94
- Дамыту: ӛзгерт, жетілдір, жүйеле, жинақта, дамыт.
Аталған Дамыту сатысын «Оптика» пәнін оқытудың кез-келген
формасында бақылау сұрақтарын қоюда креативтілік кӛрсеткіштерін кӛрсете
алу мақсатында қойылды.
Оптиканы оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологиясын
енгізбестен бұрын оларды қолданудың негізгі мақсаттары мен мәселелерін
анықтап алу қажет. Осыған байланысты болашақ физика мұғалімдерінің
танымдық үдерісіне бағытталған тапсырмалар тобын анықтайық.
Бірінші топқа шешімі есептеу жұмысының үлкен кӛлемімен байланысты
қарапайым құралдармен орындау мүмкін емес тапсырмалар жатады. Мұндай
топтағы тапсырмаларға физикалық заңдылықтарды есептеу, физикалық
эксперимент нәтижелерін ӛңдеу, сонымен қатар физикалық заңдар мен
құбылыстарды компьютерлік модельдеу жатады.
Екінші топқа физиканың графикалық бӛлімін сипаттауға арналған
тапсырмалар жатады: диаграмманы тұрғызу, графиктер, физикалық
процесстердің механизмдерін бейнелеу және т.б.
Ҥшінші топқа модельдеу тапсырмалары жатады. Модельдеу – бұл
динамикалық кескін, себебі ол әсерге қарай әрекет етеді және ол орында нақты
объект, жағдай немесе орта моделі болатындай ӛзгереді. Компьютерлік
модельдер активті оқыту мүмкіндіктерін ұлғайтатын қуатты құрал болып
табылады. Оқытудың модельдеуі студенттің бұл оқыту формасына
қызығушылықты жоғарылатуға, оқытылатын объекттің ұғымына қабілетті, ал
динамикада процесстерді үйрену – оқу материалын тереңірек меңгертуге
қабілетті.
Тапсырмалардың
тӛртінші
тобына
компьютерлік
ақпараттық-
анықтамалық және оқыту жүйелерін жасау (электронды оқулықтар,
анықтамалар, энциклопедиялар және т.б.) жатады, олар студенттердің ӛзіндік
оқытуы үшін ақпарат кӛзі болып табылады. Оқытуда ақпараттық
коммуникациялық технологияны енгізудің барлық үлкен рӛлі ақпараттық-
анықтамалық және оқыту жүйелеріне берілетін болады.
Тапсырмалардың бесінші тобында студенттердің іскерлігі мен дағдысын
құру мен бекітуге, сонымен қатар ӛзіндік дайындалуына арналған практикалық
сипаттағы тапсырмалар – жаттықтырушы тапсырмалар қарастырылады.
Тапсырмалардың алтыншы тобына лабораториялық практикум
аумағында жүзеге асырылатын физикалық экспериментті жүзеге асыруға
бағытталған тапсырмалар жатады. Заманауи ақпараттық коммуникациялық
технологиялар студенттерге ақпараттың дәстүрлі емес кӛзіне жол ашады,
ӛзіндік жұмыстың тиімділігін жоғарылатады, әр түрлі кәсіби дағдыларды игеру
мен бекіту үшін, шығармашылық үшін жаңа мүмкіндіктер береді, оқытудың
жаңа пішіні мен әдістерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді, білім сапасын
жоғарылатуға әсер етеді.
Физика саласы бойынша білім алатын бoлaшaқ физика мұғалімдерінің
креативтілігін қалыптастыру тәжipибeciнe cүйeнe oтыpып, бipiншi куpcтaн
бacтaп олардың жeкe қызығушылықтapы мeн креативті дaйындығын aнықтaу
кepeк. Aнықтaлaтын ocы мәлiмeттep нeгiзiндe тoпты қaлыптacтыpып, oқу
95
бaғдapлaмacын aйқындaуғa бoлaды. Eгep бoлaшaқ физика мұғалімдері нeнi,
нeгe жәнe қaлaй oқу кepeк eкeндiгiн түciнeтiн бoлca oндa олардың
креативтілігін қалыптастыру үдepici үнeмдi әpi тиiмдi бoлaды.
«Оптика» пәнін оқытудың мақсаты мен мазмұнына сүйене отырып келесі
тақырыпта оқытудың әдіс-тәсілдері мен құралдарына тоқталамыз.
2.2
Білімді
ақпараттандыру
жағдайында
болашақ
физика
мҧғалімдерінің креативтілігін қалыптастыру негізінде «Оптика» пәнін
оқытудың әдіс-тәсілдері мен қҧралдары
Жоғары оқу орындарында болашақ физика мұғалімдеріне шығармашылық
түрде жұмыс істеуіне бағыт беруді кӛздей отырып, физика бӛлімдерін оқыту
барысында, студенттердің тек физиканың мазмұнын ғана емес, сондай-ақ оқыту
әдістемесінің әдістерін, болашақта ӛз кәсіби жұмыстарында оны қолдана
алуларына қалыптастыруды қамтамасыз ету қажет. Студенттерге түсіндірілетін
қағидалардың мазмұнымен ғана емес, сонымен бірге ол қағидаларды жасау
мен тексеруге болатын әдісті кӛрнекі түрде кӛрсете алатындай етіп дербес
әдістемесін дәлелдеуді баяндаудың нәтижесінде бұл соңғы мақсаттың жүзеге
асырылуы мүмкін [133].
Ғылыми және оқу-әдістемелік әдебиеттердегі ұғымдарды ӛз бетінше терең
оқып, керекті тәжірибелер мен түрлі кӛрнекі құралдарды таңдап алып, тексеріп
кӛрген соң, семинарлық сабақтарда студенттер ӛз тобының алдында берілген
тақырып бойынша баяндамалар жасайды және іскерлік ойын сабақтарын
ӛткізеді. Мұндай баяндамаларды талқылау кезінде тақтадағы салынған
суреттердің сапасына, демонстрациялық тәжірибелердің техникасы мен
әдістемесіне, оптикалық проекцияны қоя білуіне, есептерді талдай біліп және
оларды шығаруының сапасына, шама ұғымдарын түсіндіре білуіне, техникадан
қажетті мысалдарды пайдалана білуіне кӛңіл бӛлу керек. Студенттердің
сӛзінде олардың тақырып мазмұнын ғылыми дәлелдеуге, оның мәнін ашудың
әдістемелік нұсқаларына шығармашылық түрде сын кӛзбен қарауға ұмтылу
әрекеттерінің байқалуы ӛте маңызды.
Физика әдістемесінің кейбір жалпы мәселелері лекцияда баяндалып,
соңынан семинар сабақтарында қосымша қарастырылады. Мұндай мәселелер
қатарына, физика бойынша зертханалық сабақтар, физикадан оқушыларды
кітаппен жұмыс істеуге үйретудің әдістемесін, экскурсиялар т.б. жатқызуға
болады. Семинар сабақтарда жаңа педагогикалық, технологиялық оқыту
әдістері бойынша да іскерлік ойын сабақтары ӛткізіледі.
ЖОО-ында оқыту үдерісін ұйымдастырудың қалыптасқан түрлі
формаларының жүйесі қолданылады. Оларға жататындар мыналар: дәріс
(лекция), консультация, семинар, практикалық және зертханалық сабақтар,
студенттердің ӛзіндік жұмысы, ӛндірістік (педагогикалық) практика, экскурсия,
конференция, курстық және дипломдық жұмыстар, педагогикалық бақылау т.б.
Осы жоғарыда аталған оқу үдерісін ұйымдастырудың формаларына, және
әдіс-тәсілдері мен құралдарына біз «Оптика» пәнін оқыту бойынша тоқталамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |