3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тексеру кестесі
№
|
Жұмыс түрі
|
Тапсырманың мақсаты мен мазмұны
|
Ұсынылатын әдебиеттер
|
Орындалу мерзімі және тапсыру уақыты
|
Балл
|
Бақылау түрі
|
1
|
ОЖСӨЖ
орындалуы
|
Теориялық білімді меңгеруін тексеру
|
Силлабус бойынша тақырыпқа арналған әдебиеттер
Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. А.1995
Уәйісова Г. Лексикологияны оқыту әдістемесі. А. 2005.
Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі
А. 2003.
|
Әр апта сайын СОӨЖ тақырыбы бойынша кестеге сәйкес
|
1% (барлығы 28)
|
Ауызша сұрау немесе конспектілеу
Тапсырмалардың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру
|
2
|
СӨЖ тапсырма-лары
|
Өзіндік жұмыстарын(үйге орындауға берілген жаттығулардың орындалуын) тексеру
|
Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. А.1995
Уәйісова Г. Лексикологияны оқыту әдістемесі. А. 2005.
Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі
А. 2003.
|
Апта
|
0,4
|
Жазба жұмыстары
|
3
|
Коллоквиум
|
Білімді кешенді түрде тексеру
|
Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. А.1995
Уәйісова Г. Лексикологияны оқыту әдістемесі. А. 2005.
Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі
А. 2003.
|
7, 15 апта
|
3
|
Ауызша сұрау
|
4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы.
№
Әдебиет атауы
|
Барлығы
|
Кітапханада
|
Кафедрада
|
Студенттердің қамтылу пайызы (%)
|
Электронды түрі
|
Ескерту
|
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
|
Айғабылұлы А. Қазақ тілінің лексикологиясы. А. 2007.
Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. А.1995
Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі
А. 2003.
Уәйісова Г. Лексикологияны оқыту әдістемесі. А. 2005.
Әмірова Ә.С., Анартаева К.А. Тіл дамыту. А. 2005.
Әлметова Ә. Сұхбаттасу мәдениеті. А. 2007.
Ф.Ш. Оразбаева, Рахметова Р.С. Қазақ тілінің оқыту әдістемесі. А. 2005
Ибрагимов К. Қазақ тілі әдістемесі. А. 2007
Турдалиева Г.Ж. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі. Астана, 2007
Әдебиеттік оқу(1-4 с.)
Хасанов Ғ.Қ. Іс жүргізу. Орал,2006
Исабаев И. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. А.,1993.
Оразбаева Ф.Ш., Жанабілова А.К. Шығармашылық тапсырмалар арқылы тіл дамыту жұмыстары. А., 2004.
Сыздықова Р. Сөз сазы. Сөзді дұрыс айту нормалары. А., 1983.
Бозжанова К. Кіші жастағы оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру. А., 1999
Жұмабаева Ә.Е. Тіл дамыту әдістемесі. А., 2001
|
15
20
20
5
10
5
10
5
5
50
10
20
5
5
1
1
|
-
5
-
-
30
|
100 %
100 %
100 %
50 %
80 %
50 %
80 %
50 %
50 %
100 %
80 %
100%
50%
50%
20%
20%
|
-
-
-
|
|
5. Пән бойынша дәрістік кешен
1. Тақырыбы:
2. Қарастырылатын сұрақтар:
3. Дәрістің мақсаты:
4. Дәріс мазмұны:
5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар
6. Пайдаланатын әдебиеттер
Дәріс 1
Тақырып: Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту әдістемесі пәні.
Дәріс мақсаты: Тіл дамыту әдістемесі пәнінің мақсат міндеттерімен таныстырып, оқушылардың тіл байлығын арттырып, үйренген сөздерін қазақ тілі нормасына сай қиыстырып қолдана алуды, өз сөзімен ойын дұрыс айтып, жазып бере алатындай дағдылар беру әдістемесін меңгерту, сөйлеген сөздерін саналы түрде бақылай алу жолдарын үйрету.
Дәріс мазмұны:
1.Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту әдістемесі пәні, мақсаты, теориялық негізі.
2.Тіл дамыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы.
1.Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту әдістемесі пәні, мақсаты, теориялық негізі.
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту әдістемесі пәні мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне тіл дамыту әдістемесінен білім, білік, дағды қалыптастыру процесі.
Курстың мақсаты: студенттерге тіл дамыту әдістемесі теориясынан білім беру және оны іс жүзіне асыруға көмектесу, сондай ақ оқушылардың тіл байлығын арттырып, үйренген сөздерін қазақ тілі нормасына сай қиыстырып қолдана алуды, өз сөзімен ойын дұрыс айтып, жазып бере алатындай дағдылар беру әдістемесін меңгерту, сөйлеген сөздерін саналы түрде бақылай алу жолдарын үйрету.
Арнаулы курстың басты басты міндеттері:
Студенттерді тіл дамыту әдістемесінің өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру;
Тіл дамыту жұмысының мазмұнын үйрету;
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту әдіс-тәсілдерін меңгерту;
Оқушыларды байланыстырып сөйлеуге үйрету жаттығуларымен таныстыру.
2.Тіл дамыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы.
Тіл дамыту әдістемесін оқытуда пәннің педагогикамен байланысы ешқашан да тыс қалдырылмайды. Тіл дамыту жұмысын жүргізу жолдарын үйретудің әдіс тәсілдерін анықтау, берілген білім көлемі мен мазмұнын белгілеу оқытудың педагогикалық негізіне сүйенгенде ғана дұрыс әрі сапалы түрде жүзеге асады. Сондықтан сабақтарда жалпы дидактикалық ұстанымдар орынды қолдануды қажет етеді.
Психологияның жеке пәндер әдістемесін нақтылап түсіндіруде алатын орны ерекше. Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда психология ғылымы тікелей ықпал етеді. Оқушылардың материалды меңгеруінің психологиялық негізі сабақтың әрі әсерлі, әрі қызықты өткізілуіне байланысты.
Ойлау бала өміріндегі ерекше құбылыс. Адам ойы сөйлем түрінде айтылғанда ғана түсінікті. Сөйлем ойды жеткізіп айтудың негізгі құралы, амалы.
Тексеруге арналған сұрақтар:
Тіл дамыту әдістемесі пәнінің мақсат, міндеттері қандай?
Тіл дамыту әдістемесі пәнінің педагогикамен байланысы қандай?
Тіл дамыту әдістемесі пәнінің психологиямен байланысы қандай?
Пайдаланылатын әдебиеттер :
/3/ -12, 22-24
/7/ -47-77 б.
Дәріс 2
Тақырып: Сөздік жұмысының әдістемесі.
Мақсаты: Сөздік жұмысының әдістемесімен таныстыру.
Дәріс мазмұны:
1. Лексикология-сөздік жұмысы әдістемесінің лингводидактикалық негізі.
2. Жаңа сөздерді үйрету, олардың мағыналарын меңгерту.
3. Оқулықтағы сөздік жұмысын жүргізу жолдары.
1. Лексикология-сөздік жұмысы әдістемесінің лингводидактикалық негізі.
Тіл білімінде лексиканы зерттейтін сала лексикология деп аталады. Лексикология тек сөздік құрам жиынтығын ғана емес, тіліміздегі сөздер жүйесін зерттейтін ғылым. Лексикологияны оқып, лексикалық ұғымдармен танысу сөз байлығын игеруге, әдеби тіл нормасын білуге үйретеді, сөйлегенде, жазғанда ойға лайық сөз таңдау, оны орынды қолдану мәдениетіне жаттықтырады.
2. Жаңа сөздерді үйрету, олардың мағыналарын меңгерту.
Жаңа сөзді меңгерту тіл үйренудегі ең маңызды мәселелердің бірі, өйткені сөздік қор тілдік қарым қатынаста үлкен роль атқарады. Сөздік қорсыз адамдардың тіл арқылы қарым қатынас жасауы да қиынға соғады. Жаңа сөзді меңгертудің негізі керекті сөзді, яғни оқушының біреудің айтқандарын түсіне алуы мен өз ойын жеткізуі үшін қажетті сөзді, ең қысқа мерзімде түсінікті әрі оңай тілмен оқушыға үйрету. Сондықтан мұғалім оқушыға керекті сөздерді анықтап, солармен жұмыс жүргізеді.
Жаңа сөзді меңгерткен кезде төмендегі мәселелерге мән берген жөн:
Әрбір оқушының жаңа сөздерді жазатын сөздік дәптері болуы керек.
Оқушыларды сөздікпен жұмыс жасауға дағдыландыру керек.
Сөздерді синонимі, антонимі арқылы үйретуге болады.
Сөздің мағынасын сөйлем ішінде қолданылуына қарай аңғартуға болады.
Жаңа сөздерді меңгерткен кезде оның практика жүзінде қолданылуына көңіл бөлу керек.
3. Оқулықтағы сөздік жұмысын жүргізу жолдары.
Оқу сабақтарында сөздік жұмысына әдейі кезең бөлінбейді. Алайда сөздік жұмысы сабақтың өн бойынан орын алады. Мәтінді дұрыс қабылдау үшін сөздік жұмысын жүргізбейінше мақсатқа жету мүмкін емес. Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру үш кезеңде жүргізіледі:
Мәтінді оқуға дайындық кезеңінде;
шығарманы оқу барысында;
оқып болғанан кейін.
Сөздік қорын байыту (дамыту). Баланың сөздік қорын байыту, нақтылау үшін, күнделікті өмірде орынды пайдалана білуі үшін жаңа сөздің мәнін, мағынасын жете түсіндіріп, белсенді сөздік қорын арттыру қажет. Қоршаған заттармен құбылыстардаң барлығы сөз арқылы жеткізіледі. Зат есім, сын есім, сан есім, сан есімді етістікпен байланыстыра білу дағдылары қалыптастырылады. Айша екі алма алды, т.б. Ауыз әдебиеті үлгілері: мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, ертегілерді, сюжетті суреттерді ойын, жаттығуларды балаларға арналған мультфильм, кинофильмдерді пайдаланып, ертегі мазмұнын қайта жаңғыртып, ондағы кейіпкерлерді сынау, сипаттау, сұраққа жауп беру әдіс-тәсілдерді қолдана отырып сөз туындату, сөйлем құрау, шығармашылықпен қысқаша әңгіме құрастыру арқылы баланың тілі дамытылады.
Бейнелі сөзді (тілді) дамыту бірнеше бағытта қарастырылады: балалардың тілдің барлық жақтарын меңгеруі ( фонетикалық, лексикалық, емлелік ); әдеби және фольклорлық шығармалардың әртүрлі жанрларын қабылдау (танысу); өзіндік дербес әңгімелеудің қалыптасуы.
Көркем әдебиет және халық ауыз әдебиеті , оның ішінде шағын әдебиет формаларын ( мақал, мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштар) бала тілінің мәнерлігін дамытудың, қайнар көзі.
Әңгімелеуге үйретуде төмендегідей тапсырмалар беріледі:
сюжеттік суреттер бойынша әңгіме;
үлгі (схема) бойынша әңгіме;
құрылған жоспар бойынша әңгіме ;
рольдер бойынша әңгіме (шығарманы сахналау)
Балалардың тілінің байлығын тек қажетті сөздік қор көлемі емес, әртүрлі сөз тіркестерін, сөйлемдік құрылымдарды, мәнерлілікті пайдалануы көрсетеді.
Сюжетті суреттер бойынша әңгімелеуде балаларды қиялдауға , болған, болатын уақиғаларды аңғаруын үйрету қажет. Сонымен қатар суреттегі табиғат, ауа райы (жыл мезгілі), негізгі түс , пейзаж жөнінде өз әңгімелеріне қосса, бала дербес әңгімелеу біліктерін меңгереді.
Белсенді сөздік қорын арттырып , оны қажетіне қарай , тасырмаларға сәйкес, күн тізбенің кез-келген сәттерінде қолдануға дағдыландырады.Тілдің грамматикалық формасын қалыптастыру жетілдіріледі. Қажетті жағдайға сәйкес диалог құра білу.
Мысалы:-Сенің әкеңнің аты кім? – менің әкемнің аты – Мұрат.
Сенің әкең қайда істейді? – Менің әкем жүргізуші. Т.б.
Балалардың сөздік қорын антоним, синоним сөздермен байыту.
(Мысалы:Ұзын-қысқа, биік- аласа, жуан- жіңішке,) Жалпы ұғым туралы түсініктермен сөздік қор дамытылады. (кесе, тарелка, қасық, шанышқы- ыдыс-аяқтар, ал көйлек, камзол, бешпет, тақия- киімдер деп аталатыны меңгертіледі.) Баланың сөздік қорын дамытуда тапсырмаларды түрлендіріп пайдаланудың маңызы зор. Жалпы және жеке ұғымдарды бекітуге арналған дидактикалық ойындарды пайдалану қажет. Әрбір сабақта өткен материалдар негізінде бала күн сайын жаңа сөздерді меңгереді.
Ойын және ойыншықтарға байланысты сөздерді күнделікті тұрмыста пайдаланады. Мысалы: қуыршақ, доп, машина. Баланың сөздк қорын дамытуда сабаққа сай жаттығу түрлерін дайындап, өздігінен жұмыс істеу қабілеті жетілдіріледі. Кейбір сөздердің көп мағыналылығын түсіндіреді. Балалардың ой еңбегіне белсенділігін арттыруда оқылған ертегі , әңгіме кейіпкерлерінің іс-әрекет ерекшелігін , мінез, көңіл-күйі құбылысын аңғартып, сипаттай білуге үйретіледі. Арнайы өтілген сабақта және сабақтан тыс уақытта бақылау, саяхат, серуен т.б. күнделікті өмірде, қоршаған ортада қарым-қатынас жасауда, жаңадан меңгерген сөздерді орынды қолдана білуге тапсырмалар беріледі.
Тіл дамыту сабағына қойылатын талаптар.
Қоршаған ортада көргендерің өздігінен әңгімелеп, өмірмен байланыстыру;
Оқылған әңгіме, ертегі, тақпақтарды түсінігі бойынша өз сөзімен және әдеби тілде айта білу;
Белсенді сөздік қорына енген сөздерді қажетіне қарай күнделікті іс-әрекетке пайдалана білу;
Жаңадан меңгерген сөздерді белсенді сөздік қорына енгізу;
Тексеруге арналған сұрақтар:
Лексикология-сөздік жұмысы әдістемесінің лингводидактикалық негізі дегенді түсіндір.
Жаңа сөздермен жұмыс жасау тәсілдерін көрсет.
Сөздік жұмысын ұйымдастыру қай кезде тиімді?
Пайдаланылатын әдебиеттер :
/9/ -73-74 б.
/3/ -52-54 б.
/10/-6-7 б.
/4/-100-105 б.
Дәріс 3
Тақырып: Тіл дамыту жұмысының мазмұны.
Мақсаты: Тіл дамыту жұмысының мазмұнымен таныстыру.
Дәріс мазмұны:
1. Сөйлеу туралы ұғым және оны дамыту. Сөйлеу түрлері.
2. Сөйлеу әрекетін ойдағыдай жүргізу- оқушылардың тілін дамытуды ойдағыдай іске
асыру кепілі.
3. Сөйлеу- ойлауды дамыту құралы.
1. Сөйлеу туралы ұғым және оны дамыту. Сөйлеу түрлері.
Тіл адамзаттың бір бірімен пікірлесуін, түсінісуін, сөйлесуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым қатынасты іс жүзіне асырады. Соңғы кезде сөйлеу тілі деген тіркес орнына сөйлесім тілі деген тіркес қолданылады. Тілдік қатынас жүзеге асу үшін, айтылған не жазылған хабардың қабылданып, оған жауап қайтарылуы, яғни істің ортақ атқарылуы басты шарт. «Сөйлесім» осы басты шартты және ортақ тілдік әрекетті аңғартатын сөз. Тілдік қатынастың дыбыс арқылы айтылуы және әріп арқылы таңбалануы лингвистикада ауызша және жазбаша тілдік қатынастар деп те айтылады. Ауызша қатынас ойдың тіл арқылы сыртқа шығуы, ол тілдік тұлғалардың сөзге, сөйлемге айналып, дыбысталуы арқасында жүзеге асады. Ауызша ТҚ адамның сөйлеу қабілетіне қарай өзгеріп отырады және тілдік қатынастың әр түрлі қызметін (эмоциялық, экспрессивтік, байланыстырушылық т.б.) іске асады.
Жазбаша тілдік қатынаста басты роль атқаратын тілдік тұлғалардың таңбалық көрінісі.
2. Сөйлеу- ойлауды дамыту құралы.
Ойлаусыз тілдік қатынас жоқ. Ойлау тілдік қатынастың тірегі ғана емес, ол бүкіл сөйлеу әрекетімен өмір сүретін адамзаттың болмысы. Тілдік қатынас ойлау мен сөйлеудің бірлігінен тұрады. Өйткені тіл ойдың көрінісі, адам ойын тіл арқылы яғни сөйлеу арқылы жеткізеді. Ал тілдік қатынастың негізі тіл. Ойлау мен сөйлеу тіл арқылы қарым қатынаста маңызды роль атқарады. Адамның сөйлесім әрекетін көптеген авторлар белгілі бір хабарды, ойды, информацияны баяндау, яғни екінші біреуге жеткізу деп түсіндіреді. Адамзат тілінің ең басты қызметінің өзі ойды, хабарды жеткізу. Сөйлеу кезінде адам қалай болса солай тіліне келгенін айта салмайды, ол ең алдымен ойлауды басынан өткереді, сырттағы объективтік шындық санаға, ойға әсер етіп, пайымдау туғызады. Сол адам миының ойлау процесі арқасында нені айту керек, не туралы сөйлеу қажеттігі жөнінде нақтылы сөз жасалады. Бұл тек адамның ойлау жүйесіне ғана тән күрделі процесс.
3. Сөйлеу әрекетін ойдағыдай жүргізу- оқушылардың тілін дамытуды ойдағыдай іске асыру кепілі.
Сөз – ойды білдірудің, сөйлем құраудың басты материалы. Құрылыс материалысыз үй салуға болмайтын сияқты, сөзсіз сөйлем құрауға болмайды. Сөйлем – адам ойын айтудың негізгі формасы. Сөйлемге қатынасты әрбір сөз – айтайын деген мақсатты ойдың қажетті бөлшегі.
Сөйлемдер, жеке сөздер тыңдаушыға, оқушыға бірден түсінікті болу керек. “Нағыз кемеңгерлік ой әрдайым шынайы қарапайым түрінде айтылады. Тіл неғұрлым қарапайым болса, ол соғұрлым тартымды, көркем болады, солғұрлым оны жақсы ұғына аласың,”- дейді М.Горький.
Ойды айтуға керекті сөзді, грамматикалық тұлғаларды, сөйлем құрылысын талғағанда, ойдың түсінікті, дәл, айқын болсын деген лениндік талап тұрғысынан талғау керек.
Сөйлем жеке сөздерден құралғанда, ол сөздер айтылмақ ойдың бірден – бір дәл қондырған бөлшегі тәрізді болу керек. Сөйлемде бір сөздің орнына басқа сөзді қоя салған кісі тіл жұмсаудағы ұқыпсыздықтан болған сәтсіздікке душар болады.
Сөз қолданудың негізгі принциптері. Жазуда, сөйлеуде кісі ойына керекті сөз таңдағанда, олардың стильдік ерекшеліктерін ескеру керек.
Қазіргі қазақты баяғы қазақ деу – қиянат. Ал қазіргі қазақ тілін “әлі жас” деу – бишаралық. Космосты меңгерген заманда, құлазыған даоланы телегей теңіз егінге бөлеген дәуірде мәдениеттің, өнер – білімнің шыңына шыққан қазақ халқының осы күнгі тілін баяғысындай жас деуге болмайды.
Сөз мәдениетіне жетік болу үшін қазақ тілінің байлығын жақсы білу керек. Сөзді көп білген кісінің айтқаны да тартымды болмақ. Қазіргі қазақ тілінің сөз байлығы ұшан – теңіз, әсіресе мал шаруашылығына, әдет – ғұрыпқа, жанұялық қарым – қатынасқа байланысты сөздер көп – ақ.
Соңғы жылдары қазақ сөздерінің мағыналары сараланып, көп сөздердің мағыналары кеңейіп, орыс тілінен көптеген термин сөздер еніп, оның байлығы арта түсті.
Қазақ тілінде сөйлейтін кісілердің сөздік қоры бірдей емес. Үгітші, баяндамашы, журналист, жазушы және басқа интеллегенттер қазақ тілінің сөздерін молынан пайдалануға тырысу керек. Әдетте, білімді, мәдениетті, ән өнеріне әуестігі күшті кісілердің сөз байлығы да мол болады. Сөзді көп білуге де дарындылық, қабілет керек. Тілдік қатынасқа байланысты іске асатын сөйлесім әрекеті бес түрге бөлінеді.
Оқылым.
Жазылым.
Тыңдалым.
Айтылым.
Тілдесім.
Тексеруге арналған сұрақтар:
Сөйлеудің қандай түрлері бар?
Сөйлеу ойлауды дамыту құралы дегенді қалай түсінесің?
Сөйлесім әрекеті неше түрге бөлінеді?
Пайдаланылатын әдебиеттер :
/7/ -11-46 б.
/9/ -266-269 б.
Дәріс 4
Тақырып: Сөздік жұмысының әдістемесі.
Мақсаты: Бейнелі сөздерді талдауға үйрету.
Дәріс мазмұны: Көркем мәтіндегі бейнелі сөздерді үйрету.
Сөз- көркем әдебиет тұрғысынан алғанда, жазушының, ақынның әсем шеберлігінің материалы, ол- көркем суреттің, образ жасаудың сырлы бояуы. Көркем әдебиет тілінің өзіндік стильдері, өзіне тән ерекше сөз қолдану заңдары болады. Жазушы, ақын әдетте сөздердің табиғи мүмкіншіліктерін (тура мағынасын, көп мағыналығын, синонимдік, антонимдік т.б. қасиеттерін) кең түрде пайдаланумен қатар, сөздерді ауыспалы, келтіріңкі мағынада, қөанатты сөздер, тұрақты тіркестер және мақал-мәтелдер құрамында пайдаланады. Сонымен бірге, көркем әдебиетке тән әр алуан көріктеу, шеберлік тәсілдері болады. Олар: теңеу, эпитет, метафора, метонимия, кейіптеу, синекдоха, символ, аллегория, ирония, әсірелеу т.б.. Тілдегі сонылықтың, сұлулықтың белгісі- халықтық даналыққа негізделген қарапайымдылықта, түсініктілігінде, оның жүрекке жылылығында және басқаға етер әсерінде. Көркем әдебиет тілінің шеберлік сипатын білдіретін тілдік тәсілдерді екі топқа бөлуге болады:
Бейнелеу тәсілдері- өмірдің реалды шындығын, құбылысты кісінің көз алдына елестететіндей етіп суреттеу.
Әсерлеу тәсілдері- оның үстіне, кісінің эмоциялық сезіміне әсер ететіндей етіп көріктеу.
Абайдың:
Ат, айғырлар, биелер Құйрығымен шыпылдап,
Бүйірі шығып ыңқылдап, Арасында құлын-тай
Суда тұрып шыбындап, Айнала шауып бұлтылдап- дегенді бейнелеуге мысал етіп беруге болады.
Метафора. Белгілі бір зат не құбылыс атауы басқа бір зат не құбылыстың түрі, тұлғасы, қимыл -әрекет ұқсастықтарына қарай ауысып аталу тәсілін метафора деп атайды. Мысалы, иненің көзі, бұлақтың көзі,істің көзі, күн көзі дегендегі көз сөздері адам мен жануардың көру мүшесі-көзге ұқсату арқылы аталған ауыспалы мағынадағы сөздер.
Метафоралық тәсіл арқылы пайда болған ауыс мағыналардың барлығы дерлік жалпы халыққа түсінікті байырғы сөздерден жасалады.Мысалы, өткір пышақ -өткір сөз, өткір жігіт, өткір ой; құстың қанаты-қол қанат, әскердің қанаты,сол қанат; салқын су, салқын сөз т.б.
Көркем әдебиетте метафоралар жалпы халық тіліндегі метафорадан бөлектеу болады. Көркем әдебиетте күнделікті қолданылып жүрген метафоралардың әлдеқайда образды,әлі халыққа тарамаған күйде келеді. Мысалы, мына үзіндіден алып көрелік:
Оңашадан әлдилеп ойдың гүлін,
Тыныштыққа армансыз тойдым бүгін. (Қ.Мырзалиев)
Осы келтірілген үзіндіде гүлін, ойдың деген сөздер біріншіден, образдылығымен ерекшеленіп тұр, екіншіден, жалпы халық ойдың гүлін, тыныштыққа тойдым деп айтпайды, метафора тәсілімен ауыспалы мағынаға ие болғанымен жоғарыдағы метафора сияқты образдылық жоқ және осылайша жалпы халық айта бермейді.
Олай болса метафоралар өзара жіктеледі, соңғы мысалдағы метафоралар көркем әдебиетте метафора ретінде қаралмайды. Сондықтан бұндай ауыспалы мағыналы сөздерді қазақ тіл білімінде тілдік метафора деп атайды. Сонымен қазақ тіліндегі метафора арқылы ауыспалы мағына туғызу тәсілі үш түрге бөлінеді.
1.Тілдік метафора. Тілдік метафора жалпы халық тілінде: сөйлеу, жазу, оның ішінде әдеби шығармаларда да кең қолданылады. Бірақ олар әдебиетте көркем образ, суреттеу құралы ретінде емес,стиль аралық лексика түрінде қолданылады.Мысалы: таудың басы, өзеннің басы, қос басы, шөп басы, сөз басы ,әскер басы, кітап беті, істің беті т.б.
2.Тұрақты метафора.Тұрақты метафоралар жалпы халық тілінде қолданылатын, бірақ суреттеу құралы ретінде образдылығымен ерекшеленетін ауыспалы мағыналы сөздер.Мысалы: сары алтын(бидай), қара алтын(көмір), көгілдір экран(телевизор), жасыл алаң(футбол), барқыт түн, алтын күз т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |