2. Сүзгілер.
Түзеткіштің шығысында кернеудің өзгерісі өте үлкен интервалда болады.-"лүпілдеуі" жоғары болады. Оны азайту үшін шығысында тегістеуіш сүзгі қойылады. Тегістеуіш сүзгі деп конденсатор мен катушкалардан құралған тізбекті айтады.Тегістеуіш сүзгілер Г және П тәрізді болып бөлінеді. Олар өзіне келген сигналдың лүпілін азайтып,тегістеуі керек.
Өзін- өзі тексеру сұрақтары
Екінші реттік қоректендіру көздері деп қандай құрылғыны айтады?
Екінші реттік қоректену көзінің құрамына не кіреді?
Трансформатордың қазметі не?
Түзеткіштің басты қызметі не?
Тегістеуіш сүзгі деп нені айтады,қызметі не?
Әдебиет: Силлабусты қара.
16 – дәріс,
Тақырыбы: Тұрақтандырғыштар мен кернеу түрлендіргіштер.
Дәріс мазмұны:
1. Тұрақтандырғыштар
2. Кернеу түрлендіргіштер.
Мақсаты: Екінші реттік қоректендіру көздерінің соңғы бөліктері жайында түсінік беру.
1. Тұрақтандырғыштар
Кернеу тұрақтандырғышы – токты немесе кернеудің белгілі бір деңгейде сақтап тұрады. Стабилизация екі әдіспен орындалуы мүмкін:
а) параметрлік әдіс б) теңгеру әдісі
Тұрақтандырғыштың негізгі сипаттамалары Uст, I ст және тұрақтандыру коэффициенті. К ст
2. Кернеу түрлендіргіштер.
Кернеуді түрлендірушілер кішкене кернеуді үлкен кернеуге түрлендіреді. Ол үшін тұрақты кернеуді айнымалы кернеге айналдырып,одан кейін трансформатордың көмегімен оны өсіріп, кейін қайта түзетеді.
Өзін- өзі тексеру сұрақтары:
- Тұрақтандырғыштар дегеніміз не?
- Кернеу тұрақтандырғышында стабилизация қандай әдістермен орында-луы мүмкін?
- Кернеу түрлендіргіштер
- Кернеу тұрақтандырғышы не үшін керек?
Әдебиет: Силлабусты қара.
17- дәріс
Тақырыбы: Кернеудің гармониялық тербелістер генераторлары.
Дәріс мазмұны:
1.Гармониялық сигналдар генераторлары.Жалпы сипаттама.
2.Амплитудалық және фазалық байланысының шарттары. RC – генераторлар.
Мақсаты: Радиотартқыштың маңызды бөлігі: гармониялық сигнал генераторларына сипаттама беру.
1. Гармониялық сигналдар генераторлары
Тұрақты ток көзінің энергиясын электрмагниттік тербелістер энергиясына айналдыратын құрылғыны сигналдар генераторлары деп атайды.Олар гармониялық сиганлдар генераторлар және және синусойдалық емес тербелістер генераторлары деп бөледі.
Гармониялық сигналдар генераторлары: қоздыру әдісіне қарай, күшейткіш элементінің типі бойынша, генерациялайтын сигналдың жиілігі бойынша бөледі.
2. RC – генераторлар
RC – генераторлар деп өшпейтін тербелістерді генерациялайтын құрылғылар түрін айтады. Олар кері байланыс коэффициентінің мәні кризистік мәнге тең болатын күшейткіш негізінде жасалады β = 1/К. Жалпы 1.β> β к - болуы керек. (амплитудалар балансының шарты)
φкүш + φ кері байл. = 2 π
Яғни күшейткіш түскен сигнал фазасын не 0-ге не 2П өзгертуі тиіс(фазалар балансының шарты).
Өзін - өзі тексеру сұрақтары:
- Гармониялық сигналдар генераторлары. Жалпы сипаттама бер.
- Амплитудалық және фазалық байланысының қандай шарттары бар? --- Өшпейтін тербелістер болу үшін қандай шарт орындалуы тиіс? –
- Гармониялық тербелістер болу үшін қандай шарт орындалуы тиіс?
RC – генераторлар
Әдебиет: Силлабусты қара.
18-дәріс
Тақырыбы: Гармониялық тербелістердің автогенераторлары.
Дәріс мазмұны:
1. Генераторларының сипаттамалары және жұмыс режимдері.
2. LC – генераторлар
Мақсаты: Генераторлардың маңызды сипаттамалары және жиілігін тұрақтандыру әдістерін көрсету.
1. Генераторларының сипаттамалары және жұмыс режимдері.
Маңызды сипаттамасы- тербелістік анықтамасы. Тербеліс жиілігін тұрақтандыру әдістері- стабильді ток көзін қолдану және кварц пластиналарын қолдану әдісі белгілі.
2. LC – генераторлар
Құрамында тербелмелі контуры бар генераторларды LC – генераторлар деп атайды. Өшпейтін тербелістерді туғызу шарты: электрлік басқарылатын шамдармен транзистордың көмегімен тұрақты ток көзінен энергия беріліп тұрады. Жұмыстық нүктенің сипаттамада орналасуына байланысты қатаң қозу режимі немесе жұмсақ қозу режимі болады.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары:
Синусойдалық емес тербелістер деп қандай тербелістерді айтады?
Сыртқы не тәуелсіз қозуы бар генераторлар не өздігінен қозу болатын генераторлар деп нені айтады?
Амплитудалар байланысының шарты деп нені айтады?
Фазалар балансының шарты депа нені айтады?
Қатаң қозу режимі деп нені айтады?
Жұмсақ қозу режимі деп нені айтады?
Кварц пластиналарын не үшін қолданады?
Әдебиет: Силлабусты қара.
19 – дәріс,
Тақырыбы: Импульстік және есептеу техникасының элементтері.
Дәріс мазмұны:
1.Информация сигналын көрсетудің импульстық әдісі
2.Логикалық элементтер
3.Санауыштар және жадылық құрылғылар.
Мақсаты: Қазіргі техникалық прогресстің негізгі импульстық техниканың негіздерімен таныстыру.
Информация сигналдарын көрсетудің импульстық әдісі
Қазіргі замандық радиоэлектрондық құрылғылар аналогтік және цифрлік деп бөлінеді. Осы уақытқа дейін аналогтік құрылғыларды зерттеп келдік: күшейткіштер, сүзгілер, генераторлар және т.б. Бұл құрылғыларда сигналдың бұрмалануын азайту жолындағы күрес- оларды күрделендіруге жетелейді.
Цифрлік құрылғылар дискретті сигналдармен жұмыс істейтіндіктен бұрмалануды азайту жолы жеңіл: Цифрлік құрылғылар – екілік кодпен жұмыс істейді – 0 және 1. Транзисторлар бұл режимде аз қуат жаратады. Цифрлік құрылғылар импульстермен жұмыс істейді.Импульстерді пішіні, ұзақтығы,қайталану периоды,қуыстылығы және т.б параметрлермен сипаттайды.
2.Логикалық элементтер.
Цифрлік құрылғыларды проектілеудің теориялық негізі- логика алгебрасы.
Логикалық функцияларды орындайтын электрондық тізбектер- логикалық элементетр деп аталады. Кез- келген логикалық функцияның ең жай логикалық элементтердің көмегімен атқаруға болады:"емес", "немесе","және," т.б. Логикалық элементтерді қолданудың теориялық негізі- Буль алгебрасы ережелерімен беріледі.
3.Санауыштар және жадылық құрылғылар.
Санауыштар (счетчики) – кіріске келген сигналдарды санау және осы санды код түрінде сақтау үшін арналған құрылғылар. Санауыштар қызметі бойынша, жұмысты ұйымдастыру әдісі бойынша, разряд арасында тасымалдау тізбектерінің ұйымдастыру әдісі бойынша бөлінеді.
Жадылық құрылғылар: оперативті және тұрақты деп бөлінеді. (ОЗУ- (ОЖҚ) және ПЗУ-(ТЖҚ)). Тұрақты жадылық құрылғылар(ТЖҚ) диодты матрица түрінде немесе басқа түрде жасалуы мүмкін. ОЖҚ-ларда – адрестік матрица қолданылады.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары:
Цифрлік жүйелер қайда қолданылады?
Цифрлік сигалдардың қандай түрлері бар ?
Цифрлік құрылғылар қандай функцияларды орындайды?
Импульстердің қуыстылығы деп қандай шаманы айтады?
"және- емес" логикалық элементтің схемалық белгісін сыз?
Кілттік дегеніміз қандай режим?
Триггер дегеніміз не?
ДТЛ деп қандай логикалық элементті айтады?
Әдебиет: Силлабусты қара.
20 – дәріс.
Тақырыбы: Радиотаратқыш құрылғылары.
Дәріс мазмұны:
Радиотаратқыш құрылғылар, олардың классификациясы
Беруші генераторлар
Модуляция түрлері. Амплитудалық модуляция.
Мақсаты: Радиотаратқыштың құрылысы және жұмысымен таныстыру.
1. Радиотаратқыш құрылғылардың классификациясы
Радиотолқындар шығарып, солапрдың көмегімен информацияны тарататын құрылғы – радиотаратқыш деп аталады. Оның құрылымы:
информациялық сигналмен араластырылып күшейткіштен кейін антеннадан кеңістікке шығарылады.
2.Беруші генератор
Беруші генераторлар- ұзын, орта және қысқа толқындарды өндіру үшін қолданылатын автогенераторлар.Беруші генератордың үш түрі қолданылады: бір контурлы, екі контурлі және аса жоғары жиілікті автогенераторлар.Алғашқы екі түрі - LC – генераторлар. Соңғы түрінде жоғары жиілікті арнайы электрондық шамдар не тарнзисторлар мен диодтар қолданылады.
3. Амплитудалық Модуляция.
Модуляция – тасымалданатын сигналдың түріне сәйкес тасымал тербелістерінің параметрлерінің өзгерісі модуляция түрлері: амплитуда-лық, жиіліктік, фазалық болып бөлінеді. Амплитудалық модуляция- шамдық генераторларда 2 түрі: торлық және анодтық деп, ал транзистор-лық генераторларды 3 түрі: А) базалық Б) коллекторлық В) қиыстырыл-ған деп бөлінеді.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары :
Радиотаратқышта жоғары жиілікті тасымал сигналын өндіретін бөлігі қалай аталады?
Дыбыстық жиіліктегі сигналды тасымал тербелістермен қай бөлігінде араласады?
Қызметі бойынша радиотаратқыштар қалай бөлінеді?
Толқындар диапазоны бойынша қалай бөлінеді?
Беруші генератор түрлері қандай?
Жиіліктік девиациясы деп қандай шаманы айтады?
Әдебиет: Силлабусты қара.
21 – дәріс
Тақырыбы: Аса жоғары жиілікті таратқыштар.
Дәріс мазмұны:
1. Жиіліктік модуляция. Импульстік модуляция.
2. Аса жоғары жиілікті таратқыштар.
Мақсаты: Жиіліктік, және импульстік модуляцияға, аса жоғары жиілікті таратқыштар жайында түсінік беру.
1. Жиіліктік модуляция.
Модуляцияның екінші түрі. Бұл кезде сигналдың амплитудасы тұрақты болып, тербелістердің жиілігі сигналға сәйкес өзгереді. Жиіліктік модуляция амплитудалық модуляциядан артықшылқтары бар. Бұдан басқа импульстық модуляция бар. ω-ωс = ∆ω шамасы сигнал амплитудасына пропорционал. Ең үлкен - ∆ω жиілік девиациясы деп аталады, ал
mf= ∆ωmax /ω
шамасы жиіліктік модуляция индексі деп аталады. Егер mf<1 болса, таржолақты жиіліктік модуляция, ал mf>1 болса- кеңжолақты жиіліктік модуляция. Импульстік модуляция – сигналға сәйкес бұрыштық импульстердің амплитудасын, ұзақтығын, фазасын өзгерту арқылы орындалады.
2. Аса жоғары жиілікті таратқыштар.
Аса жоғары жиіліктерді қарапайым таратқыштармен шығару қиын. Қарапайым таратқыштарды қолданғанда, ондағы паразиттік сыйымдылық-тар мен индуктивтіктер генератор жиіліктерін өзгертіп, бұрмалауды күшейтеді. Сондықтан бұл мақсатта арнайы шамдар: клистрондар мен магнетрондар қолданылады. Аса жоғары жиілікті таратқыштар радиолокацияда қолданылады.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары :
- Жиіліктік модуляция дегеніміз не?
- Импульстік модуляция дегеніміз не?
- Аса жоғары жиілікті таратқыштар туралы не білесің?
22- дәріс.
Тақырыбы: Радиоқабылдағыш құрылғылар.
Дәріс мазмұны:
Радиоқабылдағыш құрылғылардың классификациясы
Радиоқабылдағыштың құрылымдық сұлбасы
Радиоқабалдағыштың негізгі параметрлері.
Мақсат: Радиоқабылдағыштардың жұмысымен таныстыру.
1. Радиоқабылдағыш құрылғылардың классификациясы
Радиоқабылдағыш құрылғылар кеңістікке шығарылатын көптеген радиосигналдың ішінен белгілі бір сигналды бөліп алып, оны күшейтіп, түрлендіріп, одан информациялық сигналды бөліп алу үшін қажет.
Жұмыс орны бойынша бөлінуі:
Байланыс жолдарының ұзындығы бойынша бөлінуі:
Электр қоректендіру көздері бойынша желілік және аккумуляторлық батареялық деп бөледі.
Құрылымдық сұлбасы бойынша супергетеродинді, детекторлы, тікекүшейтетін деп бөледі.
Сигналдар түріне қарай:
6.Актив элементтің түрі бойынша:
Электрон шамдары, шала өткізгіш аспаптар, интегралдық микросұлбаларқолданылады.
2. Радиоқабылдағыштық құрылымдық сұлбасы.
(КБ) Кірістік блогы- сигналды таңдап алады. (РЖК) – радиожиілікті күшейтеді, Д- детектор информация сигналын бөліп алады.(КАР) – күшейтуді автоматты реттеу. ДЖК(УЗИ) дыбыстық жиілікті күшейткіші. ДЗ- дыбыс зорайтқышы.
Гетеродин - гармониялық жиіліктердің көмекші генераторлары.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары:
Радиоқабылдағыш дегеніміз не?
Профессионалдық радиоқабылдағыштар дегеніміз не?
Профессионалдық қабылдағыштардың жұмыс диапазоны қандай?
Радиохабар қабылдағыштарының жұмыс диапазоны қандай?
Дыбыс зорайтқышы деп құрылымдық сұлбада қандай құрылғыны айтады?
Гетеродиндік жиілік не үшін керек?
Әдебиет: Силлабусты қара.
1>
Достарыңызбен бөлісу: |