109
Болашақ физика мұғалімдерінің креативтілігін қалыптастыруда оптика
пәнінің практика сабақтарын (32-сурет) АКТ арқылы ӛткізудің маңызы зор.
Әсіресе АКТ-ды қолданып сабақты ұйымдастыруда эвристикалық әдістердің
маңызы зор. Бұл жӛнінде біз толығырақ 1.3 бӛлімінде қарастырған болатынбыз.
Физикалық есептерді шығаруда АКТ-ны қолдану студенттер үшін ӛз бетінше
компьютерлік модельдермен жұмыс жасауға үйретеді, графикалық түрде
есептің анализін жасауға бейімделеді. Есептертің шешімін басқа жолдармен де
табуға тырысады.
Есеп 1. Бойының ұзындығы 1,7м адам 1м/с жылдамдықпен белгілі бір Н
биіктікте ілінулі тұрған кӛше фанарына қарай жақындап келеді. Белгілі бір
уақыт ӛткеннен кейін адам кӛлеңкесінің ұзындығы 1,8м болса, 2с тан кейін
оның ұзындығы 1,3м болды. кӛше фонарының қандай биіктікте тұрғанын
табыңыздар?
Бұл есепті шешу барысында студенттердің ойлау қабілеттерін дамыту,
анализ жасауларын, жаңа мәселені шешудегі қабілеттіліктерін арттыруы үшін,
креативтілік қасиеттерін қалыптастыру үшін оқытушы «Физиканы оқыту
видеокурсы» электрондық оқулығын қолданады.
Электрондық оқулықтағы «Есеп 1» ді таңдаймыз. Осы кезде есептің
берілгені дыбыстық күйде баяндалады. Осы арқылы студенттер берілгенін
дәптерлеріне жазады, ал бір студент оны тақтада орындайды, қалған студенттер
оқытушыныың басшылығымен оған анализ жасайды. Осы кезде оқытушы
ортаға мынадай сұрақ тастайды:
- ал енді кӛз алдарыңа елестетіңдер. Осы адамды ӛздерің деп санаңдар.
Жағдаятты суреттеңдер. Яғни есептің шартын жазып, оның сызбасын
сызыңдар?!
Студенттер есептің шарты одан әрі түсінікті болу үшін есептің сызбасын
сызады. Есеп сызбасын сызуда электрондық оқулықты пайдалануды одан әрі
жалғастырамыз.
Сурет 33 - Есептің компьютерлік
моделі
110
Ары қарай анализ жасалынып есепті шығаруға қажетті формулалар
талданады. Есептің шешімін табуда студенттердің ой-пікірлері тыңдалынады.
Есеп шығаруда оқытушының мұндай әдісті қолдануы студенттердің
ӛзіндік жұмыс
істеу қабілеттерінде арттырады, қызығушылығын оятады. Себебі
студент есепті электрондық оқулық арқылы талдай алады, есепті шешудегі
кездескен кедергілерді оны қолданады. Электрондық оқулықта есептер
кезекпен түсіндіріліп жазу арқылы экран бетіне шығып отырады. Бұл
студенттің кез келген мезетте экрандағы жазуды тоқтатып қойып, ӛзі ары қарай
талдау жасауына мүмкіндік береді.
Сурет 34 – есептің шешімін реттілікпен түсіндіру моделі
Есеп 2. Жарық жылдамдығын анықтауға арналған Майкельсон
тәжірибесінің сұлбасы суретте кӛрсетілген. АВ=l=35.5км болса, Т трубасында S
жарық кӛзі кӛрінуі үшін 8 қырлы айналық К призмасы қандай жиілікпен
айналуы керек?
Сурет 35 – Есептің шешімін реттілікпен түсіндіру моделі