Құрастырушы: доцент Садыкова К. Ж


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 282,5 Kb.
бет2/3
Дата19.11.2018
өлшемі282,5 Kb.
#21576
түріБағдарламасы
1   2   3

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Қазақстан тарихы кафедрасы

5B020300-Тарих мамандығының студенттеріне арналған

«Қазақстан тарихы бойынша деректер»



ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар



Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19









БЕКІТЕМІН

ТжҚ факультеттің деканы

_________ Бегимтаев А.И.

(қолы)


20__ж. «___»____________

Құрастырушы: ___________доцент Садыкова К.Ж.


Қазақстан тарихы кафедрасы

5В020300-Тарих мамандығының күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған «Қазақстан тарихы бойынша деректер» пәні бойынша

пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 20__ж. «___» _________ бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
20__ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған

№_____ хаттама.


Кафедра меңгерушісі______________ Батталов Қ.Қ.

201 ж. «____» ________


Факультет оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған _________ 20__ж. «_____»____________№____ хаттама
ОӘК төрағасы_____________Сулейменова Ш.Қ.

20___ж. «_____»___________



1 Оқу пәнінің паспорты

Пәннің атауы: Қазақстан тарихы бойынша деректер

Міндетті компонент пәні

Кредиттер саны және оқу мерзімдері

Барлығы – 3 кредит

Курс: 3

Семестр: 6

Аудиторлық сабақтардың барлығы – 45 сағат

Дәріс сабақтары - 15 сағат

Тәжірибелік/семинар сабақтар – 30сағат

СӨЖ – 90 сағат

Жалпы еңбек сиымдылығы – 135 сағат

Бақылау формасы:

Емтихан – 6 семестр
Пререквизиттер

Бұл пәнді меңгеру үшін келесі пәндерді оқып білу нәтижесінде білім, білік және икемділік қажетті шарт болып табылады:

Қазақстан тарихы,

Мамандыққа кіріспе.


Постреквизиты

Бұл пәнді меңгеру нәтижесінде алынған білім, білік, икем келесі пәндерді менгеру үшін қажет:

Шетел елдер тарихы бойынша деректер;


  • Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы.


2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу Қазақстан тарихы кафедрасының доцент, т.ғ.к. Батталов Қ.Қ.

539 ауд.

Байланыс тел. 673677: ішкі 1326
3. Пәннің мақсаты мен міндеті
Пәні: Қазақстан тарихы бойынша деректер
Пәннің мақсаты – келешек тарихшыларды Қазақстан тарихының негізгі деректер тобымен таныстыру, деректердің пайда болуының объективтілігі мен деректердегі субъективтілік туралы түсінік беру. Деректі деректанулық талдаудан өткізу арқылы ғана пайдалануға болатындығын ұғындыру.

Пәннің міндеті:

- Қазақстан тарихы бойынша деректерге шолу жасау;

- Қазақстан тарихы деректерінің нақты түрлерін білу;

- деректанушылық анализ және синтез әдістерін игеруге ықпал ету;

- тарихи деректермен жұмыс істеудің нақты жолдарын үйрету.
4. Білімдерге, икемдерге және компетенцияларға қажетті талаплар:

- Қазақстан тарихы деректерінің деректік мәліметтеріне сыни талдауды қалыптастыру.

- тарихтың деректерінің сыныпталу принциптерін білу.

- оқу барысында студенттердің шығармашылық белсенділігін дамыта білу;



- білімділік-ізденушілік дағды қалыптастыру.
5 Пәнді зерттеудің тақырыптық жоспары
Академиялық сағаттардың сабақ үлгісіне қарай бөліуі


п/п

Тақырып атауы

Сабақ үлгісіне қарай аудиториялық сағаттардың саны

СРО

лекциялар

Тәжірибе семинар

Барлығы


Соның ішінде СРОП

1

Кіріспе

1

1

7




2

Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихының жалпы деректік базасы.

1

1

8

2

3

Антик авторлары Орта Азия мен Қазақстан көшпелілері тарихы туралы

1

2,8

7

1,5

4

Қазақстан тарихы туралы қытай деректері

1

2,8

7

1

5

Қазақстан тарихына байланысты ежелгі түріктердің руникалық ескерткіштері

1

2,8

8

1

6

Ортағасырлық авторлар түркі тайпалары мен оңтүстік-Шығыс халықтары туралы

1

2,8

8

1

7

Қазақстан туралы монғол деректері

1

2,8

7

1

8

ХVІІ-ХХ ғғ. Қазақстан тарихы бойынш та заң құжаттары

1

2,8

7

1

9

Қазақстан тарихына байланысты статистикалық деректер

1

2,8

8

1

10

Іс жүргізу материалдар мен мерзімді басылым.

2

2,8

8

1

11

ХVІІІ-ХХ ғғ. халық ауыз әдебиеті қазақстан тарихы туралы дерек ретінде

2

2,8

7

1

12

Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы туралы деректер

2

2,8

8

1




Барлығы:135 (3 кредита)

15

30

90

22,5

6. Дәріс сабақтарының мазмұны

9 КУрс КОМПОНЕНТТЕРІ

ПӘННІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ

1 Тақырып. Кіріспе.

Қазақстан тарихы бойынша деректер ғылыми пән ретінде. Қазақстан тарихы деректері пәні мен объектісі. Курстың мақсаттары, мазмұны, құрылымы. Тарих ғылымындағы деректердің рөлі мен орны. Деректану тарихнамасы. «Қайталанатын дерек», «дара дерек», «қайталанбайтын дерек», «тарихи деректер кешені» түсініктерінің өзара байланысы.

2 Тақырып. Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихының жалпы деректік базасы.

Ауыз әдебиеті туындыларының деректік маңызы мен ерекшеліктері. Фольклорды сыныптау проблемасы.

Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихының деректік базасының жалпы жағдайы. Деректердің негізгі басылымдары. Сыныпталу мәселесі.

3 Тақырып. Антик авторлары Орта Азия мен Қазақстан көшпелілері тарихы туралы

Орта Азия мен Қазақстан көшпелілері тарихы антик авторлары (б.з.д. V-ІІІ ғғ.) «Авеста», Геродоттың «Тарихы», Страбонның «Географиясы», Ахеменид жазбалары: І Дарий патшасының жазбалары, Бехустин жазбалары, Персополь жазбалары және т.б.



4 Тақырып. Қазақстан тарихы туралы қытай деректері

Қазақстанның халқы мен жергілікті аймақтары туралы Қытай деректері (б.з.д. ІІ ғ.). Деректердің негізгі түрлері. Н.Я.Бичуриннің «Тарихи жазбаларының» Сыма Цянның «Ерте Хань династиясының тарихы», «Кейінгі Хань династиясының тарихы» еңбектерінің жарыққа шығуы. Н.В.Кюнердің шығармалары «Оңтүстік Сібір, Орта Азия және Таяу Шығыс халықтары туралы Қытай мәліметтері», Сюннулар тарихы бойынша материалдар (Қытай деректері бойынша), алғы сөз, аудармасы, В.С.Таскин ескертпелері.



5 Тақырып. Қазақстан тарихына байланысты ежелгі түріктердің руникалық ескерткіштері

Қазақстанның халқы мен территориясына байланысты ежелгі түріктердің руникалық ескерткіштері (VІ-Х ғғ.). Түркі руникалық жазбалардың шығу теориясының Томсен, О.Доннер, Готьо, Коули, Киселев еңбектерінде зерттелуі. Осы ескерткіштердің формалары, түрлері. Сыныптау проблемасы. Буғыт жазбасы. Орхон, Енисей жазбалары. Талас ескерткіштері



6 Тақырып. Ортағасырлық авторлар түркі тайпалары мен оңтүстік-Шығыс халықтары туралы

Ортағасырлық авторлар түркі тайпалары мен Оңтүстік-Шығыс халықтары туралы. Рим авторлары. Византия тарихшылары. Араб авторы. Армян авторлары. Орыс жылнамаларынан мәліметтер.

ІХ-ХІІ ғғ. Қазақстан тарихы бойынша араб және парсы деректері. Ортағасырлық Қазақстан территориясындағы халықтардың әскери өнері, этникалық құрылымы, халықтары туралы тарихи-географиялық әдебиеттер.

7 Тақырып. Қазақстан туралы монғол деректері

Монғол жаулап алушылығы. Қазақстан Алтын Орда мен Моғолстан құрамында. Алтын Орданың құлауы (ХІІІ-ХVІІ ғғ.) – Монғол деректері. Араб деректері. Парсы деректері. Европа тілдеріндегі деректер. Түркі және қазақ деректері.



8 Тақырып. ХVІІ-ХХ ғғ. Қазақстан тарихы бойынша заң құжаттары

ХVІІ-ХХ ғғ. Қазақстан тарихы бойынша заң құжаттары. Заң құжаттарының түрлері. Заң деректерінің жариялануы. Заңдардың деректанулық талдаудан өткізу мәселесі.



9 Тақырып. Қазақстан тарихына байланысты статистикалық деректер

Қазақстан тарихына байланысты статистикалық деректер. Статистиканың ғылымға дейінгі кезеңі. Статистиканы сипаттау. Санақтың тарихи-топографиялық сипаты. Қазақстан территориясында есеп жүргізу ұйымдарының құрылуы.



10 Тақырып. Іс жүргізу материалдар мен мерзімді басылым.

Іс жүргізу материалдары. Олардың түрлері. Іс қағаздық құжат жүргізу ісінің деректанулық зерттеу мәселесі.

Мерзімді басылым. Мерзімді басылым түрлері. Цензура тарихы Қазақстандағы газет ісінің тарихы. ХVІІІ-ХХ ғғ. газет мерзімділігі. Мерзімді басылымды зерттеудің ерекшеліктері.

11 Тақырып. ХVІІІ-ХХ ғғ. халық ауыз әдебиеті Қазақстан тарихы туралы дерек ретінде

Халық ауыз әдебиеті - ХVІІІ-ХХ ғғ. басындағы Қазақстан тарихының дерегі ретінде. Жыраулардың шығармалары.



12 Тақырып. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы туралы деректер

Қазақстан тарихының қазіргі заман тарихы бойынша деректер. Қазақстанның қазіргі заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы деректеріне жалпы шолу. ХХ ғ. деректерінің типологиялық өзгеріске ұшырауы. Кеңес деректерінің түрлері мен ерекшеліктері. Жазба деректер түрлерін сипаттау.



жүктеу 282,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау