Тексеруге арналған сұрақтар:
1.Байланыстырып сөйлеу жаттығулары қандай?
2.Әңгіме үйретудің, оның тақырыптары, әңгімені құрастыруға үйрету тәсілдерін көрсет.
Пайдаланылатын әдебиеттер :
/3/ -117-120б.
/9/ -266-280 б.
Тақырып: Байланыстырып сөйлеу әдістемесі.
Мақсаты: Оқығанды, естігенді, жаттағанды, ауызша, жазбаша мазмұндауға үйрету.
Дәріс мазмұны:
1. Оқығанды, естігенді, жаттағанды, ауызша мазмұндау (әр түрлі нұсқада).
2. Оқығанды, естігенді, жаттағанды жазбаша мазмұндау (әр түрлі нұсқада).
Балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту сабақтарда және де күнделікті өмірде іске асады. Әдеби шығарманы қайталап айтып беру ( әңгіме немесе ертегі), суретке қарап әңгімелеу , шығармашылық әңгіме, тіл дамыту сабақтары.
Оқығанды, тыңдағанды айтып беруге үйрету сабақтарының әдістемесі осы топтағы балалардың байланыстырып сөйлеу деңгейіне , қойылған тәрбиелік мақсаттарға және де ұсынылып отырған әдеби мәтінге тәуелді. Мұндағы көркем- бейнелі сөз (тіл ) баланың жетістігі.
Балалардың диалогтық, монологтық сөйлеу тілін дамыта отырып, адамдар сөздерін мәнерлі жеткізе білуге икемдейді. Үлкендер айтқан әңгіме , ертегісін зейін қоя тыңдап, мазмұнын қайталап , әңгімелеп , айтып беру арқылы грамматикалық дұрыс байланыстырып сөйлеуге үйретіледі. Шығармадағы жығымды , жағымсыз кейіпкер туралы әңгімелегенде, жақсылықтың жамандықты жеңгенін, сол кейіпкердің орнында өзің болсаң қайтер едің ?- деген сияқты қызықтыратын жетекші сұрақтар қоя отырып , ой-қиялын , логикалық дұрыс жүелеп, шығармашылықпен әңгімелеп айта білуге жаттықтырылады. Баланың байланыстырып сөйлеу мәдениеті арнайы жоспарланған сабақтарда, сабақтан тыс серуен , ойын сәттерінде шығармаларды сахналандыруда , ертеңгіліктер өткізуде дамытылады. Әр түрлі мамандық иелері туралы «Мамандықтың бәрі жақсы» , сондай-ақ «Мереке күндері», «Демалыста не істеді?» деген сұрақтарға диалогты , монологты сөйлеу арқылы жауап беруге үйретіледі.
Байланыстырып сөйлеуге үйретуде сөздік жұмысы үнемі , жүйелі жүргізіліп отырылады. Тілге қойылатын негізгі талаптың бірі оның мазмұндылығында. Тілдің қатынастық сапасын анықтауда балалардың алған білімдерінің жүйесі мен шығарма мазмұнының тәрбиелік мақсатына назар аударылады. Сөйлеу процесін жолға қою, ана тілінің әдістемесін жүзеге асырудың алғы шарты. Тіл дамыту сабағының эмоциональды түрде ұйымдастырылуы әр баланың белсенді сөйлеуін қамтамасыз етеді , яғни балаға сөйлеу қажеттігін тудырады. Оған дидактикалық ойындар , таныс кітапшалармен жұмыс, көңілді кейіпкерлер, сүйікті образдар әсер етеді. Ата-аналар мен педагогтар баланың кез келген уақытита берген жауабының толық, даусының анық , ашық , мәнерлі болуын талап етуі керек. Күнделікті іс-әрекеттің барлығында сабақ, ойын, серуен, бос уақытта баланы ауызша сөйлей білуге, сұраққа толық жауап беруге , сөйлемді дұрыс құрап айтуға, өз ойын жүйелі жеткізуге , шығармашылықпен әңгіме құрауға үйрету үшін жүргізілетін жұмыстар, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға негіз болады. Мысалы: Сурет сериялары бойынша әңгімелер құрастыру. Отбасында, жолдастарымен қарым-қатынаста, қоршаған ортадағы адамдарды тыңдай білу , оларға дұрыс жауап беруде диалогтық сөйлеуге үйретіледі. Оқыған шығарманы әңгімелеуде , оны өмірде көргендерімен салыстыруда монологтық сөйгеуге үйренеді. Диалогты және монологты сөйлеуде дауыс ырғағын сұраулы сөйлем, хабарлы сөйлем хабарлы сөйлем , өтініш жасау , таң қалу т.б. келтіріп айтуға жаттығады. Басталған ертегі, әңгімені аяқтауға , педагогтің жоспары бойынша әңгіме құрастыруға дағдыланады . Мысалы: «Жеті қазынаның бірі» атты ертегіні бастап, балаларға аяқтауға тапсырма беріледі.
Сурет сериялары бойынша әңгіме құрастыру , оқылған шығарма мазмұнына ұқсас, өмірден көргендері жөнінде өз шығармашылығымен әңгіме құрастыру. Өздеріне таныс оқиғалар туралы әңгімелетуде өз ойын жүйелі жеткізуге назар аударады.
Байланыстырып сөйлеуге үйретуде сөздік-тапсырмалар орындату, белгілі тақырып бойынша әңгіме құрастыру керек. Баланың сөйлеу тілін жетілдіруде ойын-жаттығулар мен дидактикалық материалдар , ойындардың маңызы зор. Тіл дамыту сабағының негізгі бағыттары кез-келген сәтте бір -бірімен тығыз байланыста жүзеге асыралады. Олай болса, баланың тілін дамытуда алдымен сөйлеу процесін дұрыс жолға қою керек. Сонда ғана тіл дамыту әдістемесін жүзеге асыруға болады.
Тексеруге арналған сұрақтар:
1. Оқығаныңды ауызша мазмұнда (әр түрлі нұсқада).
2. Оқығанды, естігенді, жаттағанды жазбаша мазмұндау жолдары қандай?
Пайдаланылатын әдебиеттер :
/8/ -72-86 б.
/8/ -50-67 б.
Дәріс 15
Тақырып: Тіл дамыту әдістемесінен жүргізілетін бақылау жұмыстары.
Мақсаты: Бақылау жұмыстарының мақсаты, түрлері, бақылау жұмыстарына қойылатын талаптарды меңгерту. Мазмұндама, шығарма және оны жүргізу жолдарын меңгеру.
Дәріс мазмұны:
1. Бақылау жұмыстарының мақсаты, түрлері, бақылау жұмыстарына қойылатын талаптар.
2. Мазмұндама, оны жүргізу жолдары.
3. Шығарма, оны жүргізу жолдары.
4. Бақылау жұмыстарын жүргізу және оларды бағалау.
1. Мазмұндама, оны жүргізу жолдары.
Бастауыш кластарда жаздыруға болатын мазмұндаманы топтай келгенде мынандай түрлерін көрсетуге болады: дайын әңгіме бойынша мазмұндама, сурет бойынша мазмұндама, кино, диафильм бойынша мазмұндама.
1. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама. Мазмұндаманың бұл түрі, атына лайық, белгілі бір алдын-ала дайындалған әңгіме бойынша жаздырылады. Дайын әңгіме бойыынша мазмұндама көлемі шағын, мазмұны жеңіл әңгімелер арқылы жүргізледі. Бұл текст сабаққа дейін тақтаға жазылып қойылады. Не болмаса мұғалім үлкен қағазға алдын-ала жазып, дайындап алып келеді де, тақтаға іле қояды. Мәтінді жазбас бұрын мұғалім сол мәтін туралы мағлұматтарды күні бұрын оқушыларға дайындайды.
2. Мұнда текстің мазмұн тәртібі сақталады да, сыртқы түрі аз-кем өзгертіліп жаздырылады. Мазмұндаманың бұл түрінде балалар қойылған сұрақтардың кейбір сөздерін қайталайды да, негізінен сұрақтарға өз сөздерімен жауап береді.
3. Текстің мазмұнын сақтай отырып, сыртқы түрін өзгертіп жазу. Мұнда оқушылар I жақпен баяндалған оқиғаны III жақпен, немесе, керісінше мазмұндап береді.
4. Ықшамдап мазмұндау. Бұл кейде методикалық әдебиеттерде қысқаша түрде мазмұндау деп те қолданылады. Мазмұндаманың алдыңғы түрлері сияқты, ықшамдап мазмұндау да балаларды творчесволық жұмысқа дағдыландырады.
5.Толықтырып мазмұндау. Бұл ықшамдап мазмұндауға керсінше, аз сөз көп мағына тудыру, берілген сөйлемдердің төңірегінде жаңа ойлар тапқызу мақсатында жүргізіледі.Мұнда белгілі бір әңгіменің жеке бөлімдерін сипаттайтын бірнеше сөйлем беріледі. Сол сөйлемдерді толықтырып, тағы да бірнеше сөйлем қосып, балалар түсінікті бір сюжетке құрылған әңгіме айтып беруге тиіс.
II.Сурет бойынша мазмұндама. Мұнда балалар суреттің мазмұнын түсінуге үйренеді. Мазмұндаманың бұл түрін де бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:
1.Дайын сурет бойынша мазмұндама. Мұғалім алдын ала дайындалған сурет береді, ал оқушылар сол сурет бойынша текст құрайды. Мазмұндаманың түрі бастауыш кластарда бір сюжетті бейнелейтін бір сурет арқылы да, бір сюжетті бейнелейтін бірнеше сурет арқылы да жаздырылады. Сонымен бірге сюжетке салынған бірнеше сурет бойынша текст беріп ондағы сөйлемдердің орнын ауыстырып (деформаланған текст), ондағы оң жүйесін қарай түзеттіруге болады. Бір сюжетке салынған бір сурет бойынша жүргізілетін мазмұндамаға мысал келтірейік: «Бүлдірген тере барғанда» суреті бойынша.
1.Мұғалім кіріспе әңгімесінде балалардың жазғы демалыстарында не істегендері,не көргендері туралы сұрақ-жауап арқылы әңгімелеседі. Онда көбіне жазғы даланың көрінісіне көңіл аударылады.
2. Шығарма, оны жүргізу жолдары.
Шығарма мәселесінде ең алдымен тақырыптың ішкі мағынасы мен оны қалай ашу ерекшелігіне түсініп алмай, жазуға кірісуден нәтиже шықпайтыны жөнінде жоғары кластарда шығарма жаздыру методикасын зерттеуші Е.Дайрабаев былай дейді. «Тақырып-талдап,талқыланатын мәселенің қысқаша атауы. Сырттай қарағанда осылай көрінгенімен, оның ішкі мағынасы тереңде жатыр. Өйткені тақырып шығармада жан-жақты айқындалып, ашылуға тиісті пікірлер негізінде белгіленеді. Олай болса, бір басқа, ал талдап талқылаған мәселе екінші басқа болып жүрмес үшін, оқушыны шығарма жазуға үйрету кезінен бастап, тақырып қойып отырған талап және сол талапқа байланысты негізгі пікір түйінін ажырата білуге дағдыландыру шарт. Тақырып қойып отырған талапты мейлінше ұғынып, оны әбден түсініп алмайынша, шығарма жұмысына кірісуге болмайды. Тақырыптың әрбір сөзін саралап, оны зердесіне әбден қондырмай тұрып жазған шығармадан оқушы өз сыбағасын ала алмайды. Тіпті өзінің бойындағы бар мүмкіндігін пайдалануға да шамасы келмейді. Міне, тақырыпты ашып көрсету оған автордың қалай түсінгеніне байланысты екен. Олай болса, оқушыларды шығармаға үйретуде тақырып таңдап ұсыну, оны балалардың меңгеріп алуын қамтамасыз ету бірінші орында тұрады.
Қорытындылай келе, мұғалім мазмұндама, шығарма жұмыстарын ұйымдастыру үшін грамматиканың жай сөйлем синтаксисі мен құрмалас сөйлем синтаксисін және тұтас текст синтаксисін,сондай-ақ стилистиканы жете білуі керек. Тілдің тұтас текст синтаксисі мен стилистика салалары жөнінде оқулықта берілген мағлұматтарға сүйене отырып, шығарма жазу үшін ұсынылатын тақырыптарды оқушылардың жасына лайықты, нақты болу жағын қарастырып іріктеп ала білу керек.
Тексеруге арналған сұрақтар:
1. Бақылау жұмыстарының мақсаты, түрлері, бақылау жұмыстарына қойылатын талаптар қандай?
2. Бақылау жұмыстарын жүргізу түрлері?
3. Оларды бағалау жолдары қандай?
4. Мазмұндама, оны жүргізу жолдары қандай?
5. Шығарма, оны жүргізу жолдары қандай?
Пайдаланылатын әдебиеттер :
/3/ -117-119 б. - 119-130 б.
/9/ -279-282 б. 270-282 б.
6.Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары.
№
|
Тақырыбы
|
Практикалық сабақтың мазмұны
|
Апта
|
Әдебиеттер
|
1
|
Тіл дамыту әдістемесі.
|
1. Бастауыш сыныптардағы тіл дамыту бағдарламасы.
2. Тіл дамыту сабақтарына қойылатын жалпы талаптар.
|
1
|
/1/-436-440 б.
/2/-126-134 б.
|
2
|
Сөздік жұмысының әдістемесі.
|
1. Жаңа сөздерді үйрету, олардың мағыналарын меңгерту.
2. Сөздік жұмысын жүргізу жолдары.
|
2
|
/4/-187-191 б.
/8/ - 9-31б.
|
3
|
Сөздік жұмысының әдістемесі.
|
Көркем мәтіндегі бейнелі сөздерді үйрету.
|
3
|
/4/-136-140 б.
/1/ -8-13 б.
|
4
|
Сөздік жұмысының әдістемесі.
|
Оқулықтағы синонимдермен жұмыс.
Оқулықтағы омонимдермен жұмыс.
|
4
|
/1/-15-19-21б.
/4/-146-149-160 б.
|
5
|
Сөздік жұмысының әдістемесі.
|
Оқулықтағы көп мағыналы сөздермен жұмыс. (Мәтінмен жұмыс)
|
5
|
/1/ -8-15 б.
/2/-106-112 б.
|
6
|
Сөздік жұмысының әдістемесі.
|
Оқулықтағы қанатты сөздер мен нақыл сөздермен жұмыс. (Мәтінмен жұмыс)
|
6
|
/3/ -60-65 б.
/9/-124-130 б.
|
7
|
Жұмбақ жаңылтпаштармен жұмыс.
|
Оқулықтағы жұмбақ- жаңылтпаштармен жұмыс (1-4 с.).
|
7
|
/3/ -61-62 б.
/11/ - 14-20б.
|
8
|
Мысалдармен жұмыс.
|
Оқулықтағы мысалдармен жұмыс (1-4 с.).
|
8
|
/3/ - 62-64 б.
/9/ -98-111 б.
|
9
|
Ертегілер.
|
1. Ертегілерді сахналау.
|
9
|
/3/ -60-61 б.
/7/ - 68-84 б.
|
10
|
Сөз тіркесі, сөйлемдермен жұмыс жүргізу әдістемесі.
|
1.«Мәтін» ұғымын қалыптастыру, мәтіннің типтері: сипаттау, хабарлау, пайымдау, аралас.
2. Байланыстырып сөйлеуді дамыту жаттығулары( тақырып, негізгі ой, жоспар т.б.).
|
10
|
/9/ -66-78 б.
/3/-110-117 б.
/10/-7-9 б.
/9/-266-270 б.
|
11
|
Байланыстырып сөйлеу әдістемесі.
|
1. Оқығанды, естігенді, жаттағанды, ауызша мазмұндау (әр түрлі нұсқада).
2. Оқығанды, естігенді, жаттағанды жазбаша мазмұндау (әр түрлі нұсқада).
|
11
|
/8/ -72-86 б.
/8/ -50-67 б.
|
12
|
Бастауыш сыныпта жүргізілетін жазба жұмыстары, оларды жүргізу жолдары.
|
1. Мазмұндама, оны жүргізу жолдары.
2. Шығарма, оны жүргізу жолдары.
|
12
|
/3/-119-130 б.
/9/-270-282 б.
|
13
|
Сөз сапасы.
|
1. Сөз сапасы туралы (мысалдар арқылы).
|
13
|
/2/-152-162 б.
/2/-162-168 б.
|
14
|
Сөз қолданудағы стильдік қатерлер.
|
1. Ауызекі сөйлеу стилі.
2. Ауызекі сөйлеу стилінің түрлері.
|
14
|
/2/ -33-40 б.
/7/-133-136 б.
|
15
|
Сабақтан тыс жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары.
|
Мәнерлеп оқу сайысын жүргізу.
|
15
|
/3/ -68-70 б.
/9/-135-136 б.
|
7. БМ тіл дамыту жұмысының әдістемесі пәні бойынша әдістемелік нұсқаулар:
Осы пән оқыту бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар: ПОӘК-нің тарауларды мұқият талқылау, пәннің ерекшеліктері бойынша, қолданалатын оқыту әдістер, әдебиет және Интернетпен жұмыс жасау бойынша әдістемелік ұсыныстар, семинар, СОӨЖ, СӨЖ, практикалық сабақтарының сұрақтарды конспектілеу қажеттілігі бойынша, СӨЖ сұрақтарды міндетті түрде орындалыу бойынша нұсқаулар, білімді бағалау жөніндегі мәліметтер, бағалау критериялары, сонымен қатар негізгі бақылау түрлері және дайындау материалдары бойынша нұсқаулар.
