Қр дін істері және азаматтық қоғам министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» кеақ



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет8/50
Дата26.05.2018
өлшемі5,03 Kb.
#17874
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   50

Бауыржан 
Момышұлы: 
«Патриотизм-Отанға, 
мемлекетке 
деген 
сүйіспеншілік,  жеке  адамның  аман  –  саулығы,    қоғамдық,  мемлекеттік 
қауіпсіздікке тікелей байланыстығын сезіну, өзінің мемлекетке тәуелді екенін 
мойындау, яғни патриотизм дегеніміз  – мемлекет деген ұғымды, оның жеке 
адаммен  барлық  жағынан  өткені    мен  бүгінгі  күні  және    болашағымен  
қарым-қатынасын білдіреді.»,- деп атап қөрсеткен.  
 
Отан    -  әрдайым  туған  анамызбен  бір  деңгейде  тұратын,  тіпті 
мазмұны  жағынан одан әлдеқайда биік бағалануға тиісті ең  қасиетті, ең ұлы 
анамыз.  
             Белгілі  ақын  және  саяси  қайраткер  М.Шахановтың  айтуынша 
қазақстандық  патриотизмнің  бастауында  қазақ  халқының  еркіндік  пен 
тәуелсіздік үшін күресінің танымал негіздегі үш тарихи  оқиғасының жастар 
бойындағы  патриоттық  рух  пен  ұлтжандылық  бітістерін қалыптастыруда 
ықпалы зор екендігін байқауға болады.  Ол  ірі  тарихи оқиғалар:  
  Отырар  шайқасы.  Шыңғыс  хан  әскеріне  қарсы    алты  айлық  беріспес 
шайқас қазақ халқының батырлық, рухтық деңгейдегі рухани күшін байқауға 
болады.  
  Еркіндік  пен  ұлттық  мемлекеттілікті  сақтап  қалу  үшін  болған  бір 
жарым ғасырға созылған жоңғар басқыншыларына қарсы күрес.  
  1986  жылғы  желтоқсан  оқиғасы.  Тоталитарлық  режимге  қарсы 
алғашқы    бас    көтеру    қазақ    жастарының      ұлттық    рухта  тәрбиеленіп,  
отаншылдық  сезімдерін  әлемге таныта білді.  
 Қазақ елінің батырлығын, елдігін, ұлтжандылығын паш ететін тарихы 
бай қор болып табылады. Сол тарихта орын  алған  тұлғалар, батырлар өмірі, 
саяси қайраткерлер, қиын-қыстау кезіндегі халықтың ерлігі қазіргі жастарда 
отансүйгіштік  қасиетті  тәрбиелеуде  үлгіге  айналуы  тиіс.  Өз  елінің  тарихы 
үшін,  ата-бабаларының  жасаған  ерліктері  үшін  үлкен  мақтаныш  сезімін 
тәрбиелеу  арқылы  отансүйгіштік  қасиетті  бойға  сіңіре  білу.  Өзінің  тіліне, 
дініне,  тарихына,  діліне  деген  сүйіспеншілікті  қалыптастыру,  яғни  ұлттық 
құндылықты басты орынға қою.  
Бүгінгі  күні  мемлекеттік  білім  беру  бағдарламасында  тәрбие 
жұмысының  негізгі  мақсаты  –  Қазақстандық  патриотизм,  азаматтық,  ізгілік 
және  жалпы    азаматтық    құндылықтар    идеяларының  негізінде 
тәрбиеленушінің  жеке  тұлға  ретінде  сапа  қасиетін  қалыптастыру  деп  атап 
көрсетілген.  Білім  беру  мен  тәрбиенің  негізгі  міндеті-  өз  елінің  азаматын, 


