Раманкулов шерзод жумадуллаевич


Оптика  пәнін  оқытуда  лекция  сабақтарының  негізгі  мақсаты



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет40/65
Дата27.01.2020
өлшемі4,39 Mb.
#27475
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   65

 
90 
Оптика  пәнін  оқытуда  лекция  сабақтарының  негізгі  мақсаты:  жаңа 
тақырып бойынша мәліметтерді жеткізудің  тиімділігін  арттыру,  студенттердің 
білімі мен ептіліктерін, дағдысын арттырып, шығармашылыққа баулу.  
Лекция сабағының нәтижесі: білімді жетілдіру, ойды тұжырымдау, есте 
сақтау,  іскерлігін  арттыру,  логикалық  мәселелерді  шешу,    шығармашылық 
қабілеттері, ой ұшқырлығы, ерекшелігі. 
Оптика  пәнін  оқытуда  лекция  сабақтарында  мынадай  дидактикалық 
талаптарды  ескердік:  әр-бір  тақырыптың  біртұтас  ашылуы;  оптикалық 
құбылыстардың  біртұтастық  тұрғысында  талдануы  және  жинақталуы, 
қорытындылар,  дәлелдемелерінің  айқындығы  мен  ғылыми  дәлелденуі.  Осы 
талаптарды орындауда біз лекцияның мына түрлерін қолдандық: 
Визуальдық  лекция:  Оптикалық  құбылыстар  мен  заңдылықтарды 
оқытудың  техникалық  құралдары  және  аудио-видеотехника  кӛмегімен, 
ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  арқылы  лекция  материалдарын 
визуальды  формада  беру.  Лекцияның  бұл  түрінде  біз  авторлық  «Физикалық 
құбылыстар»  атты  электрондық  оқулығын,  «Оптика»  пәніне  арналған 
электрондық оқулығын қолдандық. 
Миға  шабуыл  лекциясы:  немесе  бұл  лекция  түрін  "топтық  пікір-талас 
лекция"сы  деп  атауғада  болады.  Лекцияның  бұл  түрінде  біз  студенттердің 
алдына  оптика  пәні  бойынша  шешімі  табылуға  тиісті  мәселелерді  қойдық. 
Студенттер бұл мәселені шешу үшін ӛз пікірлерін білдіріп отырады. Мұнан соң 
студенттердің  айтқан  ойларын  оқытушының  кӛмегімен  талқыланады.  Миға 
шабуылдың  негізгі  ережесі  –  студенттерге  кез  келген  идеяны  айтуға,  тіпті 
мәнсіз-мағынасыз  болса  да  рұхсат  беріледі.  Миға  шабуыл  кезінде  айтылған 
идеяларды тоқтатуға, сынауға болмайды. Біз бұл әдісті шолу және қорытынды 
лекцияларда,  жаңа  материалды  мәселелеу  жолмен  беру  кезінде  қолдандық. 
Миға  шабуыл  лекциялары  студенттердің  ойлау  қабілетін,  тапқырлық  қасиетін 
арттырады. 
Проблемалық  лекция:  лекцияның  бұл  түрінде  жаңа  білім  мәселелік 
жағдайлар, жаңа материалға байланысты сұрақтар мәселелер арқылы беріледі. 
Осы  мәселелерді  шешудің  жолдарын  студенттер  баяндайды.  Олардың 
жауаптары оқытушы тарапынан бақыланады.  
Конференция  лекциясы:  жаңа  тақырып  бойынша  алдын  ала  қойылған 
проблемалық  мәселесі  және  ұзақтығы  5-10  мин  болатын  баяндамалар  жүйесі 
бар  ғылыми  практикалық  сабақтар  ретінде  жүргізіледі.  Әр-бір  баяндаушы 
логикалық  аяқталған  ойын  ұсынады,  ол  оқытушы  алдын  ала  ұсынған 
бағдарламаға  сай  болады.  Лекцияның  бұл  түрінің  соңында  оқытушы 
студенттердің  ӛз  бетінше  атқарған  жұмысы  мен  баяндамасына  баға  береді, 
негізгі қорытындысын жасайды. 
Алдын  ала  қателерімен  жоспарланған  лекция:  Оптика  бӛлімінің 
заңдары  мен  құбылыстары  жӛнінде  ұсынылған  ақпаратты  студент  үнемі 
қадағалап отыруға арналған лекция түрі. Лекция соңында жіберілген қателерге 
талдау жасалынады. Бұл лекция студенттердің белсенділіктерін талап етеді.   
Болашақ  физика  мұғалімдерінің  креативтілігін  қалыптастыру  мақсатында 
оптика  пәнін  оқытудағы  лекциялық  сабақтардың  барлық  түрін  ақпараттық  – 


 
91 
коммуникативтік  технологиялармен  байланыстырдық.  Бұл  лекцияның 
тиімділігін арттыруға септігін тигізді. 
Оқыту  формасының  негізгі  түрінің  бірі  –практика  болып  табылады.  Ол 
студенттердің теориялық білімін практика түрінде қолдануға мүмкіндік береді. 
Практикалық  сабақ  теориялық  сабақ  барысында  қалыптасқан  білімдері 
негізінде  студенттердің  іс-әрекетін  ұйымдастыруға  арналады.  Мұнда 
орындалатын  іс-әрекет  мазмұны,  орындалу  реті  теориялық  білім  негізінде 
басқарылады. Сондықтан практикалық сабақтың мақсаты:   
- оптика пәні бойынша бар білімді нақтылы жағдайға пайдалану;  
-  алған  білімді,  оны  практикалық  іс-әрекетке  қалай  пайдалану  реті  бойынша 
жүйелеу;  
- студенттердің ӛзбетінше жұмыс жасауына дайындығын анықтау. 
Оптика  пәнін  оқытуда  практика  сабақтарының  негізгі  мақсаты: 
лекция  материалдарын  ӛңдеуге  білімі  мен  ептілігін  қалыптастыру,  дағдысын 
қалыптастыру,  студенттердің    ӛзіндік  жұмысы  мен  белсенділігін, 
шығармашылығық қабілетін арттыру, креативтілігін қалыптастыру. 
Практика  сабағының  нәтижесі:  негізгі  материалды  бекіту,  білім  мен 
дағдыны, икемділікті жетілдіру, білімді жаңа ситуацияға қолдану. 
Практикалық  сабақтарда  оқытушы  үшін  студенттермен  тікелей  және 
қарым-қатынас 
жасауға, 
олардың 
креативтілігін 
қалыптастырудағы 
белсенділігін  арттыруға,  студенттермен  жекелеп  және  топтап  жұмыс  істеуге, 
техникалық  құралдарды,    ақпараттық  технологияларды  кеңінен  пайдалануға 
мүмкіндік  және  қолайлы  жағдайлар  туады.  Практикалық  сабақтың  міндеті  – 
алдын  ала  істелген  тапсырмалардың  арқасында  студенттердің  теориялық 
материалды  түсінуі  үшін  лекциядағы  тақырып  бойынша  есептер  шығару, 
шығармашылық деңгейдегі тапсырмаларды орындау.  
Болашақ  физика  мұғалімдерінің  креативтілігін  қалыптастыру  мақсатында 
оптика  пәні  бойынша  тақырыптық  есептерді  шығаруда  компьютерлік 
бағдарламалар  қолданылынды.    Шығармашылық  сипаттағы  тапсырмалар 
орындалды. 
Есептерді 
шығаруда 
және 
тапсырмаларды 
орындауда 
студенттердің деңгейлері есепке алынды.   
Лабораториялық  сабақтардың  негізгі  мақсаты:  теориялық  білімді  ӛз 
бетінше тәжірибеде қолдана алу, жаңа нәрсені тани білу, ӛзіндік ізденушілікті 
дамыту, креативтілікті қалыптастыру. 
Лабораториялық  сабақтардың  нәтижесі:  ӛз  бетінше  эксперименттік 
жұмыстарды  жасай  алу,  білімді  жаңа  нәрсені  жасай  алуға  жұмсау,  креативті 
қалыптасқан тұлға. 
Физика  –  эксперименттік  ғылым  болғандықтан,  физикадан    ӛтілетін  оқу 
эксперименті    студенттердің  физика  бойынша  алатын  білімдерінің  кӛзі  және 
физикалық  құбылыстарды  зерттеудің  әдісі,  физика  сабақтарындағы  басты 
кӛрнекілік болып есептелінеді.  
Лабораториялық 
жұмысты 
орындағанда 
студенттер 
физикалық 
құбылыстарды  ӛздері  бақылайды,  тексереді,  заңдылықтарын  зерттейді,  қайта 
жасайды, сандық және сапалық қасиеттерін байқайды, ӛлшеулерді жүргізеді, ӛз 
бетінше қорытынды жасауға үйренеді. Лабораториялық эксперимент оқытудың 


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау