99
оятады, ӛз бетімен жұмыс жасауға үйретеді, шығармашылық қабілеттерін,
шығармашылық іс-әрекеттерін, қызығушылықтарын арттырады[136].
5. «Оптика пәні бойынша есептер жинағы» Оқу-әдістемелік құралы.
Түркістан-2015. 102 бет. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Сенат (Ғылыми кеңес)
мәжілісінің 27 ақпан 2015 жылғы №4 хаттамасы шешімімен бекітілді.
Бұл оқу – әдістемелік құралда «Оптика» бӛлімінің геометриялық оптика,
жарық шамалары, жарық интерференциясы, жарық дифракциясы, Френель
зоналары,
жарық
поляризациясы,
қозғалыстағы
денелер
оптикасы
тақырыптарына қысқаша теориялық мәліметтер, есептер шығару үлгілері,
есептер жинағы берілген[137].
Есептер «Оптика» пәні бойынша қиындығы реттік санының ӛсуіне қарай
берілген. Әр тақырып басталарда есептер шығаруға қажетті негізгі заңдар мен
формулалар келтірілген және типтік есептерді шығару үлгілері оларды
тыңғылықты түсіндірулер арқылы келтірілген.
Бұл есептер жинағында келтірілген есептер оптика пәнінің бағдарламасы
бойынша құрастырылды. Жоғары оқу орындарында педагогикалық және
ғылыми физика мамандықтары бойынша оқитын студенттерге, сондай-ақ,
физикадан білімдерін тереңдетуді мақсат еткен техникалық жоғарғы оқу
орындары студенттеріне арналған.
6. «Физикалық процестерді компьютерлік модельдеу» Оқу құралы.
Түркістан-2015. 158 бет. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Сенат (Ғылыми кеңес)
мәжілісінің 27 ақпан 2015 жылғы №4 хаттамасы шешімімен бекітілді.
Оқу құралында физикалық процестер мен тәжірибелердің компьютерлік
модельдері және оларды оқу үдерісінде қолданудың тиімді жолдары, физиканы
оқытудың жаңашыл тәсілдері кӛрсетілген.
Физикалық негізгі заңдардың физикалық мағынасы мен мазмұны,
түсіндіру әдістері келтірілген. «Физикалық процестерді компьютерлік
модельдеу» пәнінен жасалған оқу бағдарламасы бойынша құрастырылып,
жоғары оқу орындарында педагогикалық және жаратылыстану ғылымдарын,
физиканы оқитын білімгерлерге арналған.
Осы келтірілген оқу-әдістемелік құралдар мен электрондық оқулықтар,
сонымен бірге басқада компьютерлік модельдер «Оптика» пәнін оқыту
үдерісінде қолданылды[138].
ЖОО-ында оқыту үдерісін ұйымдастырудың қалыптасқан түрлі
формаларының жүйесі қолданылады. Оларға жататындар мыналар: дәріс
(лекция), консультация, семинар, практикалық және зертханалық сабақтар,
студенттердің ӛзіндік жұмысы, ӛндірістік (педагогикалық) практика, экскурсия,
конференция, курстық және дипломдық жұмыстар, педагогикалық бақылау т.б.
Осы жоғарыда аталған оқу үдерісін ұйымдастырудың формаларына, және
әдіс-тәсілдері мен құралдарына біз «Оптика» пәнін оқыту бойынша тоқталамыз.
«Оптика» пәні бойынша лекция сабағының моделі 24-суретте келтірілген.
100
Сурет 24 – Оптика пәні бойынша дәріс сабағының моделі
Оптика пәні бойынша кейбір тақырыптарда лекция сабағына мысалдар
келтірейік.
Миға шабуыл лекциясы.
Тақырыбы: Геометриялық оптика негіздері. Бұл тақырыпта студенттер
табиғаттағы сыну және шағылу заңдарын, геометриялық оптиканың негізгі
ұғымдары мен анықтамаларын, оптикалық бейнелердің геометриялық
теориясының бастамаларын, центрленген оптикалық жүйелерді, жұқа линза
формуласын, линзалық оптикалық құралдар, линзада кескін алуды меңгереді.
Кредиттік технологияға сай студент тақырып бойынша сабаққа ӛздігінен
дайындалып келуі қажет, білмеген, түсінбеген жерлерін оқытушымен бірге
сұрақтарды, мәселелер мен есептерді талдау арқылы меңгереді.
Мақсаты
Студенттердің теориялық білімі
мен ептіліктерін арттырып,
креативтілікке баулу
Нәтиже: білімді жетілдіруі, логикалық мәселелерді шеше алуы, проблемалық
сұрақтарда ӛз ойын айта алуы, ой ұшқырлығын кӛрсете алуы, ерекше идеялар
жасауы.
ОПТИКА ПӘНІ
БОЙЫНША
ДӘРІС САБАҒЫ
ҦЙЫМ
ДАСТЫРУ
САБАҚ
БАРЫСЫ
Проблемалық сипаттағы сұрақтар
дайындау
Тақырыпқа сай кӛрнекіліктер мен
әдебиеттер
Проблемалық сұрақтарды туғызу
Миға шабуыл жасау
Студенттердің жауаптарына
түзетулер мен қосымшалар қосу,
бектіту
Лекцияның түрлерін қолдану (2.1 де
баяндалған лекция түрлері)
АКТ-ны қолдану жағдайында
Шығармашылық сипаттағы
сұрақтар дайындау
Тақырыпқа сай кӛрнекіліктер мен
әдебиеттер
101
Оқытушы сабақты миға шабуыл жасаудан бастайды. Оқытушы шеберлігі
шешімі анықталынуы тиіс болған мәселелерді әртүрлі сұрақтар мен
проблемалар қою арқылы студенттердің ӛзіне талдата білуінде. Бұл жерде миға
шабуыл, мынадай тақырыпқа байланысты сұрақтардан басталады:
1. Нәрсені жинағыш линзаға жақындатсақ немесе одан алыстатсақ, осы
нәрсе кескінінің сипаттамасы қалай ӛзгеретінін түсіндіріңдер?
2. Нәрсені шашыратқыш линзаға жақындатсақ немесе одан алыстатсақ,
осы нәрсе кескінінің сипаттамасы қалай ӛзгеретінін түсіндіріңдер?
Бұл жерде мұғалім кӛмекші құрал ретінде «Открытая физика 1.1»
бағдарламасынан «Жұқа линза» (25-сурет) моделін интерактивті тақта бетіне
шығарып қояды. Моделдің үстінгі бетінде жинағыш неме шашыратқыш
линзаны ауытырып қоюға болады және сол линза арқылы кескіні алынатын
затпен(қызыл түс) оның кескіні (қара түс), кескінді алуға қажетті сәулелер(сары
түс) суреттелген.
Сурет 25 – Жұқа линзадағы кескін моделі
Студенттер бұл суреттен әр нүктенің кескінін салу үшін екі сәуле
жеткілікті екендігін естеріне түсіреді. Берілген нүктеден шығатын кӛптеген
сәулелердің ішінен жолы ең қарапайым сәулелер таңдалып алынады, сондықтан
оларды кескін салу үдерісінде оңай жаңғыртуға болады. Бұл сәулелер:
1) линзаның орталығы оптикалық ӛсі арқылы ӛтетін сәуле. Бұл сәуле
линзадан ӛту кезінде бағытын ӛзгертпейді;
2) линзаның бас оптикалық ӛсіне параллель ӛтетін сәуле. Линзадан
сынғаннан кейін не ӛзі, егер линза жинағыш болса, созындысы, егер
шашыратқыш болса бас фокусы арқылы ӛтеді.
Студенттердің
арасында
топтық
пікір-талас
ұйымдастырылады.
Студенттердің айтқан ойлары оқытушының кӛмегімен талқыланады. Моделдің
Достарыңызбен бөлісу: |