сұраныстарды құрастыру) тілін қолданған ыңғайлы. Көптеген ТҚМҚБЖ-
ларға кәсіби құрастырушыларға арналған программалау құралдары кіреді.
Кейбір жүйелердің қосалқы құралы ретінде МҚ сұлбаларын
жобалаудың қосымша құралдарында немесе СASE-ішкі жүйелерінде болады.
Басқа МҚ-ларға немесе SQL-серверлердің мәліметтеріне қол жеткізуді
қамтамасыз ету үшін толық қызметтік МҚБЖ-ларды факультативтік
модульдер болады.
МҚ серверлері ЭЕМ желілерінде мәліметтерді өңдеу болып
орталықтарын құруға арналған. Қазіргі кезде МҚ-лардың бұл тобының аз
болып табылады алайда олардың саны біртіндеп артуда. МҚ серверлері басқа
программалар (клиенттер) сұратқан мәліметтерді басқару қызметтерін SQL
операторларының көмегімен жүзеге асырады.
Келесі бағдарламалар МҚ серверлерінің мысалы болып табылады:
NetWare SQL (Novell), MS SQL Server (Microsoft), InterBase (Borland),
SQLBase Server (Gupta), Intelligent Database (Ingress).
Жалпы жағдайда МҚ серверлері үшін клиенттік программалар ретінде
әртүрлі программалар қолданылуы мүмкін: ТҚМҚБЖ, электронды кестелер,
мәтіндік процессорлар, электронды пошта программалары және т.б. Бұл
жағдайда «клиент – сервер» жұбының элементтері бір немесе бірнеше
программалық қамтамасыз етудің өндірушілеріне жатуы мүмкін.
Клиенттік және серверлік бөліктер бір фирмада жасалған жағдайда
олардың арасындағы қызметтердің үлестірілуі ұтымды түрде орындалған деп
күту табиғи нәрсе. Қалған жағдайларда, әдетте, мәліметтерге «қандай жолмен
болсын» қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсаты көзделеді. Келесі жағдай
осындай қосылыстың мысалы болып табылады: көп қызметтік МҚБЖ-
лардың бірі сервер рөлін, ал екінші МҚБЖ (өзге фирма өндірген) – клиент
рөлін атқарады. SQL Server (Microsoft) МҚ сервері үшін клиенттік
(ауқымдық) программалар ретінде көптеген МҚБЖ-лар болуы мүмкін,
мысалы: dBASE IV, Blyth Software, Paradox, DataEase, Focus,1-2-3, MDBS ІІІ,
Revelation және басқалары сияқты.
МҚ-лармен жұмыс істеу программаларын жасау құралдары келесі
бағдарламалардың әралуан түрлерін:
клиенттік программаларды;
МҚ серверлері мен олардың жекелеген компоненттерін;
пайдаланушылардың қосымшаларын құрастыруға қолданылуы
мүмкін.
Бірінші және екінші түрдегі программалар саны жағынан аздау болып
келеді, себебі олар негізінен жүйелі программалаушыларға арналған. Үшінші
түрдегі пакеттер көптеп саналуда, алайда олардың саны толық қызметтік
МҚБЖ-ларға қарағанда аз.
Пайдаланушы қосымшаларын жасау құралдарын программалау
жүйелері жатады, мысалы Clipper, түрлі программалау тілдеріне арналған
әртүрлі программалау кітапханалары, сондай-ақ әзірлемелерді (соның ішінде
клиент-сервер типіндегі жүйелерді) автоматтандыру пакеттері. Аса кең
тараған құралдар ретінде келесі құрал-жабдықтық жүйелерді атап кетуге
болады: Delphi және Power Builder (Borland), Visual Basic (Microsoft),
SILVERRUN (Computer Advisers Inc.), S-Designor (SDP мен Powersoft) және
ERwin (LogicWorks).
Жоғарыда аталған құралдармен қатар мәліметтерді басқару мен МҚ
қызмет көрсетуді ұйымдастыруға арнап түрлі қосымша құралдар, мысалы,
транзакциялар мониторлары қолданылады (4.2 ішкі бөлімін қараңыз).
МҚБЖ-ларды қолдану сипаты бойынша дербес және көп
пайдаланушыға арналған деп бөлінеді.
Дербес МҚБЖ-лар әдетте, дербес МҚ-лары мен олармен жұмыс
істейтін онша қымбат емес қосымшаларды жасау мүмкіндігін қамтамасыз
етеді. Дербес МҚБЖ-лар немесе олардың көмегімен жасалған қосымшалар
көбінесе көп пайдаланушыға арналған МҚБЖ-ның клиенттік бөлігі ретінде
қызмет атқаруы мүмкін. Дербес МҚБЖ-ларға, мысалы, Visual FoxPro,
Paradox, Clipper, dBase, Access және т.б. жатады.
Көп пайдаланушыға арналған МҚБЖ-ларға МҚ сервері мен клиенттік
бөлігі кіреді және, әдетте, бір текті емес (ЭЕМ-дер мен амалдық жүйелері
әртүрлі болып келетін) есептеу жүйесінде қызмет ете алады. Көп
пайдаланушыға арналған МҚБЖ-ларға, мысалы Oracle мен Informix МҚБЖ-
лар жатады.
Қолданылатын мәліметтер моделі бойынша МҚБЖ-лар (МҚ тәрізді)
иерархиялық, желілік, реляциялық, объектілі-бағытталған және басқа
түрлерге бөлінеді. Кейбір МҚБЖ-лар бір мезгілде бірнеше мәліметтер
моделіне қолдау көрсете алады.
Пайдаланушы тұрғысынан МҚБЖ ақпаратты сақтау, өзгерту
(толықтыру, редакциялау және алып тастау) және өңдеу қызметтерін сондай-
ақ түрлі баспа құжаттары жасау мен алу қызметтерін жүзеге асырады.
Мәліметтер қорында сақталған ақпаратпен жұмыс істейтін МҚБЖ
программалар мен пайдаланушыларға келесі екі тілі ұсынады:
мәліметтерді сипаттау тілі – мәліметтердің логикалық
құрылымын сипаттауға арналған декларативтік типтегі жоғары деңгейлі
процедуралық емес тіл;
мәліметтерді манипуляциялау тілі – мәліметтерімен негізгі
амалдарды: енгізу, модификациялау және сұраныс бойынша мәліметтерді
таңдауды, орындауды қамтамасыз ететін құрылымдардың жиынтығы.
Аталған тілдердің түрлі МҚБЖ-ларда өзара айырмашылықтары болуы
мүмкін. Стандартталған екі тіл аса кең таратылған: QBE (Query By Example)
– үлгі бойынша сұраныс тілі және SQL (Structured Query Language) –
сұраныстардың құрылымдалған тілі. QBE негізінен мәліметтерді
манипуляциялау тілінің қасиеттерінен тұрады, ал SQL өзінде екі түрдегі
тілдердің қасиеттерін – мәліметтерді сипаттау және манипуляциялау
қасиеттерін жинақтаған.
МҚБЖ-ның жоғарыда аталған қызметтері, өз кезегінде, одан төмен
деңгейдегі келесі негізгі қызметтерді қолданады:
сыртқы жадыдағы мәліметтерді басқару;
жедел жадының буферлерін басқару;
транзакцияларды басқару;
МҚ-дағы өзгертулер журналын жүргізу;
Достарыңызбен бөлісу: |