|
ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК
|
044 – 40/15
|
«Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасы
|
«Медициналық және фармацевтикалық тауартану»
пәні бойынша
ДӘРІС КЕШЕНІ
Мамандық: 5В110300 – «Фармация»
Шымкент-2013
Дәріс кешені «Медициналық және фармацевтикалық тауартану» пәнінің жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырылып, ОҚМФА Әдістемелік Кеңесінде қаралып, бекітілген.
Хаттама № ___ _______ 20__ ж.
«Медициналық және фармацевтикалық тауартану»
1. Тақырыбы №1: «Тауартану ғылыми пән ретінде. Тауартанулық талдауын жүргізудегі нормативті-техникалық құжаттар (НТҚ)»
2. Мақсаты: Студенттерді тауартанумен және тауартанулық талдауын жүргізудегі нормативті-техникалық құжаттармен таныстыру.
3. Дәріс тезистері: Тауартану — тауарлардың тұтынушылық бағасын анықтайтын ғылыми пән. Тауартану медициналық және фармацевтикалық болып бөлінеді. Медициналық тауартану медицинада қолданылатын, емдеу-диагностикалық процесте тағайындалуына сәйкес әрбір тауардың функционалды қасиетін зерттейді. Фармацевтикалық тауартану атауына сәйкес фармацевтикалық тауардың функционалдық қасиетін зерттейді.
Тауардың қасиеті жасалынған материалына, конструкциялық пішініне, дайындалу кезеңіне байланысты. Кәсіби тауартану функциясын орындау үшін фармацевт істей алу керек:
фармацевтикалық тауар мен медициналық техникасының сапасын бағалау мақсатында жүргізілген тауартану талдауының нормативті-техникалық құжаттар жиынтығын;
осы тауарларды, тауар, тауар топтары ментүрлеріне жіктеу, қорабын бағалап, маркировкасын түсіну;
тауардың физико-химиялық және т.б. қасиеттерін есепке ала отырып, оған ыдыс, орап-байлау материалдарын таңдау;
сақтау мен транспорттау кезінде фармацевтикалық тауар мен медициналық техникасының сапасына сыртқы ортаның әсерін болжау;
әрббір тауар тобына оптималды сақтау шарттарын таңдау;
қабылдап алу мен сатылуға дейінгі фармацевтикалық тауар мен медициналық техниканың қимылын көрсететін құжатты рәсімдеу;
медициналық құрал-жабдықтар мен қондырғыларды қолдану мен залалсыздандыру бойынша кәсіби кеңес беру;
рецепттерді қабылдап, дайындалғаннан кейін босату.
Сәйкес тауартану дайындығы болу үшін фармацевт білу керек:
медициналық және фармацевтикалық тауартанудың шығару мөлшерін көбейту мен ассортиментін кеңейтуге бағытталған өндірістің іс-шараларын;
жалпы тауартанудың негізгі қағидалары, медициналық және фармацевтикалық тауартану пәні мен міндетін;
фармацевтикалық тауарлар мен медициналық техникана өнімдерін жіктеу, кодтау мен таңбалау принциптерін;
материалтану негіздерін;
медицина мен фармацевтикада қолданылатын орап-байлау түрлері мен қасиеттерін;
фармацевтикалық тауарлар мен медициналық техника сапасына сыртқы ортаның әсері, сақтау ережелерін.
Өнімгің сапасы неден жасалғандығына және қалай дайындалғандығына байланысты. Дайындау негізінде тауар сапасына қойылған медико-техникалық талаптар салынады, олар дәрігер-тұтынушы қорына негізделеді. Конструкциялық құжаттарға сәйкес дайындалу кезінде осы құжаттағы талаптарға толық жауап беретін тәсілдерді қолданған маңызды. Өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етуде стандартизациялық үлкен мәні бар.
Стандартизация – белгілі аймақтың әрекетін реттеу мақсатында ережелерді қабылдау мен қолдану. Стандарттар, дайын өнім сапасына талаптар орнатады, сапа көрсеткішін анықтайды, бақылау мен сынау тәсілдерін, пайдалану шарттары мен өнімді тағайындалуына байланысты беріктік пен сенімділік деңгейін тағайындайды.
Әсер ету кеңістігіне байланысты стандарттар келесі категорияларға бөлінеді: ГОСТ, ОСТ. Республикалық (РСТ) және мекеме стандарттары (СТП).
ТШ (техникалық шарттар) – маңызды құжат, бұл құжатсыз өнім тұтынушыға шығарылмайды. Техникалық шарттар бір өнімге немесе өнім бөлігіне жасалады, келесі бөлімдерден тұрады.
өнім тағайындалуы
жіктелуі
негізгі бөлімдері
техникалық талаптар
өнім комплекстілігі
сынау тәсілдері мен қабылдап алу ережелері
таңбалануы, орау-буылуы мен сақталуы.
4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар (15шт)
5. Әдебиет
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
Тауартану дегеніміз не?
Медициналық тауартануға түсініктеме беріңіз?
Фармацевтикалық тауартану пәні нені оқытады?
Тауартанулық функцияларын орындау үшін фармацевт істей және жасай білу керек?
Стандартизация деген сөзді қалай түсінесіз?
Техникалық жағдай (ТЖ) қандай бөлімдерден құралады?
1. Тақырыбы №2: «Материалтану»
2. Мақсаты: Студенттерді материалтанумен таныстыру.
3. Дәріс тезистері: Медициналық өнімдердің функционалды қасиеттері, яғни емдеу-диагностикалық процесінде қалыпты түрде функциясын орындауы, дайындалған материалының қасиеті мен анықталады. Өнім жасалуда қолданылатын материал тек керек пішін ғана емес қалыпты функциялау үшін жаңа қасиеттерге ие болады. Сондықтан материалдардың қасиетін, қасиеттерінің өзгеруін білу керек.
Материалдар қасиеттері.
Әрбір материал нақты механикалық, химиялық және технологиялық қасиеттерге ие. Бұл қасиеттері материалды жеткізуде ГОСТ-пен анықталады. Материалдардың қасиеттерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер стандарттар мен осы өкімнің техникалық шарттарына жазылады. Бұл бәрінен бұрын механикалық және химиялық (коррозмяға қарсы) қасиеттеріне жатады.
Механикалық қасиеттеріне: беріктік, қаттылық, серпімділік, жабысқақтық, пластикалық және сынғыштық.
Химиялық қасиеттері сыртқы орта факторларына қатысты материал әрекетін анықтайды: қышқылдануы, жұмсартқыш пен әртүрлі химиялық агенттер әсерінен тұрақтылық, коррозиялық тұрақтылық.
Технологиялық қасиеттері өнім дайындауға әр түрлі технологиялық әрекеттері көптеген металл материалдар жақсы штампталады. Материалдардың механикалық, химиялық және технологиялық қасиеттері өзара байланысқан.
4. Иллюстрациялық материалдар: слайдтар (15шт)
5. Әдебиет
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
Сіз материалдардың қандай негізгі қасиеттерін білесіз?
Материалдың мехеникалық қасиеттері қандай көрсеткіштермен сипатталады?
Материалдардың ішкі орта факторларының әсерінен болатын қандай химиялық өзгерістерін анықтайды?
Материалдардың қандай технологиялық қасиеттерін білесіз?
Материалдардың механикалық, химиялық және технологиялық қасиеттерінің арасында қандай байланыс бар?
1. Тақырыбы №3: «Металдық материалдар»
2. Мақсаты: Студенттерді металдық материалдармен таныстыру.
3. Дәріс тезистері: Металлтану – металл емес қоспалардың құрылымы мен қасиеті туралы ғылым. Айтарлықтай табысты, оның көмегімен алдын-ала көрсетілген қасиеттеріне ие қоспалар алады. Қоспалар 2 үлкен топқа бөлінеді.
Қара металдар.
Қара металдар – көлік жасаудағы негізгі материалдар: машиналар, механизмдер, қондырғылар мен көміртектік қоспасы, болат және шойын деп бөлінеді. Қоспада көміртек 20% болса онда болат, ал одан көп болса шойын деп аталады. Болат соғу қасиетіне ие, ыстыққа иілгіш болады, ал чугун жоғары температурада бақиды, одан өнімді құю арқылы жасайды. Чугун мен басқа құйылғыш қоспалардан медициналық қондырғылардың негізгі бөлшектерін жасайды. Стальдан көптеген медициналық құрал-жабдықтар мен приборлар, аппараттардың бөлшектерін жасайды.
Термиялық өңдеу туралы түсінік.
Болаттың қаттылығы мен беріктігін арттыру термиялық өңдеуге байланысты, белгілі температураға дейін ысытып, нақты жылдамдықпен суыту. Бірақ бұл процесстің сыртқы түрі. Болатты ысыту мен суыту кезінде құрылымдық өзгерістер болады, соның нәтижесінде оның механикалық қасиеттері өзгереді. Термиялық өңдеу мен ережелері металлтануға негізделген.
Тот баспайтын болат.
Көміртекті болаттар коррозияға (тот басуға) бейім, сондықтан одан жасалған медициналық бұйымдарын никель немесе хром қабатымен қаптайды, гальваникалық тәсілді қолданып соңғы жылдары медициналық құрал-жабдықтардың көпшілігін легирленген, тот баспайтын болаттан дайындайды. Тот баспайтын болат екі түрлі класс бойынша шығарылады: шыныққан немесе мартанситті және шынықпаған немесе аустенитті классты. Шынықтыру қабылдайтын болаттар – хромды (хромның орташа мөлшері 13%) 20х13, 30х13, 40х13 таңбалы. Бұл көрсеткіш бірінші сан, пайыздың жүздік бөлігіндегі болаттағы көміртектің орташа мөлшері, ал соңғы 2 сан – пайыздағы хром құрамы, бұл болат таңбасы тот баспау үшін 2 шартты ұстау керек: бұйым шыныққан және полирленген болуы тиіс. Шынықтыру кезінде біркелкі құрылым алынады, оған қаттылықты болат цементиті мен хром карбиді береді.
Түсті металлдар.
Медициналық қондырғылар мен құрал-жабдықтарды жасауда мыс қоспасы кеңінен қолданылады. Кейбіреулері аллюминий, магнии, никель және хром қоспаларын қолданады. Таза мыс бірқатар бағалы қасиетке ие, соның арқасында медициналық бұйым жасауда қолданылады. Мыс жоғары майысқақтыққа ие, жеңіл штампталады, созылады, дәнекерленеді, жылу мен электроөткізгіштігі жоғары, аз қышқылданады, соның салдарынан мыс электроқондырғылар, термостатты қаптағанда, арматуралар, су және буүйлестіргіштерді және т.б. жасағанда қолданады. Ағза тіндерімен тікелей жанасатын құрал-жабдықтар да никель қабаты бар мыс қолданады, мыс таңбасы М1, 99,9% мыс құрамы, иілгіш медицина құрал-жабдықтарын жасағанда қолданылады (иілгіш қасықтар мен зондтар). Мыс пен цинк қоспасы – латунь кеңінен қолданылады. Медициналық бұйымдар жасау үшін латуньнің 2 таңбасын қолданады: Л62 және ЛС 59-1. Латунь Л62-62% мыс құрамында (қалғаны цинк) суық кезінде майысқақ, залалсыздандырғыш жасағанда қолданады. Латунь Л59-1 орташа 59% мыс және 1% қалайы (қалғаны цинк) – механикалық қасиеті бойынша Л62 өзгеше. Созылмалылығы кем болғандықтан металл кесуші станоктарда өңделеді, сондықтан кесу арқылы жасалатын бөлшектер жасалады. Л59-1 – шприц арматурасы, ине капалиі мен трекор жасалады.
4. Иллюстрациялық материалдар: слайдтар (15шт)
5. Әдебиет
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
1. Материалтану дегеніміз не?
2. Қара металдардың қорытпаларының топтасуы?
3. Тот баспайтын қорытпалар туралы түсініктеме беріңіз?
4. Түрлі металдарға қандай қорытпалар жатады?
1. Тақырыбы №:4 «Аспап құралдардың коррозиясы және коррозияға қарсы жүргізілетін шаралар»
2. Мақсаты: Студенттерді аспап құралдардың коррозиясы және коррозияға қарсы жүргізілетін шаралармен таныстыру.
3. Дәріс тезистері: Коррозия деп – сыртқы ортаның әсерінен материалдардың бүлінуі. Металдар мен металл бұйымдарының коррозиясы химиялық және электрохимиялық табиғаты бар. Металл емес материалдардың коррозиясы (органикалық және синтетикалық) микроорганизмдермен пайда болады, сондықтан микробиологиялық коррозия не биокоррозия деп аталады.
Медициналық бұйымдардың коррозиядан қорғау қажеттілігі оларды пайдаланудан алдын термиялық және химиялық залалсыздандыру немесе антисептикалық сұйықтармен өңдеуден өту себебінен туындайды. Металл медициналық бұйымдарды және оның металдан жасалған бөліктерін коррозиядан қорғау үшін 3 түрлі жасалатын затты пайдаланады: металдық, металдық емес бейорганикалық және бояу, лактармен металдық емес бояу.
Металдық бүркеу
Көміртегі болат және жезден (латунь) жасалынған медициналық аспаптарды коррозиядан сақтау үшін оның бетін никель не хром қабатымен бояйды немесе екеуімен бірге де бірден бояйды, ол үшін гальваникалық тәсілді пайдаланады. Бұл жағдайда жағылған қабаттың артқы түрі сол бұйымның функционалды пайдалануына сәйкес келуі тиіс. Үстіңгі бетін бояу сол бұйымға әдемі декоративті түр береді. Хромдық бояу жылтыр не күліңгір болады. Соңғы жылдары хромдық бояудың қара күліңгір түсі көп қолданылады.
Термиялық өңдеу туралы ұғым
Бұйымдардың қаттылығы және тұрақтылығын термиялықтөңдеу жасау арқылы жетілдіруге болады, ол үшін затты белгілі бір температураға дейін қыздырып және белгілі бір жылдамдықпен суыту арқылы өңдейді. Бірақ бұл тек үдерістің сыртқы көрінісі. Затты қыздырып және суыту кезінде онда құрылымдық өзгерістер болады, нәтижесінде оның механикалық қасиеттері қатты өзгереді. Мұндай құрылымдық болаттың барлық құрамы үшін зерттелген, ол қажет қасиеттерді алу үшін зерттелген, ол қажет қасиеттерді алу үшін мүмкіндік береді. Термиялық өңдеу және тәртібі металтану мәліметіне негізделген.
Металл және металл емес бейорганикалық бүркеу
Металл және металл емес бейорганикалық бүркеу металдардың бейорганикалық бөлімдерінен құралады (тотығу, тотыққан-фосфатты, фосфатты және т.б.) және олар бұйымдарды химииялық өңдеуде пайда болады. Болаттан жасалған бұйымдау ғы тотыққан пленкалардың түрі қара болады және олар аспаптарға қолданылады, әсіресе тот баспайтын болаттан, олар микроскоппен операция жасауға қажет аспаптар (отосклероз операциясын жасау үшін аспаптар жиынтығы), сонымен бірге жарық жұтқан оптикалық приборлар. Мұндай пленкаларды тотықтыру әдісімен (t=135-1450С): NaOH күйдіргіш
Медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау кезінде қорғау
Декоротивтік-қорғау бірқалыпты жағдайда затты пайдалану кезінде жеке үнемі (тұрақты) қолданылады. Коррозиядан уақытша қорғау бар, ол заттарды сақтау және тасымалдау кезінде қолданылады. Уақытша қорғауды консервациялау жолымен жүргізіледі. Медициналық техниканы консервациялау бұйымдарды өндіретін үлкен мекемелерде үш тәсімен жасалады: консервациялық майлармен майлау, қапталған қораптағы ингибиторлармен және герметизация жасау арқылы. Сонымен бірге консервациялаудың әртүрлі аралас әдістері қолданылады.
4. Иллюстрациялық материалдар: слайдтар (15шт)
5. Әдебиет
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
Металдардың коррозияға ұшырау дегеніміз не?
Медициналық бұйымдарды қажетті түрде қорғау керектігі немен түсіндіріледі?
Медициналық бұйымдарды қорғау үшін қандай қаптағыштар қолданылады?
Металдық және металл емес бейорганикалық қабықшалар атаңыз?
Қорытпа тұрақтылығы мен беріктігін жоғарылату үшін қолданылатын термиялық өңдеудің маңыздылығы қандай?
Медициналық бұйымдарды тасымалдау мен сақтау кезіндегі қорғау қалай жүргізіледі?
1. Тақырыбы №:5 «Металл емес материалдар»
2. Мақсаты: Студенттерді металл емес материалдармен таныстыру.
3. Дәріс тезистері: Металл емес материалдар органикалық және органикалық емес заттардың көптеген ассортиментінен тұрады, шыны, керамика, пластмасса, резеңке, ағаш бұйымдары және композициялық заттар. Металл емес материалдар металлды заттармен қатар, оларда жоқ қасиеттер қажет болғанда қолданылады.
Шыны және керамикалық заттар.
Металл емес материалдардың ішінде, медициналық бұйымдар жасауда шыны ең көп қолданылады.Химиялық тұрақтығы, беткейлік беріктігі, арзандылығы бойынша басқа заттар арасында оған тең жоқ. Шыныдан лабораториялық ыдыстар, дәрі-дәрмекті қаптауға, сақтауға және тасымалдауға арналған ыдыстар, көзілдірік линзалары, оптикалық және медициналық бұйымдарға қарапайым және талшықты оптика элементтері, шприцтер, термометрлер және т.б. жасалады.
Керамикалық материалдар.
Фарфор және фаянс – керамикалық материалдар, дала шпаты, кврцты құм мен балшық қоспасын жоғары температурада күйдірудің нәтижесінде алынады. Фарфор құрамы – 45-50% саз балшық, 30-35% кварц және 18-22% дала шпаты. Фарфор мен фаянс бұйымдарын күйдіруден кейін, жоғарыда аталған заттарға (16%) дололит қосып жылтыратады кейін жоғары температурада (15000С) қайта күйдіреді (жылтыратады). Емдеу мекемелерінде фарфор мен фаянстан жасалған санитарлы-техникалық бұйымдар қолданылады, стомотологияда фарфордан. жасалған тістер қолданылады.
Шыныны қайнату және шыны бұйымдарын жасау.
Шыны – табиғатта кеңінен кездесетін кварцты өзен құмы, натрий гидрокарбонаты, бор және т.б. жасалды. Шыныны арнайы пештерде 1350-16000С температурада қайнатады, құрамында кварцты құм (кремний тотығы) неғұрлым көп болса, жасалған шынының балқығыштығы мен ыстыққа төзімділігі соғұрлым жоғары болады. Шыныны қайнатқанда күрделі физика-химиялық процестер жүреді, соның нәтижесінде шикізаттың механикалық қоспасынан (шихта) біркелкі гомогенді шыны массасын алады. Жоғары температурада қайнату процесінде шыны бірқатар кезеңдерден өтеді: силикат түзеу (қайнатылған қоспа алу) ағару (бос кеңістіктерден тазару), гомогенизация (біркелкілікке келу) және салқындату (200-3000С) температурада жабысқақтығын ұлғайту мен қалып түзеу үшін қолданылады.
Шыныны өңдеу.
Шыныны механикалық өңдеу. Бөтелкелер, ампулалар, дәріханалық және зертханалық ыдыстар қосымша механикалық өңдеуден өтпейді, қақпағы тығыз жабылатын құтылардың ауыз бөлігі ментығынын әрлеп, абразивті ұнтақпен сүртеді.
Шыныны термиялық өңдеу. Шыны бұйымдары ауада салқындатылған беріктігі төмендейді, біркелкі салқындатпау салдарынан шыны қабаттары арасында ішкі кернеу пайда болады ішкі кернеуді болдырмау үшін шыныны арнайы тоннельді пештерде (бумен) салқындатады, кіру маңында температура - максималды, ал шығу да – минималды.
4. Иллюстрациялық материалдар: слайдтар (15шт)
5. Әдебиет
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
Металл емес металдарға қандай металдар жатады?
Керамика мен шыны металдардан не жасайды?
Шыны бұйымдарының өңделуі мен жасалуы қалай жүргізіледі?
Шыныларды термиялық және механикалық өңдеуден өткізудің қандай маңыздылығы бар?
1. Тақырыбы №:6 «Медициналық резеңке бұйымдары»
2. Мақсаты: Студенттерді медициналық резеңке бұйымдарымен таныстыру.
3. Дәріс тезистері: Соңғы жылдары медициналық тәжірибеде полимер деп аталатын органикалық туынды кеңінен қолданылуда. Полимерлерге аз ғана күшке айтарлықтай үлкен деформацияға ұшырайтын созылғыш заттар – эластомерлер жатады. Бұл эластомерлерді табиғи және синтетикалық деп бөледі. Резеңкелердің негізгі құрам бөлігін каучуктер құрайды.
Резеңкені алуда негізгі шикізат ретінде каучук қолданылады.
Табиғи каучукты гевея деп аталатын Бразилия ағашының шырынын алады. Ол үшін ағашты тесіп түтік арқылы ағаш шырыны-латексті алады. Латекс гевея ағашының тамыры мен кейбір тропикалық өсімдіктердің құрамында болады.
1928-1930ж.ж. ғалым Лебедев синтетикалық каучукты алды.
Синтетикалық каучукты техникалық спирттен Лебедев тәсілі бойынша алады. Арнайы катализаторлар көмегімен техникалық спиртті бутадион газына айналдырып, бутадионнан синтетикалық каучуктың негізін алады.
Резеңкені вулкандау тәсілімен каучукты өңдеп алады, оның құрылымының өзгеруіне алып келеді. Вулкандау тәсілі ыстық және салқын болып бөлінеді.
Ыстық вулкандау каучукты 135-1400С-та геометриялық 2 атмосфералық жабық автоклавтарда қыздыру арқылы жүргізіледі. Енгізілген химиялық заттар мен каучук молекулалары арасында жүретін реакция нәтижесінде каучукке қарағанда жоғары беріктікке, созылғыштыққа, иілгіштікке және тұрақтылыққа т.б. қасиеттерге ие резеңке бұйымдары алынады.
Салқын вулкандау процесі бұйымға күкірт көмірсутегі мен күкірт хлоридін қосвп ыстық, құрғақ желмен кептіруге негізделген.
Бұл әдіс қымбат, әрі қиын. Сондықтан бұл әдіс резенкеленген жіпшелер мен майда резенкелік бұйымдарды алуда ғана қолданады.
4. Иллюстрациялық материалдар: слайдтар (15шт)
5. Әдебиет
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
Қандай заттар полимерлерге жатады?
Резеңке бұйымдарын алу үшін негізгі қандай зат шикізат көзі болып табылады?
Табиғи және синтетикалық каучукті қандай заттан алады?
Резеңке бұйымдардың алынуы?
Ысыту арқылы өңдеу қалай жүргізіледі?
Суыту арқылы өңдеу дегенді қалай түсінесіз?
1. Тақырыбы №:7 «Шыныдан және фарфордан жасалған медициналық бұйымдар»
2. Мақсаты: Студенттерді шыныдан және фарфордан жасалған медициналық бұйымдармен таныстыру.
3. Дәріс тезистері: Мұндай материалдарға оптикалық шыны, фарфор, пластикалық масса, резеңке, ағаш, тері, тері орнына қолданылатындар және қағаз жатады.
Олардың ішінде медицина мен фармацияда қолданылатын шыны, себебі ол басқа материалдардан химиялық тұрақтылығымен, қаттылығымен, мөлдірлігімен ерекшеленеді және ең керегі ерекше басымдылығы – ол арзан тұрады.
Шыны – ол әртүрлі металлдардың тотықтарының гомогендік қосылысы, шынының құрамы: Na2O, CaO, SiO2, оның арзандығы сонда, ол табиғатта өте жиі кездеседі. Ол кварцтық құм, су, лил, долалит. Шыны өндіру Египетте біздің дәуірімізге дейінгі 4мың жыл бұрын басталған. Медициналық және фармацевтикалық бұйымдарды жасау үшін шынының бірнеше таңбалары қолданылады, ол құрамы жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар. Медициналық шыныға ГОСТ 1982 жылдан бері жүреді, мұндай шыныға стандарттау қажеттілігі медицинадағы талаптардан туындайды. Медициналық шыны бірнеше түрге бөлінеді:
- бейтарап шыны (НС-1, НС-2);
- ыдыс – ампула, ормакон жасау үшін пайдаланылады.
Дәрілердің ыдысын дайындау үшін бейтарап шыны ыдыстары қолданылады:
- сілтілі шыны – дәріханалық ыдыстарды дайындау үшін қолданылады: баллондар, штангластар, күннен қорғану мақсатында қызғылт сары шыны ыдыстары қолданылады.
- лабораториялық шыны ыдыс дайындау үшін химиялық-лабораториялық шыны ыдыстары қолданылады.
Шыны бұйымдарын алу әдістері
Қалыптастыру – суытылған жабысқақ массаны алып, оны белгілі бір формаларға батырамыз, сосын бір формада қалыптақан ыдыс құйылады, бұл тәсілді пайдаланып қолмен не машинамен форма қалыптастыруға болады.
Пресстеу – шыны массаның жабысқақ бөлігін матрицаға немесе ыдысқа салады, сосын оны арнайы поршенмен басады, нәтижесінде пресстенгеннен соң бұйым белгілі бір матрицаның формасында қалыптасады.
Үрлеу арқылы – ауа қысымымен жабысқақ шыны массасын үрлейді, сосын белгілі бір форма пайда болады, бұл өте ежелгі тәсіл. Ауамен үрлеуді қолмен істеп әртүрлі формалардағы шыны заттарды жасауға болады, олардың өлшемін де реттеуге болады. Стеклодувтар барлық жоғары оқу орнының лабораториялық ыдыстарды жасауда қолданылады. Машинамен механикалық үрлеу арқылы банкалар, бутылкалар жасалады. Ол үшін ең алдымен үлгісін дайындайды, сосын оны үрлеу арқылы қажет ыдысты жасайды.
Дротты тарту – бұл тәсілдің принципі шыны массасы үзіліссіз ағыспен ішінде ауа беретін каналы бар жүрекшеге құйылады.
Керамикалық материалдарға фарфор, фаянс жатады. Олардың құрамына лай (коалин), кварц құмы және дала шпаты кіреді. Олардың бір-бірінен айырмашылығы, фаянсте дала шпаты аздау, ал фарфор фаянсқа қарағанда беріктеу. Фарфор мен фаянс күйдірген соң арнайы пеште бетін (сыртын) жылтырататын затпен жалатады; ол ыдысқа беріктік, ыстыққа төзімділік және изоляциялаушы қасиет береді.
4. Иллюстрациялық материалдар: слайдтар (15шт)
5. Әдебиет
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
Шыны және фарфордан қандай медициналық бұйымдарды дайындайды?
Шыны бұйымдары дегенді қалай түсінесіз?
Медицина мен фармацияда қандай шыны түрлері қолданылады?
Металл бұйымдарын алудың қандай әдістерін білесіз?
Керамикалық бұйымдарға қандай заттар жатады?
1. Тақырыбы №:8 «Пластикалық массалар және басқа да металдық емес материалдар»
2. Мақсаты: Студенттерді пластикалық массалар мен басқа да металдық емес материалдармен таныстыру.
3. Дәріс тезистері: Медицина мен фармацевтикалық тәжірибеде полимерлі материалдар көп қолданысқа ие. Полимерлер – пластмассаның негізгі құрамдас бөлігі. Пластмассалар, катетер, беждер мен медициналық құралдар және аппаратты қондырғыларға бөлшектер жасауда қолданылады. Пластмассаның бағалы қасиеттері: улы емес, биологиялық ортаға инертті, тұрақтылық және т.б. кей кезде иілгіштігі менқалыпқа келу қасиеті де бар. Пластмасса алудың негізгі шикізаты – синтетикалық шайыр. Пластмасса алу процесінде синтетикалық шайырға әр түрлі толықтырғыштар – ағаш ұны, асбест, мақта қалдықтарын қосады. Бұл толықтырғыштар пластмассаға келесі қасиеттер береді – электроөткізгіштік, ылғалға тұрақтылық, беріктік. Иілгіштігін арттыру үшін пластификаторлар мен пигмент пен болу түрінде бояғыштар қосады. Барлық қоспалар, токсикологиялық зерттеу мен технологиялық регламент бекітілгеннен кейін қосылады.
Пластмасса түрлері:
Поливинилхлорид – бензин, спирт, қышқыл мен сілті әсеріне тұрақты. Поливинилхлоридтен химиялық аппаратуралар, төсейтін төсенгіш, көзілдірікке оправа жасалады.
Капрон - әртүрлі химиялық заттардың әсеріне тұрақты және берік. Капроннан тігу заттарын, дәріханалық және медициналық аппаратураның бөліктерін жасайды.
Полистирол – электроизоляциялық зат, электроаппаратура, бір рет пайдалануға арналған шприцтер, ыдыстар жасалуда қолданылады.
Полиэтилен – химиялық жылы турақтылығымен аса бағалы, газды, оттегі мен дем алу аппаратурасының бөлшектерін (түтіктер, шлангтер), дем алу мен қанайналу аппараты және орау-буу материалдары жасалады.
Пластмасса бұйымдарын жасау технологиясы – пресстеу тәсілі, қысыммен құю және сығып шығару тәсілдерін қолданылады.
Пресстеу – прессформаларда жүзеге асады, беттері, тегіс, жылтыр. Бұл тәсілмен медициналық және фармацевтикалық аппараттарға күрделі бөлшектерді алады.
Құю – қысыммен пресс+машина+бірнеше атмосфера қысыммен машинамен жүзеге асады. Нақтылықты қажет ететін аппараттарда, нақты бөлшектерді жасауда қолданылады.
Сығып шығару тәсілі – бұл тәсілмен катеторлар мен пластмасты түтіктер жасалады. Басқа заттардың ішінде медициналық бұйымдарды жасау үшін ағаш, картон, тері мен теріалмастырғыш және гипсті қолданады. Ағаштың жақсы өңделуі, боялуы, әрлеу мен лакталуы, оған жақсы сыртқы келбет беруі ағаштан медицинада дәріханалық жиhаз дайындалады. Картон мен қағаздан, теріалмастырғыштан футляр, аппараттар мен қондырғыларға бөлшектер жасалады. Ағаштың кемшілігі ылғалға тұрақты емес және жанғыштығы.
4. Иллюстрациялық материалдар: слайдтар (15шт)
5. Әдебиет
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
Фармацевтикалық тәжірибеде полимерлі материалдарды қолданудың қандай маңызы бар?
Медицинада пластмассаның қандай түрлері қолданылады ?
Пластмассадан бұйымдарды дайындау технологиясы немен қорытындылады ?
Медицина бұйымдарын дайындау үшін және қандай басқа материалдар қолданылады?
1. Тақырыбы №:9 «Көзілдіріктік оптика»
2. Мақсаты: Студенттерді көзілдіріктік оптикамен таныстыру.
3. Дәріс тезистері:
Оптика жайлы қысқаша мәліметтер
Жарық сәулелері біртекті ортада түзу сызық бойымен таралады. Әртүрлі тығыздықта мөлдір орта шекарасында жарық сәулелері сынуға ұшырайды. Орта шекарасына сәуле шашатын сыну аймағының көлеміне тәуелді, сонымен бірге ортаның ұсыныс коэффициенті мен беттік пішініне де тәуелді. Жарықтың сыну заңдарын зерттеу арқылы көздің көру мүмкіндігінің бұзылуы жөнінде түсінік қалыптастыруда және көзді қалыпқа келтіретін әртүрлі линзалар мен көзілдіріктерді жасауға жол ашты. Көзәйнек техникасында қолданатын көзәйнектердің оптикалық күші мен рефракциясы диоптрия (Д) деп аталатын бірлікпен өлшенеді. Бірлік ретінде фокустық қашықтығы 1м-ге ие көзәйнек рефракциясы қолданылады. Оптикалық күш немесе R линзаның рефракциясы немесе оптикалық жүйе. F фокустық қашықтыққа кері пропорционал өрнегімен өрнектеледі:
R=1/F
Көз рефракциясы. Аккомодация. Рефракция ауытқушылықтары. Рефракция ауытқушылықтарының коррекциясы.
Көз қарашығы, көз алмасын және көз бұршағы көздің сыну орталары болып табылады және дөңес линза қызметін атқарады: олар фокусқа параллель сәулелерді жинайды және онда сәуле шашыратушының көрінісі пайда болады. Адамдарда көздің сыну күші әртүрлі болады.
Адамдарда көздің сыну күші әртүрлі болады. Сонымен бірге, олар тұрақты көлемде болмайды және әр көзге бұлшықеттердің әссізденуіне байланысты күштері қысқарады және көз алмасы беріктік беріп ол дөңестенеді, сондықтан да көздің сыну күші артады.
Тыныштық, сабырлы күйдегі параллельді сәуле фонусының жағдайындағы аккомодация клиникалық көз рефракциясымен анықталады. Түріне қарай 4 топқа жіктеледі:
элеметропия немесе электропиялық рефракция
миопия – миопиялық рефракция
гиперметропия – гиперметропиялық рефракция
астигматизм – астигматикалық рефракция
Көз әйнектер.
Олар көздің рефракция ауытқушылықтарында – миопияда, гиперметрияда және астигматизмде, сонымен бірге пресбиопияда көзді аса жарық сәулелерден және механикалық зақымдаулардан қорғау үшін қолданылады. Оптикалық әрекетіне байланысты көзәйнектер 5 топқа бөлінеді:
астигматикалық емес – жағымды, жағымсыз, афокальді;
астигматикалық - жағымды, жағымсыз;
екі фонусты (биофокальді);
призматикалық
жарық қорғаушы.
4. Иллюстрациялық материалдар: слайдтар (15шт)
5. Әдебиет
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
1. Көздің сыну ортасына не жатады?
2.Көз рефракциясы дегеніміз не?
3.Көз рефракциясының қандай ауытқушылықтарын Сіз білесіз?
4.Аккомодация дегеніміз не?
5.Рефракция ауытқушылықтарын коррекциялау қалай жүргізіледі?
6.Көзілдіріктік оптика қалай жіктеледі?
1. Тақырыбы №:10 «Залалсыздандыру-дистлляциялау аппараттары»
2.Мақсаты: Студенттерді залалсыздандыру-дистлляциялау аппараттарымен таныстыру.
3. Дәріс тезистері: Залалсыздандырғыш (стерилизатор) немесе бактериядан тазартатын жабдық – функционалды және конструктивті ерекшеліктеріне, залалсыздандыру тәсіліне байланысты түрлерге бөлінетін микробиологиялық залалсыздандыруға арналған қондырғы. Залалсыздандыру агентіне байланысты келесідей бөлінеді:
- бумен, залалсыздандыру агенті – қаныққан су буы қысымымен;
- ауамен, залалсыздандыру агенті – ыстық ауа;
- газды, залалсыздандыру агенті – газ, қалыпты температурада залалсыздандыру қасиетіне ие.
Бумен және ауамен залалсыздандыру кеңінен тараған тәсіл. Бумен залалсыздандыру – қақпақпен герметикалық тығыз жабылған камера ішіне бугенратордан бу жіберіледі, бу алатын қондырғы. Көптеген залалсыздандырғыш аспаптарда өзінің бугенраторлары болады (буавтономды залалсыздандырғыш), бірақ үлкен залалсыздандырғыштар орталық қазандықтан бу алады. Залалсыздандыру жасалатын материалмен құрал-жабдықтарды залалсыздандырғыш қораптарға (бикстерге) салып, залалсыздандыру камерасына орналастырады. Залалсыздандыру камерасының көлемі 10-нан 560дм3 көлемі үлкен камералар үнемді болады.
Электрлі залалсыздандырғыштар екі негізгі бөлшектен тұрады: залалсыздандырғыштың өзі, камерасы негізгі қаңқаның үстінде орналасқан және бугенраторда негізгі қаңқаның төменгі бөлігінде орналасқан. Қаңқаның шетіне электроқондырғы мен басқару пультінің жәшігі жапсырылған. Бугенратор қысым мөлшерін бақылайтын монометрмен, қазандықтағы қысым 2атм. Жоғарыласа, сақтандырғыш қақпақшамен және толған кезде су мөлшерін көрсететін сукөрсеткіш әйнекпен жабдықталған, су көрсеткіш түтік жоғары жағынан шүмек пен шұңқырмен жабдықталған, егер ол суәкелгіш магистральмен қосылмаса, қазандыққа сол арқылы су құйылады. Қазіргі заманғы залалсыздандырғыш аспаптар, соның ішінде ГК-100 моделінде, қазандық монометрі электржанасқан, яғни берілген қысымға жеткенде электроқыздырғышты өшірумен қазандықтағы қысымды реттейді. Осы жағдайда қысым мен температура залалсыздандырғыш камерасында автоматты түрде ұсталады, ал залалсыздандырғыш камера бақылау монометрімен жабдықталған.
Портативті залалсыздандырғыш ГР-10 шағын емдеу мекемелерінде шприцтер мен инелерді және басқа құрал-жабдықтарды залалсыздандыруға қолданады. Камера көлемі 10дм3. Цилиндрлі камера тікбұрышты корпусқа салынған, жоғары қақпағында бақылау приборы орналасқан. Камераның төменгі бөлігінің ішінде 1кВт қуаттылығы бар электроқыздырғыштар орналасқан. Әрбір залалсыздану циклінің алдында камераға 50мл тазартылған немесе дистилденген су құйылады. Құрал-жабдықтарды 2 тесілген торға – лотокқа салынады. Содан кейін залалсыздандырғыштың қақпағын жауып, аппаратты қосу керек. Залалсыздандыру циклі автоматты түрде №1 режим бойынша өтеді (температурасы 1320C 20мин. уақыты).
Аумен залалсыздандырғыш, бумен залалсыздандырудың болмаған кезде қолданылады, бумен залалсыздандыру кезінде зат ылғалданады. Құрғақ ыстық ауамен залалсыздандыру кезінде, жоғары температура мен 60мин.дейін уақыт қажет. Ол хирургиялық аспаптарды, инелер мен шприцтерді, стомотологиялық, гинекологиялық және қадылдау аспаптарын залалсыздандыруда қолданады.
Аквадистилляорлар дистилденген және пирогенді су алуға қолданады, соңғысымен ине егу мен шаншуға арналған ерітінділерін жасауда қолданады. Аквадистилляторлар алдын айдау аппараты деп аталған, ұшпайтын қоспадан тазарту немесе дистилляция процессінің негізінде суды қыздыру, қайнатады және буды кондексациялайды, суды суытады. Айдау прцессі бір немесе екі реттік болады, соған сәйкес аппараттар бір баспалдақты немесе екі баспалдақты болады.
Электрлі аквадистилляторлар ДЭ-4-2 емханалар, дәріханалар, зертханалар мен басқа мекемелерде дистилденген су алуға қолданады.
АЭВ-10 аквадистилляторы – апирогенді дистилденген су алуға арналған, өнімділігі 10дм3/сағ, шаншуға арналған ерітінді жасауда негізгі құрылғы болып есептеледі.
Аквадистиллятор отты, жандырғышы орнатылған, ДГС-10, қатты отындармен жұмыс істеуде қолданады. Сиымдылығы 40дм3, өнімділігі 10дм3\сағ, дистиллятор қақпашасындағы судың оптимальды деңгейі. Массасы 100кг. Жандыруға арналған қалақ және кесумен жабдықталған.
Тұшы немесе дистилденген су жиынтығы, асептикалық жағдайда суды жинау мен сақтауға арналған. Аквадистиллятордан бөлек және бір комплексте шығарылады. Цилиндрлік ыдыс, суөлшегіш әйнекпен жоғары жағында диаметрі 12мм штуцермен жабдықталған, оған айдау аппаратынан келетін резеңке түтік киілген. Түтік қысқышпен жабылып, аппараттан бөлектенеді. Жоғары жағында жиынтық Петрянова матасынан жасалған қақпақты сүзгішпен жабылған, 3тәулікке дейін суды асептикалық жағдай да сақтауды қамтамасыз етеді. Жиынтыққа артық (1м2) мата беріледі. Ине егуге арналған .
Суды жинаушылар, суды сақтау мен залалсыздандыруға арналған. 2 түрлі болып шығарылады: СИ-40 және СИ-100. Сиымдылығы 40 және 100дм3. Дистилденеген су жинағышқа қарағанда, суды 90+100С дейін ысытуға арналған құрылғысы бар, залалсыздандыру мақсатында.
Детермиерализаторлар – өнімділігі 200л\сағ. Тұшы су алуға арналған стационарлы құрылғы, арнайы тапсырыс бойынша шығарылады. Құрылғы суды тұздан ионалмасу тәсілімен тазартады.
4. Иллюстрациялық материалдар: слайдтар (15шт)
5. Әдебиет
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
Залалсыздандыру дегеніміз не?
Залалсыздандырудың қандай түрлерін Сіз білесіз?
Акводистиллятордың түрлері қалай құрылған?
Акводистиллятордың қандай түрлерін Сіз білесіз?
Деминерализаторлар не үшін қолданылады?
1. Тақырыбы №:11 «Медициналық техника бұйымдары мен фармацевтикалық тауарлардың жіктелуі»
2. Мақсаты: Студенттерді медициналық техника бұйымдары мен фармацевтикалық тауарлардың жіктелуі таныстыру.
3. Дәріс тезистері: Тауартану – тауарлардың тұтынушылық құқығын зерттейтін ғылыми пән. Сіздер ең алдымен медициналық тауарлардың функционалдық қасиеттерін зерттейтін медициналық тауартанумен таныс болдыңыздар.
Фармацевтикалық тауартану фармацевтикалық тауарлардың функционалдық қасиеттерін сәйкес түрде зерттейді, яғни фармацияда қолданылатын қандай да болсын тауар иеленуі тиіс қасиеттерді зерттейді. Тауарлардың қасиеттері олар дайындалатын материалдарға, оларға берілген құрылымдық формаларға (мысалы, ыдыс, орау-буу) дайындалу тәсілдеріне (резеңкелік, әйнектік өнімдер) байланысты. Сондықтан да медициналық өнімнің әрбір тобын зерттеу олардың сапасымен байланысты мәселелердің кен ортасы жұмсалынады, яғни тағайындалуы бойынша оның жарамдылығының жолымен фармацевтикалық тауарларды қабылдаудың жиынтығымен байланысты. Фармацевтикалық тауартану өз мақсаты ретінде болашақ провизорды тауартану талдауды жүргізу жолымен фармацевтикалық тауарларды қабылдау ережелеріне үйретуді қояды, сонымен бірге тауарлардың сапасын бағалаудың әдістерін игеруге, оларды дұрыс тасымалдау мен сақтауға үйретуге баулиды.
Қазіргі уақытта және ЕПМ дәріханалық желісі арқылы әр түрлі дәрілік құралдар, санитарлық-гигиеналық заттар және т.б. да фармацевтикалық тауарлар миллион теңгеге таратылады. Өйткені фармацевтикалық тауарлардың ассортименті өте көлемді және әр алуан, бұл тауарлар нақтылы топтарға бөлінеді. Фармацевтикалық тауарлардың жіктелуі былайша жүргізіледі:
1) Дәрілік заттар – нақты реттілікте емдеу мақсатымен, ескерту немесе ДS-ауруының адам мен жануарларда медициналық тәжірибені қолдану үшін керекті фармацевтикалық заттар.
2) Байлап-таңу материалдары мен дайын байлап-таңу заттары, олардың негізгі қолданылуы – бұл жараларды екіншілік инфекциялардан қорғау және оның жылдам жазылу үшін қажетті жағдайлар жасау.
3) Санитарлық-гигиеналық заттар және науқастарға қамқорлық жасау – ауыр науқастардың әжетханаға апару үшін, оларды күтуді және де дәрі қабылдау мен жеке гигиена үшін керекті заттарға арналған өнімдерді тағайындау бойынша әр-түрлі маңызды топты білдіреді. Бұған жататындар: резеңкелік жылытқыш, дөңгелек төсеніштер, судна, спринцовка, хирургиялық және анатомиялық қолғаптар, емізіктер, медициналық кленкалар, эластикалық шұлықтар, ағаш балдақтар, мүгедектік балдақтар және т.б.
4) Минералды сулар, парфюмерлі-косметикалық, жуушы және санитарлы-гигиеналық, дезинфекциялық заттар.
5) Тығындау ыдысы мен орау-буу материалдары.
6) Дәріханалық жабдықтар, аппараттар мен дәрілік көмек көрсетудің оперативтілігі мен сапа механикасының құралдары және де дәріхана жұмысшыларының еңбек өнімділігі көп жағдайларда тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамттамасыз етуді және ЕПМ қамтамасыз етудің прогрессивтік формалары мен әдіс-тәсілдері мен алдыңғы қатарлы тәжірибесін фармацевтикалық ғылымның ғылыми-техникалық жетістіктерін ескере отырып, дәріханаларды жобалау мен құрылысымен, рационалды территориялық орналасуымен қамтылған.
Стандарттар мен ғылыми-техникалық құжаттар. Фармацевтикалық бұйымдардың жоғары сапасын қамтамасыз етуде стандарттау үлкен маңызға ие. Стандарттар дайын өнімнің сапасына деген талаптарды нақтылайды, сапаның көрсеткіштерін, әдістері мен құралдарын анықтайды, яғни бақылау мен сынаудың, сенімділік пен ұзақ мерзімділігінің өнімді тағайындау мен оларды пайдаланудың жағдайларына байланысты қажетті деңгейге анықтайды, әрекет аумағына байланысты стандарттарды: мемлекеттік (ГОСТ), салалық (ОСТ), республикалық (РСТ) және кәсіплоындар стандарттары (СНТ) деп бөледі. ГОСТ - өте бұқаралық өнімдерге орнықтырады: мысалы, барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың олардың бағыныштылығына тәуелсіз мемлекетті міндеткерлікті сақтау мен басқа да залалсыздандыру-дистилляциялық , байлап-таңу материалдар.
Өйткені тауардың тұтынушылық қасиетін зерттеудің пәндік негізін, яғни мұнда тұтыну, сұраныс нарығын зарттеу, маркетинг орын алады. Маркетинг идеясын батыс экономистері жаңа тұжырымдама түрінде нарықтағы тауар өндірушілердің жағдайын қамтамасыз етудің көрінісінде қалыптастырған. Маркетинг концепциясы тауар өндірушілерді өз мақсаттарына мақсатты нарықтың қажеттіліктерін анықтау мен оларды өте тиімділікпен қанағаттандырушылық арқасында қол жеткізуіне сендіре алады.
Маркетингтік зерттеу бірнеше кезеңдерден тұрады:
1. Маркетингтік мәселелер мен зерттеу мақсатын қалыптастыру.
2. Қызығушы ақпаратты жинау жоспарын жасау.
3. Мәліметтерді жинау мен тіркеу.
4. Жиналған ақпараттарды толықтыру мен талдау (өңдеудің статистикалық әдістері, математикалық моделді құрастыру).
5. Зерттеу нәтижелері бойынша қорытындылар. Маркетингтік зерттеу мен маркетингтік талдауды жүргізу әдістемесі фармацевтикалық тауар жүргізу талдау жүргізудің сұлбасын қосады.
Сұлба:
1) Зерттелетін тауарлардың жіктелуін, топтамасын (оқу жіктемесі бойынша) нақтылау.
2) Тауауарлық түр мен өлшем түрін анықтау.
3) Нормативті-техникалық құжаттарда көрсетілген талаптарға тауардың ара-қатынасын тексеру.
4) Номеклатуралық нөмірін анықтау.
5) Тауартанулық талдау нәтижелерін рәсімдеу.
6) Сақтау және тасымалдау, залалсыздандыру мен дезинфекциялау бойынша ұсыныстар.
4. Иллюстрациялық материалдар: слайдтар (15шт)
5. Әдебиет
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
Фармацевтикалық тауарлар қалай жіктеледі?
Нормативті-техникалық құжаттарға түсініктеме беріңіздер?
Фармацевтикалық маркетинг концепциясын қалай түсінесіз?
Маркетингтік зерттеулер дегеніміз не?
1. Тақырыбы №:12 «Медициналық техника бұйымдары мен фармацевтикалық тауарлардың тұтыну қасиеттерін және сапаларын анықтау факторлары»
2. Мақсаты: Студенттерді медициналық техника бұйымдары мен фармацевтикалық тауарлардың тұтыну қасиеттерін және сапаларын анықтау факторларымен таныстыру.
3. Дәріс тезистері:
Емдеу-диагностикалық үрдісте әрбір медициналық техника бұйымдары белгілілі бір қызмет атқарады. Бұйымдардың өзінің пайдалану жағдайына толық сәйкес болуы үшін белгілі бір қасиеттері болуы қажет. Осы қасиеттердің жиынтығы сол бұйымның қажеттілігін және белгілі бір мақсатта пайдалануын сипаттайтын қасиеттері сапасын анықтайды.
Негізгі көрсеткіштеріне функционалдық қасиеттері немесе сол заттың негізгі функционалды мақсатын орындау сапасы. Сонымен бірге бірқатар қосымша көрсеткіштері де орын алады, олар бұйымды дайындаудың техникалық көрсеткіштеріне жазылады.
Сапаның біржақты көрсеткішін де бөлуге болады, ол тек өнімнің бір түріне ғана жатады және де комплексті көрсеткіштері болады, ол өнімнің бірнеше қасиеттеріне жатады. Комплексті көрсеткіштерін анықтау тиімдірек, себебі ол сапаның сенімді және тез бағасын көрсетеді.
Медициналық бұйымдарды бағалау әдістері
Жоғарыда айтылғандай, бұйымдардың маңызды қасиеттері сандық көрсеткіштермен көрсетіледі, оларды өлшейтін құрал – аспаптар мен приборлардың көмегімен анықтауға болады. Егер бұйымның бүкіл қасиеттерінің деңгейін сандық көрсеткіш арқылы сапасын анықтасақ, эксплуатациялық деңгейін біле алсақ, онда сол заттық сапалық бағасын да анықтау қиын болмас еді. Ол үшін тек өлшем оны талаптармен салыстыра бүкіл мақсатқа жетуге болатын еді, бірақ бұйымның кейбір сапалық сипатын өлшем арқылы ғана анықтау жеткіліксіз, себебі оларда тікелей өлшеуге мүмкін емес.
Мұндай әдістер сыртқы кемістіктің бар не жоғы туралы фактілерді анықтауға қолданылады.
Сапа көрсеткіші сандық өлшемдік белгілері мен анықтауды әртүрлі өлшеу аспаптары мен приборларын қолдану арқылы тексереді, ол дәлме-дәл нақты қажетті өлшемді береді.
Сондықтан, заттың сапасын тексеру – өте күрделі және еңбек талап ететін үрдіс, көбінесе қымбат аппараттарды қолдануға тура келеді және де бұйымның бұзылуы, беріктілікке тексеріледі.
Сондықтан бүкіл тексеріс комплексі – бұйымның сапасын бағалау зауытта өтеді және оның пайдалану мерзімі, сақтау, қолданудың ең төменгі сандық циклін бекітеді. Сонымен бірге өндіріс орындары қолданыстағы материалдарды да бақылау жасауда қамтамасыз етеді, зауыттың ОТК-сы зауытқа әкелетін шикізат материалдары мен жартылайфабрикаттарды да бақылау жасайды.
Тұтынушы тарапынан сапасына бақылау жасау өте қарапайым зауыттағы қарағанда, көбінесе көзбен көріп, не қарапайым стандартты аспаптар мен қарапайым сынақ әдістерін қолдану арқылы жүргізіледі. Бұйымдардың ең жақсы үлгісін таңдау үшін анда-санда сапаның интегральді көрсеткішін қолданады – ол комплексті көрсеткіш, бұл көрсеткіш бұйымды эксплуатациядағы пайдалы эффектісінің, ол бұйымды сатып алу және эксплуатация жасау үшін қаражаттың суммарлық арақатынасын бейнелейді.
4. Иллюстрациялық материалдар: слайдтар (15шт)
5. Әдебиет
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
Медициналық техника және фармацевтикалық тауарлардың сапасы туралы түсініктеме беріңіз?
Сапаның қандай көрсеткіштерін білесіз?
Медициналық бұйымдардың сапасын бағалаудың қандай әдістерін Сіз білесіз?
Сапаның интегральді көрсеткіштері туралы сипаттама беріңіз?
1. Тақырыбы №:13 «Медициналық бағытта қолданылатын тауарлардың таңбалануы, орау-буу, тасымалдау және сақтау»
2. Мақсаты: Студенттерді медициналық бағытта қолданылатын тауарларды таңбалануы, орау-буу, тасымалдау және сақтаумен таныстыру.
3. Дәріс тезистері:
Сиымдылық – белгілі бір мөлшерде өнімді не дәрілерді салу үшін қолданылады, ыдыс деген түсінікпен анықталады.
Орау-буу – ыдыстан және қосымша заттардан тұратын комплекс, ол орамдалатын өнімнің тұтыну және техникалық қасиеттерін анықтайды. Мысалы, орлакон-ыдысы, дәрілік препараттар салынған құтылар, тығынмен немесе капельницамен, этикеткамен және т.б. қосымша заттармен беріледі. Алғашқы орамдау дәрілік формаларды соның ішінде сақтап қалу үшін жасалынатын қажетті жағдай. Дәрілік формалармен тікелей кантакт болғандықтан, оған ерекше талаптар қойылады:
Газ және буөткізбеушілігі;
Дәрілік заттарға химиялық салғырттылығы;
Әртүрлі сыртқы әсерлерге тұрақтылығы мен беріктігі;
Жарықөткізбеушілігі;
Микроорганизмдерге төтеп берушілігі.
Екіншілік орамдауға мына талаптар қойылады: алғашқы орамдаудың сақталуын қамтамасыз ету және дәрілік заттарды де қарапайым ыңғайлы тіркеу және бақылауды қамтамасыз ету.
Транспорттық орамдау дәрілік препараттарды тасымалдау, оны толық қорғау, түгелдей түрде сақтауды қамтамасыз етеді.
Орау-буудың арнайы түрлері
1. Компоненттерін жеке-жеке бөлектеп сақтау түрінде орау-буу. Тұрақсыз дәрілік заттарды, өзінің белсенділігін жоғалтатын ерітінді немесе тек пайдалану алдында ғана дайындалатын препараттарды комплектілер ретінде дайындау кезінде жеке орамдайды. Ереже бойынша комплект 2 ыдыстан тқрады (флакондар немесе ампула мен флакон). Ерітінділермен бірге препараттардың комплектісі будан немесе картоннан жасалған секциялық коропка ретінде, не қораптың ячейкаларында орналасқан түрде, не екі жақты комплексті пленкада буып түйіледі. Шет елде комбинирленген буып-түю көп қолданылады, ол дәрілік заттардың бір-бірімен бөлек түрде сақтауды қамтамасыз етеді, оларды бір орамада бөлек камераларда орналастырады, тек қолданған кезде ғана араластыруға дайын.
2. Дәрілік препараттарды ылғалтартқыштармен бірге орау-буу. Көптеген дәрілік заттар сыртқы орта факторлардың әсеріне төтеп бере алмайды (ылғал, жарық, ауаның О2). Сондықтан шет шет ел фирмалары оларды сақтау үшін ылғал сорғыштарды қолданады. Ылғалсорғыштар арнайы қапшықтарда гранула түрінде, капсула немесе таблетка түрінде қолданылады. Ылғаосорғыш орамалар көбінесе ылғалды тропикалық климатты елдерден әкелінетін медикаменттер үшін жиі қолданылады.
3. Бір дозалы дәрілік заттарды орау-буу – дәрінің бір дозасы басқа дозадан бөлек қолданылатын уақытына дейін сақталады, сонымен бірге жеке этикеткамен жабдықталады. Қосымша дәрілік препараттарды қолданбай-ақ берілген өлшемдегі дозадан дәрілік препараттарын қабылдау мүмкіндігі дозаны «мах» тазалықта, қажет болса препараттың стериьдігі бірдозалы орамамен медициналық тәжірибеде ыңғайлылығына байланысты бірінші орынға қояды. Кемшіліктері: орама қымбаттау, дайындау мен орамдау көптеп еңбекті қажет етеді.
4. Балалар тәжірибесінде орау-буудың арнайы түрлері. Дозасы 1мл-ге дейінгі сұйық дәрілерді дозалау үшін себілген құрылымдық тығыны бар және кішкене мензурка ретінде жасалады.
4. Иллюстрациялық материалдар: слайдтар (15шт)
5. Әдебиет
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
Ыдыстар және орау-буу дегеніміз не?
Таңбалау дегеніміз не?
Ыдыстар қалай жіктеледі?
Ыдыс пен орау-бууды әдетте қандай негізгі талаптар қойылады?
Ыдыс пен орау-буудың сапасын бағалау қалай жүргізіледі?
Орау-буудың қандай түрлері бар?
1. Тақырыбы №:14 «Медициналық және фармацевтикалық тауарлардың ассортименттері»
2. Мақсаты: Студенттерді медициналық және фармацевтикалық тауарлардың ассортименттерімен таныстыру.
3. Дәріс тезистері:
Тауарлар ассртименті – тауарлар жиынтығы, бір немесе бірнеше белгілері бойынша топтастыру.
Тауарлар классы – функционалды қызметі бір тауарлар жинағы. Мысалы: дәріханалардағы сатылып жатқан тауарлар асортиментін келесі класстарға бөлуге болады: фармацевтикалық тауарлар, медициналық тауарлар және т.б.
Тауарлар топтары – белгілі классты тауар жинағы, тұтынушылық қасиеті ұқсас, мысалы: жараны таңу заттары, оптика, науқасқа қарау заттары.
Тауарлар түрі – белгілі топтың тауар жинағы, жалпы атауы мен тағайындалуы бойынша біріктірілген. Мысалы: жараны таңу тобына келесі тауар топтарын атауға болады: мақта, дәке бинттері, салфеткалар, бекіту байламдары және т.б.
Тауарлар түрілігі – белгілі түрлі тауар жинағы, өндіруші мен залалсыздану мөлшері мен ерекшеленген.
Ассортимент құрылымы – ерекше белгімен жинақтағы тауар жинағының қатынасы.
Ассортимент кеңдігі – тауар топтары ассортименттің санымен сипатталады. Оны ассортимент кеңдігі (Квт) коэфициенті мен білдіреді.
Ассортимент толықтығы – әрбір ассортимент позициясының санымен сипатталады.
Ассортимент толықтығын анық ассортимент кеңдігінің (D com) негізгі көрсеткішке (В com) қатынасы коэфициентімен (К com) білдіреді.
Ассортимент терендігі – бір тауар түрінің әртүрлілігімен сипатталады.
Ассортиментті пайдалану деңгейі - тауар ассортименттің пайдалану көрсеткіші.
Ассортимент жаңалығы (жаңарту) – жаңа тауар есебінен сұранысты қанағаттандаратын тауар жиынтығының қабілеті.
Ассортимент құрылымы жалпы жиынтықтағы әрбір тауар түрінің үлес салмағымен сипатталады.
Ассортимент тұрақтылығын деңгеймен анықтайды. Зерттеу уақытындағы құрылымы мен тереңдігі, кеңдігі мен толықтылығы көрсеткішінің өзгеруі.
Ассортимент үндестігі (үйлесімділік) – тәжірибелік қолдануы бойынша әртүрлі топ тауарларының арасындағы жақындылық деңгейі. Үндестік ассортиментінің сапалық сипаттамасын қамтамасыз етеді және сандық өлшенбейді.
Ассортиментпен басқару – ассортимент рационалдығына жету әрекеті. Ол басқару функцияларын іске асырады: жоспарлау, ұйымдастыру, кординация және бақылау.
4. Иллюстрациялық материалдар: слайдтар (15шт)
5. Әдебиет
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
Фармацевтикалық тауарлар ассортименті дегеніміз не?
Тауарлар класы, тобы, түрі, әртүрлілігі дегеніміз не?
Ассортимент құрылымы дегеніміз не?
Ассортименттердің қандай сапалы көрсеткіштерін Сіз білесіз?
Ассортименттермен басқару қалай жүргізіледі?
1. Тақырыбы №:15 «Дәріханалық жүйедегі тауартану операциялары»
2. Мақсаты: Студенттерді дәріханалық жүйедегі тауартану операцияларымен таныстыру.
3. Дәріс тезистері: Дәріханашыларға тауар қоймалардан, баздан және басқа жеткізушілерден келіп түсетіні барлығына белгілі. Ал өз кезегінде дәріхана қоймаларына тауар, жеткізу шарттары туралы кеілсім шарт негізінде жасалған тапсырыс – мәлімдемеге сәйкес жабдықтаушыдан түседі.
Қабылдау комиссиясының ережесіне сәйкес, негізгі – міндеті – нұсқау талаптарына сай, түскен тауардың жарамдылығын анықтау, тауар қабылдаудың сандық және сапалық бағасын қағаз жүзінде ресімдеу. Осы мақсатта түскен тауарға сараптамамен талдау жасалады, лабораториялық талдау нәтижелерін алғанша, тауар қабылдау бөлімінде сақталады.
Улы және есірткілік заттар түсу кезегімен улы дәрілер бөліміне ауыстырылады, талдауға сынама алу бақылау комиссиясының мүшесімен есірткілік және улы дәрілік заттар бөлімінің мүшесімен жүргізіледі. Басқа фармакологиялық тауарлар, оперативті бөлім мен дәріханаларға, емдеу – алдын-ала мекемелеріне жіберу, лабораториялық талдау мен сараптама нәтижелерін алғаннан кейін жүзеге асады.
Тауар қабылдау талдауға, талдауға сынама алу, оперативті бөлімдерге тауар босату әрекеттерін қабылдау комиссиясы «Келіп түскен жүк тіркеу журналы» «Жеткізушілердің есеп тіркеу журналында» құжатты түрде ресімдейді.
Қойма бөлімдерінде тауар айналу есебі номенклатуралық, сандық, соммалық түрде қойма есебінің карточкаларында жүргізіледі, күнделікті тауар түсімі (кіріс) және шығарымы (шығыс).
Тауарды жеткізу келісім-шарты жабдықтаушы мен алушы, яғни зауыт пен бас мекеме ПО «Фармация» (дәріханалық қойма) арасында жасалады, келісім-шартта көрсетіледі:
атауы, тауар саны;
келісім-шарттың жарамдылық мерзімі;
есеп айырысу түрі мен кезегі;
төлемдік және почталық реквизиттері;
ассортименті, тауар түсуінің мерзімі мен кезегі, сапасы, орау-байлау ыдысы;
заңға сәйкес басқа шарттар және жабдықтаушы мен алушы арасындағы шарттар.
Фармакологиялық тауарлардың жабдықталу ерекшеліктері № 812 бұйрық 11.10.73 ж. «Медициналық өнімді жабдықтаудың ерекше шарттары» арнайы нұсқауында айтылған, мұнда жабдықталу кезінде дәрілік заттардың жарамдылық мерзіміне аса назар аударады. Мысалы: жабдықталу уақытында дәрі-дәрмектер 80 %, бактериялық дәрі-дәрмектер, стаматологиялық және полимерлі заттар 50 % жарамдылық мерзімі болу керек. Жарамдылық мерзімі 2 жылдан асатын дәрі-дәрмектер, сатып алушыға жарамдылық мерзімі 1,5 жыл болғанда тиеп жөнелтіледі, ал жарамдылық мерзімі аз дәрі-дәрмектер сатып алушының рұқсатымен тиеп жөнелтіледі.
Сақтау кезінде жарамсыз болған тауарлар құны айыпты адам болған жағдайда дәріхана мекемесінің шығыны ретінде құралады, ал болмаса шығарылымға акт арқылы ресімдейді. Шығарылымда талдау нөмірі мен дәрі-дәрмектің жарамсыздығы туралы КАНЛ шешімінің күнін көрсету керек.
4. Иллюстрациялық материалдар: слайдтар (15шт)
5. Әдебиет
Негізгі:
1. Васнецова О.А. Медицинское и фармацевтическое товароведение – М.: Изд. Группа «ГЭОТАР – Медиа» 2005-605 с.
2. Васнецова О.А. Медицинское и фармацевтическое товароведение - Практикум М.: Изд. Группа «ГЭОТАР - медиа» 2005-704 с.
3. Кабатов Ю.Ф., Крендаль П.Е. Медицинское товароведение. – М.: Медицина, 1984, 383 с.
4. Умаров С.З. и др. Медицинское и фармацевтическое товароведение: Учебник/ - М.: ГЭОТАР – Мед. 2004-368 с.
5. Крендаль П.Е. и др. Практикум по медицинскому товароведению. – М.: Медицина, 1964 – 197 с.
Қосымша:
1. Красильников А.А. Разработка и производство медицинской техники в ОАО МНПК «Авионика» // Медтехника, 2004, №4, С. 44-48.
2. Стрелков В.Н. Методологические и методические проблемы фармацевтического товароведения. // Фармация. – 1990.
3. Сафина З.М. Научно-производственное предприятия «Нейрон»: аппаратура для офтальмологии // Медицинская техника – 2004, №2 – С. 47.
4. Тюнтеков О.Л., Филиппин Н.А., Яковлева Ж.И. Тара и упаковка готовых лекарственных средств. – М.: Медицина. – 1990.
5. Фетисов В.С., Дубов О.А., Горулев Е.П. и др. Информационно-измерительный комплекс для многопараметрической оценки состояния опорно-двигательного аппарата человека. // Мед. техника. – 2005, №2. – С. 33-34.
6. Шведов Ю.А., Колпаков Е.В. Обзор медицинской техники, представленной на выставке «Здравоохранение 2004» // Медицинская техника. – 2005. №2 – С. 35-42.
7. Шерепо К.М. Портативное устройство для вытяжения ребер // Медицинская техника – 2004, №6 – С. 23-25.
Мемлекеттік тілде:
1. Шертаева К.Д., Жанбырбаева А.Д. «Медициналық және фармацевтикалық тауартану» - оқу құралы,Шымкент - 2012ж. 2-басылым, 150б.
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
Дәріханаға және дәріханалық қоймаға тауарларды қабылдау тәртібін қалай жүргізеді?
Дәріханалық қоймаға немесе базаға түсетін тауарлардың тауарлық сараптамасы қалай жүргізіледі?
Фармацевтикалық тауарларды жеткізу келісім-шарты қалай жасалынады?
Келісім-шарттың функцияларын атаңыз?
Қабылданған өнімнің сапасын қалай бағалайды?
|
РГП на ПХВ «Южно-Казахстанская государственная фармацевтическая академия» МЗРК
|
044 -40/15
|
Кафедра организации и управления фармацевтическим делом
|
Тезисы лекций
по дисциплине
«Медицинское фармацевтическое товароведение»
Специальность: 5В110300 – «Фармация»
Шымкент-2013
Лекционный комплекс составлен в соответствии с рабочей программой утвержденной на заседании Методического Совета ЮКГФА
Протокол №____ от «___»_________20__г.
«Медицинское фармацевтическое товароведение»
Достарыңызбен бөлісу: |