Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Жеке тәртіппен қылмыстық ізге түсудің жүзеге асырылуының түсінігі, мәні. Қылмыстық ізге түсу жеке тұрде асырылуы мүмкін қылмыстардың тізбегі.
Жеке айыптау істері бойынша судьяның іс әрекеті.
Жеке айыптау істері бойынша шагымды қарау бойынша судьяның іс әрекеттері.
Жеке айыптау істері бойынша тараптардың ынтасымен дәлелдемелерді ұсыну мен жинау.
Сот отырысында жеке айыптау істерін қарау тәртіптері. Сот талқылауын тағайындаудың мерзімдері.
Кәмелетке толмағандарға катысты қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудын халықаралық стандартты және тәртіптері.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша іс жүргізуді бөлектеу. Кәмелетке толмағандардың қылмыстарды туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібі.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істері бойынша іс жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалау.
Қазакстан Республикасының депутатына қатысты қылмыстық істі козғау, қамауға алу, күштеп әкелудің іс жүргізушілік тәртіптері.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің төрағасы мен мүшелеріне қатысты қылмыстық іс қозғау, алдын ала тергеу жүргізудің, қылмыстық жауапқа тартудың, камауға алудың, күштеп алудың іс жүргізушілік тәртіптері.
Судьяға қатысты алдын ала тергеуді жүргізудің ерекшеліктері.
Қазақстан Республикасының Бас прокурорына қатысты алдын ала тергеу жүргізудің ерекшеліктері. Бас прокурорына қатысты қылмыстық ісі бойынша алдын ала тергеудің заңдылығына кадағалау. Қазақстан Республикасы Парламент депутаттарына, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы мен мүшелеріне, судьяларына, Қазақстан Республикасының Бас прокурорына қатысты сот талқылауын жүргізудің ерекшеліктері.
Қылмыстық ізге түсуден дипломатиялық иммунитеттері бар тұлғалар.
Дипломатиялық иммунитеттері бар тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғау және оларды қылмыстық жауапқа тарту ерекшеліктері.
Дипломатиялық иммунитеттері бар тулғаларды ұстау мен камауға алу.
Жауап беруден дипломатиялық иммунитет. Мекен-жайлар мен құжаттардың дипломатиялық иммунитеттері.
27-тақырып. Қылмыстық іс жүргізудегі айырықша іс жүргізу.
Дәріс мақсаты: Қылмыстық іс жүргізудегі айырықша іс жүргізуді сипаттау.
Қысқаша мазмұны:
Медициналық сиппатағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнінде іс жүргізу негіздері. Ата аналарының, қамқоршысының, асырып алушының қарамағына беру, арнайы медициналық мекемеге орналастыру. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолдану туралы іс жүргізілетін тұлғаның құқықтары. Қорғаушының, заңды өкілінің міндетті тұрде қатысуы. Алдын ала тергеудің аяқталуы. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені шешу үшін сотқа істі бағыттау туралы қаультның мазмұны мен нысаны. Осы санаттағы істер бойынша қысқартудың негіздері мен тәртібі.
Есі дұрыс емес тұлғалардың коғамға аса қауіпті қылмыстары туралы істер бойынша сот талқылауының ерекшеліктері. Куәні, жәбірленушіні, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді, және олардың өкілдерін, сарапшыларды шақыру және олардан жауап алу.Қылмыстық ізге түсуді жалғастыру үшін іс материалдарын жолдау. Қылмыстық ізге түсуді жалғастыру және қылмыстық істі қозғау туралы өтініштерді орындау.
Қылмыстық жауапқа тарту үшін және үкімді орындау үшін тулғаны беру туралы талапты жолдау.
Шетел мемлекетінің азаматын беру туралы талапты орындау. Берілетін тұлғаның қылмыстық жауапкершілігінің шегі. Беруден бас тарту. Азаматтығы жоқ тұлғаға, басқа мемлекеттің азаматына қатысты қылмыстық ізге түсуді жалғастыру және оларды беру. Экстрадициялық қамауға алудың негіздері мен тәртібі (беру үшін ухтау және қамауға алу). Транситтік тасымалдау. Заттарды беру.Жазасын өзі азаматы болып табылатын мемлекетте өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамды берудің негіздері. Сотталушыны берудің шарттары мен тәртібі. Сотгың шет мемлекет сотының үкімін атқаруға байланысты мәселелерді шешу тәртібі. Жазасын өтеу үшін Қазақстан Республикасының азаматын қабылдау туралы өтінішін қарау.
Шетел мемлекеті сотының үкімін орындауына байланысты мәселелерді соттың шешу тәртіптері.
1.Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнінде іс жүргізу негіздері қылмыстық іс жүргізу зандылығының жалпы зандарымен анықталады.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнінде іс жүргізу есі кіресілі-шығасылы күйде қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет жасаған немесе қылмыс жасаған соң жаза тағайындау немесе оны орындау мүмкін болмайтын дәрежеде психикасы бұзылып ауырған адамдарға қатысты істер бойынша жүзеге асырылады.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары занды және факт негізінде тіркеседі.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қоғамға зиян келтіретін әрекет жасағандардың уақытын ұзарту, тоқтату немесе өзгерту заңды негізде регламент белгіленген ҚР ҚІЖК жалпы қағидаларымен және сонымен бірге ҚР ҚІЖК-дегі 54-тараудың ережелерімен айқындалады.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары негізінен медициналық критериі бар, психикалық мынандай (шизофрения, дебилизм, эпилепсия, алкоголизм, наркомания және т.б.) ауытқушылығы бар адамдар жатады.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары негізінен мына адамдарға қолданылады (ҚР ҚК 88-бап):
а) ҚР ҚК баптарында көзделген жауаптылыкқа қабілетсіздік жағдайда қылмыс жасаған адамдар;
б)қылмыс жасағаннан кейін жаза тағайындау немесе оны орындау мүмкін болмайтын дәрежеде психикасы бұзылып ауырған адамдар;
в) психикасы бұзылып жауаптылыққа қабілетті адамдар;
г) қоғамға залал келтіретін және алкоголизмнен, наркомания және токсикоманиядан емделуге мұқтаж адамдар;
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың мақсаты:
а)қоғамға зиян келтіретін адамның денсаулығын айықтыру немесе жақсаруы;
б)қоғамға залал келтіретін қылмыс жасалғаннан кейінгі және оған дейінгі әрекетін ескеру (ҚР ҚК 89-бап);
3)психикалық ауытқушылық өзі немесе басқа адамдар үшін қауіп-қатермен байланысты болған не оның өзге де елеулі зиян келтірмеуін қамтамасыз ету (ҚР ҚІЖК 505-бабының 2-бөлігі);
4)медициналық мәжбүрлеу мекемелеріңдегідей әлеуметтік реабилитациялық шараларды қолдану;
Заң (ҚР ҚК 90-бап) соттың белгілеуімен берілетін медициналық мәжбүрлеу шараларының төрт түрін қарастырады:
1)психиатордың қарауында және амбулаториялық мәжбүрлеу мекемесінде болу. Бұл шара психикалық ауруымен аурып ол мекемеге жатқызылуы керек болмаған жағдайда тағайындалады.
Сонымен коса амбулаториялық емдеу керек болған жағдайда психикалық сот сараптамасының шешімі керек.
2)жалпы психикалық мекемеде ем алу тек өзінің психикалық жағдайына қарай емделуге мәжбүр немесе қаралуға мәжбүр болғанда ғана мәжбүрлеп емдеу шаралары жүргізіледі.
3)арнайы психикалық мекемеге тек өзінің жағдайына қарай стационарлық емдеу мен үнемі қадағалауда болатын адамдар жатады.
4)арнайы психикалық қарқынды бақылау мекемесіне тек өзінің жағдайына қарай өзіне және өзге адамдарға зиян келтіретін болса осы мекемеде қаралады.
Мәжбүрлеп емдеу шаралары адамдардың құқығын шектейді. Олар негізінен адамның және олардың туыстарының келісі-мінсіз емдеу мекемесіне жатқызады. Бұндай емдеу тағайындалған адамдардың өз еркімен мекемеден кетуіне тыйым салынады.
Медициналық мәжбүрлеу қолданылған адамдардың құқықтарын қорғау қылмыстық іс жүргізу процесі бойынша емдеу мекемесінің әкімшілігі және прокурордың қадағалауында болады.
Қылмыс жасағаннан кейін психикалық аурумен ауырған адамға медициналық мәжбүрлеу шаралары үкім шығарылғанға дейін қолданылған жағдайда емдеу мекемесінен жазылып шыққан кезде жазалау уақытын өтейді.
Мәжбүрлеу шараларын қолдану мекеменің психиатр дәрігерлерінің негізінде сот қарауымен болады.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданған адамдарға алдын ала тергеу жұмыстарын жүргізудегі ерекшеліктер
Есі кіресілі-шығасылы күйде қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет жасаған адамдарға қатысты істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті (ҚР ҚІЖК 506-бап).
Аддын ала тергеу жүмыстары жүргізу кезінде мынадай мән-жайлар анықталуы тиіс:
1)жасалған әрекеттің уақыты, орны, тәсілдері мен басқа мән-жайлары;
2)осы адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасауы;
3) әрекетпен келтірілген залалдың сипаты мен мөлшері;
4)Қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған адамның оны жасағанға дейінгі, сондай-ақ одан кейінгі мінез-құлқы;
5)осы адамда бұдан бұрын психикалық ауытқушылықтың бар-жоғы, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасау кезінде немесе істі қарау кезінде психикалық сырқаттану дәрежесі мен сипаты.
Қоғамдық қауіп төндіретін психикалық ауытқушылық кезінде жасалған қылмыстық істі тергеу кезінде психиатриялық сот сараптамасының жүргізілуі міндетгі. Бұл адамдарды тек соттың дәлелімен осы адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғалған жағдайда ғана сот сараптамасына жіберіліп іс тергеледі. Тергеу жұмыстары мен сараптама жұмыстары тек қылмыс жасаған адамдармен ғана жүргізіледі. Ал егер олар психикалық жағдайына байланысты қатыса алмайтын болса тергеу жұмыстары жүргізілмейді және ол туралы тергеуші хаттама толтырады.
Психикалық сырқатқа шалдығу фактісі анықталған кезден бастап заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған, бірақ айналадағы адамдарға қауіп төндірмейтін адамдарға мынадай қауіпсіздік шаралары қолданылады:
1)психикалық сырқатқа шалдығу фактісі анықталған кезден бастап заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған, бірақ айналадағы адамдарға қауіп төңдірмейтін адам денсаулық сақтау органдарын хабарландыра отырып, туған-туыстарының, қорғаншыларының, қамқоршыларының қарауына берілуі мүмкін.
Осы шараны тандап алу туралы тергеуші, сот дәлелді қаулы шығарады (ҚР ҚІЖК 508-бап);
2)бұлтартпау шарасы ретінде бұдан бұрын қамауға алынған адамның психикалық сырқатқа шалдығу фактісі анықталған кезде прокурордың қаулысы бойынша ол қатаң оқшаулау жағдайында ауруларды ұстауға лайықталған психиатриялық көмек көрсететін арнаулы медициналық мекемеге ауыстырылады (ҚР ҚІЖК 509-бап).
Қамауда ұсталған адамды психиатриялық көмек көрсететін арнаулы медициналық мекемеге орналастыру ҚР ҚІЖК-нің 247-бабының ережелері бойынша жүргізіледі.
Егер қылмыстық істі тексеру кезінде қатысушылардың бірі әрекетті есі кіресілі-шығасылы күйде жасағаны немесе қылмыс жасаған соң психикасы бұзылумен ауырғаны анықталатын болса, оған айыпталушы деп кінә тақпайды және оған айыптау қаулысын шығармайды.
Егер қылмыстық істі тексеру кезінде қатысушылардың бірі әрекетті есі кіресілі-шығасылы күйде жасағаны немесе қылмыс жасаған психикасы бұзылумен ауырғаны анықталатын болса, оған қатысты іс жеке іс жүргізуге бөлінуі мүмкін. (ҚР ҚІЖК 510-бап).
Өзіне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы іс жүргізілетін сезікті мен айыпталушы да ҚР ҚІЖК-де қарастырылған құқықтарға ие бола алады (ҚР ҚІЖК511-бап).
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы іс бойынша іс жүргізуге қорғаушының қатысуы, егер қорғаушы бұдан бұрын іске өзге негіздер бойынша араласпаған болса, өзіне қатысты іс жүргізіліп отырған адамның есінің кіресілі-шығасылы немесе психикасының бұзылу фактісі анықталған кезден бастап міндетті болып табылады.
Іске араласу кезінен бастап қорғаушы, егер бұған қорғаушының денсаулық жайы кедергі келтірмейтін болса, қорғауындағы адаммен оңаша жүздесуге құқығы бар, сондай-ақ ҚР ҚІЖК-нің 74-бабында көзделген басқа да барлық құқықтарды пайдаланады (ҚР ҚІЖК 513-бабының 2-бөлігі).
Қорғаушы соттың медициналық сараптамасынан кейін бірден сот ісіне қатыса алады. Тергеуші қорғаушыдан бас тартуына құқы жоқ.
Қылмыстық жазаға тартылып отырған және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы іс жүргізілетін адамнын занды өкілі іске қатысуға тартылады.
ҚР ҚІЖК-нің 512-бабына сәйкес өзіне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы іс жүргізілетін адамның жақын туысқаны осы адамның занды өкілі болып танылады және тергеушінің немесе прокурордың қаулысы бойынша іске қатысуға тартылады. Егер жақын туысқаны болмаған жағдайда қамқоршы орган және қорғаншы тартылуы мүмкін.
Занды өкілге хаттамада толтырылған оның құқықтарын түсіндіреді:
Заңды өкіл мыналарды білуге құқылы:
- занды өкіл өзі өкілі болып отырған адамның заңмен тыйым салынған қандай әрекетті жасағаны мойнына қойылуын білуге;
- өтініштер мен бас тартуларды мәлімдеуге; дәлелдер келтіруге;
-тергеушінің рұқсатымен оның немесе қорғаушысының өтініші бойынша жүргізілетін тергеу қимылдарына қатысуға;
-өзі қатысқан тергеу қимылдарының хаттамаларымен танысуға және ондағы жасалған жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескертпелер жасауға;
-алдын ала тергеу аяқталған соң істің барлық материалымен танысуға, одан кез келген мәліметті және кез келген көлемде көшіріп алуға;
-істі тоқтату туралы немесе істі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберу туралы қаулының көшірмесін алуға;
-сот талқылауына қатысуға; тергеушінің, прокурор мен соттың іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдар беруге;
- соттың қаулысына шағым жасауға және шағымдалатын шешімдердің көшірмелерін алуға;
- іс бойынша келтірілетін шағымдар мен наразылықтар туралы білуге және оларға қарсылықтар білдіруге;
-мәлімделген шағымдар мен наразылықтарды соттың қарауына қатысуға құқығы бар;
Алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін тергеуші мынадай қаулы шығарады:
а)іс жүргізу ісін 37-бапта және 269-баптың 3-бөлігінде көзделген, сондай-ақ сырқатты психикасының бұзылуы өзі немесе басқа адамдар үшін қауіп-қатермен не өзге елеулі зиян келтірілуі мүмкін жағдайларда қысқарту туралы;
б)істі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберу туралы қаулы шығарады.
Қаулыда істі қысқарту туралы көрсетілуі тиіс:
а) ҚР ҚІЖК-нің 506-бабында көрсетілген мән-жайлар;
б)медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін негіздер, егер олар айтылған болса;
в)қорғаушы мен басқа да адамдардың медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының негізінде дау айтатын уәждері жазылуы тиіс.
Істі сотқа жіберу туралы қаулымен тергеуші оны прокурорға береді, ол істі зерделеп, мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1) Істі сотқа жібереді;
2) Істі қосымша тексеру үшін тергеушіге қайтарады;
3)Істі ҚР ҚІЖК-нің 514-бабының 1-бөлімінің 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша қысқартады.
Істі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберу туралы қаулының көшірмесі занды өкілге табыс етіледі (ҚР ҚІЖК 514-бап).
2.Сотта медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы келіп түскен іс психикалық ауытқуы бар немесе жауаптылығы жоқ айыпталушының қатысуынсыз жүргізілуімен ерекшеленеді.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істі қарауды аудандық және оған теңестірілген сотта сот төрешісі жеке-дара, облыстық және оған теңестірілген сотта үш сот төрешісі құрамы жүргізеді.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы іс келіп түскен соң сот төрешісі қылмыстық іс жүргізу Кодексінде көзделген ережелер бойынша сот отырысында қаралуын тағайындайды.
Сот тергеуі прокурордың қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған, есі кіресілі-шығасылы деп танылған адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың қажеттігі туралы уәждерді баяндаудан басталады. Дәлелдерді зерттеу және тараптардың жарыссөздері ҚР ҚІЖК-нің 345 жөне 364-баптарының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Есі кіресілі-шығасылы адамдарға жүргізіліп отырған соттың бір ерекшелігі онда сотталушының соңғы сөзі болмайды. Сот тергеуші мен прокурорды тындап болғаннан кейін кеңесу бөлмесіне кетеді.
Іс бойынша шешім қабылдау кезінде сот шешетін мәселелер (ҚР ҚІЖК516-бап):
1) Қылмыстық заңмен көзделген әрекет орын алды ма;
2) Ісі қаралып отырған әрекет жасады ма;
3) ісі қаралып отырған адам әрекетті есі кіресілі-шығасылы күйде жасады ма;
4)Осы адам қылмысты жасағаннан кейін жаза тағайындау және оны орындау мүмкін болмайтын психикасы бұзылумен ауырды ма;
5)Адам дертті психикасы бұзылуы оның өзі немесе басқа адамдар үшін қауіпті ме, не оның өзге де елеулі зиян келтіруі мүмкіндігін тудыра ма;
6)Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылуға тиіс пе және нақ қандай.
Сот сондай-ақ ҚР ҚІЖК-нің 371-бабының бірінші бөлігінің 10, 11, 12-тармақтарында керсетілген мәселелерді шешеді:
а) азаматтық талап-арызды қанағаттандыруға жата ма, кімнің пайдасына және қандай мөлшерде, сондай-ақ егер азаматтық талап берілмесе, мүліктік зиян өтелуге жата ма;
б) азаматтық талап-арызды немесе ықтимал тәркілеуді қамтамасыз ету үшін тыйым салынған мүлікті не істеу керек;
в) заттай дәлелдемелерді не істеу керек;
Істің шешімі бойынша сот қаулы қабылдайды (ҚР ҚІЖК 517-бап). Қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті осы адамның есі кіресілі-шығасылы күйде жасағаны немесе осы адамның қылмысты жасағаннан кейін жазаны тағайындау немесе оны орындау мүмкін болмайтын психикасы бұзылумен ауырғаны дәлелденді деп танып, сот осы адамды тиісінше қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босату туралы қаулы шығарады.
Егер жоғарыда айтылған адам өзінің психикалық жай-күйі бойынша қауіп-қатер тудырмайтын болса не ол аса ауыр емес әрекет жасаған болса, сот істі тоқтату туралы және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданбау туралы қаулы шығарады.
Сот осы адамның әрекетті жасауға қатысқаны дәледденген жоқ деп таныған, сондай-ақ осы Кодекстің 37-бабының бірінші бөлігіндегі 1-12-тармақтарында, 38-бабының бірінші бөлігінде көзделген мән-жайлар анықталған кезде сот өзі анықтаған негіз бойынша адамда аурудың болуына және оның сипатына қарамастан істі қысқарту туралы қаулы шығарады.
ҚР ҚІЖК-нің 517-бабына сәйкес іс қысқартылған кезде сот қаулысының көшірмесі бес күн мерзімде психиатриялық көмекке мұқтаж адамдарды емдеу немесе психоневрологиялық мекемеге жіберу туралы мәселені шешу үшін денсаулық сақтау органына жібереді.
Іс қаралып отырған адамның психикасының бұзылуы анықталмады немесе қылмыс жасаған адамның ауруы оған жазалау шараларын қолдануды жоққа шығармайды деп танып, сот өзінің қаулысымен істі қосымша тексеру жүргізу және істі бұдан әрі жалпы тәртіппен жолдау үшін қайтарады.
Соттың қаулысында ұсынылған азаматтық талап-арыз бойынша шешім, заттай айғақтар туралы мәселе, іс жүргізу шығыстарын белу туралы шешім, апелляциялық шағымдардың не үкімге наразылық келтірудің тәртібі мен мерзімін түсіндіру сияқты мәселелер шешіледі.
Соттың қаулысына қорғаушы, жәбірленуші мен оның өкілі, немесе ісі қаралған адамның занды өкілі, жақын туысқаны шағым жасауы, апелляциялық тәртіппен прокурор наразылық білдіруі мүмкін.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған адам соттың іс қарауына қатысқан жағдайда ол, егер сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша оның ауруының сипаты мен ауыртаалығы бұған бөгет жасамаса, сот қаулысына шағымдануға құқылы.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы қаулы ҚР ҚІЖК-нің 49-тарауында көзделген тәртіппен атқаруға беріледі (ҚРҚІЖК518- бап).
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тоқтату, өзгерту және мерзімін ұзарту
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тоқтату, өзгерту және мерзімін ұзарту сот ісін жүргізудегі негізгі ерекшелігі болып табылады.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды тоқтату, өзгерту немесе мерзімін өзарту туралы мәселелерді Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 93-бабында көзделген тәртіппен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы қаулы шығарады.
Сот немесе осы шараны қолдану орны бойынша үш сот төрешісінен тұратын алқа құрамындағы сот қарайды.
Істі тындауды тағайындау туралы сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған адамның занды өкіліне, мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асырушы мекеменің әкімшілігіне, қорғаушы мен прокурорға хабарлайды. Сот отырысына қорғаушы мен прокурордың қатысуы міндетті, басқа адамдардың келмеуі істі қарауға кедергі келтірмейді.
Сот отырысында мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асырушы мекеменің ұсынысы (қорытындысы), психиатр дәрігерлер комиссияның қорытындысы зерттеледі, отырысқа қатысушы адамдардың пікірі тындалады. Егер психиатр дәрігерлер комиссиясының қорытындысы күмән тудыратын болса, сот отырысқа қатысушы адамдардың өтініші бойынша немесе өз бастамасы бойынша сот психиатриялық сараптамасын тағайындай алады, қосымша құжаттарды талап етеді, сондай-ақ медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату, өзгерту немесе мерзімін ұзарту туралы мәселесі шешіліп отырған адамнан, егер бұл оның психикасының жай-күйі бойынша мүмкін болса, жауап алады.
Сот бұдан бұрын тағайындалған шараны қолдану қажеттігі жойылатын не медициналық сипаттағы өзге шараны тағайындау қажеттігі туындайтын адамның осындай психикалық жай-күйі жағдайында медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын тоқтатады немесе өзгертеді. Сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын тоқтату немесе өзгерту үшін негіздер болмаған ретте мәжбүрлеп емдеуді ұзартады.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату, өзгерту немесе мерзімін ұзарту туралы, сондай-ақ тоқтатудан, өзгертуден немесе ұзартудан бас тарту туралы сот кеңесу бөлмесінде қаулы шығарады және оны сот отырысында жариялайды.
Егер қылмыс жасағаннан кейін оның психикасы бұзылып ауруының салдарынан медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған адамды психиатр дрәігерлер комиссиясы сауыққан деп таныса, онда сот мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асырушы медициналық мекеме қорытындысының негізінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шарасын қолдануды тоқтату туралы қаулы шығарады және істі анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізу, осы адамды айыпталушы ретінде тарту және істі жалпы тәртіппен сотқа беру туралы мәселені шеідеді. Медициналық мекемеде өткізілген уақыт жазаны өтеу мерзіміне есептеледі (ҚР ҚІЖК 520-бап).
3.Қазақстан Республикасы басқа да көптеген мемлекеттер сияқты халықаралық қылмыстармен, сонымен қоса қылмыстар (терроризм, ақша ұрлау, наркобизнеспен күрес, кепілге алу, құлдық және құл сату және т.б.) қылмыстар жөнінде басқа мемлекеттермен ынтымақтастық қатынаста.
Жоғарыда атап көрсетілген қылмыстар жөнінде халықаралық ынтымақтастық күрес тек келісімшарт негізінде, немесе екеуара келісім негізінде ғана жүзеге асады. Біздің мемлекет қылмыспен күрес ортасында халықаралық және мекеме арасындағы ынтымақтастық негізіндегі толығымен келісім жасасқан болып табылады. 1993 жылдың З наурызында Қазақстан ТМД елдерімен азаматтық, отбасылық және қылмыстық іс бойынша құқықтық көмек жөнінде келісім бекітті.
Соңғы жылдарда қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы келісімшарттар, келісімдер мен міндеттемелер, сонымен қоса қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе оларға үкім шығару жөнінде: Моңғолия, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Венгер Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Корей Халықтық-демократиялық республикасы, Литва Республикасы, Пәкістан Республикасы, Түркіменстан Республикасы, Түркия Республикасы, Германия Федеративтік Республикасы, Италия Республикасы және т.б.
Қазақстан Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының (Интерпол) мүшесі. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жүйесінде Интерпол бюросы жұмыс істейді. Интерпол 1923 жылы күрылды, ол Франция мемлекетінің Лион қаласында орналасқан. Интерпол халықаралық қылмыскерлерді тізетін орталық сонымен онда халықаралық қылмыскерлерді, күдіктілерді, із-түзсіз жоғалған адамдарды, құнды заттарды іздеу координациясын жүзеге асырады. Қазіргі күнде 150-ден аса мемлекет Интерпол мүшесі, оның ішінде Қазақстан Республикасы да бар.
Интерполдың негізгі тапсырмалары:
а) қылмыс туралы ақпаратпен алмасу;
б)Қазақстан Республикасының халықаралық келісімімен халықаралық құқық корғау органдарының сауалдарына кемек көрсету;
в)шетел мемлекеттерінің қылмыспен күрес жөніндегі сұрақтарына халықаралық келісімшарттардың орындалуын қадағалау;
«Азаматгық, отбасылық және қылмыстық істер жөніндегі құқықтық көмек және құқықтық қатынас жөнінде» келісімнің 6-бабына сәйкес 1993 жылдың 22 қаңтарында ТМД арасында жасалған келісімшартта, келісімшарт жасасқан мемлекеттер бір-біріне іс жүргізу әрекеттерімен заң жүзінде карастырылған келісім беруші елге жекелей құқықтық көмек беруі қажет:
— құжаттарды құру және жіберу;
— заттай дәледдемелерді алу, тінту, жіберу және беру;
— сараптама жүргізу;
— айыпталушы, куәгер, сарапшыларға тергеу жүргізу;
—қылмыстық тергеу жұмысын жүргізу, қылмыс жасаған адамдарды іздеу және беру;
—азаматтық істер бойынша сот шешімін орындау және мойындау, азаматтық талапкерге шығарылған үкім, атқарылған істер, сонымен қоса құжаттарды беру.
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің халықаралық ынтымақтастығына екі бөлім арналған:
—55-бөлім, 521—536-баптарынан тұрады, онда қылмыстық процесті жүргізуші органдардың шет мемлекеттердің қылмыстық істер бойынша құзыретті мекемелерімен және лауазымды адамдарымен өзара іс-қимылының тәртібі туралы негізгі ережелерін қарастырады;
—56-бөлім, 537-541-баптарынан тұрады, онда жазасын өзі азаматы болып табылатын мемлекетте өтеу үшін бас бостаңдығынан айыруға сотталған адамды беру негіздері мен тәртібін қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |