А.Т. Такибаева,
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университеті
өнеркәсіптік экология және химия
кафедрасының аға оқытушысы, х.ғ.к.
e-mail: altynarai81@mail.ru
АЖЫРАМАС ҚАУІПСІЗДІК КОНТЕКСІНДЕ:
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЯДРОҒА ҚАРСЫ БАСТАМАЛАРЫ
Қазақстанның бастамасымен 29 тамыз күні 2009 жылдан бастап бүкіл әлем Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күнін атап өтеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының 64-сессиясында Қазақстанның осы күнді енгізу туралы ұсыныс жасады және консенсус мұны қабылдады.
Хельсинки қаласында, 2014 жылғы 18-19 қазанда «Ядросыз жол: Ядролық қарусызданудың мысалдары» тақырыбындағы халықаралық конгресте Қазақстанның ядролық қарусыздану тарихы мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі заманғы ядроға қарсы бастамалары, оның ішінде «АТОМ» жобасы ұсынылды [1].
Конгресті «Әлем дәрігерлері ядролық соғыстың алдын алу үшін» халықаралық қозғалысының қолдауымен «Финляндия дәрiгерлерi әлеуметтiк жауапкершiлiк үшін» деген ұйымымен бірге бейбітшілік үшін Халықаралық бюросы ұйымдастырды.
Онда таратпау мен қарусыздандыру саласындағы үздік сарапшылар, дипломаттар, 20-дан астам елдің халықаралық және үкiметтiк емес ұйымдарының өкiлдері қатысты.
Конгреске қатысушылар Президент Н. Назарбаевтың ядролық қарудан босаған Орта Азияда аймақты құруды, БҰҰ шеңберінде Жалпыға ортақ ядросыз әлем декларациясын қабылдау, Ядролық қаруды таратпау туралы шартын жанжақтандыру мен Ядролық сынақтарға тегіс тыйым салу туралы шартының тез арада күшіне енуін қамтамасыз ету туралы ұсыныстарымен бірге ядролық қарусыздандыру және таратпау саласындағы бастамаларымен қызыға танысты. Осыған байланысты қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан «АТОМ» жобасы атты халықаралық бастама ерекше қызығушылық тудырды.
Фредерик де Клерктің айтуынша, халықаралық қауымдастықтың шоғырланған күші мен ядролық қаруға иелік жасаудан бас тартқан мемлекеттердің белсенді атсалысуы ғана ядролық қарусыздану ісінде ілгерілеуді қамтамасыз ете алады.
ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар бойынша елшісі Роман Василенко өз кезегінде Қазақстандағы кеңестік ядролық сынақтардың трагедиялық мұрасы мен тәуелсіз мемлекеттің ядролық қарусыздану тарихы туралы айтып, елдің ядролық қарусыз болашақ пайдасына қарай жасаған түбегейлі таңдауын және Президент пен Қазақстан халқының саяси ерік-жігерінің көрінісін ерекше атап өтті.
Семей полигонындағы ядролық қару сынақтары тарихымыздағы ең қайғылы беттердің бірі болып қала береді. Семей ядролық сынақ полигоны әлем бойынша ең ірі болды, мұнда 500 ядролық жарылыс болса, оның ішінде 70-тен астамы ауада жарылған. Бұл сынақтардың салдары әлі күнге дейін білінеді. Орасан зор аумақтың шаруашылық айналымы істен шықты, көптеген адамдар радиация әсерінен зардап шекті, ал оның әсері келер ұрпаққа да әсерін тигізуде. 1949 жылғы 29 тамызда Семей полигонында атом бомбасын алғаш рет сынау жүргізілді, 1954 жылғы 12 қыркүйекте термоядролық құрылғы, ал 1955 жылғы 22 қарашада сутек бомбасы сыналды [2].
Әрине, алғашқы онжылдықта тұрғындар қазақ жерінде қаншалықты қырғынға ұшырататын қару сыналып жатқанын, оның әсерінің қандай болатынын білмеді. Уақыт өте келе, қазақстандық қоғамның ядролық қару жайында ақпараты молайған сайын, бұл сынақтарға деген жағымсыз көзқарас өрши бастады. 1989 жылғы ақпанда жер асты ядролық жарылысынан кейін ауаға радиоактивті бұлт көтеріліп, жақын маңайдағы ауылдарды басады. Міне, осы жағдай, біздің республикамызда ядроға қарсы ұйымдасқан қозғалыстың пайда болуына себеп болды. Дәлірек айтқанда, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнің бірнеше депутаты бұл сынақтарды тоқтатуды талап етті. Олар аз болса, талап қоюдан аянған жоқ. Ол кезде ядролық әлеуетті әрі қарай дамыту мен сынақтардың жалғастыруды ұстанған үлкен державаның Әскери-өнеркәсіптік кешеніне ешкім қарсы тұра алмады.
Біздің Тұңғыш Президентіміз – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы бола тұра, ядролық сынақтарды тоқтату туралы шара қолдануға тырысқанын айта кеткен жөн. Осылайша, 1989 жылғы 1 наурызда ол Семей облысындағы экологиялық жағдайды қадағалау жөніндегі Республикалық комиссия құрды, оның құрамына мемлекет қайртакерлері, ғалымдар мен дәрігерлер кірді. Сол жылдың мамыр айында Н. Назарбаев КСРО Халық депутаттарының съезінде сөз сөйлеп, өзінің ядролық сынақтардың жалғасып жатқанына алаңдайтындығын мәлімдеді. Оған дейін сондай дәрежеде болған ешбір басшы бұл шиеленіскен мәселе туралы жұрт алдында пікір білдірген емес. Ол алдыңғы буын өкілдері жасай алмағанды жасады.
1989 жылғы маусым айында КОКП ОК Саяси Бюросы «Семей полигонындағы жер асты ядролық жарылыстарға орай Қазақ КСР-нің жағдайы туралы» мәселені қарастырды. Президент Н. Назарбаев сынақтардың тоқтатылуы мен полигонның жабылуын талап етуден аянбады. 1989 жылғы қарашада Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі КСРО-ның одақтық Үкіметіне және Жоғарғы Кеңесіне полигондағы ядролық жарылыстарды жедел түрде тоқтату туралы үндеумен барды. КСРО Министрлер Кеңесінде 1993 жылғы қаңтар айынан бастап Семей полигонында ядролық қару сынақтарын тоқтату туралы Қаулы жобасы әзірленді, бірақ бұған дейін тағы бірнеше жарылыс топтамасын өткізу қарастырылды.
1990 жылғы мамыр айында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі сессиясында Н. Назарбаевтың төрағалығымен КСРО Үкіметінен сынақтарды жедел түрде тоқтатуды талап ететін Қаулы қабылданды. Бұл талап сол жылғы маусым айында өткен Қазақстан Компартиясының ХVII съезінде қолдау тапты. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Мемлекеттік егемендік туралы декларация» қабылдады, онда Қазақстан аумағында ядролық қаруды жасауға және сынақтар жүргізуге тыйым салу туралы айтылды. 1991 жылы жазда Президент республиканың Жоғарғы Кеңесінің сессиясында полигонның жабылатындығын, барлық жауапкершілікті өзіне алатындығын мәлімдеді. Осылайша 29 тамызда Н. Назарбаев тарихи құжат – «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойды [3, 2-б.].
2000 жылғы қыркүйекте, Нью-Йоркте БҰҰ мың жылдық Саммитінде сөз сөйлеген Н. Назарбаев Қазақстанның әлемде ең алғашқы болып өз еркімен ядролық қарудан бас тартқандығын және сондықтан барлық ядролық ірі мемлекеттерді ядролық қаруды жою жайында нақты қадамдар жасауға шақыратындығын мәлімдеді [4].
Ядролық қарудан бас тарту туралы шешім Қазақстан Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың өз қызметінде стратегиялық тәртіптегі пікірлерді басшылыққа алатын жауапты көшбасшы болып табылатындығын бүкіл әлемге көрсетті. Ал сол кездегі ядролық арсеналды сақтап қалу қызығушылығын тудыратын – бұл 1216 ядролық оқтық, 240 қанатты ракета, стратегиялық бомбалаушылар болатын. Бұл арсеналға шет елдер көп көңіл бөлді. Сол кезде БҰҰ Бас хатшысының орынбасары болған Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырда хабарлағанындай, 1992 жылдың басында Президент Н. Назарбаевтың атына Ливия революциясының көшбасшысы Муаммар Каддафиден хат келеді, ол Қазақстанда ядролық қаруды сақтап қалуға ұсыныс жасап, оны күтуге қажет қаражатты бөлуге сөз береді.
1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін алған соң, ол әлемдегі қуаты бойынша төртінші орындағы ядролық арсеналға ие болды. Біз бұл қарудан ерікті түрде бас тартып, оны қатаң қауіпсіздік жағдайында Ресейге беру туралы шешім қабылдадық [5].
Бұл әрекеттер Қазақстанның сол саладағы көшбасшылығына негіз болды. Қазақстан әлі де қолданыста жүрген ядролық материалдардың санын одан әрi қысқарту мен оларды сақтау шараларын күшейтуге назар аударды.
Одан басқа, біздің заманымыздағы сын-қатерлер «ядролық клубтың» кеңейуін тоқтатуға жатады. Бейбіт ядролық технологиялардың дамуына бөгет жасамай, ядролық қаруды таратуды тоқтату туралы мәселені адамзат атом заманы басталғаннан бері шешуге тырысып келеді.
Бұл салада Қазақстанның бірегей тәжірибесі бар екені белгілі. Сынақтардың нәтижесінде жер қойнауында қалған плутоний мен жоғары байытылған уран Семей полигонының мұралық элементтерінің біріне айналды [6].
Уран өндірісіндегі әлемдік көшбасшы ретіндегі, ядролық объекттерде қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз етуде мол тәжiрибесі бар Қазақстан бұл салада керемет ұсыныстар бере алады. Біз барлық ядролық державалармен де, атом технологияларын азаматтық секторда дамытуды жоспарлаған мемлекеттермен де жақсы қарым-қатынас орнаттық.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев заманауи реалияларды ескере отырып, ядролық қаруды таратпау тәртібін жаңғырту бастамаларын бірнеше рет ұсынды. Бірінші кезекте Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың симметриялы еместігінің орнын толтыру керек.
1991 жылғы 5 наурызда Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ) қол қойған мемлекеттер оның 45 жылдығын атап өтеді, олардың арасында Қазақстан Республикасы да болады [7].
Таратпаудың бүгiнгi режимi және Таратпау туралы шартқа мемлекет-қатысушылардың ядролық қызметі жөніндегі МАГАТЭ-нің (Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің) сәйкес кепілдіктерінің практикада жүзеге асырылып қолданылуы «ядролық бестiк» мемлекеттеріне елеулi экономикалық және технологиялық артықшылықтар бередi.
Олар өздерінің ядролық секторлары туралы мәліметтерді ерікті түрде жариялайды. Оларға бұл коммерциялық қызығушылығы бар ғылыми және технологиялық әзірлемелерді сақтауға, ядролық сектордың жеке бағыттарын және МАГАТЭ кепiлдiк жүйесі арқылы маңызды ақпаратты дамытуға мүмкіндік бередi.
Сонымен бірге Шарт бойынша өз мойнына міндеттер алған және өздерінің бейбіт ядролық әрекетін толық қамтитын кепілдіктерді қолданатын басқа мемлекеттер барлық ядролық бағдарламалар, атом саласын дамыту жөніндегі зерттеулер мен жоспарлар бойынша толық әрі егжей-тегжейлі ақпаратты он жыл бұрын береді. Көптеген мемлекеттердің осындай теңсіздік жағдайына наразы болуы толық түсінікті.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы «ядролық бестік» мемлекеттеріне жыл сайын әлемдік қауымдастық алдында ядролық қарусыздану міндеттерінің орындалуы туралы есеп беруді бірнеше рет ұсынды.
Ақпараттың нәзіктігін ескере отырып, комитеттің жыл сайынғы мемлекеттердің есебі тыңдалатын отырыстарын жабық тәртіпте өткізуге болар еді. Алайда міндеттердің жалпы орындалу жағдайын көрсететін қорытынды құжат БҰҰ мүшелігіндегі барлық мемлекеттер үшін жариялануы керек.
Қазақстан 5 жылдан астам уақыт бойы МАГАТЭ-мен бірге өз аумағында Халықаралық төмен байытылған уран банкін (ХТБУБ) құру туралы жобаны әзірлеп келеді [8].
11 маусымда МАГАТЭ Басқарушылар кеңесі Өскемендегі Үлбi металлургиялық зауытында ХТБУБ орналастыру туралы Қазақстанмен келiсiмді, сонымен бiрге РФ-мен транзиттiк келiсiм бекітті. Бұдан кейiн тағы да бірқатар заңды процедуралар күтілуде, дегенмен құжатқа қорытынды қол қоятын күн де алыс емес. Бүгінгі таңада әлемде Қазақстанның ядросыз қару әлемін жақындату тәжірибесін қызығушылықпен зерделеуде. Бiздiң елiмiзді басқаларға үлгі етеді: ядролық қарудан өз еркiмен бас тартып, қалған әлеммен бейбiт қарым-қатынас орната отырып, Қазақстан өзінің ядроға қарсы бастамаларын тоқтатқан емес. Мемлекетіміздің Президенті Н. Назарбаевтың сөзімен айтатын болсақ, 1991 жылғы 29 тамызда Семей полигоныны жабылғанда, «жаhандық ядролық тарихтың жаңа дәуiрi басталды»: «Әлем ерiктi, саналы және заң актілеріндегі біржақты тәртібіндегі, қиямет күнгі қаруды заңға жатпайтын кесiмдi мысал алды. Қазақстанның жасаған бұл қадамының маңыздылығы сонша, кеңiстiк пен уақытта шынымен шексiз болды».
Бүгінде Қазақстан әлемді барлық адамзат үшін қауіпсіз еу үшін күресіп келеді. Мұндай қауіпсіздік негіздерінің бірі болып табылатын Ядролық сынақтарды тоқтату туралы Шартты күшіне енгізу жолында Қазақстан бірнеше жыл бойы күресіп келеді. Сонымен бiрге қазақстандық дипломатияның ойынша, Ядролық сынақтарды тоқтату туралы шартты және оны құрайтын ядролық қарусыздану, таратпау және атом энергиясын бейбiт пайдалану сияқты бөлімдерді тиiмдi әрі үйлесімді жүзеге асыруға ұмтылу керек.
Қазіргі уақытта, Ұлттық ядролық орталықтың деректері бойынша, Семей полигонында жер асты ядролық жарылыстар кезінде бқлінетін өнімдер аккумуляциясына байланысты аумақтың ластануының екiншi реттік әсерi және олардың топырақ, еріген қар мен жаңбыр суы ретінде шығарылуы байқалады. Семей өңірі полигон әсерiн сипаттайтын денсаулық пен ауру-сырқау жағдайының негiзгi көрсеткiштері бойынша өңірдегі ең нашар аймақтардың бiрi болып табылады. Полигон аумағында Ұлттық ядролық орталық мекемелері радиоэкологиялық жағдайды нақтылау және оның тұрғындар денсаулығына тигізетін әсерін бағалау бойынша зерттеулер жүргізді. Сәулеленудің сумаалық мөлшері мен сәулеленген контингент санын негізге ала отырып, жеке назологиялық факторлардың ауру-сырқауға және демографиялық жағдайға тигізетін әсерін талдау арқылы жүргізілген ядролық сынақтардың тұрғындар денсаулығына жағымсыз ықпалының қатерін бағалауға мүмкіндік беретін әдістеме бар. Сәулеленудің төмен мөлшері төмен нәтиже береді, ол жеке тұлғаның бойынан табылмайды, алайда оны ұжымдық мөлшерде болжауға болады. Қатерлі ісіктер мен туа біткен ауру түрлерін бүгінгі таңда болжанатын нәтиже ретінде таниды. Аз мөлшер иммундық жүйенің шаршауын, тұрғындар арасындағы сәулеленген бүкіл топтың иммунитетінің төмендеуін тудырады. Бұл барлық нозологиялық формалар бойынша аурудың өсуіне және демографиялық көрсеткіштердің төмендеуіне әкеледі. Бүгінгі күні радионуклидалармен ластанған аумақтарды оңалту мен радиоактивті қалдықтарды жою мемлекет үшін өте маңызды мәселелер болып табылады. Әлемдік қауымдастықтың қатысуынсыз бұл мәспелелерді шешу мүмкін емес. Сонымен қатар Қазақстанда орын алған радиоэкологиялық жағдай көптеген радиоэкологиялық зерттеулер жүргізу мен олардың нәтижелерін практикалық тұрғыда жүзеге асыру үшін бірден-бір мүмкіндік береді [9, 28-б.].
Жер бетіндегі барлық адамдар күшін біріктірмей ядролық әлемге жол бастау қиын. Ядросыз әлем – бұл біздің мақсатымыз, бұған біздің ғаламшар ұмтылу керек. Қазақстанның бейбіт күшінің арқасында Семей полигоны «бейбітшілік аумағына» айналды. Мұнда Ядролық сынақтар мониторингі мен инспекция әдістері халықаралық жүйесін дамыту бойынша жобалар жүзеге асырылады. Медицина, ядролық физика және радиациялық технологиялар саласында халықаралық ынтымақтастық дамып келеді. Жердің құнарлылығы мен радиациялық ая қалыпқа келуде.
2010 жылғы сәуірде Вашингтонда болған Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке 47 мемлекеттің өкілі, сонымен бірге БҰҰ, МАГАТЭ және Еуроодақ өкілдері қатытсы. Бұл шараның қорытынды құжаты төрт жыл бойы ондаған мемлекетте барлық ядролық материалдарды қауіпсіздендіруге бағытталды [10, 8-б.].
Басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық құра отырып Қазақстан соңғы жылдары ядролық қауіпсіздік аясында ұлттық шаралар мен бастамалар кешенін жүзеге асырды.
Біздің Президентіміз ядролық қаруды тараптпау мен қысқарту жолында өз ұстанымында қалады, сонымен қатар «бейбіт атом» үшін күреседі. Ядролық энергетикаға қатысты әр түрлі конъюнктуралық үрдістерге қарамастан, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болашақ атомдық электр станцияларында деп санайды, сондықтан Қазақстанда бұл бағытта үлкен жұмыс атқарылып келеді. Сонымен қатар мемлекет Басшысы әр түрлі учаскелердегі нақты радиациялық жағдайды ескере отырып, бұрынғы Семей полигонының аумағын шаруашылық тұрғыда игере бастауды қажет деп санайды. Қазақ ғалымдары зерттеулер жүргізіп жатыр, олар болашақта бұрынғы полигон жерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді және біздің қоғамға ядролық сынақтардың салдарынан қажетсіз қорқыныштан құтылуға көмектеседі.
Сондықтан әлемдік қауымдастық Қазақстанның ядролық қаруды таратпау мәселелері жөніндегі көптеген бастамаларын белсенді қолдайды, ал БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік ядроға қарсы қозғалысқа басшылық етуі тиіс деп санайды.
Әдебиеттер тізімі
1. https://news.mail.ru/inworld/kazakhstan/politics/15291931//.
2. http://www.inform.kz/rus/article/2691664.
3. Н.А. Назарбаева «Казахстанский путь – 2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее» Послание Президента Республики Казахстан народу Казахстана. 17 января 2014 г. // Казахстанская правда.18.01. 2014 г.
4. http://www.inform.kz/rus/article/2691664.
5. http://www.kazpravda.kz/rubric/politika/nursultan-nazarbaev-prizivaet-mirovih-liderov-ukreplyat-yadernuu-bezopasnost/.
6. http://www.kazpravda.kz/pdf/26032014064236.pdf.
7. http://bnews.kz/ru/news/post/256390/.
8. http://bnews.kz/ru/news/post/273530/.
9. Кабрахманов К. Человеческие последствия испытаний ядерного оружия в Казахстане. – ТОО «Издательство Олке», 2013. - 335 с.
10. Лукашенко Р.С. Актуальные вопросы радиоэкологии Казахстана: Монография. Вып. 4. Т. 2. Сборник трудов Национального ядерного центра Республики Казахстан за 2011-2012 гг. Павлодар; Курчатов: «Дом печати», 2010. - 474 с.
Достарыңызбен бөлісу: |