Рассмотрены вопросы безопасности жизнедеятельности и условие


 Коммутаторларды реттеу және іске қосу



жүктеу 0,75 Mb.
Pdf просмотр
бет7/22
Дата22.05.2018
өлшемі0,75 Mb.
#15870
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22

28 

 

2.6 Коммутаторларды реттеу және іске қосу 

Коммутаторларды  іске  қосар  алдын  коммутатор  мен  компьютер 

аралығындағы  физикалық  жалғастыруды  орындау  қажет.  Коммутаторларды 

басқару үшін кабелді жалғастырудың екі түрі қолданылады. Біріншісі- консол 

порты  арқылы,  екіншісі  Ethernet  порты  арқылы.  Консольный  порт 

коммутатордың  алғашқы  конфигурациясында  қолданылады,  яғни  реттеуді 

қажет етпейді. Ethernet портын қолданғанда коммутаторда IP- адресті орнату 

қажет болады.  Сонымен қатар Ethernet портын қосқанда  5, 5е.  категориялы 

екі  жұпты    UTP  кабелі  қажет.  Әдетте  D-link  коммутаторлары  (MDI/MDI-X) 

полярлығын  автоматты  анықтайтындықтан  кез-келген  кабель  түрін  (тура 

немесе кросстық) қолдануға болады.  

 

 

 



2.5 сурет – Коммутатордың компьютерге қосылуы 

 

Басқа коммутаторға қосылу үшін де кез-келген 5, 5е.  санатқы екі жұпты  



UTP    кабель  қолдануға  болады.  Егер  олар  полярлықты  автоматты  түрде 

анықтайтын болса. Басқа жағдайда кросстық кабель  қолданылады.    

 

 

 



2.6 сурет – Тура немесе кросстық кабельдің косылуындағы 

коммутатордың басқа коммутаторға қосылуы. 

 



29 

 

Коммутаторлардың дұрыс қосылуын порттардың сәйкес индикаторлары 



арқылы  анықтауға  болады.  егер  индикатор  жанса,  онда  коммутаторлар 

арасында байланыс орнатылғаны анықталады.  Егер индикатор жанбаса, онда 

коммутаторлар арасындағы байланыс орнатылмағаны анықталады.  

2.7  Коммутатордың консолға қосылуы 

D-Link  басқарылатын  коммутаторларда  RS-232  стандартты  кабель 

көмегімен  компьютердің  портына  қосылатын  консол  порты  болады.  Оларды 

«Out-of-Band»  қосылу  деп  атайды.    Бұл  егер  желі  болмасада,  коммутаторды 

қосылу  мен  басқаруда  қолданылатынын  көрсетеді.  Консол  портына 

қосылғаннан  соң    Windows  HyperTerminal  бағдарламасын  қосу  қажет. 

Бағдарламада келесі параметрлерді енгізу керек: 

 

Baud rate:   



9,600 

Data width:             8 bits 

Parity: 

 

 none 



Stop bits: 

           1 

Flow Control:         none 

 

Коммутатор  консолмен қосылғанда келесі терезе пайда болады: 



 

 

 



   2.7 сурет – Коммутатордың консолмен қосылуы 

 

Қосылмаған жағдайда  Ctrl+r басу қажет.  



Коммутаторға  пароль  енгізу  керек.  Бастапқыда  тұтынушы  аты 

көрсетілмейді. Сондықтан  Enter клавишасын екі мәрте басу керек. Содан соң 

команда  қатарында  DES-3226S#  деген  сөз  пайда  болады.    Осыдан  соң 

командаларды енгізе беруге болады.  

 



30 

 

2.8 Коммутатордың бастапқы  конфигурациялары 

     CLI  командасының  көптеген  түрлері  бар.  Командадар  көптеген 

параметрлерді  немесе  бір  ғана  параметрді  енгізуді  талап  ететін  күрделі, 

көпдеңгейлі  болады.  Ол  үшін  команда  қатарына  «?»  клавишасын  тереміз,  

экранда  командалар  тізімі  пайда  болады.  Өзімізге  қажетті  команданы 

таңдаймыз.   

 

 



 

 

2.8 сурет  – коммутатор конфигурациялары 

 

Егер  параметрлерді  біле  тұра    «?»  клавишасын  басуымызға  болады. 



Мысалы, команданың аяқталуын білгіміз келсе, онда команда қатарына келесі 

сөздерді жазамыз:  

 

DES-3226S#config + пробел 



 

Содан  соң  «?»  немесе  Enter  клавишасын  басамыз.  Экранда  барлық 

мүмкін  болатын  аяқталулар  шығады.    Сонымен  қатар  TAB  клавишасын 

қолдансақ та болады. Онда да барлық аяқталу тізімдері шығады.   



2.9 Коммутатордың қосымша функциялары 

Қазіргі  кезде  қолданылатын  коммутаторлардың  көбі  жалпы  стандартқа 

сәйкес келесі қосымша фунқцияларды орындайды:   

1)  VLAN – виртуалды желі техңологиясы; 

2)  Spanning Tree  - хаттамасы; 

3)  Trunking - порттарды біріктіру; 

4)  SNMP – басқару фунқциясын қолдау;  

5)  Port Security фунқциясын қамтамасыздандырады немесе MAC-

адресін аныкталған портқа қосады; 



31 

 

6)  802.1х – хаттамасын қолдайды; 



7)  Топтық тарату хаттамасын қолдайды;  

8)  Желі ағындарын басқарады



2.10 VLAN – виртуалды локалды желі қолдайды 

Егер  коммутатор  желі  денгейіндегі  хаттамалармен  қосылмаса,  онда  ол 

тарату  дестелерінің  жіберілетін  адресін  білмейді.  Тарату  дестелері  –  ол  

желідегі  барлық  түйіңдерге  жіберілетін  дестелер.  Олар  желідегі  барлық 

хаттамаларымен  жұмыс  істеу  үшін  керек.  Мысалы:    ARP,  BOOTP  немесе 

DHCP  хаттамалары  аркылы жұмыс  станциясының  желіге қосылғанын    басқа 

компьютерлерге  хабарлайды.    Үлкен  желілерде  тарату  дестелері    коллизия 

саңын өсіруі мүмкін. Сол себептен тарату дестелеріне шеқтеу қою үшін тарату 

домендерін  немесе  виртуалды  ЛВС  (Virtual  LAN,  VLAN)  желілерін 

ұйымдастыру кажет.   

Виртуалды  желі  -  желі    түйіңдерінен  бөлінген  логикалық  топ  болып 

табылады.  Әртүрлі  виртуалды  желі  аралығында    МАС  –  адресі  негізінде 

кадрларды  тарата  алмайды.  Виртуадды  желіде  кадрлар  комутация 

технологиясы  бойынша  таралады,  яғни  кадрдың  анықталған  мекен-жайы   

бойынша  портқа  жіберіледі.  Сонын  аркасында  виртуалды  желі  көмегімен 

кеңтарату дестелерін жібері  мәселесі орындалады.   

VLAN желісінің  артыкшылыктары: 

-  енгізу  иілгіштігі.  VLAN  тұтынушы  желі  топтарының  қолайлы  әдісі 

болып табылады.   

VLAN 



дестелерді 

таратуда 

бакылау 

мүмкіндігін 

қамтамасыздандырады,  өткізу жолагын  үлкейтеді.  

-  VLAN  желісі  өзара  бір-бірімен  катынаста  болатын  желі  түйіндерін 

аныктай отырып желі қауіпсіздігін қамтамасыздандырады.  

Коммутаторлар  үш түрлі  VLAN және тарату домендерден тұрады:  

- порт базасындағы  VLAN; 

- МАС-адресті базасындағы тарату домені;  

- IEEE 802.1Q стандартты – қосымша кадр өрісіндегі VLAN.  

2.10.1 Порт негізінде VLAN 

Порт  базасындағы  VLAN  орындалғанда  әрбір  портқа  нақты  бір  VLAN 

беріледі.  Сонда  сол  портка  қосылған  барлық  тұтынушылар  бір  VLAN-ға 

кіретінін  айтады.  Порт  конфигурациясы  статистикалық,  яғни  тек  қолмен 

өзгертуге болады.   

Олардың  сипатамалары:  

1)Бір  ғана  коммутатор  аралығында  қолданылады.  Егер  бірнеше 

компьютер  топтарын  бір  коммутатор  аралығында  ұйымдастыру  керек  болса,  

онда осы сипаттама өте қолайлы.  

2)Қосылу  ерекшелігі.  Порттарды  біріктіруде  виртуалды  желіні  құру 

үшін  администратордан  үлкен  көлемді  жұмыс  талап  етілмейді,  яғни  бір 

VLAN-да  орналаскан  әрбір  портка  бір  индентификатор    VLAN  (VLAN  ID) 

беріледі.  




жүктеу 0,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау