Құрастырушы: аға оқытушы Алимова Ж. С



жүктеу 3,39 Mb.
Pdf просмотр
бет18/64
Дата20.01.2020
өлшемі3,39 Mb.
#27116
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   64

Technologies), 02(Ardent Software), ODB-Jupiter («Интелтек Плюс» ғылыми-
өндірістік орталығы), сондай-ақ Iris, Orion және Postgres жатады.
Бақылау сұрақтары: 
1. Көпөлшемді   модельдің   қандай   амалы   гиперкубтың   қандай   да   бір
шектелген бөлігіне өтуді береді?
2. Көпөлшемді модельдің қандай амалы өлшемдер ретін өзгерту үшін
қызмет етеді?
3. Көпөлшемді модельдің қандай амалы ақпараттардың барынша нақты
түрде берілу үшін қызмет етеді?
4. Көпөлшемді   модельдің   қандай   амалы   ақпараттардың   жалпы
берілулері үшін қызмет етеді?
5. Көпөлшемді модельде гиперкубтың қырын құрайтын, мәліметтердің
бір типті жиыны қалай аталады?
6. Көпөлшемді модельде өлшемнің мәндерінің бекітілген жиыны қалай
аталады?
7. МҚ қандай моделі интеллектуальды жүйелерде қолданыс тапты?
8. МҚ қандай моделі мәліметтерді талдамалық өңдеуге арналған?
9. Объектілі-бағытталған модельде нысандарды құру үшін шаблон не
болып табылады?
10. Объектілі-бағытталған модельде дана (экземпляр) дегеніміз не?
11. Мәліметтер   қорының   объектілі-бағытталған   моделінде
инкапсуляция, полиморфизм және мұраға алу дегеніміз не?
12. Класс   ұғымы   қандай   негізгі   ұстанымдарға   (принциптерге)
негізделеді?
13. МҚ қандай моделі күшті өзара байланысқан мәліметтермен жұмыс
істеуге мүмкіндік береді?
14. 1978 жылы мәліметтер қоры бойынша ANSI/SPARC комитеті не
ұсынды?
15. МҚ кейіптеу деңгейлері нені бейнелейді?
Әдебиеттер:
1. Бидайбеков Е.Ы., Елубаев К., Шекербекова Ш.Т. Мәліметтер қоры 
және ақпараттық жүйелер. Алматы., 2010.
2. Глушаков С.В., Ломотько Д.В. Базы данных.-Харковь: Фолио; 
М.:ООО «Издательство АСТ», 2002.
3. Хомоненко А. Д., Цыганков В. М., Мальцев М. Г. Базы данных. 
Учебник для высших учебных заведений. Под редакцией проф. А. Д. 
Хомоненко. – Санкт-Петербург: «КОРОНА принт», 2000 г
6-ДӘРІС. Мәліметтер қорының үш деңгейлі архитектурасы 
Қарастырылатын  сұрақтар:
-
Мәліметтер қорын берудің деңгейлері:қолданушылық деңгей, 
концептуальдық деңгей, физикалық деңгей. 
-
Мәліметтер қорының физикалық  және логикалық тәуелсіздігі. 
-
Мәліметтер қорына басшылық жасау


-
Мәліметтер қорын жоспарлау, жобалау, жасау және іске қосу 
кезеңдеріндегі мәліметтер қоры әкімшілігінің негізгі қызметтері. 
1978   жылы   ANSI/SPARC   комитеті   мәліметтер   қоры   жүйелерінің
жалпылама   құрылымын   ұсынған   болатын.   Ол   құрылым   үш   деңгейлі
архитектура деген атауға ие болды, оған сәйкес мәліметтер қорын ұсынудың
үш деңгейі болады: сыртқы, тұғырнамалық және ішкі. 
Сыртқы   деңгей   мәліметтердің   пайдаланушылық   ұсынылуын
анықтайды. Сондықтан бұл деңгей пайдаланушылық деңгей деп те аталады.
Сыртқы деңгейде әрбір пайдаланушы топ мәліметтер қорындағы мәліметтер
туралы   өз   кейіптемесін   алады,   онда   мәліметтер   элементтері   мен   олардың
өзара   қарым-қатынастарының   пайдаланушыға   бағытталған   сипаттамасы
беріледі.   Түрлі   кестелер,   байланыстар,   есеп   берулер,   формалар   және   т.б.
өздері   шешетін   міндеттерге   сәйкес   мәліметтер   қорының   пайдаланушылық
кейіптемесіне сәйкес келеді. 
Кейіптеменің тұғырнамалық немесе логикалық деңгейі дегеніміз – бұл
мәліметтер   қорын   жасаудың   деңгейі.   Бұл   деңгейде   талап   етілген   міндетті
шешуге   қажетті   объектілер   анықталады   және   олардың   арасындағы
байланыстар   орнатылады.   Тұғырнамалық   жобалаудың   нәтижесінде
объектілердің,   олардың   элементтерінің   және   олардың   арасындағы   қарым-
қатынастарының   тұғырнамалық   моделі,   сұлбасы,   объектінің   логикалық
сипаттамасы қалыптасады. Мысалы, Orion оқу мәліметтер қорына арналған
тұғырнамалық сұлба келесі түрде болады (1.7-сурет).
1.7-сурет. «Orion» оқу мәліметтер қорының тұғырнамалық сұлбасы
Жасалған   тұғырнамалық     сұлбаны   жүзеге   асыру   үшін   мәліметтер
қорының   ыңғайлы   моделі   таңдалып   алынады,   мәліметтердің   құрылымы
сипатталады. 
Ішкі   деңгей   мәліметтер   қорына   физикалық     көзқарасты   қамтамасыз
етеді.   Бұл   деңгей     үшін   жүйелік   программалаушылар,   мәліметтердің
физикалық қорын жобалаушылар жауап береді, олар мәліметтерді кодтау мен
компьютерде   және   тасымалдағыштарда   кейіптеу   мәселелерін   шешеді,
мәліметтерді шұғыл түрде оқу мен оларды өзгерту мақсатында мәліметтерге
қол жеткізу әдістерін анықтайды. Мәліметтерге қол жеткізудің негізгі әдістері
индекстеу, хэш-адрестеу және сығу болып табылады. 
Хэш-адрестеу   дегеніміз   –   қандай   да   бір   алгоритм   (хэш-қызметі)
бойынша тасымалдағыштағы мекен-жайды кестенің қандай да бір өрісінің,
көбінесе басты өрісінің негізінде есептеп шығу. Мәліметтерді жазу кезінде
хэш-қызметінің   көмегімен   мекен-жайы   есептеп   шығарылады   және   содан
кейін   мәліметтер   осы   есептелген   мекен-жай   бойынша   тасымалдағышқа
Salespeople
Customers
Orders
1:M
1:M


жазылады.   Мәліметтерді   оқу   кезінде   хэш-қызметі   алдымен   мәліметтер
орналасқан мекен-жайды есептеп шығады, содан кейін оқиды. 
Мәліметтерді   сығу   үшін   қолданыста   бар   әдістер   пайдалынады,   ол
әдістер   тасымалдағышта   жазылатын   мәліметтердің   көлемінің   азаюын
қамтамасыз етеді, бұл мәліметтерді өңдеуден өткізуге арналған жүйелердің
өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 
Мәліметтер   қорының   физикалық   құрылымын   жасаушылар
мәліметтерді орналастыру тәсілдерін қолда бар нақты құрал-жабдықтарды,
құрылғыларды   ескере   отырып   анықтайды.   Мәліметтер   қорын   ұсынудың
физикалық деңгейінің ақырғы пайдаланушыға қатысы болмайды. 
Осылайша,   үш   деңгейлік   архитектура   мәліметтер   қорын
пайдаланушылық   кейіптеменің   физикалық   кейіптемеге   қатысты   логикалық
тәуелсіздігін көрсетеді. Келесі суретте (1.8-суретте) мәліметтер қорының үш
деңгейлік архитектурасы келтірілген. 
1.8-сурет. Мәліметтер қорының үш деңгейлік архитектурасы
Әдетте,   мәліметтер   қорының   логикалық   моделі   мен   физикалық
құрылымын   жасаушылар   мәліметтер   қорының   әкімшісі   (администраторы)
деп аталатын топты құрайды. 
Мәліметтер қоры әкімшісінің қызметтеріне төмендегілер жатады: 
-
мәліметтер қорына қатысты талаптарды әзірлеп шығару; 
-
мәліметтер қорын жобалау;
-
мәліметтер қорын қалыптастыру;
-
мәліметтер қорын тиімді пайдалану және оған ілесе жүру. 
Мәліметтер   қоры   өзі   арналып   құралған,   шешілетін   міндетке   сәйкес
келуі   тиіс.   Мәліметтер   қорын   жобалауға   логикалық   модельді   жасауды,
шифрлеуді,   кодтауды   және   өзге   де   қорғау   құралдарын   қамтитын
тасымалдағыштардағы мәліметтерді сақтау тәсілдері жатады. 
Мәліметтер қорын тұғырнамалық жобалаудың ұстанымдары
Мәліметтер қорын әкімшіліктендіру
Мәліметтер қорының 
тұғырнамалық моделін 
жасау
Мәліметтер қорының 
физикалық құрылымын 
жасау
Ақырғы 
пайдаланушы
Пайдаланушыны
ң кейіптемесі
Логикалық 
(тұғырнамалық) 
деңгей
Физикалық 
деңгей


жүктеу 3,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   64




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау