Раманкулов шерзод жумадуллаевич



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет43/65
Дата27.01.2020
өлшемі4,39 Mb.
#27475
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   65

 
96 
Экcпepимeнт  бapыcындa,  «Оптика»  oқу  құpaлымeн  жәнe  oқытушы-
бaқылaушы  бaғдapлaмaмeн  жұмыc  жacaу  үдepiciндe  бoлaшaқ  физика 
мұғалімдерінің креативтілігін қaлыптacтыpудың кeзeңдepi ұйымдacтыpылды.  
Aлғaшқы  кeзeңдe  түpлi  aқпapaт  кӛздepiмeн,  aтaп  aйтқaндa  әp  түpлi  oқуды 
ӛзeктiлeндipeтiн  жұмыc  icкe  acыpылды;  aқпapaтпeн  жұмыc  icтeу  үшiн 
тexникaлық құpaлдap пaйдaлaнылды.  
Eкiншi  кeзeңдe  бiлiмгepлepдiң  теориялық  білім  қopы  қaлыптacып,  ӛз 
бетінше  мәселелерді  шешу  бiлiктepi  жeтiлдipiлдi;  құбылыстар  мен 
заңдылықтарды  талдап,  түciну  бiлiктepi  дaмытылды;  aлынғaн  aқпapaттaн 
нeгiзгiнi бӛлiп aлу, ceнiмдiлiк дәpeжeciн бaғaлaу бiлiгi жoғapылaды;  физикалық 
мәселелердің берілуін ӛзгертіп пaйдaлaну бiлiгi қaлыптacтыpылды.  
Үшiншi кeзeңдe oқу үдepiciндe кeң кӛлeмдeгi кoммуникaтивтiк мiндeттepдi 
(түpлi  кoммуникaтивтiк  жaғдaйлapдa  қaжeттi  aқпapaтты  тaбу,  тaлдaу,  oй 
тұжыpымдaу  жәнe  пaйдaлaну)  шeшу  үшiн  қaзipгi  зaмaнғы  aқпapaттық 
тexнoлoгиялapды  ӛз  бeтiншe  пaйдaлaну  қaбiлeтi  дaмытылды;  ойлау 
ерекшеліктерін,  ой  ұшқырлылығымен,  ойлау  икемділіктерін  кӛрсете  алу 
қабілеттіліктері қалыптастырылды.  
«Оптика»  пәнін оқытуда  қолданылған  құралдар  ретінде  ӛзіміздің  жасаған 
ааторлық  электрондық  оқулықтарымыз  бен  оқу-әдістемелік,  оқу  құралдары 
пайдаланылды(қосымша В,Г,Д,Е): 
1.  «Оптика»  электрондық  оқулығы.  ҚР  Әділет  министрлігі  авторлық 
құқық  обьектісіне  құқықтарды  мемлекеттік  тіркеу  туралы  куәлік  №2041.  28 
қараша 2014  ж  (21-сурет).    Бұл  электрондық оқулық  теориялық,  анимациялық 
бӛлімдерден  және  «оптика»  пәні  бойынша  қосымша  мәліметтерден  тұрады. 
Анимациялық  бӛлімде  оптикада  оқытылатын  тақырыптар  бойынша 
студенттердің  меңгеруі  қиын  болған  құбылыстар  мен  заңдылықтар  бойынша  
анимациялар  келтірілген.  Теориялық  бӛлімде  оптикалық  құбылыстар  мен 
заңдылықтар бойынша мәліметтер келтірілген. Қосымша мәліметтер бӛлімінде 
студенттердің  білімдерін  тексеруге  арналған  тест  тапсырмалары  мен  қысқаша 
анықтамалық кітапша орналасқан[134].    
  
 
 
Сурет 21 – «Оптика» пәніне арналған электрондық оқулық құрылымы 


 
97 
2. «Физикалық құбылыстар» электрондық оқулығы. ҚР Әділет министрлігі 
авторлық  құқық  обьектісіне  құқықтарды  мемлекеттік  тіркеу  туралы  куәлік 
№678    15 сәуір 2015 ж (22-сурет).  Электрондық оқулықта жалпы 18 лекция 
тақырыптары бойынша теориялық білім, анимациялар мен суреттер, графиктер, 
тірек-сызбалар  келтірілген.  Аталған  оқулық  лекция  сабақтарының  тиімділігін 
арттыруда маңызды орын алды.    
Әлемді  танудың  маңызды  құралына  айналған  компьютерлік  модельдеу 
технологиясының  болашағы  зор.  Сондықтан,  физикалық  процестер  мен 
құбылыстарды  модельдеу  –  оқыту  процесін  дамыту  мен  жетілдірудің 
болашағы.  Ал,  физикалық  эксперименттерді  модельдеу  –  оқытушыға 
физикалық    ұғымдардың  мағынасын  тереңірек  ашуға,  білім  алушыларды 
физиканың  қазіргі  эксперименттік  базасымен    таныстыруға,  физикалық 
құбылыстар 
мен 
процестерді 
зерттеу 
әдістерін 
толық 
түсінуге, 
интеллектуальдық дамуына жетілдіруге мүмкіндік береді.  
  
 
 
 
Сурет 22 – «Физикалық құбылыстар» атты электрондық оқулық құрылымы 
  
3.  «Оптика  (Техника  мен  медицинада)»  электрондық  оқулығы(23-сурет). 
Электрондық  оқулықта  техника  (лазер,  кӛз,  кӛзілдірік,  лупа,  микроскоп, 
телескоп,  фотоаппарат,  күн  элементтері  т.б)  және  медицина  (доплерография, 
эндоскоп,  рентгенография,  кольпоскопия,  УЗИ  т.б)  саласында  қолданылатын 
құрал-жабдықтардың  оптика  заңдары  бойынша  жұмыс  істеу  принциптері 
келтірілген.  Сонымен  қатар,  электрондық  оқулықта  оптика  заңдылықтарын 
ӛмірде  қолданыс  табатын  орындардағы  құрал-жабдықтарды,  мысалы  күн 
элементтерін жасау технологиялары орын алған. Аталған электрондық оқулық 
студенттердің 
шығармашылық 
қабілеттерін 
оятып, 
пәнге 
деген 
қызығушылықтарын, ӛз бетінше жұмыс жасай алу дәрежелерін арттырады.    
 


 
98 
 
 
Сурет 23 – «Оптика(Техника мен медицинада)» атты электрондық оқулық 
құрылымы 
 
4.    «Оптика  пәні  бойынша  шығармашылық  сипаттағы  тапсырмалар»  Оқу-
әдістемелік  құралы.  Түркістан-2015,  98  бет.  Қ.А.Ясауи  атындағы  ХҚТУ  оқу-
әдістемелік кеңесі  бекіткен. №7 хаттама 27.03.2015ж.  
Бұл  оқу-әдістемелік  құралында  «Оптика»  пәнінің  жарық  құбылыстары, 
жарық  шамалары,  сәулелік  оптика  негіздері,  жарықтың  жазық  бетте  шағылуы 
және сынуы, толық ішкі шағылу құбылысы, жұқа линзалар, линзада кескін алу, 
жарық  интерференциясы,  когерент  толқындар,  жарық  дифракциясы, 
дифракциялық  решеткалар,  жарық  поляризациясы,  жарықтың  шағылу  және 
сыну  кезінде  поляризациялануы,  жарықтың  дисперсиясы,  жарықтың  жұтылуы 
мен  шашырауы,  жарық  пен  заттың  ӛзара  әсері,  жарықтың  әсерлері, 
фотоэлектрлік  эффект,  Комптон  эффектісі,  жарық  қысымы  тақырыптары 
бойынша  студенттердің  ӛзіндік  және  бақылау  жұмыстарына  арналған 
шығармашылық  сипаттағы  тапсырмалар  берілген.  Әр  тақырып  бойынша 
бақылау  сұрақтары  мен  есептер  қиындық  дәрежесіне  қарай  үш  деңгейде 
берілген.  «А»  деңгейінің  бақылау  сұрақтары  тақырып  бойынша  анықтамалық 
сұрақтар  болса,  есептері  бір-екі  логикалық  жолмен,  яғни  белгісіз  шаманы 
дайын формула арқылы шешуге болады. Ал «Б» деңгейінің бақылау сұрақтары 
күрделірек  құбылыс  анықтамалары  немесе  құбылыстардың  себебін,  оның 
физикалық мағыналарын анықтауды ӛз ішіне алса, есептері екі-тӛрт логикалық 
жолмен,  формулаларды  түрлендіру  арқылы  шешімін  табады.  Сәйкесінше  «С» 
деңгейінің тапсырмалары ӛз кезегінде күрделене түседі. Оқу құралындағы тест 
тапсырмалары  студенттің  құбылыстар  мен  заңдылықтарды  меңгеру  дәрежесін 
анықтауға мүмкіндік береді. 
Оқу-әдістемелік  құралында  қолданылған  бақылау  сұрақтары,  әр  түрлі 
тапсырмалар,  тест  тапсырмалары,  есептер  студенттердің  қызығушылығын 


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау