Көпөлшемдік модельдің негізгі ұғымдарына өлшем мен ұяшық жатады.
Өлшем дегеніміз – бұл гиперкуб қырларының бірін құрайтын бір типтік
мәліметтердің жиыны. Көптеген жағдайларда келесі уақыттық өлшемдер:
күндер, айлар, тоқсандар, жылдар қолданылады. Сонымен қатар
географиялық өлшемдер: қалалар, аудандар, аймақтар, елдер және т.б.
пайдаланылады. Ұяшық дегеніміз – өлшем мәндерінің белгіленген жиыны
бір мәнді анықталған өріс.
Мәліметтер қорының көпөлшемдік моделінде бірақатар арнайы
амалдар қолданылады: қиындыны құрастыру, айналдыру, агрегациялау және
детализациялау. Қиынды бір немесе бірнеше өлшеулерді белгілеу арқылы
алынатын гиперкубтың ішкі жиыны. Қиындыны құрастырған соң біз сол
арқылы гиперкубтың белгілі бір шектелген бөлігіне ауысамыз.
Айналдыру өлшеулердің орналасу тәртібін өзгерту үшін қолданылады.
Агрегациялау мен детализациялау сәйкесінше пайдаланушыға
мәліметтердің көпөлшемді моделінің басты артықшылығы сол уақытпен
байланысты мәліметтердің үлкен көлемдерін талдамалық өңдеудің ыңғайлы
және тиімді болуы. Ұқсас мәліметтерді реляциялық модельге негізделген
өңдеуді ұйымдастыру барысында МҚ өлшемділігіне байланысты
әрекеттердің еңбек сыйымдылығы сызықтық емес түрде өседі және
индексацияға жұмсалатын жедел жады шығыны елеулі түрде артады.
Мәліметтердің көпөлшемдік моделінің кемшілігі – ол ақпаратты
әдеттегі жедел өңдеудің қарапайым міндеттері үшін тым орасан зор болып
келуінде.
Мәліметтердің көпөлшемді модельдерін қолдайтын жүйелердің
мысалдары: Essbase (Arbor Software), Media Multi-matrix (Speedware), Oracle
Express Server (Oracle) және Cache (InterSystems). Кейбір программалық
өнімдер, мысалы, Media/MR (Speedware) бір мезгілде көпөлшемді және
реляциялық МҚ-лармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мәліметтердің ішкі
моделі көпөлшемді модель болып табылатын Cache МҚБЖ-да мәліметтерге
қол жеткізудің үш тәсілі жүзеге асырылған: тікелей (көпөлшемді
массивтердің тораптары деңгейінде), объектілі және реляциялық.
Объектілі-бағытталған модель. Бұл модельдің негізін объектілі-
бағытталған программалаудың идеялары мен принциптері (ұстанымдары)
құрайды. Объектілі-бағытталған МҚ-ның логикалық құрылымы сырттай
иерархиялық МҚ-ның құрылымына ұқсас болып келеді. Олардың бір-бірінен
негізгі айырмашылығы – мәліметтерді манипуляциялау әдістерінде.
Мәліметтер қорының объектілі-бағытталған моделі өзара күштің
байланысқан мәліметтермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мәліметтер мен
оларды өңдеуден өткізу әдістерінің арасында программалаудың объектілі-
бағытталған тілдеріндегі сәйкес құралдарға ұқсас механизмдердің көмегімен
өзара байланыстар орнайды. Объектілердің қасиеттері тек real, char және сол
сияқты стандартты типтермен ғана емес, сондай-ақ пайдаланушылардың
өздері жасайтын типтермен де сипатталуы мүмкін. Класстар деп аталатын
бұл типтер көптеген объектілерді құруға арналған шаблон (қимаүлгі) болып
табылады. Class типінің мәні болып табылатын объектілер осы класстың
даналары деп аталады, мысалы, келесі суретте көрсетілгендей (1.6-сурет).
1.6-сурет. Объектілі-бағытталған модельдегі жазбаларды байланыстыру
Класстардың негізінде инкапсуляция, мұра етіп алу және полиморфизм
деген үш іргелі ұстаным жатыр.
Инкапсуляция нысанды өзге класстардың объектілерінен оқшаулауы,
оның қасиеттерінің көрінуін шектейді. Қасиеттің мәні сол
инкапсуляцияланған нысанмен анықталады.
Мұра етіп алу, керісінше, аталық объектінің қасиеттерін оның барлық
ұрпақтарына таратады.
Полиморфизм әртүрлі кластағы объектілерде атаулары бірдей
қызметтер мен өңдеу процедураларын (әдістерін) қолдануға жол ашады.
Мәліметттермен әрекеттерді орындау үшін қарастырылып отырған МҚ
моделінде инкапсуляция, мұра ету және полиморфизмнің объектілі-
бағытталған механизмдерімен күшейтілген логикалық амалдар қолданылады.
SQL командаларына (мысалы, МҚ құру үшін) ұқсас амалдар шектелген түрде
қолданылуы мүмкін.
МҚ құру және модификациялау мәліметтерді жылдам іздестіруге
арналған ақпаратты қамтыған индекстерді (индекстік кестелерді) автоматтты
түрде қалыптастыру мен кейінгі түзетулерді жүзеге асырумен ілесе
жүргізіледі.
Мәліметтердің объектілі-бағытталған моделінің реляциялық модельмен
салыстырғандағы негізгі артықшылығы – объектілердің күрделі өзара
байланыстары туралы ақпаратты бейнелеу мүмкіндігі. Мәліметтердің
объектілі-бағытталған моделі мәліметтер қорының жеке жазбасын
идентификациялап, оларды өңдеуден өткізудің қызметтерін анықтауға
мүмкіндік береді.
Объектілі-бағытталған модельдің кемшілігі – түсінудің жоғары
деңгейдегі қиындығы, мәліметтерді өңдеуден өткізудің ыңғайсыздығы және
сұраныстарды орындау жылдамдығының төмендігі.
90-шы жылдары объектілі-бағытталған мәліметтер қорын басқару
жүйелерінің тәжірибелік түп нұсқалары болған. Қазіргі кезде мұндай
жүйелер кең таралымға ие болды, атап айтқанда оларға келесі МҚБЖ-лар:
POET (POET Software), Jasmine (Computer Associates), Versant (Versant
Orders
Onum Integer
Amount Real
Data Date
Customers Class
Salespeople Class
Customers
Cnum Integer
Cname Char
City Char
Salespeople
Snum Integer
Sname Char
City Char
Manager Integer
Достарыңызбен бөлісу: |