Раманкулов шерзод жумадуллаевич



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет53/65
Дата27.01.2020
өлшемі4,39 Mb.
#27475
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   65

 
127 
Назар  аударыңыз:  Дифракция  нысанына  паралель  сәуле  келіп 
соқтығысқанда  ғана  интенсивтіліктің таралуы теория бойынша сәйкес келеді. 
Мысалы, егер оптикалық құрылғы дәл, әрі нақты орналастырылған болса. 
  44-45  суретте  саңылау  ені  әртүрлі  болған  жағдайдағы  дифракция 
моделінің ӛлшенген интенсивтілік моделі берілген. Графиктер интенсивтіліктің 
таралуын  мадельдеу  нәтижесінде  алынған.  Саңылау  енін  дәл  есептеген 
жағдайда ӛзгермелі саңылау мәнімен сай келеді.   
Қосымша мәліметтер 
Алынған  толқын  моделі  жарық  құбылысына  толықтай  анықтама  бере 
алады,  оның  таралуы  геометриялық  оптика  жағдайындағы  қарапайым 
құбылыстарды    модельдегенде  де  ӛте  маңызды.  Толқындық  модельдің 
қолдануы  кӛрінетін  спектордан  аспайды  және  электромагниттік  спектрдің 
радиотолқындардан  бастап  иондаушы  радиацияға  дейінгі  жалпы  диапазонды 
қамтиды. 
Егер жарықтың толқын ұзындығы дифракция нысанының магнитудасына 
бағынатын  болса  және  жарықтың  толқын  ұзындығының  үлкен  бӛлігі 
қолданылатын  болса,  онда  (3)  теңдеуден  байқайтынымыз,  дифракция 
құбылысының белгілі бір бӛлігі ғана белгіленіп алынады. 
Лабораториялық жҧмыс қорытындысы 
Лазер сәулесі саңылаудан ӛткеннен кейін дифракция моделі кескінделеді, 
ал  оның  таралу  интенсивтілігі  (4)  теңдеуге  сай  есептелінеді.  Центірінде 
интенсивтіліктің  бас  максимумы  орналасады.  Оның  центрден  арақашықтығы 
артқан  сайын  саңылаудың  ені  кішірейе  береді.  Егер  саңылау  ені  кішкентай 
болған  жағдайда,  нӛлге  тең  емес  интенсивтілік  (ССД  сызығында)  байқалады. 
Бұл  саңылау  диафрагмасының  геометриялық  оптикадағы  кӛлеңкесі  болуы 
мүмкін. 
Жоғары  оқу  орнында  физиканы  оқытудың  мақсаттарын  орындайтындай 
зертханалық эксперименттің мынадай әдістемелік ерекшелік маңызы бар [100, 
49 б.]: 
1. Демонстрациялық тәжірибені кӛрсеткенде  студенттер тек қана пассивті 
түрде  бақылаушы  рӛл  атқаратын  болса,  зертханалық  экспериментке  олардың 
ӛздері  белсене  қатынасады,  физикалық  құбылыстарды  ӛздері  қолымен  істеп 
кӛріп,  ӛлшеулер  жүргізеді,  физикалық  шамалар  мен  тұрақтыларды 
тағайындайды (жылу балансы теңдеуі, дененің меншікті салмағы, кедергілерді 
паралель қосу). 
2.  Зертханалық  жұмыстарды  ақпараттық  технологиялар  арқылы 
орындағанда студенттер физикалық приборлармен, аспаптармен жұмыс істеуге 
үйреніп,  политехникалық  ебдейліктері  мен    дағдыларын  дамытады, 
практикалық  маңызын  түсініп,  олардың  табиғат  құбылыстарын  біліп-тануға 
қажетті құрал екендігіне кӛз жеткізеді. 
3.  Зертханалық  эксперимент  жасау  үстінде  студенттер  бізді  қоршаған  
табиғат  құбылыстары  туралы  ӛзінше    қорытынды  жасауға    үйренеді,  физика 
заңдарының  практикалық маңызына түсінеді, физика ғылымының техникамен 
және  ӛмірмен    байланыстылығына  сенетін  болады  (найзағайдың  табиғаты,  


 
128 
электр  станциясы  ұғымдары).  Бұл  физиканы  оқытудағы  формализмді  жоюға 
жәрдемдеседі. 
4.  Зертханалық  сабақтарда  студенттер  ғылыми-зерттеу  жұмыстарды 
жүргізуге  дағдыланады,  физика  ғылымының  танымдық  күшіне  сеніп,  оқуға 
деген олардың ынта-жігері артады.   
Демек,  ақпараттық  технологияларды  қолдану  арқылы  лабораториялық 
сабақтарды  ӛткізудің  осындай  ерекшеліктері  студенттердің  креативтілік 
кӛрсеткіштерінің қалыптасуына әсер етті.   
Проблемалық  сипаттағы  сҧрақтар:  студенттерге  жаңа  білімді  дайын 
түрде  бермей,  олардың  алдына  белгілі  проблемалы  міндетті  қою  арқылы 
ӛздерінің шешімін табуына бағыттау. Жаңа тақырыпқа байланысты студенттің 
білетіні  мен  білмейтінінің  арасында  қайшылықтар  пайда  болады  және 
проблемалы  міндетті  шешуге  дайын  түрған  тәсіл  болғандықтан,  проблемалы 
жағдаят  пайда болады, осыған орай студенттің ізденушілік әрекеті мен ынтасы 
күшейе түседі. Проблемалық жағдаяттар жасаудың әр-түрлі әдістерін бӛліп алу 
қажет[148].  
1  мысал:  Проблемалық  жағдаят  студенттердің  жаңа  білім  үстінде  іздену 
барысында туындайды.  
Алғашқыда студент үшін бастапқы деректер де, нәтижеде белгісіз болады. 
Бұл  жағдайда  білім  арнайы  қойылған  эксперимент  нәтижесінде  және 
оқытушымен 
студент 
арасындағы 
логикалық 
талдау 
арқылы 
қорытындыланады. Талдау барысында жаңа түсінік немесе пікір пайда болады, 
осылайша қорытынды жасалынады. Оқу міндеті бұл жерде креативтілік сипатта 
болып  тұр.  Мәселенің  алғашқы  күйі  студенттерді  жаңа  білімді  іздеуге 
қызығушылығын  оятатындай  болуы  қажет.  Мысалы  «Оптика»  пәнінің 
«геометриялық  оптика»  тақырыбын  қарастырғанда  мынадай  проблемалық 
сипаттағы  сұрақтарды  туғызуға  болады:  Судағы  нарсенің  кескінін  бақылауға 
бола ма? Оны қылай жүзеге асырамыз? 
Қойылған  сұрақтың  шешімін  табу  үшін  осы  жағдаятты  оқытушы 
студенттердің ӛзіне орындауына тапсырма береді.   
Сумен толтырылған мӛлдір шыны ыдыстың ішіне тиінді қойсақ, ол ыдыс 
түбіне түседі. Енді ыдыстың жанынан белгілі бір бұрышпен бақылап қарайтын 
болсақ,  онда  тиіннің  кескінін  судың  бетінде  кӛруге  болады.  Мұндағы:  1-
тасталған тиін; 2-тиіннің су бетіндегі кескіні. Енді ыдыстың бақыланып тұрған 
жаққа  қарама-қарсы  жақтағы  қабырғасының  бетіне  қолымызды  қойсақ  тиін 
кескінінде  ӛзгеріс  болады.  Егер  қойылған  қолымыз  сумен  ылғалданған  болса, 
онда тиіннің кескіні жоғалып кетеді, яғни кескін кӛрінбей қалады. Осы жерде 
тағыда проблемалық сұрақ туындайды: 
Неге бұлай болды? 
Бұл  сұраққа  студенттерден  жауап  алынады.  Бұл  құбылыстын  себебі: 
бірінші  жағдайда  тиіннен  шағылған  сәулелер  ыдыстың  сыртқы  қабырғасынан 
шағылып жоғары бағытталады да, су бетінен сынып бақылааушы кӛзіне түседі, 
осыдан бақылаушы тиінді кӛреді. 


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау