ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ
БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ПӘННІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Педагогика
Құрастырған: педагогика кафедрасының оқытушысы
Семей 2013
Автор туралы мәліметтер
|
|
|
Ғылыми дәрежесі:
|
Педагогика ғылымдарының докторы
|
|
Ғылыми атағы:
|
|
|
Қызметі:
|
Педагогика кафедрасының меңгерушісі
|
|
Мамандандыруы:
|
Педагогикалық мамандыққа кіріспе, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі, әлеуметтік педагогика пәнінің оқытушысы
|
|
Байланыс мәліметтері:
|
|
Жұмыс телефоны:
|
42-27-55. 42-25-33 87054510022
|
|
Электронды пошта:
|
|
|
Skype:
|
|
|
Жалпы мәлімет: Педагогикалық мамандыққа кіріспе, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі, әлеуметтік педагогика пәнінен дәріс және практикалық сабақтар жүргізеді.
|
|
|
Мазмұны
Глоссарий
Дәрістер конспектісі
Практикалық және семинарлық сабақтар
Білім бақылау бөлімі
БӨЛІМ 1. ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ
Педагогика – адам тәрбиесі жайлы ғылым.
Педагогикалық үрдіс- оқу мен тәрбие бірлігі арқасында орындалатын білімдену мақсатынан оның нәтижесіне қарай болған іс-әрекет,ілгері қозғалыс.
Педагогикалық іс-әрекет - педагогикалық процесте жас ұрпақты оқытып,тәрбиелеп,дамытуға,өздерін өздері іске асыруға және еркін шығармашылық тұрғыдан өздерін таныта алуларына қолайлы жағдай жасауға бағытталған кәсіби іс-әрекет.
Гуманизм - адам тұлғасын ең жоғарғы құндылық ретінде қабылдауға негізделген көзқарастар жиынтығы;тұлғаның құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған жане тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуын қарастыратын ілім.Гуманизм-адамның өмірлік ұстанымы,ол адамның адами қасиеттерін сақтап қалуға,тек жағымды,жақсы істерге бағыттайды.
Даралылық - адамды басқа адамдардан ерекшеліндіріп тұратын айрықша қасиеттері,ешкімге ұқсамастығы,оның қайталанбастығы.
Жеке тұлға - индивидтің әлеуметтік маңызды сапалар жүйесі,оның әлеуметтік құндылықтарды меңгеруі және сол құндылықтарды меңгеруі және сол құндылықтарды іске асыру қабілеттері.Жеке тұлға ретінде адам өзінің санасының даму деңгейімен,өз санасын қоғамдық санамен сәйкестендіруімен сипатталады. Жеке тұлға-қоғамдық мәні бар адам.Кез келген адам өмірге индивид болып келіп,тек саналы қоғамдық және еңбек іс-әрекеттері арқылы ғана жеке тұлғаға айналады.
Индивид - адамды адамзат тұқымының жеке бір өкілі ретінде,биологиялық тіршілік иесі ретінде қарастыратын ұғым. Индивид-жекелік,яғни көп адамдардың біреуі.
Құндылық – кез келген индивид, топ, ұжым, этнос, т.б. үшін өмірлік маңызы жоғары материалдық немесе рухани нысаналар.
Өзін-өзі тәрбиелеу - өзіндік адамгершілік сапаларды қалыптастыру бойынша тұлғаның саналы іс-әрекеті,бір мақсатқа сәйкес адамның өз тұлғасын өзі қалыптастыруы.
Шығармашылық – жаңа сапалы материалдық және рухани құндылықтарды жасаудағы адамның іс-әрекеті.
Профессиограмма – маманның кәсіби даярлығына қойылатын талаптар жүйесі; мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі.
Педагогикалық парадигма дегеніміз нақты педагогикалық міндеттерді шешудегі үлгі,стандарт,модель ретінде ұстанатын, негізгі қалыптасып қалған ғылыми жетістіктер,әдістер,теориялар,көзқарастар жүйесі.
Қарым-қатынас - өзара іс-әрекеттер қажеттіліктернен туындайтын және ақпараттармен алмасу,адамды адам қабылдау,түсінудіқамтитын адамдар арасындағы байланыстарды орнату және дамытудың күрделі процесі.
Діл (менталитет) - тұлғаның, адамдар тобының немесе белгілі бір социум дүниетанымның, дүниеге деген көзкарастарының және мінез-құлықтарының терең жатқан негіздері болып табылатын мәдениеттің мазмұны. Мәдениеттану және философиялық әдебиеттерде діл белгілі бір кезеңдегі, географиялық аймақтағы және әлеуметтік ортадағы адамдар қауымы көзқарастарының, сезімдерінің жиынтығы, тарихи және әлеуметтік үрдістерге ықпал ететін қоғамның ерекше психологиялық салты ретінде түсіндіріледі. Діл - рухани кұбылыс.
Педагогикалық жүйе - жеке, дара тұлғаны жетілдіруге, қалыптастыруға бағыттау мен белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өзара байланысқан әдістердің, құралдарының жиынтығы.
Білім беру процессі - мұғалімнен, оқытушыдан балаға, студентке ақпаратты жеткізу.
Педагогикалық шығармашылық - мұғалімнің, өз ісін сүйіп, оған барлық ынта-ықыласымен кірісіп, әр шәкіртінің жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына неғұрлым тиімді, қолайлы жағымды жағдай жасай алуы.
Профессиограмма - мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі.
Әміршіл-әкімшіл(авторитарная) педагогика - көзсіз бағыну тәрбиесін алға тартқан педагогика.
Ізгілікті (гуманистическая) педагогика – шәкіртті педагогикалық үрдістің субъекті ретінде танып, адам менмдам арасындағы қатынасты ұлықтай білген педагогика.
Дарынды балалар – жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет салуға,техникаға т.б.) байқатқан балалар.
Оқу – оқушының алдағы іс-әрекеті үшін білім, білік, дағдылары мақсатты түрде меңгеру процесі.
Тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін қалыптастырып, өмірге бейімдеу үшін жүргізілетін игі әрекет.
Тәрбие әдістері – ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастардың туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы.
Технология – (грек-techne-өнер, шеберлік, іскерлік және логия – ілім, білім) – дайын бұйым алу үшін пайдаланылатын тәсіл.
Технология - бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы.(орыс тілінің түсіндірме сөздігі)
Оқыту технологиясы – бұл дидактикалық жүйенің құрамдас,процессуалдық бөлігі (М.Чошанов).
Оқу-тәрбие процессін технологияландыру - білім беру мен тәрбие леу проблемаларын сапалы жаңа деңгейде шешуге мүмкіндік беретін объективті құбылыс.
Педагогикалық технология - оқу процесін жүзеге асыратын мазмұндық техника (В.П.Беспалько).
Педагогикалық технология – бұл оқытудың жоспарланған нәтижесіне жету рпоцесін сипаттау (И.П.Волков).
Педагогикалық технология - әр түрлі педагогикалық мәселелерді шешу мақсатында педагогикалық процесте жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқытудың әдістерінің жиынтығын қолдануға байланысты педагогтың іс-қимылдарының өзара байланысқан жүйесі.
Оқыту бірлігі – семантикалық,синтаксистік және прагматикалық тұтастығы бар,бір бүтін ретінде рәсімделген және оның мазмұны мен құрылымын формалдауға қолданылатын электрондық оқу басылымының бөлігі.
Оқыту технологиясының міндеттері оқыту жүйесінің барлық элементтерін зерттеу мен оқыту процесін жобалауда болып табылады,осының арқасында мектептегі (мұғалімнің) оқу тәрбие жұмысы реттелмеген әрекеттер жиынтығынан белгілі бір мақсатты көздейтін процеске айналады.
Оқыту моделі – адам оқыту процесінің негізіне алынған модель.Оқыту моделінің екі типін қарастырады-дескриптивті және нормативті.Оқытудың дескриптивті моделі адам оқитын іс-әрекет рпоцесін сипаттау негізінде құрылады.Оқытудың нормативті моделі алдын-ала жасалып беріледі. Нормативті типтегі оқытуды – мұғалімді оқыту деп атау қабылданған.
Оқыту технологиясы - оқытушының іс қимыл үрдісінің қисындық – тәжірибелік қажеттілігін нәтижеге бағдарлау, оны үнемі ширату.
Педагогикалық жаңа технология – іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы.
Педагогикалық жүйе - жеке, дара тұлғаны жетілдіруге, қалыптастыруға бағыттау мен белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өзара байланысқан әдістердің, құралдарының жиынтығы.
Инновация педагогикалық (жаңаны енгізу)- білім беру ортасына оның жеке бөліктерін,компоненттерін және тұтастай білім беру жүйесінің сипаттамаларын жақсартуға бағытталған тұрақты элементтерді енгізетін,мақсатты көздейтін өзгеріс.
Инновация - оқу-тәрбие ісін алдыға қарай жылжыту немесе өзгерту.
Деңгейлеп оқыту - әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
Дамыта оқыту - жоғары қиындықта оқыту.
Модульдік оқыту технологиясы - оқытудың ұйымдастырылуы бойынша және мазмұны бойынша адам бойындағы осы сәттегі қажеттілікті қанағаттандыруда кепілдік беретін әрі жаңа қажеттілікті анықтайтын икемді білім беретін құрылым құру.
Модуль - бір ғана оқу пәннің шеңберіндегі ұйымдастыру-әдістемелік құрылымының бірлігі.
Ақпараттық технологиялар - ақпаратты алу,түрлендіру,сақтау,тарату және пайдалану әдістері мен құралдары.
Оқытуды ақпараттандыру - есептеуіш техникамен және оған байланысты ақпараттық технологияларды оқыту процесінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару құралы ретінде пайдалану және оқушы мен мұғалімге білім мазмұнын толықтыратын қажетті мәтіндік және көрнекі ақпараттарды беру.
Педагогикалық технология – оқытуда пайдаланылатын материалдық және идеалдық (білімдер) құралдар жүйесі және осы жүйені қолданысқа енгізу тәсілдері (Е.И.Машбиц).
Педагогикалық зерттеу әдістері – оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың объективтік заңдылықтарын танып – біліудегі амалдар мен тәсілдер жиынтығы.
Педагогикалық зерттеу міндеті - педагогикалық зерттеудің нақтыланған немесе неғұрлым жекеленген мақсаттарын айқындау.
Абстрактылы және нақтылы (абстрактное и конкретное)-философиялық ұғымдар. Педогогика ғылымында кеңіне пайдаланылады. Нақтылы ұғымы заттың дамыған бір тұтастығын, мазмұнды жақтары мен байланыстарын, сонымен қатар барлық қажеттерінің бірлігін анық бейнелейтін ауқымды білімдерді белгілейді.
Адамның өзіндігі (индивидуальность)-адам тұлғасының қайталанбас ерекшелігі, оның бүкіл адамзаттық құндылықтарды өндіру және жетілдіру қабілеті дамуының жоғарғы саласы. Тіршілік иесі ретінде адам басқа адамдармен қарым-қатынас барысында жалпы адамзаттық мәдениет мұраларын жасау түрлерін, тәсілдерін және құралдарын игере отырып қана өмір сүреді.
Адамға өзіндік тұрғыдан қарау (индивидуальный подход)-оқыту және тәрбиелеу барысында оқушылардың өздеріне тән ерекшеліктерін есепке алу. Мысалы, олардың білім деңгейін,саяси дайындығын,мұраттарын, өмір тәжірибесін т.с.с. есепке алу.
Адам тұласының бағыттылығы (направленность личности) - белгілі қоғамға оның мұрат-мақсаттарына орынды немесе теріс қатынастары тұрғысынан қарағандағы жеке адамның ең елеулі,шешуші сипаттамаларының бірі. Жинақталған түрінде адам тұлғасының бағыттылығы-өз халқының, бүкіл адамзаттың асыл мұратына ұмтылуы, оған жету жолындағы күресі.
Ақыл (ум)-ойлаудың таным қабілеті дамуының жоғары басқышы, жаңа білімінің шығармашылығы, адамның жүріс-тұрғысында және бүкіл өмірлік іс-әрекетінде орындылықтың болуы. «ақыл» атауы ойлау қабілетінің синонимі ретінде жиі қолданылады.
Ақыл-ой тәрбиесі (умствинное воспитание)-тәрбиенің басқа салаларымен үздіксіз байланыста ойлаудың шығармалық қабілеттерін мақсатқа сай дамыту.Ойдың жұмысы адам өмірінің шарттары мен жағдайларында болатын обьективтік қарама-қайшылықтарды шешуге әрдайым бағытталып отырады.
Ашық сабақ (открытие занятие)-мұғалімнің жұмыс тәжірибесін зерттеу және тарату түрі. Ашық сабақты өз ісінің шеберлік деңгейіне көтерілген мұғалімдер,тәрбиешілер өткізеді. Оған жас мамандар, пәндік бірлестік мүшелері және басқа да іске қатысты бір адамдар шақырылады. Ашық сабақ ұжым болып талқыланумен аяқталады. Мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетімен жарамды және жарамсыз жақтары айқандалады.
Әдіс (метод)-білім беру, тәрбилеу және дамыту барысында белгіленген мақсатқа жетуді қамтамасыз етуге, ғылыми зерттеуді жүзеге асыруға көмектесетін тәсіл, алға қойылған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырылған адамдардың, ұжымдардың іс-әрекетінің бір жолы.
Әдіскер (методист)-жеке пәндерді оқыту саласының тәсілін жақсы және білікті қолдана алатын, соның негізінде оқушылардың оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін орынды пайдалану. Кез келген мұғалім әдіскер болуға тырысады. Ол үшін жан- жақты әдіскер болу керек.
Әдістемелік кеңес (методическии совет)- мұғалімдердің іс әрекетін басқарудың қоғамдық орталығы. әдістемелік кеңес бірлестігі оқу пәндері, тәрбие жұмыс, бастауыш оқыту мәселелері төңірегінде құрылады. Әдістемелік кеңес міндеттерін оқу-тәрбие барысында орынды жүзеге асыру жолдарын жетілдіру және тиімділігін арттыру мәселелерін қарау кіреді.Семинар, курстар,теорялық, ғылыми тәжірбелік және әдістемелік конференциялар откізіледі. Жеке жұмыстарға байланысты әдістемелік нұсқаулар, тәжірбені зерттеу, жинақтау, тарату жасайды. Мұғалімдер мамандыққа даярлық денгейін көтерумен айланысады.
Әдістемелік құрал (методические пособие)-белгілі бір пәнді оқытуды ұйымдастыруда мұғалімге көмек көрсететін нұсқаулар және ақыл кеңестер жиынтығы.Мұны тәжірбелі ғалымдар,мұғалімдер құрайды.
Әңгімелесу (собеседование)-мектепте оқыту барысын ұйымдастырудың құрамды бөлігі,белгілі бір тақырыпты игеру мақсатына жетудің жолы. Әңгімелесу мақсаты оқушылардың әдебиеттермен, өз беттерімен жұмысында қиындық тудыратын келелі мәселелерді терең зеттеу үшін мұғалім басшылығымен ұжым болып талқылау. Әңгімелесу арқылы ұжым болып талқылап оқытуды ұйымдастырудың басқа түрлерінде оқушылардың алған білімін жинақтауға, айқындай тусуге,бекітуге көмектеседі.
Әсемдіктану (эстетика)-табиғатта, қоғамда, адам іс-әрекетінде, әсіресе өнерде заттардың және құбылыстардың мәні мен дамуының заңдылықтары жөніндегі философиялық ғылым. Ақиқатты адамның тануы құбылыстар сырына тек ақыл арқылы ену емес. Ақиқат адамдарға түйсік арқылы беріледі, көңіл күй сезімінен біртұтас қабылданады. Біздің танымымыз ақиқатты сезімдік ұғым бейнелі көңіл-күй сезімі арқыла қарқынды түрлендіруші барысы болып табылады.Әлемнің барлық құбылыстары мазмұны мен түрдің белгілер қатынасының түйінді өмір сүреді. Заттың немесе құбылыстың жетілгендігі, идеялық мазмұны мен түрінің үндестік бірлігінің сәйкестігі адамға әсемдіктің ләззатын алып келеді.
Әсемдік тануға тәрбиелеу (эстетическое воспитание)-оқушының бойында өнерге және шындыққа әсемдік көзқарас тұрғысында идеялық көтеріңкі көңіл-күй сезінерлік қатынасты қалыптастыру барысы. Мақсаты оқушы тұлғасының әсемдікті тануының,білім алуын дамыту,рухани құндылықтарға көркем шығармашылық іс-әрекеттерге қатынастыру.
Әскери партриоттық тәрбие (военно патриотическое воспитание)-адамгершілікті адам тәрбиелеудің құрамды бөлігі. Қажет болған жағдайда қолға қару алып, өз Отанан қорғауға жастар бойында адамгершілікті саяси, психологиялық күш жігерлік, әскери мамандық салаларды қалыптастыру болып табылады. Бұл тәрбиеде өз халқының, Отанының тарихи тәрбиесі, аға ұрпақтың жауынгерлік дәстүрлері үлкен орын алады.Әскери потриоттық тәрбие саласында жас ұрпақтың бойында сенім,халқын,Отанын сүю, патриоттық және интернационалдық сезім, аға ұрпақтың жауынгерлік дәстүрлерін жалғастыру мен дамыту және басқа сапалық қасиеттер қалыптсады, әскери патриотттық тәрбие мектеп, жанұя,қоғамдағы басқа де әлеуметтік тәрбие институттары арқылы жүзеге асады.
Пайымдау, ұғынып ойлау (суждение)-заттардың және олардың белгілерінің арасындағы байланыстарды бекітуді және жоққа шығаруды, ақиқаттық немесе жалғандық түрінде ие болуды бейнелейтін ойлаудың түрі. Құрылымы жағынан ұғынып ойлау немесе пайымдау 3 сатыдан тұрады:
1.Субьект(әрекет иесі) –белгілі зат жөніндегі ой ;
2.Предикат(р)-заттың жаңа белгісі жөніндегі ой ;
3.Байланыстар зат пен белгілердің өзара байланысының бар, не жоқ екендігін көрсету;
Танымдық қызметі жағынанан пайымдау немесе ұғынып ойлау жаңа хабарды берудің логикалық құралы. Мұның грамматикалық түрі сөйлем.
Байқау (наблюдение)-іс-әрекеттің міндетінен шығатын алдын ала белгіленген мақсатқа бағыты қабылдау. Тарихи тұрғыдан қарасақ байқау еңбектің құрамды бөлігі ретінде дамыды.Әлеуметтік шындықтың және еңбектің іс-әрекеттің күрделенуіне байланысты байқау өзалдына салыстармалы барыс ретінде бөлініп шықты. Ғылыми байқауда қойылатын талаптар ойластырудың бір мәнділігі, объективтілігі, яғни байқауда бақылау арқылы қайталау мүмкіндігі немесі зерттеудің одан да қуаттырақ басқа әдістерін әсіресе эксперименттік пайдалану байқау нәтижелерін талқылауға көбірек көңіл бөлінуі қажет.
Баяндама (доклад)-нақты тақырыптың мазмұнын кеңейтіп айтып беру,оқушылардың өз бетімен жұмысының түрі ретінде көрінетін әдіс. Мектеп жағдайында сабақта, сыныптан тыс жұмыстарда пайдаланады. Оқылатын материалдың негізгі мазмұнына сай көкейкесті теориялық мәселелерге арналды.
Бедел (авторитет)-жеке адамның,әлеуметтік институттың идеялары жүйесінің нақты сапаларының,сіңірген еңбегінің күшіне қарай көпшілік мойындаған мағына,ықпал.
Бейімделу (адаптация)-тіршілік ету жағдайына адамның өз тұлғасын қолайлау әрекеті.Тарбиелену және оқу барысында, байланыста, қоғамда белгіленген ережелерге оқушылардың өз тәртібін сәйкестендіру болып табылады.
Бейімділік (склонность)-белгілі бір іс әрекетпен айналысуға оқушының бағыттылығы.Оқушының таңдамалы белсенділігімен, оның өз еңбегіне дұғалық берілгенділігімен сипатталады,толық еңбек, оқу, кез келген шығармашылық іс-әрекетінің маңызды шарты ретінде қаралылады.Іс әрекетке сәйкес қабілеттердің дамуына тәуелді.Бейімділік қандай іс-әрекет пен айналысуына, оның қарқыны мен шеңберіне қарай айқындалады. Мұғалімнің,тәрбиешінің міндеті оқушыға өз бейімділігін көріп, анықтауына көмектесу және олардың дамуына жағдай жасау болып табылады .
Болжам (гипотеза)-құбылыстардың өмір сүру себептерінің шындығын, қасиеттерін түсіндіру мақсатында алға қойған негізделген жорамалды көрсететін ғылым түрі.Болжам деп кез келген ойдан туған жорамал немесе қиялды айтуға болмайды.Объектіге байланысты болжам жалпы және дербес болып бөлінеді.Ғылымда іске басшылық болжамы маңызды орын алады.Зерттеудің бастапқы кезінде алға қойылатын бақылау нәтижелерін тұңғыш жүйеге келтіру, бірақ оларды түпкілікті түсіндіру қамтамасыз етпейтін шартты долбар болады.Болжам арқылы дамытудың 2 кезеңі бар: олар болжамды құру, тексеру.Болжамды құру алғашқы белгіленгендерді табу және сұрыптау.Болжамды тексеру одан туындайтын нәтижелерді және оларды нәрселердің нақты күйімен салыстыруды жалпыдан жекеге қарай жүретін ой туындыларын жүзеге асыру.
Білім (знание)-адам ойында шындықты дұрыс бейнелеуі қоғамдық тәжірибеде тексерілген таным барысының нәтижесі. Білім адамдардың қоғамдағы материалдык және рухани іс әрекеті нәтижесі ретінде пайда болады.
Білім беру(образование)-жүйеге келтірілген білім, білік және дағдыларды игеру барысы және нәтижесі, оқушыны өмірге және еңбекке дайындаудың қажетті шарты білім берудің негізгі жолы мектепте оқыту білім берудің мектепке дейінгі бастауыш, ора, жоғары тағы сол сияқты сатылары бар.
Білім беру әдістемесі (методика образование)-ғылыми негізделген оқудың әдістері, ережелері, тәсілдері, жүйесі. осының арқасында оқушының дүниеге көзқарасын қалыптастырып, алған білімдерін тәжірбиеде өз бетімен қолдану дағдыларымен қаруландыру
Білімді бекіту(закрепление знание)-оқытудың барлық кезеңдерінде жүзеге асатын білімді игеру беріктігінің міндеттерін шешуге мумкіндік беретін барыс.
Білімді ұғып алу (усвоение знание)-білім, білік дағдыларды игеруге бағытталған іс-әрекет. Зерттелетін құбылыстарды деректерді, барыстарды талдау және сұрыптау нәтижесінде ғылыми ұғымдардың негізін қалайтын жинақтау қалыпта саты.
Білімді тексеру (проверка знании)-оқыту барысының құрамды бөлігі. Мұның мақсаты -оқушылардың алған білімдерінің және оларға негізделген дағдыларының толықтығын, тереңдігін, жүйелілігін, осы білімдерді өздерінің танымдық және тәжірбиелік істерінде қай шамада пайдалана алатынын анықтау болып табылады.
Білім беру және оқыту теориясы (теория образование и обучение дидактика )-педагогика ғылымының саласы. Білім беру және оқыту теориясы жас кезеңдерінің барлық сатыларына сәйкес оқытудың заңдылықтарын оған қойылатын талаптарды, білім беру міндеттерін, мазмұнын, оқыту мен оқу түрлерін, әдістерін оқу барысында ынталандыру мен бақылауды анықтайды. Білім беру және оқыту теориясының методологиялық негізі таным теориясы, оқушы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып табылады. Бұл теория білім беру және оқытуда арнайы ұйымдастырылатын іс деп қарайды. Оқыту барысында оқушылардың білім, білік, дағдыларды меңгеруде мұғалім мен олардың өз бетіндік іскерлігі айқындалады.
Ғылыми абстрактілеу (научная абстракция)-заттардың белглі бір қасиеттерін немесе қатынастарын ойша бөлуді өз бетімен қарастыруды қамтитын танымның бір жағы, түрі. Мұның мақсаты мүғалімдердің теориялық деңгейін білімдігін, әдістемелік дайындығын көтеру, педагогиканың ғылыми жетістіктерін насихаттау, озат тәрбиені жинақтау, оқушылармен жұмысты тиімді әдістер мен жұмыс түрлерін қолайлы пайдалануды өндіру.
Ғылыми тәжірибелік конференция-оқыту және тәрбиелеу жұмыстарының өзекті мәселелерінің тәжірибесін ұжым болып зерттеу және талқылау түрі. Мұның мақсаты- теорияны басшылыққа ала отырып нақты тәрбие мекемесінің тәжірибесіндегі белгіленген мәселенің шешілу барысын жан- жақты талдау.
Ғылыми педогогикалық хабар (научно педогогическая информация)-пеодогогика ғылымы пайдаланылатын арнайы басылымдар, техникалық құрылымдар және басқалар арқылы таратылатын оқу және тәрбиелеу теориясы мен тәжірибенің барлық салаларының дамуы жайындағы мағлұматтар жүйесі.
Дағды (навык)-еңбек және басқа да іс-әрекет құралдарымен белгіленген дәлдікпен және шапшандықпен оқу немесе ойын міндеттерін орындауда оқыту мен қайталау нәтижесіндегі білік негізінде жақсы қалыптасқан әрекет.
Даму(развития)-өзіне тән ерекшелігі бар сапалық қозғалыстың түрі. Құбылыстардың пайда болуы мен жойылып кетуі дамуға байланысты. Кез- келген даму уақытпен байланысты болады. Дамудың бағытын тек уақыт анықтайды .
Дәлелдеу(доказательства)-әйтеуір бір қағиданың ақиқаттығын осымен байланысты бар басқа ақиқаттар және пайымдаулар көмегімен тауып алудағы логикалық амал. Дәлелді пікір ғылыми ойлау өрнегінің ажырамас белгісі, ғылыми сенімдерді қалыптастыру кезеңі. Сондықтан ұстаздық жұмыста дәлелдеу тактикасы мен методологиясы маңызды орын алады .
Достарыңызбен бөлісу: |