БМ тіл дамыту жұмысының әдістемесі пәнін оқыту дәріс, семинар-практикалық сабақтарда және студенттердің өзіндік жұмыстарында жүзеге асырылады. Оқыту негізінен оқу материалдары түсіндірілетін және жаттығу жұмыстарын талдаудағы практикалық дағдыларды қалыптастыратын дәріс және практикалық сабақтар түрінде өтеді. Практикалық сабақтарда ұсынылатын жаттығу жұмыстары , тапсырмалар, сабақ үлгілерін құру жазбаша орындалады. Ал сұрақтарға жауап ауызша орындалады.
Курс дәріс оқу әдісі, түсіндіру, сұрақ-жауап, проблемалық-эвристикалық, интерактивтік әдіс, салыстыру, талдау, көрнекі құралдар қолдану, сыни тұрғыдан ойлау әдістері негізінде оқытылады. Өзіндік іздену, қорыту, жинақтау, талдау әдістері өз бетімен жұмыс істеген жағдайда ұсынылады.
Практикалық (семинарлық, студиялық) сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
- тақырып
- мақсаты
– негізгі сұрақтар
- әдістемелік нұсқаулар
- пайдаланатын әдебиет
Практикалық сабақ -1
Тақырыбы: Тіл дамыту әдістемесі.
Мақсаты: Тіл дамыту сабақтарына қойылатын жалпы талаптар туралы білімін кеңейту.
Сұрақтар: 1. Бастауыш сыныптардағы тіл дамыту бағдарламасы.
2. Тіл дамыту сабақтарына қойылатын жалпы талаптар.
Тапсырма: Тіл дамыту жұмысының түрлеріне жаттығулар дайындау.
Әдістемелік нұсқаулар:
Сұрақтар бойынша кеңейтілген әңгіме жүргізу. Жаттығуларды жазбаша орындау.
Практикалық сабақ -2
Тақырыбы: Сөздік жұмысының әдістемесі.
Мақсаты: Жаңа сөздерді үйрету, олардың мағыналарын меңгерту.
Сұрақтар:
1. Жаңа сөздерді үйрету, олардың мағыналарын меңгерту тәсілдері ата.
2. Сөздік жұмысын жүргізу жолдары қандай?
Тапсырма: Сөздік жұмысын ұйымдастырудағы сабақ үлгісін көрсет.
Әдістемелік нұсқаулар:
Сұрақтар бойынша кеңейтілген әңгіме жүргізу. Тапсырмаларды ауызша орындау.
Практикалық сабақ -3
Тақырыбы: Сөздік жұмысының әдістемесі.
Мақсаты: Көркем мәтіндегі бейнелі сөздерді үйрету.
Сұрақтар: Көркем мәтіндегі бейнелі сөздерді үйрету тәсілдері қандай?
Тапсырма: Оқулықтан мысалдар алып, талдау.
Әдістемелік нұсқаулар:
Сұрақтар бойынша кеңейтілген талдау жұмысын жүргізу.
Практикалық сабақ -4
Тақырыбы: Сөздік жұмысының әдістемесі.
Мақсаты: Оқулықтағы синонимдермен жұмыс түрлерін меңгеру.
Сұрақтар:
1.Синонимдермен жұмыс жасау тәсілдері?
2. Омонимдермен жұмыс жасау тәсілдері?
Тапсырма:
1.Оқулықтағы синонимдермен жұмыс.
2.Оқулықтағы омонимдермен жұмыс.
Әдістемелік нұсқаулар:
Сұрақтар бойынша кеңейтілген әңгіме жүргізу. Тапсырмаларды жазбаша орындау.
Практикалық сабақ -5
Тақырыбы: Сөздік жұмысының әдістемесі.
Мақсаты: Көп мағыналы сөздермен жұмыстану жолдарын үйрету.
Сұрақтар:
1. Көп мағыналы сөздер дегеніміз?
2. Көп мағыналы сөздердің омонимнен айырмашылығы қандай?
Тапсырма: Оқулықтағы көп мағыналы сөздермен жұмыс. (Мәтінмен жұмыс)
Әдістемелік нұсқаулар:
Сұрақтар бойынша кеңейтілген әңгіме жүргізу. Тапсырмаларды ауызша орындау.
Практикалық сабақ -6
Тақырыбы: Сөздік жұмысының әдістемесі.
Мақсаты: Қанатты сөздер мен нақыл сөздерді талдауға үйрету.
Сұрақтар:
Қанатты сөздер мен нақыл сөздердің тәрбиелік мәні қандай?
Оқулықтан бірнеше мысал келтір.
Тапсырма: Оқулықтағы қанатты сөздер және нақыл сөздермен жұмыс. (Мәтінмен жұмыс)
Әдістемелік нұсқаулар:
Сұрақтар бойынша кеңейтілген әңгіме жүргізу.
Практикалық сабақ -7
Тақырыбы: Жұмбақ- жаңылтпаштармен жұмыс.
Мақсаты: Жұмбақ- жаңылтпаштардың балалардың тілін дамытудағы рөлін анықтау.
Сұрақтар:
Жұмбақтың маңызы қандай?
Жаңылтпаштардың бала тілін дамытудағы рөлі?
Тапсырма: Оқулықтағы жұмбақ- жаңылтпаштармен жұмыс (1-4 с.).
Әдістемелік нұсқаулар:
Сұрақтар бойынша кеңейтілген әңгіме жүргізу.
Практикалық сабақ -8
Тақырыбы: Мысалдармен жұмыс.
Мақсаты: Мысалдың тілдік ерекшелігін, кейіпкерлердің іс-әрекетін талдай отырып, оқушылардың тілін дамыту.
Сұрақтар:
Мысалдағы кейіпкерлердің іс-әрекеті қалай беріледі?
Мысалды оқу тәсілі?
Тапсырма: Оқулықтағы мысалдармен жұмыс (1-4 с.).
Әдістемелік нұсқаулар:
Сұрақтар бойынша кеңейтілген әңгіме жүргізу.
Практикалық сабақ -9
Тақырыбы: Ертегілер.
Мақсаты: Ертегілердің кейіпкерлеріне мінездеме беру, мазмұнын қызықты етіп айтуға, сахналауға және қиялдауға баулу.
Сұрақтар:
Ертегілердің бала тілін дамытудағы маңызын талда.
Ертегілермен істелінетін жұмыс түрінің ерекшелігі?
Тапсырма: Ертегілерді сахналау.
Әдістемелік нұсқаулар:
Сұрақтар бойынша кеңейтілген әңгіме жүргізу.
Практикалық сабақ -10
Тақырыбы: Сөз тіркесі, сөйлемдермен жұмыс жүргізу әдістемесі.
Мақсаты: .«Мәтін» ұғымын қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуді дамыту жаттығуларын меңгерту.
Сұрақтар:
1.«Мәтін», мәтіннің типтері (сипаттау, хабарлау, пайымдау, аралас)туралы түсіндір.
2. Байланыстырып сөйлеуді дамыту жаттығуларын ( тақырып, негізгі ой, жоспар т.б.) мысалмен дәлелде.
Тапсырма: мәтіннің типтеріне мысал құрастыр.
Әдістемелік нұсқаулар:
Сұрақтар бойынша кеңейтілген әңгіме жүргізу. Жаттығуларды жазбаша орындау.
Практикалық сабақ -11
Тақырыбы: Байланыстырып сөйлеу әдістемесі.
Мақсаты: Оқығанды, естігенді, жаттағанды, ауызша, жазбаша мазмұндаудауға үйрету.
Сұрақтар:
1. Оқығанды, естігенді, жаттағанды, ауызша мазмұндаудың тәсілдері?
2. Оқығанды, естігенді, жаттағанды жазбаша мазмұндаудың тәсілдері?
Тапсырма:
1.Оқығанды, естігенді, жаттағанды, ауызша мазмұндау (әр түрлі нұсқада).
2. Оқығанды, естігенді, жаттағанды жазбаша мазмұндау (әр түрлі нұсқада).
Әдістемелік нұсқаулар:
Сұрақтар бойынша кеңейтілген әңгіме жүргізу. Жаттығуларды ауызша, жазбаша орындау.
Практикалық сабақ -12
Тақырыбы: Бастауыш сыныпта жүргізілетін жазба жұмыстары, оларды жүргізу жолдары.
Мақсаты: Мазмұндама, шығарма жұмыстарын жүргізу жолдарын меңгерту.
Сұрақтар:
1. Мазмұндама, оны жүргізу жолдары қандай?
2. Шығарма, оны жүргізу жолдары қандай?
Тапсырма:
1. Мазмұндаманы жүргізу жолдарына сабақ үлгісін жаса.
2. Шығарманы жүргізу жолдарына сабақ үлгісін жаса.
Достарыңызбен бөлісу: |