патриотын  тәрбиелеу    болса,  осыған  сәйкес  «қазақстандық  патриотизм  мен 
азаматтылық»  жас    ұрпақтың  тәрбиелік  деңгейін  бағалаудағы  көрсеткіш 
болып    табылады.  Ұлттық    патриоттық  сезімін  қалыптастырудың, 
адамгершілікке    негізделген  ұлтаралық    береке-бірлікті,  ынтымақтастықты, 
бейбітшілікті    нығайтудың    маңызы  зор.  Осыған  байланысты  жас  ұрпақты 
отансүйгіштікке, 
ерліке, 
адамгершілікке, 
елін, 
жерін 
қорғауға, 
шыншылдыққа, төзімділікке тәрбиелеу  қажет.  
Қазақ  халқы  қазіргі  жағдайда  өзінің  тәуелсіз  мемлекетінде  өмір  сүре 
отырып, ұлттық қасиетінің негізі – тілін, дінін, салт –дәстүрін дамытуға тиіс. 
Көпұлтты  Қазақстан  халқы  үшін  отансүйгіштік  сезімнің  рухани  саладағы 
тату-тәтті  тірлік,    азаматтық  келісімге  ғана    емес,  мемлекеттің  әлемдік 
өркениетті  елдер  көшіне  қосылып,  дүниежүзілік  қауымдастықтың  негізін 
нығайтуға да тікелей ықпалы бар. Отансүйгіштік  рух – қазақ  елінің лайықты 
орын алуына мүмкіндік беретін бірден – бір күш.  
Елдің  тәуелсіздігі  көп  нәрсеге  ой  салдырады.  Мұнда  тарихи  сананы 
ояту,  жоғалғанын    өзіне    қайтару,      өрлеу    дәуіріне      жол      ашу      деген   
мағына,    сондықтан  қазақстандық  патриоттық    тәрбие  деген  ұғым  тек  қана 
айтыла салатын дерексіз ұғым емес, ол ең алдымен  нақты, өз ұлтына, сонда 
тұрып жатқан халықтарға берілген, адал еңбек ете алатын, жалпы халықтық, 
әлеуметтік  мәдениетті  түсініп,  білетін  соның    нұсқаларын  өз  халқының  
қажетіне  жарата  алатын,  басқалары    түсіне  білетін  нағыз  адам  сүйгіштік, 
қазақстандық патриоттық рухтағы белсенді адамдарды тәрбиелеу үшін керек.  
Тәрбиенің  негізі,  оның  мақсаты,  міндеті,  мазмұны,  түрі,  құрылымы, 
әдісі,  тәсілі,    заңдылықтары,  принциптері,  құралдары  бар.  Сол  сияқты  
қазақстандық    патриотизмнің    мақсат,  міндеті,  түрі,  әдіс-тәсілі  бар.  Егер 
патриоттық тәлім-тәрбиемізде осы негіздер болмаса ол жай сөз болып қалуы 
мүмкін.  Өзін -өзі білмеген адам өзінің кім екенін түсінбейді. 
 Қазақстандық  патриотизмнің    негізі-  ежелгі  ұлттық  салт-дәстүр,  әдет-
ғұрып,  аңыз,  ертегілер,  жырлар,  кешегі    кеңестік  ортақ  дәуір,  Ұлы  Отан 
соғысындағы  түрлі  ұлт  өкілдері  –  қазақстандық  батырлардың  ерліктері 
туралы тарихи деректер болып табылады.  
Қазақстандық  патриотизм  –  Отан-анаға  деген    сүйіспеншілік  пен 
азаматтық  ерлік,  өнеге    көрсетушілік,  бойдағы  білім  мен  білікті,  ақыл-
парасатты ел игілігіне  жұмсау, ата-мекен  мүддесіне   арнау   болмақ.  
Өз елінің өткенін,  тілін, әдет -  ғұрыпын,   салт  -  дәстүрін   құрметтей   
білуде  осы    Қазақстандық    патриотизм    қанына   кіреді.  


«Патриотизм – дейді Бауыржан Момышұлы Отанға, мемлекетке деген 
сүйіспеншілік,  жеке  адамның  аман-  саулығы,  қоғамдық  мемлекеттік 
қауіпсіздікке  тікелей  байланыстығын    сезіну,  өзінің    мемлекетке  тәуелді 
екенін,  мемлекетті  нығайту,  жеке  адамды  күшейту  екенін  мойындау, 
қысқасын  айтқанда,  патриотизм  дегеніміз  –  мемлекет  деген  ұғымды,  оның 
жеке  адаммен  барлық  жағынан    өткенімен,  бүгінгі  күнімен  және 
болашағымен  қарым-қатынасын білдіреді». 
 Отансүйгіштік  қасиетті  қалыптастыруға  әсер  ететін    факторлар  – 
ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық игі дәстүрлер, ұлттық 
парыз, бірлік  және міндет. Ұлттық сезім-өзінің  ұлттық  өкілдігін   мойындай 
отырып, ұлтына деген сүйіспеншілік, жанашырлық, халық мұрларын бағалай 
білу. Бауыржан Момышұлы өзінің «Соғыс   психологиясы»    деген еңбегінде 
ұрыста адамға тән барлық  жоғарғы  және   төменгі сезімдерді барынша ашып 
көрсетеді.  Жоғарғы  сезімдер:  парыз,  адамгершілік,  ержүректілік,  ерлік, 
батырлық, қаһармандық  және тағы басқалары. Төменгі сезімдер: опасыздық, 
ұждансыздық, үрей, қорқыныш тағы басқалар. Әрбір адам өз Отанына деген 
мақтаныш  сезімін  өз  ұлтын  терең  сүю  арқылы  басқа  ұлттарды  танып, 
құрметтеуге тиіс. Ұлттық мақтаныш – ұлттық материалдық, әлеуметтік және 
мәдени жетістіктерінің негізінде қалыптасатын әрі алдыңғы қатарлы ұлттық 
идеялар,  ой-пікірлермен  байып  отыратын,  ұлт  бостандығы  және  саяси 
әлеуметтік бостандық жолындағы күрестің тарихымен байланысты әлуметтік 
психологиялық сезім болып саналады.                                                                                                                         
          Ұлттық  мақтаныш  -  өз  халқына,  отанның  еңбекшілеріне,  оның 
жасампаздығына,  тіліне,  мәдениетіне  сүйіспеншілікпен  қараудан  туады.  Ал, 
ұлттық  парыз  -  Отанға  деген  сүйіспеншілік,  сыртқы  жаулардан  елін,  жерін 
аман  сақтап,  ата-баба  дәстүріне  өте  сезімталдықпен  қарау.  Әскери 
патриоттық  тәрбие  берудің  негізгі  критерийлерін  анықтау  А.  Аранов,  В. 
Чудный,  Н.Конжиева,  А.  Выршиков      т.б.    еңбектерінде  көрініс  тапқан.  А. 
Выршиков      жастардың      Отан      қорғауға      дайындық    бағытында  саяси-
моральді    дене,  әскери    техникалық    және  алғашқы  әскери  дайындықтың 
өзара  байланысына  әскери  патриоттық  тәрбие  берудегі  ата-ана,  қоғамдық 
және  оқу, әскери  орындардың өзара байланыста  болу керек екенін құптай  
отырып,  әр  түрлі  жастағы  оқушыларға  әскери  патриоттық  тәрбие  берудің  
мазмұнына,  мақсатына,  міндетіне  тоқтала  келе  тәрбие    критерийлерін 
төмендегідей жіктейді.  


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау