инъекциялық ертінділерді, көз тамшыларын, асептикалық жағдайда дайындалған 1 жасқа дейінгі балаларға арналған дәрілік формаларды, стерильдік дәрілік формаларды жасауда қолданылатын дәрілік заттарды, стерильді емес ішке және сыртқа колданылатын дәрілік формаларды, тез бұзылатын және тұрақсыз дәрілік препараттарды (аммиак ертіндісі, сутегі перекисі, формальдегид) іріктеп, физикалық-химиялық бақылаудан өткізеді. Бақылауға тексеру күні дәріханадағы рецептер бойынша дайындалған дәрілік формалар санының 1 тазартылған және инъекцияға арналған сулар, стерильді және стерильді емес дәрілік формалар, тез бұзылатын және тұрақсыз дәрілік препараттар, дәріханаішілік дайын дәрілік формалар алынады. Бақылауға алынған дәрілік формалардың саны бесеуден аз болмауы керек.
Дайындалған дәрілік заттарды талдау жұмысы сертификаттау органы немесе аккредитацияланған лабораториямен дәріханада жүргізіледі. Дәріханада талдау жұмысын жургізуге мүмкіншілік болмаған жағдайда дәрілік заттарды сертификаттау органы немесе аккредитацияланған лаборатория өздеріне алып кетіп жүргізеді. Дәріханадан талдау жүргізу үшін алынған дәрілік заттардың есебі арнайы толтырылған құжат бойынша жүргізіледі:
Дәріханада дайындалған дәрілік заттардың сапасына физикалық-химиялық бақылауларды жүргізу үшін фармацевт-аналитиктің арнайы жұмыс орыны жабдықталады. Фармацевт - аналитиктің жұмыс орыны типтік сынау жабдықтарымен, олшеу күралдарымен, реакт ивтермен, лабораториялық ыдыстармен, қосымша құрал-материалдармен, титрленген ертінділермен, еріткіштермен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, фармацевт-аналитиктің жұмыс орнында дәрілік заттар айналысы саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттар мен анықтама әдебиеттер болуы керек.
Дәріханада жеке рецептер мен емдеу-профилактикалық ұйымдардың сұрау-талап қағаздары бойынша дайындалған барлық дәрілік заттарға дәріханаішілік: жазбаша, органелептикалық сұрау арқылы, физикалық және химиялық бақылаулар жүргізіледі.
Жазбаша бақылау – рецептің, емдеу-профилактикалық ұйымның бөлімдерінің аттары көреетілген сұрау-тапап қағазының нөмірі, дәрілік затты дайындауға алынған ингредиенттердің аттары, мөлшері, дозалары және дәрілік заттарды дайындаған, бөлшектеген, тексерген мамандардың қолдары қойылған жазбаша бақылау паспортын жазу арқылы жүргізіледі. Дәріханада дәрілік заттарды оқу-кәсіптік немесе өндірістік тәжірибе өтуші оқушылар, студенттер дайындаған жағдайда, бақылау паспортына дәріханадағы тәжірибе жетекшісінің қолы қойылады.
Бақылау паспортында улы, наркотикалық психотроптың заттар мен прекурсорлардың атаулары қызыл түсті қаламмен сызылады, балаларға арналған дәрілердің бақылау паспортына «Б» әрпі жазылады.
Бақылау паспорттары дәрілік заттар дайындалып болғаннан кейін, дайындалу технологиясының ретімен латын тілінде жазылады.
Бақылау паспортында гомеопатиялық дәрілік заттар көрсетілген кезде, оларды дайындау кезінде ингредиенттерінің алыну ретіне қарай гомеопатиялық атаулары жазылады.
Ұнтақтарды, суппозиторияларды және пилюлаларды дайындау кезінде, бақылау паспортында олардың жалпы массасы, мөлшері және бөлшек дозаларының массалары көрсетіледі.
Иллюстрациялық материалдар: 10 дана слайд
Әдебиет:
Бақылау сұрақтары: (Кері байланыс)
Дәрілердің сапасын жақсарту шаралары?
Дәріханалық ұйымдарда дәріханаішілік бақылау жұмысының ұйымдастырылуы?
Дәріханаішілік бақылаудың түрлері, жүргізілу тәртіптері?
Дәрілік заттардың сапасын бағалауды қалай түсінеміз?
Тақырыбы №9: Дәрілерді безендіру және босату жұмыстарын ұйымдастыру
Мақсаты: студенттерге Дәрілерді безендіру және босату жұмыстарын ұйымдастырумен таныстыру.
Дәріс тезистері:
Дәріханаларда дайындалған дәрілердің безендірілуі
Дәріханаларда дайындалған барлық дәрілер түрлі меншіктегі дәріханалық ұйымдарда дайындалған дәрілердің безендірілуінің бірыңғай тәртіптеріне сәйкес этикеткілермен безендіріледі. Этикеткілердегі жазулар дәрілік заттардың қолданылу бағыттарын анықтайды:
«Ішке» - ішке қолданылатын дәрілер үшін;
«Сыртқа» - сыртқа қолданылатын дәрілер үшін;
«Инъекциялық» - инъекциялық дәрілер үшін;
«Көз тамшылары», «Көз майы» - көзге қолданылатын дәрілер. Дәріханалық этикеткілердің келесі түрлері болады:
ішке қолданылатын дәрілерге - жасыл;
сыртқа қолданылатын дәрілерге - қызғылт-сары;
көз тамшылары мен майларға- қызғылт;
инъекциялық дәрілерге - көк.
Дәріханаларда рецептер бойынша жеке және дәріханалық дайын дәрілік формаларды, бөлшектеу арқылы дайындалған дәрілерді безендіру этикеткілерінде дәрілік форманың түріне сәйкесті баспаханалық әдіспен печатталған ескерту жазулары болады:
«Құрғақ және жарық түспейтін жерлерде сақтау»;
«Қолданар алдында шайқау керек» - микстуралар үшін;
«Құрғақ және жарық түспейтін жерлерде сақтау» - көз майлары мен тамшылар үшін;
«Жарық түспейтін жерлерде сақтау» - ішке қабылданатын тамшылар үшін;
Барлық этикеткілерде «Балалардан қорға» ескерту жазулары болуы керек.
Этикеткілердің көлемі, дәрілік формалар құйылып босатылатын ыдыстарға сәйкес болуы керек. Мысалы, 10-нан 100 мл. дейінгі сиымдылықтағы флакондар үшін этикеткінің көлемі 63x50 мм болады.
Жеке дайындалған дәрілер, дәрілік формалардың түрлеріне және қолданылуына қарай сәйкесті этикеткілермен безендіріледі: «Микстура», «Тамшы», «¥нтақ», «Көз тамшылары», «Көз майы», «Сыртқы», «Инъекциялық». Рецептер бойынша жеке дайындалған дәрілік формаларды безендіру этекеткілерінің бәрінде келесі белгілеулер жазылады:
медициналық эмблема;
дәріханалық ұйымның орналасқан жері;
дәріханалық ұйымның атауы;
рецептің нөмірі;
аурудың аты, әкесінің аты;
қолдану тәсілі (ішке, сыртқа, инъекция үшін) немесе дәрілік форманың түрі (көз тамшысы, майы т.б.);
қабылдау тәртібі (микстуралар үшін: «қасықтан күніне... рет; ...тамшыдан күніне ...рет»; ұнтақтар үшін: «...ұнтақтан күніне ...рет» т.б.; дайындалған күні;
бағасы;
«балалардан сақта» ескерту жазуы.
Жеке дайындалған дәрілік формаларды безендіру этикеткілерінің текстілері мемлекеттік немесе орыс тілдерінде печатталуы керек.
Дәріханалық дайын дәрілік формаларды және бөлшектелген дәрілерді безендіру сәйкесті этикеткілер түрлері арқылы жүргізіледі: «Ішке», «Май», «Мұрынға тамызу тамшылары», «Көз тамшылары», «Көз майы», «Сыртқа», «Инъекцияға арналған». Этикеткілердің барлық түрлеріне келесі белгілеулер жазылады:
медициналық эмблема;
дәріханалық ұйымның орналасқан жері;
дәріханалық ұйымның атауы;
қабылдау тәсілі (ішке, сыртқа, инъекция үшін) немесе дәрілік форманың түрі (көз тамшылары, майы т.б.);
сериясы;
дайындалған күні;
бағасы;
«балалардан сақта» ескерту жазуы.
Этикеткілерде дәрілік формалардың қолданылу бағыттарына қарай сәйкесті ескерту жазулары печатталынады. Дәрілік формалардың сериясы бөлшектеу журналындағы реттік нөмірінің цифрлары мен дайындалған күні цифрларын қосу арқылы анықталады.
Емдеу-профилактикалық ұйымдардың сұрау-талап қағаздары бойынша дайындалған дәрілерді безендіру этикеткілерінде келесі белгілеулер жазылады:
дәріханалық ұйымның орналасқан жері;
дәріханалық ұйымның атауы;
аурухананың атауы;
аурухананың бөлімі;
дайындалған күні;
жарамды мерзімі;
дайындаған , тексерген , босатқан;
алдау №____;
қабылдау тәртібі (ішке, сыртка, инъекция үшін) немесе дәрілік форманың түpi (көз тамшылары, майы т.б.);
дәрілік форманың құрамы.
Инъекцияға арналған дәрілік формалардың этикеткілерінде дәріні қолдану тәсілдері толық жазылады: «Қантамырының ішіне; қантамырдың ішіне (тамшылай)», «Бұлшық еттің ішіне». Этикеткілердегі барлық белгшеулер баспаханалық әідіспен мемлекеттік немесе орыс тілдерінде басылуы керек.
Дәріханада дайындалган дәрілік заттардың, оның ішінде гомеопатиялық дәрілік формалардың сапасы, оларды дәрілік зат ретінде толық сипаттайтын көрсеткіштері негізінде анықталады.
Дәріханалық жағдайда дайындалған дәрілік заттардың сапасын бағалауда «қанағаттанарлық» (жарамды өнім) және «қанағаттанарлықсыз» (жарамсыз өнім) түсініктері қолданылады.
«Қанағаттанарлықсыз» түсінігі келесі жағдайларда пайдаланылады:
дәрілік формалардың сыртқы түрі, түсі, иісі жазылғанға сәйкес келмегенде;
мөлдірлігі, тұнықтығы немесе түстілігі сәйкес келмегенде;
ыдырауы бойынша сәйкес келмегенде;
ұнтактардың, майлардың, суппозиториялардың және гомеопатиялық тритуракциялардың ұсақталуы мен араластырылуы біркелкі болмағанда;
сұйық дәрілік формаларда көзге көрінетін механикалық қоспалар болғанда;
сапалық бақылау жүргізілген кездегі жазулар дәрілік форманың құрамына сәйкес келмегенде (бір дәрілік затты басқа дәрілік затпен ауыстыру, жазылған дәрілік заттың жоқтығы);
рецептегі немесе емдеу-профилактикалық ұйым сұрау-талап қағаздарындағы жазылымдардан дәрілік формалардың көлемі, дозалары бойынша ауытқушылық болғанда;
рН көрсеткіші сәйкес келмегенде;
тығыздығы бойынша сәйкес келмегенде;
микробиологиялық тазалығы жағынан сәйкес келмегенде;
стерильдігі сәйкес келмегенде;
тығындалуының герметикалылығы бұзылғанда (стерильдік дәрілік формалар үшін);
босатуға дайындалған дәрілік формалардың безендірілуі дұрыс болмаған жағдайда.
Дәрігерлердің рецепте жазған дәрілік заттарының құрамын өзгерту, сонымен қатар таблетканың орнына ұнтақтарды босату тек қана дәрігердің келісімімен жүргізіледі.
Дәріханалық жағдайда дайындалған дәрілік заттардың дайындалу технологиясындағы ауытқушылықтарды анықтау үшін тексеру кезінде, оларды дайындау барысында колданылған өлшеу құралдары пайдаланылады.
Дәріханалық жағдайда дайындалған дәрілік заттардың бөлек дозаларына рұқсат етілген ауытқу нормалары ҚР ДСМ арнайы бұйрығымен анықталып бекітіледі.
Ұнтақтарды бөлшектеуде бөлек дозаларының рұқсат етілген ауытқу нормаларын анықтау рецепте немесе сұрау-талап қағазында жазылған бір ұнтақ дозасы бойынша жүргізіледі.
Гомеопатиялық тритурацияның жалпы массасындағы ауытқулар (%) тритурацияның жазылған массасы (г) бойынша анықталады:
0,1.................................... -+ 15
0,1-0,3 жоғары -+10
0,3-1,0 жоғары -+5
1,0-10,0 жоғары -+3
10,0-100,0 жоғары +3
100,0-250,0 жоғары +2
250,0 жоғары -+0,3
Гомеопатиялық гранулалардың бір данасы (орамы) үшін рұқсат етілген ауытқу нормалары:
1,0 дейін -+5
1,0-100,0 жоғары -+3
Суппозиторилер мен пилюлялардың бөлек дозаларының массаларындағы ауытқулар, 10-нан кем емес суппозиториялар мен пилюлалар 0,01 г дәлдікке дейін өлшеп орташа массасын анықтау арқылы жүргізіледі.
Суппозиториялар мен пилюлялардың массаларындағы ауытқулар минималды түрде іріктелген 5 данасының әрқайсысын өлшеу арқылы анықталады. Суппозиториялар үшін орташа массадан ауытқу нормасы - +5%-тен аспауы керек; массасы 0,3 г дейінгі пилюлалар үшін - +10%; массасы 0,3 г жоғары пилюлалар үшін - +5% құрайды.
Ұнтақтарда, пилюлаларда және суппозиториядағы дәрілік заттардың бөлек дозаларының массаларындағы ауытқулардың рұқсат етілген нормалары, олардың құрамындағы әр заттың дозасы бойынша анықталады:
0,02 дейін -+20
0,02-0,05 жоғары -+15
0,05-0,2 жоғары -+10
0,2-0,3 жоғары -+8
0,3-0,5 жоғары -+6
0,5-1,0 жоғары -+5
1,0-2,0 жоғары -+4
2,0-5,0 жоғары -+3
5,0-тен 10,0дейін -+2
10,0 жоғары -+1
Көлемдік-салмақ тәсілімен дайындалған сұйық дәрілік заттардың жалпы көлеміндегі (мл) ауытқулардың рұқсат етілген нормалары:
10 дейін -+10
10-нан 20 дейін -+8
20-дан 50 дейін -+4
50-ден 150 дейін........................-+3
150-ден 200 дейін.......................-+2
200-ден жоғары..........................-+1
Дәріханаішілік дайын дәрілік формалар ретінде дайындалған инъекцияға арналған ерітінділерді бөлшектеудегі рұқсат етілген ауытқу нормалары (мл):
50-ге дейін -+10
50 жогары -+5
Майлардың жалпы массаларына (г) рұқсат етілген ауытқу нормалары:
5,0 дейін -+15
5,0-нан 10,0 дейін -+10
10,0-нан 20,0 дейін -+8
30,0-нан 50,0 дейін -+5
50,0-нан 100,0 дейін -+3
100,0 жоғары.........................-+2
Иллюстрациялық материалдар: 10 дана презентация
Әдебиет:
Бақылау сұрақтары: (Кері байланыс)
Дәріханада дайындалған дәрілік формаларды безендіру тәртіптері қандай?
Дәріханаішілік дәрілік заттарды қалай безендіреді?
Емдеу орындарының сұрау-талап қағаздары бойынша дайындалған дәрілік формалардың босатылуы, босату кезіндегі бақылауды қалай жүргізеді?
Дәріханада дайындалған дәрілер қалай басталады және босатудағы бақылау қалай жүргізіледі?
Тақырыбы № 10: Стационарлық науқастарды дәрілермен қамтамасыздандыру
Мақсаты: студенттерге стационарлық науқастарды дәрілермен қамтамасыздандыру туралы түсінік беру.
Дәріс тезистері:
Ауруханаларда клиникаларда, диспансерлерде және басқа да емдеу-профилактикалық ұйымдарында (ЕПҰ) стационарлық жағдайда емделіп жатқан ауруларды дәрі-дәрмектермен қамту тұрғындарды қамтамасыз ететін дәріханалар, ЕПҮ дәріханалары (ауруханалық дәріханалар) немесе ауруханалық дәріханалар арқылы жүргізіледі.
Тұрғындарды қамтамасыз ететін дәріханалар емдеу-профилактикалық ұйымдарға қажетті дәрілік заттарды медицина бұйымдарын, басқа да фармацевтикалық тауарларды босатуды қор сақтау бөлімі арқылы жүргізіледі.
Қор сақтау бөлімі дәріханаға күнделікті қажетті дәрілік заттарға, медициналық бұйымдарға, басқа да фармацевтикалық тауарларға дәріханалық көтерме сауда фирмасына, дәріханалық қоймаға сұрау- талап қағаздарын уақытында тапсыруды және олардан дәріханаға келген тауарлардың саны мен сапасын тексеріп қабылдауды, сақтауды сонымен қатар қажеттіліктеріне қарай тауарларды дәріхананың басқа бөлімдеріне, майда бөлшек сауда жүйесіне және емдеу-профилактикалық басқа ұйымдарға босатуды жүзеге асырады.
Дәріхананың қор сақтау бөлімін фармацевт басқарады. Бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметін де фармацевт маман атқарады.
Қор сақтау бөлімінің меңгерушісінің және орынбасарының негізгі міндетгері:
дәріханаға қажетті дәрілік заттар мен басқа фармацевтикалық тауарларға сұрау-талап қағаздарын уақтылы фармацевтикалық көтерме сауда фирмаларына, дәріханалық қоймаға беру;
дәріханада дәрілік заттардың ассортименттік қорының болуын және тауарлардың дұрыс сақталуын қадағалау;
фармацевтикалық көтерме сауда фирмаларынан дәріханалық қоймадан дәріханаға түскен тауарлардың санын, сапасын тексеріп қабылдау және олардың жолдама құжаттарының дұрыс безендірілуін тексеру;
бөлімдегі тауарлардың есебін жүргізу;
тауарлдарды дәріхананың басқа бөлімдеріне емдеу-профилактикалық ұйымдарға, майда бөлшек сауда жүйесіне және басқа ұйымдарға босату құжаттарын дұрыс безендіру.
Ауруханалық немесе ЕПҰ дәріханалары денсаулық сақтау мекемесіне жатады. Ауруханалық дәріханалар (АД) арнайы фармацевтикалық білімі бар заңды тұлғалармен және жеке кәсіпкерлермен ұйымдастырылып ашылады.
Емдеу-профилактикалық мекемелерде төсектер саны 100-ден асса, емдеу орыны құқығына ие ауруханалық дәріханалар ұйымдастырылады. Емдеу-профилактикалық мекеме дәріханалары емдеу орының құрылымдық бөлімдері мен кабинеттерін дайын және дәріханалық жағдайда дайындалған дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, басқа да босатуға рұқсат етілген фармацевтикалық тауарлармен қамтамасыз етеді.
Ауруханалық дәріханалардың негізгі міндеттеріне емдеу-профилактикалық мекемелердің сұрау-талап қағаздары бойынша дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, фармацевтикалық тауарлармен қамтамасыз ету; емдеу-профилактикалық мекемелердің жұмыс ерекшелігі мен бағытына сәйкес дәрілік заттардың, басқа да фармацевтикалық тауарлармен қажеттілігін анықтау; емдеу-профилактикалық мекемелеріне бекітілген дәрігерлерді жүйелі түрде дәрілік заттар ассортиметті туралы ақпараттандыруды ұйымдастыру.
Ауруханалық дәріханалар негізгі міндеттерін жүзеге асыруда келесі қызметтерді атқарады:
емдеу-профилактикалық мекемелердің емдеу бағыты мен ерекшелігіне сәйкес қажетті дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, басқа да фармацевтикалық тауарлардың ассортиметтін анықтау;
Емдеу-профилактикалардың бөлімдерінен дәрілік заттарға, басқа да фармацевтикалық тауарларға сұрау-талап қағаздарын қабылдайды;
бекітілген емдеу-профилактикалық мекемелердің сұрау-талап қағаздары бойынша дәрілік формаларды дайындайды, олардың сапасына бақылау жүргізеді;
дәрілік заттардың басқа да фармацевтикалық тауарлардың бекітілген емдеу орындары бөлім, кабинеттерінде қолданылуын және сақталуын үнемі бақылайды;
фармацевтикалық тәртіп және санитарлық ереже талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
дәрілік заттар туралы, олардың фармацевтикалық әсерлері, қосалқы әсерлері, дозалары туралы қажетті барлық мәліметтермен дәрілерді ақпараттандырады;
дәрілік заттарды, медициналық және ауруды күту бұйымдарын, басқа да фармацевтикалық тауарлардың сақталуын бекітілген тәртіптермен мерзімдеріне сәйкес қамтамасыз етеді;
бугалтерлік, оперативтік, статистикалық есептерді жүргізіп, айлық есептерді жасайды;
дәріхана жұмысына, фармацевтикалық қызметкерлер жұмыстарына озық әдістерді, жаңа технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді.
ЕПМ дәріханалары және ААД дәріханалық ұйымдарға тән барлық қызметтерді атқарады. Бұл дәріханалардың тұрғындарды қамту дәріханаларынан айырмашылығы дәрі-дәрмектермен тұрғындарды қамтамсыз етпейді.
Ауруханалық дәріханалардың емдеу орындарының медициналық көмек көрсету қызметтерінің бағыттарына қарай жұқпалы аурулар емдеу орыны дәріханалары, диспаселер дәріханалары, клиникалар дәріханалары, т.б. болып бөлінеді.
Ауруханалық дәріханалар бөлмелермен, мүмкіндік болып жатса бөлек ғимараттарымен, дәріханалық мебелдермен, прибор, папараттармен, инвентарлармен жабдықталу нормаларына сәйкес қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар АД және ААД бекітілген нормативтерге сәйкес сыворотка, вакциналарды қажетті қорларымен, дәрілік формаларды дайындауда, сапасын бақылауда қолданылатын прибор реактивтермен қамтылады. Мемлекеттік формакопея, басқа да анықтама-ақпараттық әдебиеттердің болуы талап етіледі.
Ауруханалық дәріханалардың негізгі бөлмелеріне дәрілік формаларды дайындау бөлмесі, дәрілік заттардың, басқа да фармацевтикалық тауарларды сақтау бөлмелері (дайын дәрілік заттарды, улы және есірткілік әсері бар дәрілік заттарды, дәрілік өсімдіктерді, жанғыш және тезтұтанғыш суйықтарды, медициналық бұйымдарды, санитариялық және гигиеналық заттарды т.б.).
Дәріхананың дәрілік формалар дайындайтын бөлмелері ассистенттік- ассистенттік шлюзімен, бөлшектеу жұмыстары, стерилизациялау (автоклав), дистиллияциялық бөлмелерді қамтиды.
Дәріхананың қызметтік және тұрмыс бөлмелеріне дәріхана меңгерушісінің кабинеті, бухгалтерия, қызметкерледің киімдері бөлмесі, әжетхана, душ қабылдау бөлмесі т.б. жатады.
Емдеу-профилактикалық мекемелері диагностикалық және емдеу жұмыстарын жүргізуге керекті дәрілік заттарды, басқа да фармацевтикалық тауарларды бекітілген тәртіпке сәйкес безендірілген сұрау-талап қағаздарымен дәріханалардан алады. Құрамында есірткілік, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрілік заттарға сұрау-талап қағаздары бекітілген үлгіде жазылады (кесте ). Сұрау-талап қағаздарында денсаулық сақтау ұйымының атауы, штампысы құрамында есірткілік, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрілік заттардың айналасымен байланысты фармацевтикалық қызметті атқару құқығын беретін мемлекеттік лицензияның нөмірі көрсетілген дәріхананың атауы, қолданылу мақсаты, алушы қызметкердің Т.А.Ә., дәрілік заттардың атаулары, өлшем бірліктері, қажетті саны жазумен көрсетіледі, босатылған саны, емдеу орыны басшысыныңқолы қойылады.
Иллюстрациялық материалдар: 10 дана слайдтар
Әдебиет:
Бақылау сұрақтары: (Кері байланыс)
Стационарлық ауруларды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етудің мқсаты, міндеттері және қызметтері қандай?
Ауруханалық және ауруханааралық дәріханалардың жұмысын ұйымдастыру қалай жүргізіледі?
Ауруханалық және ауруханааралық дәріханалардың бөлмелері, жабдықталуы қандай?
Ауруханалық және ауруханааралық дәріханалардан дәрілік заттарды емдеу орындарына босату тәртібі қалай жүргізіледі?
Емдеу орындарының қажетті дәрілерді алу үшін сұрау талап қағаздары қалай безендіріледі?
Тақырыбы №11: Дәрілік препараттарға сұранысты зерттеу және қажеттілікті анықтаудың негізгі принциптері
Мақсаты: студенттерге дәрілік препараттарға сұранысты зерттеу және қажеттілікті анықтаудың негізгі принциптері туралы түсінік беру.
Дәріс тезистері:
Тұрғындарға және емдеу-профилактикалық мекемелерде емделетін стационарлық сырқаттарды кепілді көлемде медициналық және фармацевтикалық көмектермен сапалы түрде қамтамасыз ету үшін фармацевтикалық көтерме сауда және бөлшек сауда звеналарын дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, басқа да фармацевтикалық тауарлармен тиімді түрде қамтуды ұйымдастыру керек.
Фармацевтикалық көтерме сауда және бөлшек сауда жүйелерін дәрі-дәрмектермен қамту келесі өндірістік операцияларды қамтиды:
дәрілік заттардың қажетті мөлшерін анықтау;
дәрілік заттардың өндіруші кәсіпорындармен шартқа отыру;
дәрі-дәрмектердің қажеттілігіне қарай сұрау-талап қағаздарының уақытылы толтырылып жіберілуі;
дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, басқа да фармацевтикалық тауарлардың қозғалысы құжаттарның дұрыс және бекітілген талаптарға сәйкес безегдірілуі т.б.
Дәрі-дәрмектердің қажеттілігі және қажетті мөлшерін анықтау, дәрілік заттарға, басқа да фармацевтикалық тауарларға сұраныстың және ұсыныстың өзгеру заңдылығына байланысты. Дәрі-дәрмектердің сұранысы мен ұсынысының өзгеруіне дәрілік заттардың қолдануына әсер ететін факторлар ықпал етеді. Аталған факторлардың негізгілеріне келесілер жатады:
тұрғындардың әлеуметтік жағдайы мен санының өсуі;
дәріханалық және медициналық ұйымдар жүйесі мен медициналық және фармацевтикалық мамандар санының өсуі;
халықтың мәдени деңгеінің өсуі, дамуы;
медициналық және фармацевтикалық ғылымдардың дамуы;
тұрғындар арасында аура түрлерінің өсуі т.б.
Дәрі-дәрмектерге деген сұранысты маркетингтік зерттеу, талдау кезінде сұраныстың қанағаттандырылған, қанағаттандырылмаған және қалыптасып келе жатқан түрлері қарастырылады. Дәрілік заттарға деген қалыптасқан сұраныс фармацевтикалық көтерме сауда және бөлшек сауда жүйелерінде дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, басқа да фармацевтикалық тауарлардың жеткіліктілігін көрсетеді. Қанағаттандырылмаған сұраныс фармацевтикалық сату, өткізу жүйесінде дәрілік заттар ассортименттерінің толық еместігін немесе жеткіліксіздігін көрсетеді. Қалыптасып келе жатқан сұраныс негізінен жаңа шығарылған отандық және шетелдік дәрілік заттарға, басқа да фармацевтикалық тауарларға қалыптасады.
Дәрі-дәрмектердің қасиетті мөлшерін анықтауда медициналық тәжірибедегі қолданыстағы барлық дәрілік заттарды негізгі үш топқа бөліп қарастырылады:
ерекше әсері бар дәрілік заттар;
қолданылуы бақылауға алынатын дәрілік заттар;
кең түрде қолданылатын дәрілік заттар.
Ерекше әсері бар дәрілік заттарға белгілі ауру түрін емдеуде қолданылатын дәрілік заттар жатқызылады, туберкулез, қант диабеті, қатерлі ісік ауралары т.б. Әр аура түрін емдеуде қолданылатын дәрі-дәрмектердің қажетті мөлшерін анықтаудың өзіне тән ерекшеліктері болады. Аталған дәрі-дәрмектер тобының қажетті мөшерін анықтау үшін, ауру түрімен ауыратын тұрғындардың санын, әр ауруға жылына жүргізілетін емдеу курсының санын және бір емдеу курсын жүргізуге қолданылатын дәрілік заттар санын білу керек. Аталған көрсеткіштер есептедін шығарылғаннан кейін, ерекше әсері бар дәрілік заттардың жылдық қажеттілігі келесі формула бойынша есептелінеді:
Қ=Ш х Ек х А,
Қ - ерекше әсері бар дәрілік заттардың бір жылға қажетті мөлшері;
Ш - бір аурудың емдеу курсына жұмсалатын дәрілік заттардың шығыны;
Ек - аурулардың бір жылда қабылдайтын емдеу курстарының саны;
А - ерекше әсері бар дәрілік заттарды пайдаланатын аурулардың саны.
Аурулардың жылда қабылдайтын емдеу курстарының саны, бір аурудың емдеу курсына жұмсалатын дәрілік заттардың шығыны және ерекше әсері бар дәрілерді пайдаланатын аурулардың саны жергілікті емдеу-профилактикалық ұйымдардың, денсаулық сақтауды басқару органдарының статистикалық-есепке алу бөлімдері арқылы анықталады.
Қолданылуы бақылауға алынатын дәрілік заттардың қажетті мөлшерін анықтау, атап айтқанда амбулаториялық және стационарлық науқастар үшін наркотикалық заттардың және этил спиртінің қажеттіліктері ҚР ДСМ арнайы бұйрыктарымен бекітілген есептік нормативтері негізінде жүргізіледі.
Амбулаториялық және стационарлық науқастар үшін наркотикалық дәрілік заттардың қажеттілігінің есептік нормативтері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығына сәйкес анықталған.
Амбулаториялық және стационарлық жағдайда емделетін науқастар үшін наркотикалық дәрілік заттар қажеітілігінің есептік нормативтері төмендегі таблицада көрсетілген:
Жылына 1000 адамға шаққандағы халықтың есірткі дәрілік заттарға (граммен) кажеттілігінің есептік нормативтері
№
|
Дәрілік заттардың атаулары
|
1000 адамға
шаққандағы
норматив
|
1
|
Морфин гидрохлориді
|
0,3
|
2
|
Промедол (тримепиридин)
|
5,0
|
3
|
Омнопон
|
0,3
|
4
|
Кокаин
|
0,02
|
5
|
Дионин (этилморфин)
|
0,1
|
6
|
Эстоцин гидрохлориді
|
0,3
|
7
|
Кодеин
|
70,3
|
8
|
Апиын
|
833,3
|
9
|
Фентанил
|
0,006
|
Ескерту: Нормативтер барлық дәрілік түрлерді таза әсер етуші заттарға ауыстырып есептеу жолымен белгіленген, сондықтан тапсырыстарды норматив бойынша есептік қажеттіліктермен салыстырғанда құрамында көрсетілген заттар бар барлық дәрілік заттарды таза әсер етуші заттарға ауыстырып есептеу жасау керек.
Наркотикалық дәрілік заттардың дәріханаларға қажетті мөлшері төмендегі формула бойынша есептелінеді:
Қ - дәрілердің мөлшері;
Н - дәрінің 1000 адамға есептелінген нормасы;
С - тұрғындар саны.
Стацттонарлық жағдайда емделіп жатырған науқастар үшін наркотикалық дәрілік заттардың қажеттіліктері емдеу-профилактикалық ұйымдардың емдеу бағыттары мен ем жүргізуші бөлімдері бойынша бір ауру төсегіне есептелініп анықталған есептік нормативтері арқылы жүргізіледі.
Наркотикалық дәрілік заттардың жылына бір ауру төсегіне керекті есептік нормативтері емдеу-профилактикалық ұйымдардың бөлімдері бойынша жоғарыда аталып көрсетілген № 234 бұйрықтың 2 таблицасында көрсетілген.
Этил спиртінің шығындалу нормативтер мен есепке алу тәртібі Қазакстан Республикасының денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі №224 бұйрығымен бекітілген.
Этил спиртінің шығындалуының есептік нормативтері емдеу-профилактикалық ұйымдарында бір стационарлық науқасқа есептелінген (95%) нормалары бойынша анықталады. Амбулаториялық-емханалық ұйымдарда этил спиртінің қажеттілігі 1000 келушіге есептелінген нормалар бойынша жүргізіледі. Мысалы, туберкулезге қарсы емдеу диспансерінде 1000 келушіге 800 г., тері-венерологиялық емханада 1000 келушіге 1000 г., онкологиялық емханада 1000 келушіге 1300 г., эндокринологиялық емханада 1000 келушіге 900 г., кардиологиялық емханада 1000 келушіге 800 г., наркологиялық емханада 1000 келушіге 800 г., аллергологиялық емханалық ұйымдарда 1000 келушіге 1100 г., акушерлік-гинекологиялық емханалық ұйымдарда 1000 келушіге 800 г. т.б.
Таза күйіндегі этил спирті концентрациясының ауытқуын (96°-тан 97°) есепке алмастан босатады.
Камфорлы спирт түрінен басқа бор, салицил, құмырсқа спирттері жеке және басқа дәрілік заттар құрамында емдеу-профилактикалық ұйымдарға босатылуы, таза этил спирті нормативті есебінен жүргізіледі.
Дәріханаларда этил спиртінің қажетті мөлшерін анықтауда дәріхананың жұмыс көлеміндегі өзгерістер ескеріліп, рецептура санына байланысты анықталады.
Кең түрде қолданылатын дәрілік заттарға антибиотиктер, сульфаниламидті препараттар, витаминдер, гормонды препараттар, қызуды төмендететін дәрілер т. б. жатады.
Аталған дәрілік заттар тобының қажетті мөлшерін анықтау, олардың нақтылай пайдаланылған мөлшеріне талдау жүргізудің негізінде жүргізіледі. Кең түрде қолданылатын дәрілік заттардың нақтылай пайдаланылуына талдау жасау жұмысы екі сатыдан тұрады:
1) дәрілік заттардың колданылу көрсеткіштерін жинау және талдау;
2) талдаудың негізінде дәрілік заттардың қажетті мөлшерін есептеу.
Дәрілік заттардың қажетті мөлшерін анықтау күрделі де, қиын жұмыс.
Дәрілер топтарының қажетті мөлшерін анықтау барысында түрлі әдістемелік нұсқаулар, нормалар және компьютерлік техникалар кеңінен қолданылады.
Иллюстрациялық материалдар: 10 дана слайд
Әдебиет:
Бақылау сұрақтары: (Кері байланыс)
Қажеттілік, тұтыну сұраныс маркетингтің базалық категорияларының сипаттамалары қандай?
Дәрілік заттардың қажеттіліктерін қалыптастыратын қандай факторларды білесіз?
Дәрі-дәрмектердің қажетті мөлшерін анықтаудағы бөліну топтары, анықтау әдістемелері қандай?
Нарық жағдайында дәрілік заттарға деген сұраныстың зерделенуі қалай жүргізіледі?
Тақырыбы №12: Дәрілік заттардың айналым саласында логистикалық әдістерді қолдану. Дәріханалық қойма фармацевтикалық қызметтің көтерме сауда звеносы ретінде
Мақсаты: студенттерге дәрілік заттардың айналым саласында логистикалық әдістерді қолдану. Дәріханалық қойма фармацевтикалық қызметтің көтерме сауда звеносы ретінде туралы түсінік беру.
Дәріс тезистері:
Дәрілік заттар айналысында фармацевтикалық тауарлардың қозғалысы дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды жасап шығаруда пайдаланылатын шикізаттарды, дәрілік субстанцияларды немесе дәрілік өсімдік шикізаттарын алудан бастап, фармацевтикалық тауарларды сатып алатын, тұтынатын соңғы тұтынушыға дейінгі аралықтарды қамтиды. Осы аралықтарды екі кезеңге бөліп қарастыруға болады:
Дәрілік заттарды, басқа да фармацевтикалық тауарларды өндіруде қолданылатын шикізаттарды алудан бастап, дайын фармацевтикалық өнімдерді өндіруге дейнгі өнімдердің қозғалысы кезеңі.
Дайын фармацевтикалық өнімдердің өндірушілерден соңғы тұтынушыларға дейінгі тауарлар қозғалысы кезеңі.
Фармацевтикалық тауарлардың қозғалысы – тауарлардың өндірушілерден сатылуы өткізілу орындары арқылы тұтынылуға дейінгі физикалық түрдегі жылжу процесін құрайды. Осы аталған кезеңдердің бәрін біріктіре отырып, соңғы кезде тауарлар қозғалысындағы төте материалдық ілек аталатын түсінік пайда болды. Бұл өнімдердің, тауарлардың қозғалысы процесінде пайда болған жаңа ғылым логистикамен (грекше logistics – есептеуді жүргізу искусствосы), оның зерттеу пәнімен байланысты.
Логистер қазіргі кезеңдегі түсініктер тұрғысынан қарағанда жаңа ғылыми пән. Лагистиканын ғылыми және практикалық тұрғыдағы қалыптасуы шет елдерде өткен ХХ ғасырдың 70‑і жылдарынын басында, ал ТЕД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда экономикалық нарықтық қатынастарға сәйкес дамуының басталуымен жүзеге асуда.
Логистика ғылым ретінде тауарлар қозғалысының төте материалдық легін басқарудын жаңа тиімді әдістерін жасау арқылы ұйым, кәсіпорындар қызметінде практикалық тұрғыда сол әдістердін қолданылуын қамтамасыз етеді.
Ғаламдар мен практикалық мамандардың пікірлерінше лагистикалық әдістерді қолдану негізінде материалдық қорларды 30‑70% қысқартып, өнім, тауарлардың сақталу уақытын азайтып, өндірушілерден тұтынушыларға дейінгі қозғалыстарын жылдамдатып, тауарлар қозғалысы жүйесінде экономикалық тиімділікті қамтамасыз етеді.
Логистиканың қалыптасқан тауарлар қозғалыс жүйесінен ерекшелігі такарлардың материалдық легін финанстық, ақпараттық, сервистік қызмет және тасымалдау көліктері мен байланыстарына қамтылуында. Осыған байланысты лагистиканың негізгі міндеттеріне тауарлардың материалдық легін жоспарлау, өнімдердің, тауарлардың өндірілуіннен бастап соңғы тұтынушыға дейінгі қозғалысында жүргізілетін барлық қызмет түрлерін (қозғалысы, финанстық, ақпараттық, сервистік, тасымалдау көліктік жағынан қамту) ұйымдастырп жүргізу және бақылау жатады.
Тауарлардың төте материалдық легінің сатыларына байланысты логисчтиканың келесі түрлері бөлініп қарастырылады:
сатып алу логистика – ұйымдарды материалдық ресурстармен қамтамасыз ету;
өндірістік логиятика – өнімдерді тауарларды өндіруші немесе оларды сақтау, басқа да қызметтерлі көрсетуші ұйым, кәсіпорындардың ішкі материалдық лектерін басқару;
тауарларды, өнімдерді тарату логистикасы – дайын тауарлар мен өнімдерді тұтынушыларға жеткізу.
Фармацевтикалық нарықта көтерме сауда звеноларының қарқынды дамуы және фармация саласында логистикалық әдістердің қолданылуы бүгінгі нарықтық экономика жағдайында фармацияның басқарылуы және экономикасы пәнінің жаңа бағыттарының бірі фармацевтикалық логистиканың қалыптасуына ықпал жасады.
Фармацевтикалық логистика – дәрілік заттардың басқа да фармацевтикалық тауарлардың қозғадысын ақпараттық, финанстық және сервистік жағынан қамту негізінде оңтайландырудың және басқарудың тиімділігін арттыруға, сонымен қатар фармацевтикалық көмекті тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал жасайтын ғылым және практикалық қызмет.
Фармацевтикалық нарықтағы тауарлар қозғарысының логистикасын схема түрінде көрсетуге болады (Сур.). Фармацевтикалық тауар, өнімдерді өндіруге алынған шикізаттар (дәрілік субстанциялар) тауарөндірушінің қоймасына түседі, кейін тауар өндірушілерге беріледі.
Тауар өндірушімен өндірілген дайын фармацевтикалық тауарлар мен өнімдер дистрибьютерлерге беріледі, олардар фармацевтикалық көтерме және бөлшек сауда жүйелеріне түсіп, кейін соңғы тұтынушыға жетеді.
Фармацевтикалық тауарлардың тауарөндірушілерден тұтынушыларға дейінгі жылжуында тауарлар қозғалысы каналдары қалыптасады.
Таурлар қозғалысының әртүрлі транзиттік формалары болады. Мысалы, тауарлар тауарөндірушілерден делдалдық звеноларсыз тікелей сатылу немесе тұтыну орындарына жеткізіледі және тауарлар тауарөндірушілерден сатылу немесе тұтыну орындарына бір немесе бірнеше дистрибьюторлық қоймалар арқылы жеткізіледі.
Тауарлардың қозғалыс каналдарын таңдау оларды өндірушілерден соңғы тұтынушыға жеткізу жалдамдығына, уақытына, сақтандырылуына және бағаларына тікелей әсер етеді.
Тауарлар өндірушілерден тікелей тұтынушыға жеткізілсе, дистрибьюция каналы нөлге тең болады немесе делдалдар болмайды. Тауарларлды дистрибьюциялаудың нөлдік деңгейінде екі қатысушы ғана болады:
Тауарлар қозғалысы каналына делдардар немесе, дистрибьюторлық фирмалар кірсі, көпдеңгейді каналға айналады. Қатысушы делдал саны біреу болса бірінші деңгейлі канал болады:
Қатысушы делдалдар саны екеу болса екінші деңгейдегі канал болады:
Фармацевтикалық тауарларды дистрибьюциялау каналдары вертикалды және горизонталды бағыттарда болады. Дистрибьюциялаудың вертикалды каналдарына тауарөндіруші–дистрибьютор–бөлшектеп сату жүйесі – тұтынушы жатады, горизонталды каналдарына дистрибьюторлық көтерме сауда бірдей деңгейдегі фирмалар жатады. Ірі фармацевтикалық компаниялар фармацевтикалық тауар, өнімдерді тұтынушыларға жеткізуде тауарлар қозғалысы каналдарының барлық түрлерін қолданады.
Дәрі-дәрмектердің тауарөндірушілерден тұтынушыға дейінгі қозғалысы кезіндегі уақыттың көп бөлігі, оларды сақтауға жұмсалады. Сондықтан тауарлар қозғалысы жүйесінде майда көтерме сауда арқылы тауарларды сататын дәріханалық қоймалардың маңызы өте үлкен. Дәріханалық койманың аталған түрі дәріханалық ұйымдарды, емдеу-профилактикалық мекемелерді және басқа да кәсіпорын, ұйымдарды дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, басқа да фармацевтикалық тауарлармен камтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылады.
Тауарларды майда көтерме сауда арқылы сату дәріханалық қоймаларының негізгі міндетіне бекітілген зандылық-нормативтік құжаттардың және сапа талаптарын қанағаттандыратын дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, басқа да фармацевтикалық тауарларды қабылдау, сақтау және оларды дәріханалық ұйымдарға, емдеу-профилактикалық мекемелерге, басқа да ұйымдарға және фармацевтикалық өндірістік шағын кәсіпорындарға босату жатады.
Дәріханалық қоймалар аталған негізгі міндетіне сәйкес келесі қызметтерді атқарады:
тауарөндірушілермен шартқа отырады;
дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, басқа да фармацевтикалық тауарларды сатып алады;
тауарөндірушілер шарт міндеттерін бұзған жағдайда, оларға штрафтық санкциялар мен арыздық жұмыстар жүргізеді;
тауарөндірушілерден дәрілік заттарды, басқа да фармацевтикалық өнімдерді сапасы, бағасы және саны бойынша қабылдап алады;
дәрілік заттарды, басқа да фармацевтикалық тауарларды МФ талаптарына және олардың физикалық және химиялық-қасиеттеріне сәйкес сақталуын ұйымдастырады;
тауарлардың сақталуын және дәріханалық емдеу-профилактикалық ұйымдардан тапсырыстардың қабылдануын, оларға тапсырыстары бойынша қажетті дәрі-дәрмектерін жеткізіп беруді қамтамасыз етеді;
фармацевтикалық өнімдердін босатылу және есепке алыну тәртіптерінің қатаң түрде сақталуын ұйымдастырады;
тауарлардың сақталу кезінде жарамды мерзімдерін, тауарөндірушілер мен тұтынушылардың есеп айырысуда баға тәртібін сақтауларын бақылауға алып қадағалайды;
техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау тәртіптерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Дәріханалық қойма негізгі міндеті мен қызметтерін орындау үшін, қойма басшысы және қызметкерлері фармацевтикалық нарықтағы сұраныс пен ұсынымдарды зерттеуге, дәрі-дәрмектердің сапасының бақылану және сертификатталу тәртіптерін сақтауға, қойманың жұмысын реттейтін нормативтік құжаттардың талаптарын орындауға міндетті.
Тауарларды майда көтерме сауда арқылы сататын дәріханалық қоймаларға нормативтік құжаттарға сәйкес келесі фармацевтикалық талаптар қойылады:
бөлмелерінің белгілі көлемде болуы;
бөлмелердің талаптарға сәйкес жобалануы;
тауарлар қозғалысының ұйымдастырылуы;
бөлшектер жұмыстарының жүргізілу мүмкіншіліктері;
дәрілік заттарды, басқа да фармацевтикалық тауарларды сақтау жағдайларының болуы;
желдеткіш және жылыту жүйелерінің болуы.
Дәріханалық қойма өзалдына бөлек ғимараттарда немесе емдеу-профилактикалық мекемелерден басқа медициналық, дәріханалық ұйымдар орналасқан ғимараттардың құрамында орналасуы мүмкін. Дәріханалық қойма басқа мекемелер ғимараттары құрамында орналасқан кезде, қойманың бөлек өзалдына бөлек қызметкерлері мен келушілері кіретін, тауарларды түсіріп, тасып кіргізетін бөлек есіктері болуы керек.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 қаңтардағы «Дәрілік заттар туралы» Заңына сәйкес дәрілік заттар айналысы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, тұрғындарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді жақсарту және фармацевтикалық қызметті ұйымдастырып жүргізуді халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы №65 қаулысымен Дәріханалардың, дәріханалық қоймалардың құрылым және категорияларын анықтау Ережесі бекітілді.
Дәріханалық қоймалар фармацевтикалық қызметтерінің көлемі мен түріне байланысты екі категорияға бөлінеді.
І категориялы дәріханалық қоймаларға фармацевтикалық қызметтері дәрілік заттардың толық тізімін, есірткілік және психотроптық заттармен, прекурсорлармен, өмірлік маңызды дәрілік заттармен бірге сатып алуды, сақтауды, ҚР территориясына әкелуді, ҚР территориясынан шығаруды және сату өткізуді, жүзеге асырумен байланыста фармацевтикалық қызметтерін жүргізуші дәріханалық қоймалар жатқызылады.
І категориялы дәріханалық қоймалар фармацевтикалық қызметтерінің түрлерін жүзеге асыру үшін келесі негізгі өндірістік бөлімдерін ұйымдастырады:
қабылдау және экспедиция бөлімі;
құрамында улы, есірткілік, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрілік заттар бөлімі;
медициналық бұйымдар (медициналық техникалардан басқа), байлау-таңу, санитарлық-гигиеналық заттар бөлімі;
қосымша материалдар, ыдыстар, дезинфекциялық заттар, қышқылдар мен негіздер бөлімі.
ІІ категориялы дәріханалық қоймаларға фармацевтикалық қызметін лицензиялауда қойылатын квалификациялық талаптарды қанағаттандыратын барлық қалған дәріханалық қоймалар жатқызылады.
І категориялары дәріханалық қойманың бөлімдері мен бөлімшелерінің құрамы:
Жұмыс және шаруашылық бөлмелері:
меңгеруші кабинеті;
менеджер кабинеті;
мамандар бөлмесі;
мамандардың киімдері бөлмесі;
жуу, тазалау инвентарларын сақтау бөлмесі;
әжетхана;
жуыну бөлмесі.
Дәрілік заттарды қабылдау және экспедиция бөлімі:
тауарларды түсіру және тиеу контейнерлерінің платформасы;
дәрілік заттарды қабылдау және койманың бөлімдеріне бөлу бөлмесі;
дәрілік заттарды, басқа да тауарларды бөлу, упаковкалау және босату бөлмесі.
Құрамында улы заттар, есірткілік заттар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрілік заттар бөлімі:
құрамында улы заттар, есірткілік және психотроптық заттар, прекурсорлар бар дәрілік заттарды және рецептуралық бланкілерді қабылдау, сақтау комнатасы.
Дайын дәрілік заттар бөлімі:
дайын дәрілік заттарды, жартылай фаррикаттарды, дәрілік субстанцияларды сақтау бөлмесі;
дәрілік өсімдік шикізаттарын сақтау бөлмесі;
этил спиртін сақтау бөлмесі;
дәрілік субстанцияларды фасовклау бөлмесі;
тез тұтанғыш, жанғыш сұйықтарды сақтау бөлмесі.
Медициналық бұйымдар, байлау-таңу материалдары, санитарлық-гигиеналық заттар бөлімі:
медициналық бұйымдарды сақтау бөлмесі;
мақта, мәрлі және басқа да байлау-таңу санитарлық-гигиеналық заттарды сақтау бөлмесі.
Қосымша материалдарды, ыдыстарды, дезинфекциялық заттарды, қышқылдар мен негіздер бөлімі:
қосымша материалдарды және ыдыстарды сақтау бөлмесі;
дезинфекциялық заттарды сақтау бөлмесі;
қышқыл, негіздерді сақтау бөлмесі.
Дәріханалық қойма бөлімдері бөлмелерінің көлемдері тарауда – таблицада көрсетілген.
Дәріханалық қоймалардың құрамында тауарлар қозғалысын қамтамасыз ету үшін келесі өндірістік бөлмелердің болуы қарастырылады:
тауарларды қабылдау және экспедиция бөлмелері;
тауарларды сақтау бөлмелері;
бөлшектеу жұмыстарын жүргізу бөлмесі;
тоңазытқыш камерасы.
Дәріханалық қойманың қабылдау және экспедиция бөлімінде келесі жұмыстар жүргізіледі:
дәріханалық қоймаға келген тауарларды түсіру, топтау;
отандық және шетелдік тауарларды уақытша сақтау;
дәрілік заттардың, басқа да фармацевтикалық тауарлардың сапасын тексеру;
сапасыз деп табылған тауарларды уақытша бөлек сақтау;
дәріханалық ыдыстарды сақтау.
Дәріханалық қойманың қабылдау бөлімі қойманың басқа бөлмелерінен бөлек және дәрілік заттардың негізгі сақталу бөлмелерімен байланысты орнадасады.
Тауарлар дәріханалық қойманың сақтау бөлмелерінде стеллаждарда зауыттық ыдыстарында орналастырылады.
Дәріханалық қойма бөлмелері бөлек сақтауды талап ететін дәрілік заттар мен фармацевтикалық тауарлардың топтарына сәйкес анықталады. Қойманың жұмыс көлеміне байланыссыз келесі бөлімшелерінің болуы қарастырылады:
құрақ дәрілік заттарды сақтау бөлмесі;
сұйық дәрілік заттарды сақтау бөлмесі;
дайын дәрілік заттарды сақтау бөлмесі;
улы, есірткілік және психотроптық заттарды сақтау бөлмесі (оларды сақтауға рұқсат лицензиясы болған жағдайда);
санитарлық және гигиеналық бұйымдарды, байлау-таңу материалдарын сақтау бөлмесі;
экспедициялық бөлме.
Экспедициялық бөлмеде келесі жұмыстардың жүргізілуі қарастырылады:
жіберуге, босатуға дайындалған тауарларды орналастыру;
механикаландырылған тауар тасу құралдарының қозғалыс зонасы.
Дәріханалық ұйымның әкімшілік және тұрмыстық бөлмелері жұмыс көлеміне байланысты анықталады, олардың негізгілеріне: дәріханалық қойманың меңгерушісінің кабинеті, бухгалтерия, қызметкерлердің киініп шешінетін және тамақ ішетін т.б. бөлмелері жатады.
Дәріханалық койма орындайтын қызметтеріне сәйкес келесі жабдықтармен және инвентарлармен қамтамасыз етіледі:
тауар сақтауға арналған стеллаждар;
тоңазытқыш камералар;
тауарларды түсіру-тиеудің механикаландырылған құралдары;
ауа параметлерін тіркеу құралдары;
ағаштан және металдан жасалған шкафтар (сейфтер);
жұмыс столдары мен отырғыштары;
арнайы және сыртқы киімдер мен аяқ киімдерді сақтау шкафтары.
Дәріханалық қойманы жоғарғы фармацевтикалық білімі және үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибелері бар мамандар басқарады.
Дәріханалық қойманың құқықтық-ұйымдық формасы және жұмыс істеу уақыттары көрсетілген маңдайшасы болуы керек. Қоймаларда фармацевтикалық қызмет түрін атқару үшін берілген рұқсат лицензиялары жоқ басқа юристік және жеке тұлғалардың дәрілік заттарың уақытша сақтауға тиым салынады. Көтерме сауда арқылы дәрі-дәрмектерді сату-босатудың негізгі жағдайларына жататындар:
дәрілік заттардың сапасын, қауіпсіздігін және тиімділігін камтамасыз ету;
Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттарды қабылдау, тасымалдау және сақтау;
дәрілік заттарды, медицина бұйымдарын, басқа да фармацевтикалық тауарларды фармацевтикалық қызметпен айналысуға рұқсат лицензиялары бар тауарөндіруші ұйымдардан, юристік және жеке тұлғалардан алу;
дәрі-дәрмектерді фармацевтикалык және медициналық қызметтермен айналысуға рұқсат лицензиялары бар юристік және жеке тұлғаларға босату;
сапасы Қазақстан Республикасы сертификаттарымен расталған дәрілік заттарды босату;
дәрі-дәрмектерді көтерме сауда арқылы босату жұмыстарын ұйымдастыруда Дәріханалық тәжірибеге тиісті салалық стандарттарды енгізу.
Иллюстрациялық материалдар: 10 дана слайд
Әдебиет
Бақылау сұрақтары: (Кері байланыс)
Фармацевтикалық көтерме сауда делдалдары немесе дистрибюторларының мақсаттары мен міндеттірі қандай?
Дәріханалық қойма, мақсаты, атқаратын қазметі?
Дәріханалық қойманың негізгі бөлімдері, жұмыстарының ұйымдастырылу тәртіптері қандай?
Дәрілік заттардың дәріханалық қоймадағы қозғалысы қалай ұйымдастырылады?
Логистика түсінігінің мәні?
Тақырыбы №13: Дәрілердің сапасын бақылаудың мемлекеттік жүйесі
Мақсаты: студенттерге дәрілердің сапасын бақылаудың мемлекеттік жүйесі туралы түсінік беру.
Дәріс тезистері:
Қазақсатан Республикасында азаматтарды тиімді және қауіпсіз және сапалы дәрі‑дәрмектік көмекпен қамтамасыз ету ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүесінің медициналық және фармацевтикалық қызметтерді бақылау Комитетіне, Дәрілік заттарды, медицина бұйымдарын және медициналық техникаларды сараптаудың Ұлттық орталығына жүктеледі.
Дәрілік заттардың және басқа да фармацевтикалық тауарлардың сапасын бақылау жүйесі – дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, медициналық техникалардың, биологиялық белсенді қоспалардың, емдік‑профилактикалық заттардың, косметикалық және стоматологиялық тауарлардың сапасыфн қамтамасыз ету шараларының кешенін құрайды.
Нарықтық экономика жағдайында Қазақсатан Республикасында дәрілік заттардың, басқа да фармацевтикалық тауарлардың сапасын бақылаудың мемлекеттік жүйесі қалыптасып нығаюда.
Дәрілік заттардың, басқа да фармацевтикалық тауарлардың мемлекеттік жүйесінің қалыптасып дамуы.
Қазақсатан Республикасының «Дәрілік заттар туралы» Заңының қабылдануына байланысты болды. ҚР «Дәрілік заттар туралы» Заңы дәрілік заттардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын мемлекеттік бақылау жүйесінің құрылымына кіретін мемлекеттік құзырлы органдарды анықтайды. Аталған Заңның қабылдануымен Қазақсатан Республикасында дәрілік заттардың айналысы саласындағы сапаны мемлекеттік бақылауды басқарудың вертикалды жүйесі қалыптасып жұмыс істеуде.
Қазақсатан Республикасында дәрілік заттардың сапасын бақылаудың мемлекеттік жүйесінің басты мақсаты фармацевтикалық кәсіпорындар өндіретін тауарлардың әкелінбеуін, дәрілік заттарды өндіріп шығаруда және медициналық емдеу практикасына енгізуде сақталу, босатылу, өткізілу жағдайларының бұзылуларына байланысты туындайтын қолайсыздықтардан тұтынушыларды қорғауды қамтамасыз ету.
Дәрілік заттардың сапасын бақылаудың мемлекеттік жүйесі мемлекеттік және аймақтық деңгейлердегі дәрілік заттардың сапасын мемлекеттік бақылау, стандарттау, сараптау және дәрілік заттарды, медицина бұйымдарын, медициналық техникаларды тіркеуден өткізу жүйелерінен тұрады (Сур.).
Дәрілік заттардың сапасын бақылау жүйесінің мемлекеттік деңгейдегі органдарына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық қызметтерді бақылау Комитеті мен дәрілік заттарды, медицина бұйымдарын және медициналық техникаларды сараптаудың Ұлттық орталығы жатады.
Дәрілік заттардың сапасын мемлекеттік бақылау органдары келесі негізгі қызметтерді атқарады:
дәрілік заттарды, медицина бұйымдарын, медициналық техникаларды мемлекеттік тіркеуден өткізу және дәрілік заттардың сапасына мемлекеттік бақылау жүргізу;
дәрілік заттардың сапасын мемлекеттік бақылау жүйесінің ғылыми‑әдістемелік базасын дайындау және бекіту;
аймақтық дәрілік заттардың сапасын бақылау және сертификаттау органдарын аккредитациялау және жұмыстарын бақылау;
дәрілік заттардың, медицина бұйымдарының сәйкестіктерін растауды жүзеге асыру;
дәрілік заттар айналысы саласының кормативтік‑құқықтық актілерін жасап, сараптау жұмыстары жүргізу арқылы фальсифицирленген өнмдердің таралуына жол бермеу үшін фармацевтикалық қызметтерді қадағалау.
«Дәрілік заттар туралы» ҚР Заңына сәйкес дәріәлік заттар мемлекеттік үлгідегі тіркеу куәлігін беру арқылы міндетті түрде тіркеуден өткізіледі.
Мемлекеттік тіркеуден жаңа ДЗ, бұрын тіркедген ДЗ жаңа комбинациялары, бұрын тіркелген ДЗ өзгертілген қосалқы заттарының құрамымен немесе жаңа дозаларымен өндірілген басқа да дәрілік формалары, қайталанып шығарылған ДЗ, жануарларды емдеуге арналған ДЗ өткізіледі. Дәріханалық жағдайда экстемпоралды түрде дайындалған дәрілік заттар мемлекеттік тіркеуге жатпайды. Дәрілік заттар тіркеуден өткізілгеннен кейін ҚР ДСМ жыл сайын шығарып отыратын дәрілік заттардың мемлекеттік реестрінде енгізіледі. Дәрілік заттарды тіркеуден өткізуге тапсырыс берушілерге тіркеу куәлігі беріледі. (Сур.).
Дәрілік заттардың сапасын мемлекеттік бақылау келесі түрлерде жүргізіледі:
ДЗ сапасын алдынала бақылау;
ДЗ сапасын іріктеп бақылау;
ДЗ сапасын қайталап іріктеп бақылау;
ДЗ өндіруге арналған заттардың (субстанциялардың) және фармакологиялық белсенді өсімдік, жануарлар тектес немесе синтетикалық заттардың сапасын бақылау;
өндіріп шығаратын ДЗ сапасын инспектрлеу мақсатында дәрілік заттарды өндіруші кәсіпорындарда жүргізілетін кезеңді бақылаулар.
Сапаны алдынала бақылауға ҚР территориясында фармацевтикалық өнімдерді өндіруші кәсіпорындар шығаратын ДЗ, тауарөндірушілермен бірінші рет шағарылған ДЗ, ҚР территориясына бірінші рет енгізілген ДЗ, технологиясы өзгерген ДЗ, өндірілуі үш жыл және одан көп уақыт тоқтатылып, енді қайтадан шығарылған ДЗ және сапасы төмендеген ДЗ жатқызылады.
Іріктелген сапалық бақылауға Қазақсатан Республикасының дәрілік заттар айналысы саласындағы қолданыстағы отандық және шет елдерде өндірілген дәрілік заттар жатқызылады. ДЗ үлгілерінің іріктелген сапалық бақылауға алыну кезеңдері мен номенклатуралары іріктелген бақылауды жүргізу жоспарымен реттелінеді.
Дәрілік заттардың сапасына қайталап іріктеу бақылауын жүргізу фармацевтикалық субъеутіәлердің арасында ДЗ сапасы туралы түрлі күмәнді жағдайлар туындаған кезде жүзеге асырылады.
Дәрілік заттарды өндіруге арналған заттардың (субстанциялардың) және фармакологиялық белсенді өсімдік, жануарлар тектес немесе синтетикалық заттардың сапаларын бақылау, оларды тіркеуден өткізу сатыларында және алдынала, іріктеп бақылау аяларында жүргізіледі.
Дәрілік заттарды, медицина бұйымдарын және медициналық техникаларды сараптаудың ұлттық орталығы (ҰО) елімізде дәрілік заттардың қауіпсіздігін, тиімділігін, сапасын бақылауға, дәрілік заттардың фармацевтикалық, клиникаға дейінгі және клиникалық сараптауларына ғылыми‑әдістемелік басшалақты қамтамасыз етеді.
ҰО құрамында Республика аймақтарында орналасқан онекі территориялық бөлімшелермен вертикалдық құрылым болып табылады. ҰО территориялық бөлімшелері Қазақсатан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесімен аккредитацияланған сынаудан өткізу лабараториялыры мен сәйкестіктерді растайтын органдардан тұрады.
Ұлттық орталық 2006 жылы «Сапа менеджменті жүйесі» ISO 9001:2000 халықаралық стандарты талаптарына сәйкестігіне сертификациядан өтіп, дәрілік заттардың, медицина бұйымдарының, медициналық техникалар айналысы саласында сараптау қызметін жүзеге асыруда қолданылатын сертификат алды.
Қазақсатан Республикасы 2007 жылы БДҰ дәрілік заттарды мониторингілеу халықаралық бағдарламасының ассоциативтік мүшелігіне (Швеция, Упсала қ.) кірді.
ҰО дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеудегі біріншілік сараптау бөлімі дәрілік заттарды тіркеуде, қайта тіркеуде және тіркеу мәліметтеріне өзгерістер енгізуде біріншіліксараптау сатыларында қауіпсіздікті, тиімділікті және сапаны анықтауға бағытталған шараларды жүргізу және сараптау нәтижелерін құжатты түрде безендіру жүзеге асырады.
ҰО сынау орталығы дәрілік заттарды, медициналық иммунобиологиялық препараттарды, медициналық бұйымдарды және медициналық техникаларды мемлекеттік тіркеуден, қайта тіркеуден өткізуде аналитикалық сараптауларды, сынауларды, фармацевтикалық және климникаға дейінгі зерттеулерді жүргізеді.
ҰО фармакопеялық орталығының басты мақсаты Қазақсатан аясында қызметтің жоғары сапалық деңгейіне қол жеткізу. Аталған мақматты орында Фармакопеялық орталық келесі қызметтерді атқарады:
дәрілік заттардың арнайы фармацевтикалық сараптамаларын жүргізу;
Қазақсатан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясын жасау және шағаруға дайындау;
дәрілік заттарды, медицина бұйымдарын өндіруге бағалауды (инспектрлеуді) жүргізу;
ҚР дәрілік заттар айналысы саласының нормативтік құқықтық актілерін жасауға қатысу;
ҚР фармацевтикалық нарығында сапасыз, фальсифицирленген дәрілік заттарды болдырмауға бағытталған нұсқауларды жасау.
ҰО Фармакологиялық орталығы өз компетенциясы шеңберінде дәрілік заттардың клиникаға дейінгі және клиикалық зерттеулерден өткізіп, Қазақсатан Республикасының дәрілік заттарды мемлекеттік реестріне өзгеріс және толықтырулар енгізеді, өмірлік маңызды дәрілік заттар тізіміне ұсыныстар жасайды.
ҰО Медициналық бұйымдарды және медициналық техникаларды мемлекеттік тіркеуден өткізудегі эксперттік жұмыстар бөлімі аталған бағытта көрсетілетін қызметтің сапасын қамтамасыз етіп, кәсіпорынның сапа менеджменті жүйесінің талаптарын жүзеге асыруға қатысады.
ҰО сертификаттау (сәйкесті растау) бөлімі Қазақсатан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің талаптарына сәйкес дәрілік заттардың, медициналық иммунобиологиялық препараттырдың, медициналық бұйымдардың, косметикалық заттардың сәйкестіктерін растауды жүзеге асырып сәйкестік сертификаттарын береді.
ҰО Ақпараттық‑аналитикалық маркетингтік орталығы компаниялардың бизнес‑процестерінің қажеттіліктерін тиімді түрде қамтамасыз етуге және бизнес тиімділігін ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жоғарылатуға бағытталған шараларды жүзеге асырады.
Фальсификацияланған дәрі‑дәрмектік өнімдер. Фальсифицирленген дәрілік заттар сапалы фармацевтикалық көмек көрсетуді қамтамасыз етудегі күрделі мәселе. Фальсифицирленген дәрілік заттардың көлемінің өсуі өткен ХХ ғасырдың 80‑і жалдарының ортасынан кейін байқалды. Қазақсатан Республикасында фальсифицирленген дәрілік заттардың пайда болуы 90‑ы жылдардың аяғында байқалды.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау Ұйымының анықтаған түсінігіне сәйкес фальсифицирленген дәрілік заттарға біліп тұрып алдау жолымен түпнұсқалығы өзгертірген маркировкалармен қамтамасыз етілген дәрілер жатады. Фальсифицирленген фармацевтикалық өнімдер құрамына тиісті ингредиенттер немесе белсенді заттары жоқ, белсенді заттары аз дұрыс емес ингредиенттері енгізіліп, жасанды упаковкалармен жабдықталады.
Жасанды немесе фальсифицирленген дәрілік заттардың келесі түрлері кездеседі:
этикеткаларындағы көрсетілген белсенді заттары жоқ – бос дәрілік препараттар;
этикеткаларындағы көрсетілген белсенді заттардың орындарына құрамында басқа заттары бар – имитациялық дәрілік препараттар;
этикеткаларындағы көрсетілген белсенді заттардың құрамында көп немесе аз молшердегі дәрілер;
этикеткаларындағы көрсетілген құрамындағы белсенді заттары сол мөлшерде бар, бірақ басқа өндірушілермен дайындалған дәрілік заттар. Бұл жағдайдағы дәрілік заттарды «сапалы жасанды» дәрілік препараттар деп атайды, оларда адам денсаулығы үшін қауіпті болып табылады. Себебі мұндай дәрілік заттардың өндірісінде лабораториялық зерттеулер, тіркеуден өткізу, инспектрлеу сияқты шаралар жүргізілмегендіктен стандарттарға сәйкестігіне кепілдік болмайды.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау Ұйымы фальсифицирленген немес жасанды дәрілік заттарды қарсы күресте жинақталған ғылыми және әдістемелік базаларды негізге ала отырып, аталған бағыттағы жұмыстарды алға қарай жандандыру шараларын ұсынады:
фальсифицирленген дәрілік заттарға қарсы жүргізілетін жұмыстардың ұлттық бағдарламасын жасау;
дәріханалық және емдеу ұйымдарында жасанды дәріліік заттарды болдырмау мақсатында кезеңді түрде тексерулерді жүргізу;
фальсифицирленген дәрілік заттарды анықтау мамандарын даярлау;
фальсифицирленген дәрілік заттарды анықтаудың аналитикалық әдістерін жасау және қолдану.
Иллюстрациялық материалдар: 10 дана слайд
Әдебиет:
Бақылау сұрақтары: (Кері байланыс)
Дәрілік заттарды стандарттау және сертификаттау түсінігі дегеніміз не?
Дәрілік заттардың сапасын бақылаудың мемлекеттік жүйесінің құрылымы қандай?
Дәрілік заттар айналысы саласындағы ұлттық стандарттар?
Фармацевтикалық және фармакологиялық комитеттің (орталықтар), Бақылау –аналитикалық зертханалардың (орталықтардың, дәрілік заттарды стандарттау және сертификаттау зертханалардың негізгі міндеттері қандай?
Тақырыбы №14: ҚР дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндіріліуі
Мақсаты: студенттерге ҚР дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндіріліуі туралы түсінік беру.
Дәріс тезистері:
Қазақстанда фармацевтикалық жүйенің қарқынды дамуы ел тәуелсіздігін алған 1991 жылдан кейін басталды. Елімізде орналасқан фармацевтикалық кәсіпорындар негізінен галенді препараттар мен дәрілік заттар субстанцияларын, оған қоса инфузионды ерітінділер өндірілетін. Кеңестер одағының басқа одақтас республикаларына өңдеуге жіберілетін табиғи түрде өсірілетін дәрілік шөптер жиналатын.
1996 жылғы «Фармация» АҚ Холдингіні тарату туралы ҚР Үкіметінің қаулысы, кейінгі 1997 жылғы 20 тамыздағы 3621 ҚР Президентінің «Медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Жарлығы елімізде жеке мемлекеттегі фармацевтикалық сектордың қалыптасуына және отандық фармацевтикалық өнеркәсіптің дамуына жол ашты.
1999 жылы өндірілетін отандық дәрілік заттардың үлесі 11%, көлемі 11,3 млн. АҚШ долларын құрады, дәрілік заттардың отандық номенклатурасы 270-ке жетті, фармацевтикалық өнім өндіруші кәсіпорындар саны 40-тан асты.
2000 жылы дәрілік заттардың отандық өндірісінің көлемі 19 млн. АҚШ долларын құрап, дәрілік заттар номенклатурасы 800-ге жуықтады, оның ішінде 600-дәрілік заттар, 200-ге жақын медициналық жабдықтар мен бұйымдар.
2005 жылы отандық дәрілік заттар өндірісі 47 млн. АҚШ долларына жетті.
Қазіргі кезде отандық фармацевтикалық өндірістің көлемі 70 млн. АҚШ долларынан асты, дәрілік заттар өндірісі кәсіпорындары 120-асты, олардың ішінде АО «Химфарм» Santo жылдық тауарайналымы 3 млрд. теңгеге жуық, өнімдерін алыс, жақын шетелдерге, атап айтқанда Англия және ТМД елдеріне экспорттайды. Алматы фармацевтикалық – «Нобель АФФ» АҚ‑ың жылдық өндіріс көлемі 160 млн. таблетка, 35 млн. капсула, 4,5 млн. кремдер және 5 млн. аса сироптарды құрайды.
Павлодар қаласында «Ромат» фармацевтикалық зауыты Ақтөбе «Ақтөберенген» зауыты, Қарағанды фармацевтикалық зауыты, Алматы қаласы жанында «Нұрмай» АҚ инфузионды ерітіндідер зауыты, Степногорск фармацевтикалық кәсіпорны жұмыс істейді.
Қарағанды қаласында «Фитохимия» ғылыми өндірістік орталығының Қарағанды фармацевтикалық зауыты базаларында республикалық фармацевтикалық кластер ұйымдастырылды, оның жұмысына Қарағанды облысының 16‑дан астам кәсіпорындары таратылған.
Фармацевтикалық нарықтың әлемдік экономика салаларындағы алатын орнын анықтау, фармацевтикалық компаниялардың нарықтық капитализацияларының (шығарылған акцияларының нарықтық құнымен есептелген бағалары) көлемімен анықталады.
Дамыған әлемдік 500 компаниялардың ішінде 20-ан аса фармацевтикалық компаниялар кіреді, олардың капитализацияларының көлеміне қарай фармацевтикалық сектор банктер, телекоммуникациялық компаниялар мен олардың бағдармаларын жасаушылар және компьютерлік техникаларды өндірушілерден кейінгі орынды алады.
Фармацевтикалық нарықтың әлемдік рейтінгіндегі компаниялардың жартысынан астамын АҚШ фармацевтикалық компаниялары иемденеді. Мұның өзі әлемдік фармацевтикалық нарықта американдық компаниялардың көшбасты рөлдерін көрсетеді.
Әлемдік фармацевтикалық нарықта американдық фармацевтикалық компаниялармен Англия, Дания, Швеция, Ирландия, Германия және Италия көпұлтты еуропалық компаниялар бәсекелеске түседі.
Еуропалық фармацевтикалық өндіріс ассоциясы федерациясының (EFPIA-European Federation of Pharmaceutical Jndustries Associations) ғылыми зерттеулерінің негізінде еуропалық фармацевтикалық нарықтың дамуын жақсартуға бағытталған келесі шаралар жүзеге асырылуда:
тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қажеттілігіне жұмсалатын қаражат көлемін ұлғайту;
тұрғындардың денсаулығын сақтауға қолданылатын дәрілік заттарды пайдалану тиімділігін жоғарлату;
фармацевтикалық нарыққа жаңа дәрілік заттардың енгізілуін жылдамдату;
тұтынушыларды ауру терапиясы және басқада қажетті болатын мәліметтермен ақпараттандыру;
дәрілік заттарды фармацевтикалық нарыққа шығарудағы кедергілерді мейлінше азайту;
Еуропалық кеңестің шығыс бағытына қарай кеңейюінде еуропалық фармацевтикалық нарыққа өзге тауарлардың енуін болдырмау.
Фармацевтикалық индустрияның әлемдік көшбасшылары нарықтың бәсекелестікке сәйкес фундаменталды және прикладты сипатта ғылыми зерттеулерді жүргізеді. Генетика, органикалық синтез, биотехнология, нанотехнология т.б. бағыттарында жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелерінде фармацевтикалық нарыққа жаңа активті субстанциялар енгізіліп, инновациялық дәрілік заттар жасалуда. Соңғы жылдарда әлемдік көшбасшы фармацевтикалық компаниялардың ассортименттік саясаттарында мегабрэнділерді (блок-бастерлерді) шығару стратегиясы кеңінен қолданылуда.
Мегабрэнділерге (немесе блокбастерлер) – бүкіл әлемдегі сатылу көлемі жылсайын милиард АҚШ долларынан асатын және шығарылған уақытынан бастап 50-ден аса елдерде сатылатын өнім, тауарлар жатады. Фармацевтикалық нарықта мегабрэнділердің шығарылуы қатерлі ісік, остеопороз, тромбоз, жүрекқантамырлары т.б. ауру түрлерінің таралуына байланысты анықталады.
Әлемдік фармацевтикалық нарықта АҚШ фармацевтикалық компанияларына – 68% мегабрэділер, еуропалық компанияларға-28% және Жапония компанияларына - 4% жатады.
Тәуелсіз елдер достығы (ТЕД) мемлекеттерінде жалпы фармацевтикалық нарықтың, оның ішінде фармацевтикалық өнеркәсіптің дамуына келесі факторлардың әсерлері болды:
кеңестік дәуірде тұрғызылған және белгілі бағыт бойынша жұмыс істейтін фармацевтикалық кәсіпорындардың жоспарлы түрде жұмыс істеуімен байланысты фармацевтикалық тауарлар ассортименттерін қалыптастырудағы қиыншылықтар;
жоспарлы экономикалық саясаттың негізіндегі әр мемлекеттің ғылыми-текникалық потенциялына байланысты өндіріс күштерінің қалыптасуы мен технологиялық процестердің игерілуі;
Кеңестер одағы территориясында өндірістік күштердің тиімді бөлінбеуі, Қазақстанда фармацевтикалық индистрияның даму деңгейі өте төмен деңгейде болды.
Фармацевтикалық өндірістің дамуының өте ауыр кезеңі ТМД елдерінде өткен ғасырдың 90-жылдарында байқалады. Себебі, бұл кезеңде ТМД елдері экономикасының нарықтық қатынастарға қайта бағытталуы жүзеге асты.
ТМД елдерінің отандық фармацевтикалық өндірістерінің алдына өндірісті дамыту үшін инвестициялар көлемін ұлғайту міндеттері қойылды. Қазіргі кезеңдегі отандық фармацевтикалық өндіріс кәсіпорындарының стратегиясын қалыптастыруда менеджмент және маркетингтік жүйелерін енгізу-фармацевтикалық нарықты дамытудың басты факторына айналды.
Иллюстрациялық материалдар: 10 дана слайд
Әдебиет:
Бақылау сұрақтары: (Кері байланыс)
Өнімді жеткізу туралы қандай негізгі жағдайлар бар?
Кепілдік сақтау мерзімін қалай түсінесіз?
Өндірісте дәрілік заттардың сапасын бақылау қалай жүргізіледі?
Тақырыбы №15: Фармацевтикалық этика және деонтология
Мақсаты: студенттерге фармацевтикалық этика және деонтология туралы түсінік беру.
Дәріс тезистері:
Фармацевтикалық мамандардың кәсіби борыштарына деген қатынастарында, олардың моральдық қасиеттері үлкен мәнге ие. Фармацевтердің моральдық касиеттері фармацевтикалық этика және деонтология туралы ілімдерде қамтылып көрсетілген.
Мораль мен этика адамдардың арақатынастарын реттеу үшін керекті болатын қағидаларды қалыптастыруға байланысты, қоғамның дамуының белгілі сатысында пайда болды.
Этика — қандай бір қоғамдық немесе кәсіби топтардағы адамның тәртібінің құқықтылық нормаларының жүйесі.
«Этика» терминін адамның мораль туралы ілімі ретінде Аристотель ұсынған. Адамзат дамуының ертерек сатыларында медициналық және фармацевтикалық этикалық нормалар Ежелгі Шығыс елдерінде (Қытай, Индия) жасалынып, алғаш рет пайдаланылған.
Бірақ этикалық нормалардың медициналық қызметкерлер іс-қимылдарында толықтай қолданылуы Гиппократ антынан (біздің эрамызға дейінгі V—VI ғ.ғ.) жүзеге асты. Көптеген ғасырлар бойы қазақстандық және шетелдік медициналық, фармацевтикалық оқу орындарының түлектері, практикалық жұмысқа кірісер алдында таңдаған мамандықтарына Гиппократ антымен ант етеді.
Гиппократ антының талаптарын ұлы оқымыстылар Гален, Авиценнаның жене қасиетті Рим империясының императоры Фридрих ІІ еңбектері мен іс-әрекетерінен табуға болады. Олар дәрігерлер мен фармацевтердің құқыұтары мен міндеттерін бөліп анықтап, алғаш рет фармацевтер антының нұсқасын жасады. Барлық халықаралық және ұлттық медициналық кодекстер мен міндеттемелердің мазмұны Гиппократ антына жақын келеді.
Фармацевтикалық этика фармацевтикалық мамандардың өзара қатынастарын, фармацевтикалық қызметтеріндегі әртүрлі жағдайлардағы тәртіптерінің нормаларын анықтайды.
Фармацевтикалық этика мен деонтология медициналық этика, деонтологиямен тығыз байланысты, себебі дәрігерлер мен фармацевтердің іс-әрекеттері адамдардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған. Бірақ фармацевтикалық этика мен деонтологияның өз ерекшеліктері бар. Ерекшеліктер фармацевтің ауруларды жеке емдемей, оларға сапалы түрде дәрі-дәрмектік көмек көрсетуіне байланысты.
XX ғасырдың 80-і жылдары кәсіби фармацевтикалық этика тұрғындарға дәрі-дәрмектік көмек көрсету кезінде дәріханалық ұйымдарда жағымды моральдық-психологиялық жағдайларды жасаумен анықталды. Мұндай жағдайды қамтамасыз етуге дәріхана қызметкерлерінің бір-біріне және тұрғындарға ілтипатпен сергек қарауларымен, дәріханалық ұйымдардан дәрілік заттарды босату тәртібін бұзушылықты болдырмауымен қол жеткізілді. Дәріханалық қызметкерлер аурулармен, әсіресе аурудың ауыр түрімен ауыратын аурулармен қатынас жасап, сөйлесу кезінде, олардың аурулары туралы анықтама бермеулері керек. Рецептер және рецептердегі жазылған дәрілік заттардың атаулары немесе дозалары дұрыс болмаған жағдайда, оның себептерін тек қана дәрігермен сөйлесіп шешу керек. Дәрігердің рецепте жазған дәрілік заты дәріханалық ұйымда болмаған жағдайда, дәріханалық қызметкерлер ауруды қажетті дәрісімен қамтамасыз ету үшін керекті шаралардың бәрін істеуге міндетті.
«Деонтология» түсінігі, адамның кәсіби тәртібі туралы ілім ретінде XIX ғасырдың басында пайда болды.
Фармацевтикалық деонтология — фармацевтикалық мамандар емдеудің пайдалылығын максималды түрде жоғарлатуға және толық түрде жүргізілмеген медициналық жұмыстардың зияндылығын жоюға бағытталған тәртіптік іс-қимылдарының принциптерін қамтиды.
Фармацевтикалық деонтологияның негізгі бағыттарының бірін дәріханалық қызметкерлердің дәрілік заттарды алушы тұрғындармен қарым-қатынасы құрайды. Аурулармен және олардың туыстарымен қарым-қатынас жасауда фармацевтер келесі деонтологиялық талаптарды сақтаулары қажет:
көрініске таза, ұқыпты болу;
фармацевтің тәртіптілік манерасы;
фармацевтің сөйлеген сөзінің түсініктілігі;
фармацевтің дәріханаға келушілерді тыңдай білуі;
витриналардың безендірілуінің кәсіби және эстетикалық талаптарға сәйкестігі;
аурулардан жағымсыз мәліметтерді жасыра білуі;
дәрілік заттарды қабылдау тәсілдерін түсіндіре білуі;
дәрігердің абыройын сақтай білуі;
кәсіби деңгейін үнемі жоғарлата білуі;
дәрілік заттарды, медицина бұйымдарын, басқа да фармацевтикалық тауарларды сату, босату этикасын сақтай білуі.
Психолог мамандардың айтуы бойынша 80% жуық жағдайда адамдар туралы пікір бірінші көрініс әсерінен қалыптасады екен. Дәріханалық ұйым қызметкерінің крахмалданған ақ халаты, сыртқы көріністегі ұқыптылығы, сыпаттылығы мен ілтипаттылығы дәріханаға келушілердің сенімділік қарым-қатынасын қалыптастырады.
Дәріханаға көбіне ауру адамдар келетінін ескерсек, олар тез ренжігіш, ашуланшақ болады. Сондықтан дәріханалық қызметкерлер дәріханаға келушілерге сыпайылықпен, мәдениеттілікпен, үлкен ілтипаттылықпен караулары керек. Ауруларға жылы жүзділікпен қарау, олардың ауруын жеңілдетуге себебін тигізеді, сонымен қатар фармацевтің беделін көтереді.
Тек дәрі ғана емес, фармацевтің ауруға айтқан жылы сөзі-де ауруды емдейтіндігін ескерсек, аурулармен қатынас жасауда нені және қалай айтуға ерекше көңіл бөлінуі қажет.
Ауру адамдар фармацевтің айтқан сөздеріне, дәріханада дайындалған дәрілік формалардың тартымды безендірілуіне, витриналардағы дәрілік заттардың кәсіби көзқарас тұрғысынан ғана емес, жалпы эстетикалық жағынан әдемі қойылуына үлкен мән беріп, сенімділікпен қарайды.
Ауру адамдардың дәрілік заттардың емдік әсеріне деген сенімдерін сақтау үшін, фармацевт дәрігердің беделін үнемі көтеріп отырады.
Фармацевтің жоғарғы кәсіби деңгейдегі дайындығы болуы керек.
Тұрғындар көбіне жарнама арқылы танып білген дәрілік заттарын дәріханалық ұйымдардан келіп алуға тырысады. Аталған жағдайда, фармацевтің міндеті - ауруға дәрілік заттардың емдік және қосалқы әсерлерін, өзбетінше емделудің зиянды жақтарын толық түрде түсіндіру.
Фармацевтикалық деонтологияның негізінен үш түрлі жүргізілу бағыттары бар:
фармацевтімен дәрігердің қатынасы;
фармацевтімен ауру адамдардың қатынасы;
фармацевтімен фармацевтің қатынасы.
Фармацевт және дәрігер бір мақсатта жұмыс істейді, ол ауырған адамның денсаулығын қалпына келтіру. Фармацевтің борышы — кәсіби тәуелсіздігін сақтау, өз жауапкершілігін сезіну және өз мамандағының дәрежесін үнемі жоғары ұстау.
Фармацевтің әріптестерімен қатынасы әр ұжым мүшелерінің еңбегі мен тәжірибесіне сый-құрметпен қарау негізінде калыптасуы керек.
Фармацевтикалық этика мен деонтология талаптары фармацевтер мен фармацевт ассистенттердің дәрілік заттар айналысы саласындағы іс-әрекеттерінің барлық түрлеріне қатысты.
Иллюстрациялық материалдар: 10 дана слайд
Әдебиет:
Негізгі:
Управление и экономика фармации: учебник / под ред. В.Л. Багировой. – М., 2008.
Организация и экономика фармации: учебник / под ред. И.В. Косовой. – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Академия 2004. – 400 с.
Қосымша:
Максимкина Е.А. Стандартизация и обеспечение качества лекарственных средств: учебное пособие. – М., 2008.
Криков В.И. Организация и экономика фармации: учеб. для фармац. ин-тов и фармац. фак. Мед.ин-тов. – М., 1991.
Умурзахова Г.Ж. Правила обслуживания потребителей фармацевтических услуг и критерии их оценки. Планирование дополнительной сезонной потребности в фармацевтических кадрах методические рекомендации. – Шымкент: Б. и., 2011.
Автоматизированная и адаптированная программа по управлению фармацевтическими товарами. методические рек. / К.Д. Шертаева [и др.]. – Шымкент: ЮКГМА, 2009.
Организационные вопросы осуществления фармацевтической деятельности в объектах розничной реализации лекарственных средств: методические рек. / сост. А.Д. Ахимова [и др.]. – Шымкент, 2009.
Разработка методических подходов к оптимизации информационного обеспечения специалистов (врачей и фармацевтов) – на основе компьютерных технологий: методич.рек. / К.Д. Шертаева [и др.]. – Шымкент, 2008.
Формирование образа фармацевта (провизора) – специалиста, контактирующего с пациентами (больными, посетителями) и отпускающего лекарства: методич. рек. / сост. М.К. Сапакбай. – Шымкент, 2006.
Сборник законодательных и нормативно-правовых актов, регулирующих фармацевтическую деятельность в Республике Казахстан / отв. ред. Б.К. Махатов. - Шымкент, 2005.
Шертаева К.Д. Методическое пособие по основам предпринимательской деятельности в фармации для студентов фармацевтических факультетов (вузов). 1- часть. – Шымкент, 2001.
Шертаева К.Д. Методическое пособие по основам предпринимательской деятельности в фармации для студентов фармацевтических факультетов (вузов). 2- часть. – Шымкент, 2001.
Арыстанов Ж.М. Фармацевтическая терминология в условиях рыночной экономики: производственно-практическое изд. - Шымкент, 2001.
Кусис Е.П. English for Future Pharmacists Ч.1: учеб. пособие для студентов мед.вузов. – Шымкент, 2008.
Электронные ресурсы
1. Умурзахова Г.Ж. Правила обслуживания потребителей фармацевтических услуг и критерии их оценки. Планирование дополнительной сезонной потребности в фармацевтических кадрах методические рекомендации. – Электрон. Текстовые дан. (410 Мб). – Шымкент: Б. и., 2011. – 32 эл. опт. диск (CD-ROM).
2. Арыстанов Ж.М. Основы управленческой этики в фармации – коммуникативные навыки [Электронный ресурс]. учеб.пособие. / ЮКГФА –Электрон. поисковая прогр. (646 Мб). – Шымкент: Б. и., 2010. – 84 эл. опт. диск (CD-ROM).
3. Автоматизированная и адаптированная программа по управлению фармацевтическими товарами [Электронный ресурс]. методические рек. / К.Д. Шертаева ЮКГФА.
- Электрон. дан (168 Кб). – Шымкент: ЮКГМА, 2009. – 36 эл. опт. диск (CD-ROM).
4. Организационные вопросы осуществления фармацевтической деятельности в объектах розничной реализации лекарственных средств: [Электронный ресурс]. методические рек. / сост. А.Д. Ахимова [и др.]. - Электрон. текстовые дан. (299 Кб). – Шымкент: ЮКГМА, 2008.
5. Арыстанов Ж.М. Стандартизация лекарственных средств [Электронный ресурс]. учеб. пособие. – Шымкент, 2002. эл. опт. диск (CD-ROM).
Бақылау сұрақтары: (Кері байланыс)
Фармацевтикалық кәсіпкерлікте этика түсінігіне сипаттама беріңіз?
Заманауи басқарудағы этиканың маңызы?
Этикалық тәртіп көрсеткіштерін қалай жоғарылатуға болады?
|
РГП на ПХВ «Южно-Казахстанская государственная фармацевтическая академия» МЗРК
|
044 -40/15
|
Кафедра организации и управления фармацевтическим делом
|
Тезисы лекций
по дисциплине
«Основы организации фармацевтической деятельности»
Специальность: 5В110300 – «Фармация»
Шымкент-2013
Лекционный комплекс составлен в соответствии с рабочей программой утвержденной на заседании Методического Совета ЮКГФА
Протокол №____ от «___»_________20__г.
«Основы организации фармацевтической деятельности»
Достарыңызбен бөлісу: |