Құрастырушы: Сейткалиева Асель Кенжетаевна – бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының аға оқытушысы


Бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысу



жүктеу 5,22 Mb.
бет3/17
Дата23.05.2018
өлшемі5,22 Mb.
#16573
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысу




1.8 тақырып: Еңбекақы есебi бойынша операциалар.

Мақсаты: “1С: Бухгалтерия” бағдарламасының еңбекақы есебi бойынша операциалар есебiмен таныстыру.

Өндiрiстiн жұмысы қызметкерлердiн атқаратын жұмысына тiкелей байланысты.

Еңбек ақы төлеуде өндiрiс бiрнеше формалардын арасынан өзiне қолайлысын тандай алады. Бiрақ бұл таңдау бiрнеше принциптерге сай болуы шарт:


  • Еңбекақы қызметкердi белсендi жұмыс iстеуге итермелеушi механизм болуы керек;

  • Мемлекеттiн адам құқығына және экономиканың талаптарын сай мөлшерде төленуi керек (минималды еңбекақы принципы);

  • Еңбекақы қызметкердi белсендi жұмыс iстеуге итермелеушi механизм болуы керек (максималды еңбекақы принципы);

  • Еңбекақы қызметкердiң сұранысына және экономиканың конъюнтурасына, жұмыс күшiнiң сұранысы мен қажеттiлiгiне сай болуы керек (биржалық еңбекақы принципы).

Еңбекақы төлеу кезiнде қате жiбермеу үшiн, бiрнеше параметрлердi бiлу шарт:

  • Еңбекақы-қай еңбек фондынаң (ЕФ)және қай әлеуметтiк сақтандыру фондынаң есептеледi (ӘСФ);

  • Еңбекақы-қай зейнетақы фондына (ЗФ), қай әлеуметтiк сақтандыру фондынаң есептеледi (ӘСФ) және қай қолдау фондына қаражат аударады;

  • Жеке кiрiс салығы алынады ма;

  • Профсоюздiк үлес төленедi ме;

  • Қай мезгiлге есептеледi (өткен, келесi).

Ұсталымдар үшiн келесi параметрлердi бiлуi шарт:

  • Қандай ұсталымдар есептеледi;

  • Қай мезгiлге есептеледi (өткен, келесi).

Еңбекақы есептеу бөлiмiнде бастапқы мәлiметтер, бастапқы құжаттар, және соңғы көрсеткiштердi өндеу, дұрыстау және дайындау, есептiн басқа салаларымен байланыстыру.

Басқа ақпарат көздерiнен бұйрықтар, ведомостар, анықтамалар, болнистiк парақтар, орындалу парақтары т.б., құжаттар келiп түседi. Осы құжаттарға сұйене отырып бастапқы ақпарат құрастырылып, әртүрлi үсталымдар мен есептеу соммалары есептелiнедi

Бастапқы ақпаратты еңгiзгеннен кейiн еңбекақы есептелiнедi
Әдебиеттер

1С:Бухгалтерия 7.7. от А до Я: задачи, решения и результаты: учебное пособие для самостоятельного изучения программы 1С: Бухгалтерия 7.7. – Алматы: БизнесСофтТрейдинг, 2002 г. – 149 с.

2. 1С: Бухгалтерия 7.7. в вопросах и ответах: самоучитель, учебное пособие под ред. В.Б. Комятина. – М: Триумф, 2005 – 367 с.

Бақылау сұрақтары


  1. Өнiмдер және еңбек ақыға төлеу есебiн ұйымдастыру.

  2. Негiзгi өндiрiс қызметкерлерiне еңбекақы есептеу.

  3. Табыс салығын есептеу. Лауазымды қызметкерлермен сеп айырысу есебi. Еңбекақы төлеу операциялары.

1.9 тақырып: Өнiм өндiру және өндiрiс шығындары есебiнiң операциялары

Мақсаты: “1С: Бухгалтерия” бағдарламасының өнiм өндiру және өндiрiс шығындары есебiмен таныстыру.
Негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыс жылдық жиынтық табысты құрайды және ол №5 БЕС-НА сәйкес стандартқа сай есептелінеді. Табыс сондайақ тауарлы- материалдық запастарды сатқаннан, қызмет көрсеткеннен, кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден, пайыздарда, роялтиден және дивиденттерден алынуы мүмкін.

Табыс дайын өнімдерден, сатып алынған тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады; олардың сатылу құны тараптар аясындажасалған келісім- шартта анықталады. Ал мәміледен шығатын табыс сомасы бағасынан немесе сатудан жасалатын жеңілдіктерін ескере отырып, олардың құндарын өлшейді. Көрсеткен қызметтен және орындалған жұиыстан алынған табыстар, мына жағдайларды қоспағанда, тауарды сатқаннан алынатын табыс ретінде танылады: есеп беру күніне мәміленің аяқталу кезеңі үлкен деңгейдегі дәлдікпен анықталса; -мәмілені жүргізу кезінде жұмсалған шығыстары да, мәмілені аяқтау үшін қажет шығыстары да үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағаланса.

Негізгі қызметтерден түскен табыстардың есебі бөлімшесінің «Негізгі қызметтен түскен табыстар» шоттарында ұйымдастырылады. Бұл топқа мына төмендегі синтетикалық, әрі пассивтік шот жатады;

«Дайын өнімді сатудан түскен табыс» шоты. Бұл шотта өнімді сатудан, орындалған жұмыстардан және сыртқа көрсетілген қызметтерден түскен табыстар көрсетіледі. Аталған шотты өнімді, жұмыстарды және қызметтерді жасайтын материалдық өндіріс саласындағы кәсіпорындарпайдаланады. Есепті кезең бойы - шоттың кредитінде дайын өнімді, жұмыстарды және қызметтерді сатудан түскен табыс сомалары жинақталады.

Негізгі емес қызметтен түскен табыстың есебін есептеу үшін шоттардың Бас жоспарының - «Негізгі емес қызметтен түскен табыстың есебі» деп атылатын бөлімшесі арналған.

«Сатылган тауарлардың өзіндік құны» шоты. Бұл шот өнім өндіретін, жұмыстар істейтін және қызметтер көрсететін материалдық өндіріс салаларында қолданылады және босатылған өнімнің, орындалған жұмыстардың, қөрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құнын есепке алуға арналған.

Негізгі емес қызметтердің шығысын үшін «Негізгі емес қызметтер бойынша шығысы» деп аталатын бөлімше шоттары арналған.

Өнім өндіруге кеткен шығыстардан кезеңдік шығыстар болады және олар өндіріс көлеміне тәуелді емес, тұрақты сипатқа ие, сатылған өнімнің, көрсетілген қызметтің нақты бір түрімен байланысты емес. Шаруашылық жүргізуші субъект, еш нәрсе өндірмесе де, белгілі бір кезендердің барысында кезең шығыстарын жасайды.

Кезен шығыстарына мыналар жатады: жалпы және әкімшіік шығыстар, пайыз бойынша шығыстар,тауарлы-материалдық запастарды сату бойынша шығыстар.
Әдебиеттер

1. Филимонова Н.И., Кириллова Н.А. 1С: Бухгалтерия 7.7. в вопросах и ответах: учебное практическое пособие. – М: Лига, 2006 г. – 306 с.

2. Журнал "Компьютеризация бухгалтерского учета", 1999-2002 гг.
Бақылау сұрақтары


  1. Сатып алынған тауарлар есебi.

  2. Сатылған тауардың (жұмыс пен қызмет) өзiндiк құны.

  3. Сатып алушылар және тапсырыс берушiлермен есеп айырысу.



1.10 тақырып: Анықтамалықтар мен есеп берулер

Мақсаты: “1С: Бухгалтерия” бағдарламасының анықтамалықтар мен есеп берулер есебiмен таныстыру.
Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жуйелендірілген бірден- бір көзіне, әр түрлі ұйымдық- құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық есептердің ақпараттық базасына айналды.

Қаржылық есеп беру келесі нысандарды қамтиды:



  • бухгалтерлік баланс

  • табыстар және шығындар туралы есеп беру

  • ақша қозғалысы туралы есеп беру

  • меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру

  • түсініктеме жазба


Бухгалтерлік баланс – есеп берудің негізгі үлгісі болып саналады. Есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Оны жасауға дейін есеп регистріндегі барлық синтетикалық шоттар бойынша қалдық пен айналым аналитикалық есеп мәліметтерімен салыстырылады. Баланс Бас кітапта көрсетілген шоттардың қалдығының негізінде жасалады. Ол міндеттеме, меншік капиталы, активтер деген бөлімдерден тұрады. Активтер мен міндеттемелер өз кезегінде ұзақ және ағымдағы кезеңдерге жіктеледі.

Табыстар және шығындар туралы есеп беру нысаны табыс пен шығыс шоттарын ашып, оларға шолу жасайды. Бұл есеп беру келесі көрсеткіштерден тұрады:

-өнімді, жұмысты, қызметті сатудан түскен табыс;ҚҚС, акциздер жәнебасқа міндетті төлемдер мен салықтар шегетілген түрінде көрсетіледі;

- өнімнің, жұмыстың, қызметтің сатылған өзіндік құнына кәсіпорының нақты шығындары, яғни өнімді, жұмысты, қызметті өндірумен байланысты тікелей шығындар кіреді;

- жалпы табыс - өнімді сатқаннан тускен табыстан өнімнің нақты өзінді құныны алып тастағаннан соң шығатын қаржылық нәтиже;

- кезең шығындары өнімнің, жұмыстың, қызметтің өндірістік өзіндік құнына енбейтіншығындар: жалпы және әкімшілік шығындар, өткізу бойынша шығындар, сыйақы бойынша шығындар.

- негізгі қызметтен түскен табыс (зиян) жалпы табыс пен кезең шығындарының айырмасы;

- негізгі емес қызметтен түскен табыс (зиян) – кәсіпорынның негізгі қызметімен байланысты емес операциялардан алынған табысы (негізгі құралдарды,материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды сатқаннан, субсидиялар).

- салық салынғанға дейінгі әдеттегі қызметінен алынған табысы – негізгі және негізгі емес қызметтерін біріктіргеннен алынған табыс;

- табыс салығы

- салық салынғанған кейінгі әдеттегі қызметінен алынған табысы (зияны)- салық салынғанға дейінгі табыстан табыс салығы бойынша шығысын шегергеннен соң алынатын табысы (зияны)

- төтенше жағдайдан алынатын табысы (зияны) – есепті кезеңде орын алғантөтенше жағдайдың сальдоланған нәтижесі;

- таза табыс (зиян) – есепті кезеңде кәсіпорынның алған қаржылық нәтижесі.



Ақша қозғалысы туралы есеп беру Бұл есеп беруде кәсіпорынның негізгі (немесе операциондық), инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынған ақшалардың ағыны туралы барлық деректері көрсетіледі. Бұл есепті құрастырудың екі әдісі көзделген: тікелей және жанама.

Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру баланстағы меншікті капитал сомасы қалай шыққанын түсіндіреді. Бұл есеп беру келесі түрде көрсетіледі:

Кезең басындағы меншікті капитал +иеленушілердің салымдары + кезең ішіндегі таза табыс – иеленушілердің алымдары = кезең аяғындағы меншікті капитал.

Түсініктеме жазба баланс бойынша ұзақ және ағымдағы активтерді, меншік капиталын, ұзақ және ағымдағы міндеттемелерді ашып көрсетеді.
Әдебиеттер

1. 1С: Бухгалтерия 7.7. в вопросах и ответах: самоучитель, учебное пособие под ред. В.Б. Комятина. – М: Триумф, 2005 – 367 с.

2. Журнал "Компьютеризация бухгалтерского учета", 1999-2002 гг.
Бақылау сұрақтары


  1. Баланс пен балансқа қосымшалар.

  2. Қаржылық нәтижесi және оны пайдалану туралы есеп беру.


2 Практикалық тапсырмалар кешені
2.1 тақырып: Программаны шақыру
Мақсаты: “1С: Бухгалтерия” бағдарламаның принциптерi мен мүмкiндiктерiн ашу.
Жоспары:

1. Программаны енгізу

2. Кәсіпорын мәліметтерін енгізу
Бақылау сұрақтары


  1. Бағдарламаны шақыру. Менюдi пайдалану.

  2. Терезелермен жұмыс. Жиi қолданылатың пернелер. Көмек алу. Қарым қатынас терезесi.

3. Тізiмдермен жұмыс: тiзiмдi қарап шығу, жаңа элемент қосу, жою, тiзiмге түзетулер еңгiзу.
2.2 тақырып: Негiзгi құралдар есебi бойынша құжаттар
Мақсаты: «1С:Предприятие» программасына сипаттама беру.

Жоспары:

1. Программалық нарығына қысқа сипаттама беру



2. Қаржылық инструменнтерге баға беру
Тапсырма 1: Негізгі құралдардың қозғалысы кестесін толтыру.

2.1 Негізгі құралдардың қозғалысы

2.2 Негізгі құралдардың қозғалысы

жүктеу 5,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау