6.11 Мониторда графиканың түсі өзгерді
Сонымен қатар Өзгерту тобында кескіннің қанықтылығын және айқындылығын баптайтын батырмалар бар. Осы батырмаларға басқан кезде кескіннің қанықтылығын және айқындылығын өзгертуге арналған нұсқалары бар меню пайда болады. Курсорды менюдің пунктеріне апарсақ сурет сол сәтте өзгереді.
Егер менюден кескінді баптаудың лайықты нұсқасы табылмаса, онда қанықтылық пен айқындылықтың мәнін қолмен орнатуға болатын Суретті баптау параметрлері командасын шақырыңыз. Бұл жерде де басқа түске бояу үшін түс таңдауға болады. (6.11. Сурет).
6.12 Сурет. Сурет пішімі терезесі
Суреттердің Стилі тобы кескіндерді безендіруге кең көлемді мүмкіндіктерді ұсынады (6.12. Сурет). Суретті жылдам безендіру үшін Қосымша параметрлер батырмасын шерту арқылы Жылдам- стилдер менюін ашыңыз. Бұл менюде ерекше көп таралған әсерлердің (эффект) аздаған жиыны ұсынылады, мысалы, виньеткалар қосу, әр түрлі пішіндегі жақтауларды қосу, көлемді 3D- суреттің әсері, кескін және т.б.
6.13 Сурет. Суреттер стилі тобы
Достарыңызбен бөлісу: |