Құрастырушы: аға оқытушы Алимова Ж. С



жүктеу 3,39 Mb.
Pdf просмотр
бет4/64
Дата20.01.2020
өлшемі3,39 Mb.
#27116
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64

дерде   бір   мезгілде   мәліметтер   файлдарымен  қатар   мәліметтер   қоры  пайда
болды. 
Файлдық   құрылым   мәліметтерінің   мәліметтер   қорына   қарағанда
бірнеше   кемшіліктері   бар.   Файлдық   құрылым   мәліметтерінің   негізгі
кемшіліктері төмендегідей:
-
 мәліметтердің шектен тыс көп болуы;
-
 мәліметтердің нашар бақылануы;
-
 мәліметтерді басқарудың жеткіліксіз мүмкіндіктері;
-
  программистердің   еңбек   шығындарының   көптігі   болып
табылады. 
Мәліметтердің шектен тыс көп болуы файлдық құрылым мәліметтерін
пайдаланатын   қосымшалардың   тек   өз   мәліметтерімен   ғана   жұмыс
істейтіндігімен байланысты. Сондықтан әртүрлі қосымшалардың мәліметтер
файлдары   бірдей   ақпаратты   қамтуы   мүмкін.   Сонымен   қатар,   әртүрлі
қосымшалардағы   мәліметтер   арасындағы   үйлесімділікті   сақтау   үшін
файлдың біріндегі ақпаратты өзгерткен жағдайда басқа файлдардағы сәйкес
ақпаратты да өзгерту қажет.
Мәліметтер   файлдарындағы   ақпарат   тұтастай   алғанда   өзара
байланыспаған,   бұл   мәліметтерді   бақылау   ісін   қиындатады.   Мәліметтер
файлдарында   бақылаудың   осылайша   әлсіз   болуы   әртүрлі   қосымшалардың
бірдей мәліметтерге әртүрлі мағына беруінде жатыр. 
Файлдардағы   мәліметтердің   арасында   байланыстардың   болмауы
мәліметтерді жеткіліксіз басқаруға және тіпті басқарудың мүмкін еместігіне
әкеледі. 
Қосымшалар мен мәліметтер файлдарын пайдалану барысында оларды
өзгертіп, түрлендіру қажеттілігі туындайды. Ол үшін программаны қайтадан
жазып,   мәліметтерді   құрастыру   қажет,   бұл   программалаушылардың   біраз
еңбек етуін талап етеді. 
Мәліметтер   қоры.   Негізгі   ұғымдар.Ақпараттық   технологияларды
мәліметтер қоры үлкен роль атқарады. Мәліметтер қоры дегеніміз – белгілі
бір   сипаттамасы   (құрылымы)   бар,   өзара   байланыса   сақталатын   ақпараттар
жиынтығы. 
Мәліметтер қоры бірнеше ортақ қасиеттері бар элементтер жиынынан
тұратын нысандарды сипаттауға арналған. Мысалы, нысан ретінде өндірістік
ұжым бола алады. Бұл нысанның элементтері (адамдар) тегі, аты, әкесінің
аты, туған жылы, мекен-жайы және т.б. сияқты қасиеттерге ие. 
Мәліметтер қорларында келесі ұғымдар қолданылады: 
өріс   –   нысанның   белгілі   бір   қасиетін   сипаттайтын   ең   кіші   ақпарат
бірлігі;
домен – өрістің қабылдайтын мәндерінің жиыны;
мәліметтер қорының құрылымы – өрістердің жиынтығы;
жазба – нысанның бір элементі үшін өріс мәндерінің жиынтығы
мәліметтер қорының файлы – сипатталатын нысанның элементтеріне
сәйкес келетін жазбалар жиыны. 
Мәліметтер   қорының   файлдық   құрылым   мәліметтерінен   басты
айырмашылығы   –   мәліметтерді   ұйымдастыру   тәсілінде.   Әдеттегі   файлдар
өзара байланыспаған мәліметтер элементтерінің қандайда бір тізбегі ретінде


физикалық   тұрғыда   ұйымдастырылса,   ал   мәліметтер   қоры   берілген
сипаттамаға   сәйкес   ұйымдастырылады   және   жекелеген   элементтерінің
арасында байланыс болады.
Мәліметтер қоры мен файлдың тағы бір айырмашылығы – мәліметтер
қорының   сипаттамасы   сол   мәліметер   қорымен   бірге   сақталатындығында.
Файл күрделі құрылымды болуы мүмкін, алайда бұл құрылымды анықтау сол
файлдың ішінде емес, сол мәліметтер файлы жасалынған және қолданылған
программаларда   орналасады.   Мәліметтердің   сипаттамасы   мәліметтер
қорының   өзінде   сақталатын   болғандықтан,   ол   мәліметтер   қорымен   бірге
тасымалданып,   осы   мәліметтер   қорын   пайдаланатын   программалардың
қарамағына беріледі. 
Файлдағы   мәліметтерді   сұрау   кезінде,   жалпы   жағдайда   сұралып
отырған ақпарат көлемі мен орнын беру қажет, яғни физикалық ұғымдармен
жұмыс істейсіз. Мәліметтер қорында мәліметтер қорының құрылымына сай
ақпараттың белгілі бір типі, мысалы мекен-жайы сұралады. 
Бақылау сұрақтары: 
1. Мәліметтер қоры ненің нәтижесінде  пайда болды?
2. Файлдық   құрылым   мәліметтерінен   мәліметтер   қорының   негізгі
айырмашылығы қандай?
3. Алғашқы (түйінді) кілт дегеніміз не?
4. Басқа жазбадан сілтеме жасайтын жазба қалай аталады?
5. Сыртқы кілт дегеніміз не?
6. Басқа жазбаға сілтеме жасайтын жазба қалай аталады?
7. Құрылымы   бар,   сақталатын   өзара   байланысқан   мәліметтер
жиынтығы қалай аталады?
8. Иерархиялық   және   желілік   мәліметтер   қорының   тұтастығы   нені
білдіреді?
9. Мәліметтер қорының желілік моделі дегеніміз нені білдіреді?
10. Мәліметтер қорының желілік моделі дегеніміз нені білдіреді?
11. Реляциялық мәліметтер қоры дегеніміз не?
12. Қандай   мәліметтер   қорларында   мәліметтерді   байланыстыру   үшін
физикалық көрсеткіштер қолданылады?
13. Нысанның   бір   элементі   үшін   өрістер   мәндерінің   жиынтығы   не
болып табылады?
14. Мәліметтер қорында өріс деп нені айтамыз?
15. Кортеж дегеніміз не?
Әдебиеттер:
1. Бидайбеков Е.Ы., Елубаев К., Шекербекова Ш.Т. Мәліметтер қоры 
және ақпараттық жүйелер. Алматы., 2010.
2-ДӘРІС. Ақпараттық жүйелер және мәліметтер қоры
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Ақпараттық жүйелердің архитектурасы.
2. Ақпараттық жүйелердің классификациясы. 


3. Жергілікті ақпараттық жүйелердің классификациясы. 
4. Жергілікті ақпараттық жүйелер және компьютерлік желілердегі 
ақпараттық жүйелер. 
5. Ақпараттық жүйедегі мәліметтер қоры. CASE-технология. 
Автоматтандырылған   ақпараттық   жүйелер   (АЖ)   деп   техникалық
құралдарды,   атап   айтқанда   ЭЕМ   қолданатын   жүйелерді   атайды.
Қолданыстағы АЖ-лердің көпшілігі автоматтандырылған болып келеді, сол
себептен оларды қысқаша АЖ-лар деп атайтын боламыз. 
Ақпараттық   жүйе   деп   ақпаратты   өңдеуге   арналған   есептеу   кешені
аталады. Ақпараттық жүйе келесілерден:
компьютерлік құрал-жабдықтан;
программалық қамтудан;
мәліметтерден;
қызмет көрсетушілер құрамы (пайдаланушылар, әкімші) құралады. 
Жергілікті   ақпараттық   жүйе   деп   бір   компьютерде   орнатылған   және
сонда жұмыс істейтін жүйе аталады. 
Клиент/сервер   типіндегі   компьютерлік   желіде   жұмыс   істейтін
ақпараттық жүйелер барған сайын кең таралуда. Бұл жүйелер мәліметтерді
орталықтандырылған,   сондай-ақ   үлестірілген   түрде   өңделуді   қамтамасыз
етеді.   Бұл   жағдайда   жалпы   мәліметтер   серверлерде   орналастырылады,   ал
клиенттік компьютерлерде жеке клиенттердің мәліметтері орналасады. 
Мәліметтер   қорымен   жұмыс   істейтін   ақпараттық   жүйелерді
программалық қамту төмендегілерден:
 жалпыға арналған программалық қамту;
 қолданбалы программалық қамту;
 мәліметтер   қорын   жобалауды   автоматтандыру   құралдарынан
құралады. 
Мәліметтер   қорын   ақпараттық   жүйелерде   қолданудың   үлкен
артықшылығы – мәліметтер қоры мәліметтердің клиенттік бағдарламалардан
тәуелсіздігін   қамтамасыз   етеді,   пайдаланушылар   мәліметтерді
тасымалдағыштарда   физикалық   орналастыру   мен   оларға   қол   жеткізу
мүмкіндігін ұйымдастыру мәселесінен құтылады. 
Кең мағынада АЖ анықтамасына ақпаратты өңдеудің кез келген жүйесі
жатады.   Қолдану   саласы   бойынша   АЖ-ларды   өндірісте,   білім   беруде,
денсаулықты   сақтауда,   ғылымда,   әскери   істе,   әлеуметтік   салада,   сауда-
саттықта  және өзге де салаларда  қолданылатын  жүйелерге  бөлуге болады.
Мақсаттық   қызметі   бойынша   АЖ-ларды   шартты   түрде   келесі   негізгі
категорияларға   бөлуге   болады:   басқарушы,   ақпараттық-анықтамалық,
шешімдерді қабылдауды қолдау. 
Кейбір   жағдайларда   АЖ   ұғымы   қандайда   бір   қолданбалы   мәселені
шешуге пайдаланылатын аппараттық-программалық құралдардың жиынтығы
деген   өте   тар   түсініктеме   түрде   қолданылады.     Ұйымдастыруда,   мысалы,
өздеріне   сәйкес   келесі   міндеттер   жүктелген   ақпараттық   жүйелер   болуы
мүмкін: мамандар мен материалдық-техникалық құралдардың есебін жүргізу,


жүктеу 3,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау