Жастарды ұлтжандылыққа баулу мен патриоттық сананы
қалыптастыру мәселелері
Бүгінгі таңдағы көпұлтты Қазақстан мемлекетінде мекендейтін
халықтардың ұлтаралық ынтымақтастығын нығайту патриоттық тәрбиеге
тікелей байланысты. Өйткені бұл болашақ ұрпақты ұлттық бірегейлікті
сақтаудың, ұлтжандылыққа тәрбиелеудің басты жолдарының бірі.
Осыған орай қазіргі таңда жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу үшін
отан тарихын оқып үйрену және туған елге қызмет ету мүмкіндігін туғызу
мақсатында мемлекеттік деңгейдегі маңызды құжаттар орын алады:
«Қазақстан Республикасы Конституциясы», Қазақстан Республикасының
«Білім беру туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Тәрбие тұжырымдамасы
«Мәдени
мұра»
мемлекеттік
бағдарлама,
мемлекеттік
құжаттар
республикадағы білім және тәрбие үдерістерінде басшылыққа алынып отыр.
Себебі, қоғам мен мемлекеттің білім беру жүйесінің алдына қойып
отырған міндеттерінің бірі - ұлтжандылыққа тәрбиелеу болып табылады. Бұл
талаптың көкейкестілігі қазіргі әлемді жаһандандыру жағдайында
бұрынғысынан да өзекті бола түсуде.
Жастарға патриоттық тәрбие беру проблемасы кеңестік педагогика
психология ғалымдарының А.С.Макаренко, В.А. Сухомлинский, Ю.
Бабанский, Л.И. Божович, Н.И.Болдырев, Л.И. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн
ерекше көрініс алады. Оларда жастарды кеңестік патриотизмге тәрбиелеудің
мазмұны, принциптері мен әдістері қарастырылады.
Қазақтың ақын-жыраулары Ж. Баласағұн, М. Қашғари, Асан қайғы,
Шалкиіз, Ақтамберді жырау, Бұқар жырау, Махамбет
Өтемісұлы патриоттық
қасиеттерді жас ұрпақтың бойында тәрбиелеу туралы көзқарастарын терме-
жырлар арқылы толғаған.
Өз еліне, халқына, оның тарихына, салт-дәстүріне, мәдениетіне,
тіліне деген сүйіспеншілік, Отандық сезімнің нағыз үлгісін жастардың
бойында тәрбиелеу мәселелерін қазақтың белгілі ағартушы педагогтары
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, А.
Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов және т.б. өзіндік өмірлік-
шығармашылық қызметінде көрсеткен еңбектерінде аса көп көңіл бөлген.
Халық қаһарманы, белгілі жазушы,
қоғам қайраткері
Б. Момышұлының шығармаларында ұлтжандылық тәрбие мәселелері
кеңінен көрініс тапқан.
Ұлтжандылық, ұлттық патриотизм, қазақстандық патриотизм
проблемаларына көптеген философтар М. Қозыбаев, Ә.Нысанбаев, А.
Қалмырзаев, Л. Ахметова, К.Меңлібаев және т.б. аса назар аударды.
Соңғы жылдары Қазақстан ғалымдары арасында оқушыларды
ұлтжандылыққа тәрбиелеу проблемаларын зерттеуге қызығушылықтың
артқандығы байқалады. Халықтық педагогиканың мүмкіндіктері арқылы
оқушы- жастарды патриоттыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мәселесі А.А.
Қалыбекова, Т.М. Әлсатов, Р.К. Төлеубекова, А.Н. Көшербаева, Р.А.
Жаңабаева, Қ. Қ. Шалғынбаева, Ә.Т. Табылдиев, С. Ғаббасов, Қ.Б.
Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, Қ.Ж. Қожахметова және т.б. еңбектерін ерекше
атауға болады.
Егеменді ел жастарының санасына ұлттық ұлағатты қасиеттерді
сіңіре білудің мәні зор. Ақынжанды, ақжарқын, шешен, өнерпаз, өнегелі
халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәлім-тәрбиелік әдеттері мен
ережелері, рәсімдері мен салт - саналық дәстүрлері жас ұрпақтың жан
жүйесіне әсер етіп, санасына сіңсе, ұлттық мәдениетті игерген, иман
жүзді, инабатты ұрпақ жалпы азаматтық асыл қасиеттерге де ие
болады.
Халқымыздың әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық,
ізеттілік, «ілтипаттылық, қонақжайлық сияқты абыройлы қасиеттерін жас
ұрпақтың ақыл парсатына азық ете білу үшін әрбір тәрбиеші, ұстаз
халық педагогикасын, санғасырларда қалыптасқан салт – дәстүрлерді, әдет-
ғұрыптарды жан-жақты терең біліп, тебірене іс-қимыл жасауға тиіс. Ұстаз
ұлттық мәдениет үрдістерін өркениетті
өмірімен байланыстырып
тәлім-тәрбиеге пайдалана білуге міндетті.
Әрбір халықтың рухани азығының қайнар бұлағы оның халықтық
педагогикасы мен ұлттық салт-дәстүрлері болып табылады. Тән азығы мен
жан азығының тепе - теңдігін сақтап, әсіресе жан азығына
басым көңіл
бөлген халқымыз өміртануды діттеп, оның философиялық заңдылықтарын
терең ұғынған. Жан азығынан мақұрым қалған адамның адамдық қасиеті
жойылып, оның айуанға айналатынын ертеден ұғынған халқымыз жан
азығынан ең әуелі нәрестеге бесік жыры арқылы әуезді әуенмен беруден
бастайды, одан соң жас балдырған жеке сөздерді ұғына бастағанда-ақ, оған
жақсымен жаманды ажыратып, түсіндіреді. Ол үшін тақпақ, санамақ,