Р. Н. Испулова кафедра меңгерушісінің



жүктеу 0,71 Mb.
бет1/5
Дата20.11.2018
өлшемі0,71 Mb.
#22322
  1   2   3   4   5

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Ғылыми кеңесі
29 қаңтар 2010 жыл

Күн тәртібінде:


  1. Университеттегі ғылыми зерттеу жұмыстарының 2009 жылғы қорытындылары. Ә.Қ.Мұқтар - ҒЖ және ХБ проректорының есебі

  2. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі кафедрасындағы оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру. Р.Н.Испулова - кафедра меңгерушісінің есебі

  3. Ағымдағы мәселелер


2009 жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындылары жөніндегі есеп

Құрметті ғылыми Кеңес төрағасы, құрметті әріптестер!
Сіздердің назарларыңызға 2009 жылғы университетіміздегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысы және алдағы міндеттері туралы есеп ұсынылып отыр.

Осы есеп оқу орнымыздағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын, олардың қорытындыларын және алдағы мақсат-міндеттерін толықтай ашып, 2010 жылы назар аударатын тұстарды анықтайды деген сенімдемін. Жалпы аталған жұмыстар «Білім», «Ғылым» туралы заңдарға, Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүргізіліп келеді. Бір сөзбен айтсақ, Білім және ғылым министрлігі қойып отырған талаптарды орындау үстіндеміз.


1. Ғылыми әлеует және оның перспективалары
2009 жылы университет бойынша оқытушылардың ғылыми дәрежелерінің өсуі байқалды. Бірақ ғылыми әлеуетті арттырудың перспективалық жоспардағы 2009 жылға жүктелген міндеті орындалмады:

1. Экономика және басқару институтында: жоспар бойынша қорғауы керек – 7 адам, оның ішінде қорғағаны – 4 адам (А.Турченко, Н.Антонова, Л.Мергалиева, Н.К.Буланова). Жоспардың орындалуы: 57%.

2. Мәдениет және өнер институтында: жоспар бойынша қорғауы керек: - 7 адам, оның қорғағаны – 4 адам (О.Бабенко, А.Кульбекова, Н.Тлеуханов, Ж.Рахимова). Жоспардың орындалуы: 57%.

3. Педагогикалық факультетте: жоспар бойынша қорғауы керек: - 6 адам, оның ішінде қорғағаны – 2 адам(Б.Сарсенбаева, А.Иргалиев), жоспардан тыс қорғаған Х.Мухамбетқалиев 3 адам есебінде жоспардың орындалуы: 50%.

4. Жаратылыстану-математикалық факультетте: жоспар бойынша қорғауы керек: - 4 адам, оның біреуі де қорғағаны жоқ, жоспардан тыс Ресейде Д.Джарылгапова (РУДН) қорғады.

5. Филология факультетінде: жоспар бойынша қорғауы керек: - 1 адам (Гумарова Л.), ол биыл қорғамады, жоспардан тыс Абай атындағы МУ-де Р.Сұлтангалиева қорғап келді.

6. Тарих және құқық факультетінде: жоспар бойынша қорғауы керек: - 8 адам, оның ішінде қорғағаны – Ә.Тасмағамбетов пен Е.Хайдаров. Жоспардың орындалуы: 25%.

Жалпы қорытынды орташа есеппен: 53 пайыз ғана.



Биыл қорғап бекітілгендер

1

Мергалиева Л.И.

Экономика ғылымдарының докторы

2

Тасмагамбетов А. С.

Тарих ғылымдарының докторы

3

Мухамбеткалиев Х.С.

Тарих ғылымдарының докторы

4

Кульбекова А.К.

Педагогика ғылымдарының докторы РФ

5

Иргалиев А.С.

Педагогика ғылымдарының кандидаты

6

Султангалиева Р.

Филология ғылымдарының кандидаты

7

Хайдаров Е.Е.

Тарих ғылымдарының кандидаты










ҚР Комитетіне ұсынылғандар

8

Бабенко О.А.

Педагогика ғылымдарының кандидаты

9

Тілеуханов Н.С.

Мәдениеттану ғылымдарының кандидаты

10

Джарылгапова Д.М.

Педагогика ғылымдарының кандидаты РФ

11

Буланова Н.К.

Экономика ғылымдарының кандидаты РФ

Нострификациядан өткендер

12

Турченко А.

Экономика ғылымдарының кандидаты

13

Антонова Н.

Экономика ғылымдарының кандидаты



Сонымен университеттегі ПОҚ құрамының факультеттер бойынша ғылыми дәрежесі барлардың пайыздық қатынасы 2008 жылмен салыстырғанда биыл айтарлықтай артқандығын төмендегі диаграммадан көруге болады:

Кестеден көріп отырғанымыздай университетіміздің мәдениет және өнер институтында (14%) және педагогикалық факультетте (28%) ғылыми әлеует әлі де өте төмен. Яғни, атап айтатын болсақ, дене тәрбиесі (16%), жалпы педагогика және информатика (17%) театрлық-хореографиялық өнер және кітапханатану (9%), музыкалық білім беру (11%), көркем және қолданбалы өнер (17%) кафедралары көрсеткіштерге елеулі әсер етіп отыр. Мәдениет және өнер институтының деңгейі қазіргі уақыт талабынан мүлде алшақ жатыр. Бұл мәселеде институт басшылығы осы бағытта ғылыми әлеуетті көтерудің жолдарын іздестіргені абзал. Яғни жастарды қорғату, бұрын аспирантура, ізденушіліктен өткендердің жұмыстарын аяқтау үшін мүмкіндіктер жасау жолдарын қарастыру қажет.

Біздің университетіміздегі ғылыми дәрежесі бар оқытушылардың көпшілігі бұрынғысынша, педагогикалық профилге (19%), кейінгі топтар тарих, филология, экономика және т.б. профилдерге кіреді.



Соңғы жылдары бекітілген диссертацияларды талқылайтын болсақ, 2007 жылы 6 ғылым кандидаты, 1 ғылым докторы, 2008 жылы 10 ғылым кандидаты, 1 ғылым докторы қорғап, 2 Ресейде қорғаған дәреже мойындалса, 2009 жылы 7 ғылым кандидаты, 3 ғылым докторы қорғады. Осы жылы 3-еуі Ресейде мойындалды. Бұл министрлік қойып отырған талапқа аздық етеді.


Университетіміздің тірегі жас ғалымдар,ізденушілер екендігі түсінікті. 2009 жылы олардың да жұмыстары жандана түсті. Оқу орнымызда Жас ғалымдар конференциялар мен конкурстарға қатысып, мақалалары университет Хабаршысында, өткен конференцияларда жарияланады. 2008-2009 о.жылы университетіміздегі жас оқытушылар, ғалымдар шет елдерде ізденушіліктен өтті. Мәселен А.Зубков, А.Дейнеко, Н.Каир, Л.Кайль, Ж.Т.Рысбекова, А.О.Сагингалиева, 10306 топ ст-ті М.Алексеенко Германияның Гуттенберг университетінде, 2009 жылы 3-15 қараша аралығында 25 магистрант, 14-24 желтоқсан аралығында 13 магистрант Мәскеудің Халықтар достығы университетінен ғылыми тәжірибеден өтті. Э.Ж.Имашев 25.00.24. – география мамандығы бойынша Уфа қаласындағы Башқұрстан мемлекеттік университетінде БҚМУ қаржыландыруымен аспирантурада оқып жатыр.Ал С.Ф.Баюканская 2009 жылы 28 қыркүйекте Смоленск мемлекеттік университетінің аспирантурасына түсті. Жас ғалымдар кеңесі (2005 жылы университет жанынан ашылған) 2009 жылы ҚР Бірінші Президентінің қоры жариялаған республиканың Жас ғалымдар кеңестері арасында өткен конкурста жеңімпаз атанып, 750 мың теңге грантпен марапатталды, ол қаржы 2010 жылы жас ғалымдарды қолдауға жұмсалады.



2009 жылда 4 докторлық диссертация қорғалды, дегенмен олардың арасында жаратылыстану бағыты көрінбейді. Сонымен бірге 2009 жылы өзге жылдармен салыстырғанда Комитет атағын алғандар саны артып отыр (5), 2007 жылы Р.Е.Ниязова доцент, С.С.Джубатырова профессор, 2008 жылы Ә.Қ.Мұқтар профессор атағын алса, 2005, 2006 жылдары Комитет атағын алғандар болмапты. Комитет ғылыми атағының берілу жағдайын төмендегі диаграммадан көруге болады.




жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау