6.1 Растрлық және векторлық кескіндер
Microsoft Word бағдарламасында графикамен жұмыс жасау мүмкіндігі өте кең. Графиканың екі негізгі типі бар: векторлық және растрлық. Растрлық графиканың объектілері жекелеген нүкетелердің яғни пиксельдердің көмегімен құрылған. Монитор экранында пикселдерден кескіндер құрылады. Бұндай нүктелердің саны дисплейдің және графикалық адаптердің типіне тәуелді. Әрбір пикселге пикселдін атрибутын: түсін және жарықтығын беретін бейнежадының бір немесе бірнеше байты сәйкес келеді. Демек, экранға енгізілетін кескін ол- әрбір элементі бір пиксель үшін атрибуттардың мәнін құрайтын бейнежадының массиві. Бағдарлама әр түрлі кескіндерді құра алу үшін, ол не атрибуттардың массивтерін сақтауы қажет, не болмаса, экранның әрбір пикселі үшін атрибуттарды құра білуі қажет.
Векторлық графика қисықтар геометрисына негізделген кескінді кодпен жазу түрін ұсынады. Векторлық графиканың негізгі түсінігі қисық болып табылады. Сонымен қатар векторлық графиканы оңай пішімдеуге болады (мысалы, масштабтауға және айналдыруға). Бұл жағдайда сапа өзгерусіз қалады.
Microsoft Word бағдарламасында растрлық кескіндерге қарағанда векторлық графиканың объектілерін өңдеу мүмкіндігі өте көп. Растрлық кескіндерді бағдарламаға тек импорттауға ғана болады, ал векторлық кескінді құруға да және редактілеуге де болады.
6.2 Құжатқа кескіндерді кірістіру
Word құжатына графикалық объектілерді кірістіру өте оңай. Сіз кез- келген деректен суретті көшіре аласыз (веб- беттерден немесе басқа құжаттан), одан кейін ағымдағы құжаттың қажетті жеріне алмастыру буферінен суретті кірістіресіз. Одан басқа Word бағдарламасында бағдарламадан тікелей әр түрлі графикалық файлдарды ашуға және сақтауға мүмкіндіктер бар. Сіздің қатқыл дискіңізде сақталған кескінді құжатқа кірістіру үшін лентада Кірістіру қосымшасындағы Иллюстрациялар тобында Сурет батырмасын басыңыз (6.1. Сурет), Суретті кірістіру терезесінде графикалық файлды таңдаңыз және кірістіру батырмасын басыңыз.
6.1 Сурет. Құжатқа кескіндерді кірістіру батырмасы
Кескіндермен жұмыс жасау үшін Клиптер коллекциясы тапсырмалар аймағы қызмет етеді. Оның көмегімен векторлық кескіндермен де және растрлық кескіндермен де жұмыс жасауға болады. Тапсырмалар аймағын көру үшін, лентада Кірістіру қосымшасындағы Иллюстрациялар тобында Клип батырмасын басыңыз (6.2. Сурет).
6.2 Сурет. Клип батырмасы
Клиптер коллекциясы тапсырмалар аймағында лайықты кескінді табу үшін (6.3. Сурет) Іздеу жолында кілттік сөзді теріңіз және бастау батырмасын басыңыз. Егер іздеу жолын бос қалтырса, онда бағдарлама барлық қол жетімді кескінді көрсетеді.
6.3 Сурет. Клиптер коллекциясы тапсырмалар аймағы
Қандай да бір тақырыппен іздеуді шектегіңіз келсе , Объектілерді іздеу және Қарау тізімін баптаңыз. Ең бірінші іздеу жүргізу қажет коллекциялар көрсетіледі, ал екінші- файлдар типі (суреттер, фотосуреттер, дыбыстар т.б).
Үнсіз келісім бойынша үш коллекцияны пайдалана аламыз:
Менің коллекцияларым- мұнда қатқыл дисктің суреттер сақталған барлық бумалары кіреді;
Microsoft Office коллекциялары- кескіндердің бұл жинағымен көбінесе алғаш қолданушылар жұмыс жасайды.
Веб- коллекциялар- Office Online Интернет- қорында қол жеткізуге болатын кескіндердің көмегімен Word бағдарламасының суреттер жинағын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Берілген критерилерге сай келетін кескін алдын ала қарау аймағында көрінетін болады (6.4. Сурет). сіз оларды айналдыру жолағының көмегімен қарай аласыз.
Достарыңызбен бөлісу: |