«qazaq banki» АҚ жеке тұЛҒаның тапсырмасы бойынша аударым операциясын жүргізуге жасалған шарт



жүктеу 120,19 Kb.
Pdf просмотр
Дата26.05.2018
өлшемі120,19 Kb.
#17952


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«QAZAQ BANKI» АҚ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ТАПСЫРМАСЫ БОЙЫНША 

АУДАРЫМ ОПЕРАЦИЯСЫН ЖҮРГІЗУГЕ ЖАСАЛҒАН ШАРТ 

 (СТАНДАРТТЫ ЕРЕЖЕЛЕР)

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Алматы қ., 2016 ж. 

 

 


МАЗМҰНЫ 

Тарау 1. Кіріспе ............................................................. Ошибка! Закладка не определена. 

1.1.   Терминдер мен анықтамалар .............................. Ошибка! Закладка не определена. 

1.2.  Негізгі ережелер .................................................. Ошибка! Закладка не определена. 

Тарау 2. Аударым операциясы .................................... Ошибка! Закладка не определена. 

2.1.  Аударым операциясын жүргізудің жалпы ережелері  ........... Ошибка! Закладка не 



определена. 

2.2.  SWIFT жүйесі арқылы ақшаны шетелдік валютада аудару. . Ошибка! Закладка не 



определена. 

Тарау 3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері .... Ошибка! Закладка не определена. 

3.1. 

Банктің құқықтары мен міндеттері  ................. Ошибка! Закладка не определена. 



3.1.1. 

Банк міндеттенеді: ......................................... Ошибка! Закладка не определена. 

3.1.2. 

Банк құқылы: .................................................. Ошибка! Закладка не определена. 



3.2.  Клиенттің құқықтары мен міндеттері  .............. Ошибка! Закладка не определена. 

3.2.1. 


Клиент міндеттенеді: ..................................... Ошибка! Закладка не определена. 

3.2.2. 


Клиент құқылы: .............................................. Ошибка! Закладка не определена. 

Тарау 4. Тараптардың жауапкершілігі  ...................... Ошибка! Закладка не определена. 

Тарау 5. Қорытынды ережелер .................................... Ошибка! Закладка не определена. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Тарау 1. Кіріспе 

1.1.Терминдер мен анықтамалар 

Банк – «Qazaq Banki» Акционерлік қоғамы; 

веб  –  сайт  – 

www.qazaqbanki.kz

www.7770.kzм



  мекенжайындағы  Банктің 

Интернеттегі ұжымдық сайты;    

 

Клиенттің банктік шоты – Банкпен банктік шотты ашуға жасалған шарт негізінде 

ашылатын ағымдағы шот, немесе Банкпен банктік салым шарты негізінде ашылатын жинақ 

шоты  

 

Банктік  құпия  –  Қазақстан  Республикасының  «Қазақстан    Республикасындағы 



банктер мен банк қызметі туралы» Заңының 50 бабында көрсетілген мәліметтер;   

ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі; 

Клиент  –  Банкке  төлемді  жүргізу  немесе  ақша  аудару  туралы  сілтеу  (тапсырыс) 

берген жеке тұлға;  



құпиялық  ақпарат  –  жүргізілген  аударым  туралы  мәліметтер,  соның  ішінде 

Жөнелтушінің  және/немесе  Алушының  кодтары,  фотосуреттері,  құжаттары,  аударым 

деректемелері және т.б.  

операция  жасалған  күн  –  Банк/Филиал/ФҚБ  Клиенттерден  ақша  аудару  туралы 

тапсырмалар және тоқтату туралы өкімдер, немесе осындай тапсырмаларды қайтару туралы 

тапсырмаларды 

қабылдайтын 

операциялық 

күннің 


жұмыс 

режимі 


туралы 

Банк/Филиал/ФҚБ бұйрығымен бекітілген уақыт мерзімі;  



БҰҰ – Біріккен ұлттар ұйымы; 

жеке  мәліметтер  –  Қазақстан  Республикасының  «Жеке  мәліметтер  және  оларды 

қорғау  туралы»  Заңына  сәйкес  электрондық,  қағаз  және  (немесе)  басқа  материалдық 

тасымалдағышта Клиентке қатысты бекітілген мәліметтер;  

аударым  операциясы  –  Банктің  лицензиясы  негізінде  және  Қазақстан 

Республикасының  «Қазақстан  Республикасындағы  банктер  және  банк  қызметі  туралы» 

Заңына, Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлемдік жүйелер туралы» Заңына 

және осы Шартқа сәйкес орындалатын төлем немесе ақша аударымы;  



ФҚБ – Банк филиалының құрылымдық бөлімшесі; 

Банк  тарифтері  –  «Qazaq  Banki»  АҚ  операцияларды  жүргізудің  жалпы  талаптары 

туралы  Ережелерге  сәйкес  бекітілген,  Клиенттерге  ұсынылатын  Банктің  қызметі  үшін 

комиссиялардың тізімі;   

мәліметтерді трансшекаралық табыстау – жеке мәліметтерді шетелдік мемлекеттік 

өкімет органына, шетелдік мемлекеттік жеке немесе заңды тұлғасына табыстау;  



уәкілетті орган – қаржы нарығына және қаржы ұйымдарына реттеу мен қадағалауды 

жүргізуші мемлекеттік орган (Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (бұдан әрі ҚР ҰБ), 

немесе оның құқығын қолданушы);  

филиал  –  Банк  орналасқан  жерден  тыс  орналасқан  және  оның  атынан  банк 

операцияларын  жүргізуге  берілген  лицензия  негізінде  банк  операцияларының  барлығын 

немесе бір бөлігін орындайтын Банктің ерекшеленген бөлімшесі;   

ФАТФ – қылмыстық кірістерді жылыстауға және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы 

әрекет  ету  саласындағы  дүниежүзлік  стандарттарды  жетілдірумен  айналысатын 

үкіметаралық ұйым;   

FATCA  –  Америка  Құрама  Штаттарының  шетелдік  қаржы  институттарында  

(Америка  Құрама  Штаттарының  қаржы  институттарынан  басқа)  банк  шоттары  бар 

американдық  салық  төлеушілердің  салық  төлеуден  жалтаруға  қарсы  әрекет  етуге 

бағытталған шетелдік шоттарға салықтық бақылау жасау туралы заңы;     



OFAC – банктерге арналған және АҚШ Қазынашылық Шетелдік Активтерге Бақылау 

жасау  басқармасымен  (OFFICE  OF  FOREIGN  ASSETS  CONTROL  U.S.  TREASURE 

DEPARTMENT, OFAC) жүргізуге тыйым салынған банк клиенттерінің шетелдік валютада 

жасалған төлемдерін анықтауға мүмкіндік беретін бағдарлама. Бұндай төлемдерге, ішінара, 

лаңкестік  ұйымдардың  пайдасына  жасалған  төлемдер,  БҰҰ  тыйым  салған  келісімдер 



бойынша төлемдер, БҰҰ және АҚШ санкциялары салынған контрагенттердің пайдасына 

жүргізілген төлемдер жатады;  



SWIFT  –  ақпаратты  жолдау  және  төлемдерді  жасау  бойынша  халықаралық 

банкаралық  жүйе  (Society  for  Worldwide  Interbank  Financial  Telecommunications, 

дүниежүзілік банкаралық қаржы телекоммуникациялардың қоғамдастығы).  

 

1.2. Негізгі ережелер 

1.2.1.  Осы  Шарт  «Qazaq  Banki»  АҚ  жеке  тұлғаның  тапсырмасы  бойынша  аударым 

операциясын жүргізуге (стандартты ережелер) (бұдар әрі – Шарт) Қазақстан Республикасы 

заңнамасының  талаптарына  сәйкес  жеке  тұлғамен  жүзеге  асырылатын  стандартты 

ережелерді және аударым операциясын жүргізу тәртібін анықтайды.   

1.2.2.  Банк  Клиенттен  Шартқа  қосылу  туралы  жазбаша  келісімін  берген  кезден  бастап 

Шарт  жасалды  деп  есептеледі,  ол  Клиенттің  қолы  қойылған,  қосылу  шартынан  тұратын 

төлемдік құжатындағы Банктің белгісімен расталады. 

1.2.3.  Осы  Шартты  жасағаннан  кейін,  осы  Шарттың  1.2.2  тармағына  сәйкес  Банк  және 

Клиент  құқықтарға  ие  болады  және  барлық  сәйкес  міндеттемелерді  өзіне  қабыладайды, 

сонымен қатар осы шартқа және басқа құжаттарға, сонымен қатар Қазақстан Республикасы 

заңнамасының  талаптарына  сәйкес  аталған  міндеттемелерді  орындамағаны  үшін 

жауапкершілік артады. 

1.2.4.  Шарт барлық ФҚБ және Банк филиалдарында, сонымен қатар веб-сайтқа жүктелген.    

1.2.5.  Осы Шартқа сәйкес Банк Клиенттің тапсырмасы бойынша бір жолғы негізде келесі 

аударымдық операцияларды орындайды:   

1)  Клиенттің банктік шотынан ақша аудару; 

2)  Клиенттің банктік шотын ашусыз ақша аудару (соның ішінде төлем).    

1.2.6.  Аударым операциясын жасау үшін осы Шартта көзделген ереже Клиентті Қазақстан 

Республикасы  «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді  заңдастыруға (жылыстауға) және 

лаңкестікті  қаржыландыруға  қарсы  әрекет  ету  туралы»  Заңының  талаптарына  сәйкес 

сәйкестендіру болып табылады. 

1.2.7.  Аударым  операциясы  үшін  төлем  Клиентпен  Банк  пайдасына  осы  Шартты  жасау 

күнінде  қолданыстағы  Банк  Тарифтерінде  белгіленген  мөлшерде  және  мерзімде,  талап 

етілген соманы Банк кассасына төлеу жолымен, немесе Клиенттің банктік шотын тікелей 

дебеттеу жолымен жүзеге асырылады.  

1.2.8.  Осымен Клиент Банкке өзінің шартсыз келісімін береді:  

1)  өзінің  жеке  мәліметтерін  жинауға,  өңдеуге,  сақтауға  (соның  ішінде  трансшекаралық 

табыстауға)  және  Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  рұқсат  етілетін  кез  келген 

қолдануға, соның ішінде Клиентке қатысты барлық мәліметтер және Банкке оның қызмет 

ету  процесінде  және/немесе  Клиент  пен  Банк  арасындағы  азаматтық-құқықтық/еңбек 

және/немесе  басқа  да  қатынастар  жасау  кезінде  белгілі  болған  немесе  белгілі  болатын 

электрондық,  қағаз  және/немесе  басқа  материалдық  тасымалдағышта  белгіленген 

мәліметтер.  Банк  жеке  мәліметтерді  жинауға  және  өңдеуге  тек  қана  Қазақстан 

Республикасының  «Жеке  мәліметтер  және  оларды  қорғау  туралы»  Заңына    сәйкес  және 

сонымен шектелетіндей және/немесе Клиент пен Банк арасында жасалған/жасалып жатқан 

банк қызметтерін көрсету туралы барлық және кез келген Шарттарына сәйкес орындауға 

құқылы.  Бұл  ретте  Клиентке  немесе  оның  заңды  өкіліне  бұл  келісімді  қайтарып  алуға 

құқығы  жоқ  екендігі  белгілі,  егер  бұл  қайтарып  алу  Қазақстан  Республикасының  «Жеке 

мәліметтер  және  оларды  қорғау  туралы»  Заңына  қайшы  келсе,  немесе  Клиенттің  Банк 

алдында орындалмаған міндеттемелері болса;  

2)  Банкке  жеке  мәліметтерді  жинау  мен  өңдеуге  қатысты  шағымдар  болмаса,  егер  Банк 

Қазақстан  Республикасының  «Жеке  мәліметтер  және  оларды  қорғау  туралы»  Заңының 

және/немесе Банк пен Клиент арасындағы сенімхаттар талаптарын сақтаған жағдайда; 

3)  Банктің  Банк  қызметтерін  ұсыну  туралы  шарттарды  жасасқан  және  орындаған  кезде, 

соның  ішінде  Клиентті  сәйкестендіру  мақсатында  алынған  Клиенттің  бейнесін 



(фотосуреттерді және бейнежазбаларды) қолдануына;  

4)  осы  Шартта  және  Банк  пен  Клиент  арасында  жасалған  басқа  шарттарда  көзделген 

негіздер  бойынша,  сонымен  қатар  Қазақстан  Республикасының  «Жеке  мәліметтер  және 

оларды  қорғау  туралы»  2013  жылғы  21  мамырдағы  №  94-V  Заңына  сәйкес  талап  ету 

құқығын қайтарумен/қайтарусыз табыстау нәтижесінде, Банкпен жеке мәліметтерді, немесе 

жеке  мәліметтері  бар  құжаттарды  Банкке  қатысты  өткізілетін  аудит  шеңберінде 

аудиторларға, коллекторлық компанияларға Клиенттің қосымша келісімісіз табыстауға; 

1.2.9.  Банк  Қазақстан  Республикасының  «Қылмыстық  жолмен  алынған  кірістерді 

заңдастыруға  (жылыстауға)  және  лаңкестікті қаржыландыруға  қарсы  әрекет  ету  туралы» 

Заңының, сонымен қатар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптары 

ескерілген, Шартта көзделген аударымдық операцияны жасайды.   

1.2.10. Осы Шартқа қол  қоя отырып, Клиент  Қазақстан Республикасының заңнамасымен, 

немесе  шетелдік  мемлекеттік  валютаға  қатысты,  соның  ішінде  (бірақ  шектелмей) 

валюталық  шектеулерді  енгізу,  сонымен  қатар  салықтарды  немесе  басқа  да  міндетті 

төлемдерді енгізуге байланысты орын алуы мүмкін шетелдік валютадағы аударым жасауға 

байланысты  Алушыға  аударым  кешіктіріліп/толық  жетпей  қалу  тәуекелін  өзіне 

қабылдайды.   

1.2.11. Клиент  Банктің  Клиентке  шетелдік  валютада  аударым  операциясын  орындаудан 

немесе тоқтатудан бас тартуға құқылы екені ескертілді және оған келіседі, егер бұндай бас 

тарту немесе тоқтату Банкпен кез келген ел немесе халықаралық ұйымның (соның ішінде, 

бірақ  шектелмейтіндей,  ФАТФ,  ООН,  OFAC)  құзыретті  заңына  сәйкес  салынған 

санкцияларға орай орындалса. Бұл ретте Банк жоғарыда аталған санкцияларға байланысты 

Клиенттің  тапсырмасын  орындауда  немесе  тоқтатуда  Банктің  бас  тартуымен  Клиенттің 

шеккен зардабы үшін ешқандай жауапкершілік артпайды.  

1.2.12.  Клиент  Банкке  Қазақстан  Республикасының  «Қылмыстық  жолмен  алынған 

кірістерді заңдастыруға (жылыстауға) және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы әрекет ету 

туралы»  Заңында  көзделген  жағдайда  және  Қазақстан  Республикасы  заңнамасының 

талаптарында көзделген басқа жағдайларда төлемдік құжатын құптаудан бас тартуға деген 

құқықты ұсынады. Клиентке төлем құжатын орындаудан бас тарту туралы хабарлау Клиент 

Банкке жүгінген кезде ауызша тәртіпте, немесе операция жүргізу кезінде Клиент көрсеткен 

телефон нөмірі бойынша телефон шалу арқылы жүзеге асады. 

Тарау 2. Аударымдық  операция  

2.1. 

Аударымдық операцияны орындаудың жалпы ережелері   

2.1.1.  Банк  аударым  операциясын  Клиенттің  тапсырмасымен  немесе  жеке  немесе  заңды 

тұлғаның пайдасына шетелдік валютада орындайды. 

2.1.2.  Клиенттің  банктік  шотынан  ақша  аударымы  Банкпен  Клиенттің  тапсырмасы 

бойынша  Клиенттің  банктік  шотындағы  ақша  қалдығымен  шектелетін,  осы  Шартта 

қарастырылған  ережелер  бойынша,  Шартты  жасау  күнінде  қолданыстағы  Тарифтерге 

сәйкес операцияны орындағаны үшін сыйақы сомасы ескерілген  сомада  орындалады. 

2.1.3.  Аударым  операциясы  Шарттың  ережелеріне  және  Банктің  ішкі  нормативтік 

құжаттарына,  сонымен  қатар  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  Банкпен 

белгіленген тәртіпте барлық қажетті құжаттар Клиентпен ұсынылған жағдайда  Қазақстан 

Республикасы  заңнамасының  талаптарына  сәйкес  үлгі  бойынша  Клиенттің  төлемдік 

құжаты негізінде орындалады. 

2.1.4.   Аударымдық операция Клиент келесі құжаттарды ұсынған кезде орындалады: 

- жеке басын куәландыратын құжат; 

-  ЖСН  (Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  Клиентке  ЖСН  берілмеген 

жағдайдан басқасы);  

-  аударымды  Алушының  деректемелері:  аударым  тағайындалған  ел  және  қала,  аударым 

сомасы және Алушының аты-жөні/атауы;  




-  Қазақстан  Республикасы  заңнамасының,  шетелдік  мемлекет  заңнамасының,  төлем 

жүйелерінің талаптарына сәйкес аударым жүргізу үшін қажетті басқа да деректемелер мен 

құжаттар.   

2.1.5.  Төлем  және  ақша  аударымын  Банк  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында 

көзделген  талаптарды  ескеріп,  осындай  операцияны  өңдеу    үшін  қажетті  тәртіпте  және 

мерзімде орындауға тиіс.  

2.1.6.  Банк келесі төлемдік құжатты орындауға қабылдамайды:     

- түсініксіз сілтеулері бар;  

-  Клиент  толтырмаған  немесе  Клиенттің  қолы  қойылмаған,  немесе  Қазақстан 

Республикасының заңнамасында көзделген мәліметтері жоқ;   

- қаламсаптан басқа кез келген жазатын затпен толтырылған; 

-  түзетулері  бар,  сонымен  қатар  Қазақстан  Республикасы  заңнамасының  талаптарын 

бұзатын операцияларды орындау туралы тапсырмалар;  

- Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар кезінде.   

Банк бұндай төлемдік құжатты Клиентке бас тарту себептерін түсіндірумен қайтарады. Осы 

кезде Банк осындай тапсырманы орындаудан бас тартуына байланысты Клиенттің көтерген 

шығындары мен зардаптары үшін Банк жауапты емес.  

2.1.7.  Осымен  Тараптар  Клиенттің  төлемдік  немесе  ақша  аударымын  орындау  бойынша 

тапсырмасы,  соның  ішінде  салық  немесе  басқа  да  бюджетке  төленетін  төлем  ФҚБ/Банк 

филиалында белгіленген операциялық күн ішінде қабылданатынына келіседі. 

2.1.8.  Қабылданған тапсырма бойынша төлем немесе ақша аударымы Банк Тарифтерінде 

белгіленген уақытқа сәйкес Банктің жұмыс күнінде орындалады. 

2.1.9.   Клиенттің  төлемдік  немесе  ақша  аударымын  орындау  бойынша  тапсырмасы 

сенбі/жексенбі  күні,  немесе  мейрам  күні,  сонымен  қатар  Банк  Тарифтерінде  көрсетілген 

уақыт соңында қабылданса, онда төлемді немесе ақша аударымын жүргізу келесі жұмыс 

күн ішінде орындалады. 

2.1.10. Төлемдік  құжатта  Клиентпен  валюталау  күні  көрсетілуі  мүмкін,  бірақ  төлемдік 

құжатты жазған күннен бастап 10 (он) күнге дейін орындалады. Осындай төлемдік құжатты 

құптауға  байланысты  Банктің  құқықтары  мен  міндеттері  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасымен реттеледі. 

2.1.11.  Банктің  құптаған  тапсырмасын  Клиенттің  өтінімі  бойынша  қайтару  Қазақстан 

Республикасының  заңнамасымен  белгіленген  тәртіпте  және  мерзімде  орындалады.  Бұл 

ретте  Банк  Банк  Тарифтеріне  сәйкес  комиссиялық  сыйақы  ұстайды.  Аударым  жасағаны 

үшін Клиетпен төленген комиссиялық сыйақы Клиентке қайтарылмайды. 

2.1.12. Мәліметтері мемлекеттік органдарға, соттарға «электрондық үкімет» шлюзі арқылы 

Банкпен  ұсынылған,  Мемлекеттік  қызметтер  үшін  төлемдер  және  бюджетке  төленетін 

төлемдерге  байланысты  төлем  және  ақша  аударымы  бойынша  тапсырманы  қайтаруға 

болмайды. 

2.1.13.  Клиент  төлемдік  құжатқа  қол  қою  арқылы  төлемдік  құжатта  Жөнелтуші  мен 

Алушының деректемелерін, және Қазақстан Республикасының заңнамасына және шетелдік 

мемлекеттің  заңнамасына  сәйкес  талап  етілетін  басқа  да  деректемелердің  дұрыс 

көрсетілмеуіне байланысты бүкіл жауапкершілікті өзіне қабылдайтындығын жариялайды 

және оған кепіл береді. 

 

2.2. 



SWIFT жүйесі арқылы шетелдік валютада ақша аудару. 

2.2.1.  SWIFT жүйесі арқылы шетелдік валютада ақшаны аудару корреспондент – банктер 

арқылы орындалады.   

2.2.2.  Клиент  корреспондент-банктің  сұратуы  бойынша  операцияға  және  ондағы 

қатысушы тұлғаларға қатысты мәліметтер мен түсініктелемелерді  Банкпен ұсынатынына 

өзінің шартсыз келісімін береді. Корреспондент-банктен Банкте жоқ қосымша мәліметтер 

мен түсініктемелерді ұсыну бойынша сұрату түскен жағдайда Клиент бұндай мәліметтерді 

Банкпен  анықталған  көлемде  және  мерзімде  ұсынуға  міндеттенеді.  Бұл  ретте  Клиент 




осындай мәліметтерді ұсынбаған жағдайда, орындалмаған төлемдік немесе ақша аударымы 

үшін  жауапты  болып  табылмайды.  Бұл  жағдайда  аударым  операциясы  үшін  комиссия 

Клиентке қайтарылмайды. 

2.2.3.  Ақша  аударымы  бойынша  операцияны  жүргізген  кезде  корреспондент-банк 

шетелдік мемлекеттік заңнамалық талаптарын басшылыққа алып, келесіге құқылы:  

1) Жасалатын операция туралы кез келген қажетті қосымша мәліметтерді алу мақсатында 

Клиенттің ақша аударымын белгісіз мерзімге тоқтатуға; 

2) Ақшаны Банкке қайтарып, ақша аударымын аяқтау себептерін нақтылаусыз, бас тартуға; 

3) Белгісіз уақытқа ақшаға тосқауыл салуға. 

2.2.4.  Шарттың 2.2.2 тармағында аталған себептерден операцияны аяқтау мүмкін болмаған 

жағдайда  Банк  операцияны  жүргізуге  қатысқан  корреспондент-банктердің  әрекеті  үшін 

жауапты болмайды. 

2.2.5.  Егер корреспондент-банктердің комиссиялық сыйақысы корреспондент-банктермен 

аударым сомасынан ұсталатын болса, Банк Алушыға төлем немесе ақша аударымы толық 

көлемде жетпегені үшін жауапты болмайды.   

 

2.3. Жылдам ақша аударымдары жүйесі бойынша аударымды жүргізу   

2.3.1.  Банк  жеке  тұлғалардың  ақша  аударымдарын  шот  ашусыз  келесі  жылдам  ақша 

аударым жүйелері бойынша орындайды:   

- «Unistream» (ЮНИСТРИМ) жылдам ақша аударым жүйесі; 

- «Western union» (Вестерн Юнион) жылдам ақша аударым жүйесі; 

- «CONTACT» (Контакт) жылдам ақша аударым жүйесі; 

- «Золотая корона» жылдам ақша аударым жүйесі. 

2.3.2.  Жылдам ақша аударым жүйесі бойынша аударым жасау үшін Клиент төлемдік жүйе 

талаптарына сәйкес аударым жасау өтінішіндегі деректемелерді толтыруы, және Клиенттің 

жеке  тұлғасын  куәландыратын  құжаттың  түпнұсқасын,  және  Қазақстан  Республикасы 

заңнамасының талаптарына сәйкес басқа да құжаттарды ұсынуы тиіс. 

2.3.3.  Жылдам ақша аударым жүйесі бойынша аударым жасау төлемдік жүйе белгіленген 

талаптарға сәйкес орындалады. 

2.3.4.  Осымен  Клиент  ақша  аударым  жасау  алдында  ақша  аударылатын  елдегі  ақша 

аударымын  жасау  және  төлеу  шарттары,  соның  ішінде  ақшаларды  төлеу  бойынша 

қолданылатын шектеулер мен лимиттер туралы ақпаратпен танысқандығын растайды. 

2.3.5.  Ақшаны  аударғаннан  кейін  Клиент  Алушыға  шұғыл  түрде  ақша  аударымын  алу 

үшін қажетті ақша аударымының деректемелерін ақша аударылатын елдегі қолданыстағы 

төлемдер шарттары мен қолданылатын шектеулерді ескеріп, хабарлауға тиіс. 

2.3.6.  Жіберілген  аударымға  өзгерістер  енгізу  сәйкес  аударымды  Алушыға  төлеу  кезіне 

дейін Өзгерістерді енгізу туралы сәйкес Өтініш негізінде мүмкін. Бұл ретте Клиент бақылау 

нөмірін хабарлауға және жеке тұлғасын куәландыратын құжат ұсынуға тиіс.  

2.3.7.  Жеке  тұлғаның  пайдасына  жіберілген  аударымды  қайтару  ақша  аударымын 

қайтаруға жасалған сұрату кезінде ақша Алушыға төленбеген жағдайда ғана мүмкін. 

2.3.8.  Ақша  аударымы  комиссия  сомасымен  бірге  Клиентке  төлем  жүйесінің 

бастамалығымен себептерін атаусыз қайтарылуы мүмкін. 

2.3.9.  Аударымды  төлеу  төлемдік  жүйемен  Банктен  Алушы/Жөнелтуші  бойынша 

қосымша ақпарат алғанға дейін кешігуі мүмкін.  

2.3.10.   Клиент  Қазақстан  Республикасы  заңнамасының  және  ақша  аударымдарын 

жасайтын ұйымдарға таралатын халықаралық заңнамасының талаптарына, сонымен қатар 

Еуропалық  Одақ  және  АҚШ  заңнамасының  талаптарына  байланысты  төлемдік  жүйемен 

тосқауыл салынған аударымға өзгеріс енгізуге немесе оны жоюға құқығы жоқ.   



Тарау 3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

 

3.1. Банктің құқықтары мен міндеттері 



3.1.1.  Банк міндеттенеді: 

3.1.1.1.  Осы Шартқа, шетелдік валютаға қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының 

талаптарына,  шетелдік  мемлекет  заңнамасының  талаптарына  және  халықаралық  заңнама 

талаптарына байланысты ұлттық және шетелдік валютада аударым операциясын жасауға; 

3.1.1.2.  ФҚБ/Банк  филиалының  белгіленген  жұмыс  кестесіне  сәйкес  Банктің  операция 

күнінде Клиентке қызмет көрсетуге; 

3.1.1.3.   Клиентке аударым операциясын жүргізгенге дейін операцияны жүргізу шарттары 

туралы, сонымен қатар Банк Тарифтері туралы ақпаратты ұсынуға; 

3.1.1.4.  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  және  осы  Шартта  көзделген 

жағдайлардан басқа кезде Клиентке қатысты банктік құпияны, сонымен қатар Клиенттің 

жеке мәліметтерін жариялауға;   

3.1.1.5.   Шартты жасасқаннан кейін және оның әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін (төлем 

немесе ақша аударымы аяқталғанға дейін) Клиентке көрсеткен аударым операциясы үшін 

комиссиялық  сыйақы  мөлшерін  өзгертуге,  сонымен  қатар  Банк  Тарифтеріне  өзгерістер 

енгізілген  жағдайда  төлем  немесе  ақша  аударымының  сомасынан  айырмасын  ұстап 

қалмауға.   

 

3.1.2.  Банк құқылы: 



3.1.2.1.  Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, халықаралық/ үкіметаралық 

келісімдерге,  шетелдік  заңнама  талаптарына,  соның  ішінде  FATCA,  ФАТФ,  ақша 

аударымдарының халықаралық жүйелерінің талаптарына сәйкес аударымдық операцияны 

жүргізуге қажетті құжаттар мен ақпаратты Клиенттен талап етуге; 

3.1.2.2.  Клиент пайдасына түскен аударымды Клиентке төлеу үшін ФҚБ/Банк филиалында 

жеткілікті  ақша  сомасы  болмаған  жағдайда,  аталған  аударымды  Клиент  Банкке  келген 

күннен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде орындауға; 

3.1.2.3.  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  және/немесе  шетелдік  мемлекет 

заңнамасында  көзделген  Клиентке  қатысы  бар  жағдайларда,  және/немесе  Шарт 

ережелеріне  сәйкес  Клиенттің  тапсырмасын  орындау  мақсатында  кез  келген  қажетті 

ақпаратты үшінші тұлғаға табыстауға, бұған Клиент шартсыз келіседі.  

3.1.2.4.  Егер Клиент сәйкестендірілмесе, немесе осы Шартта және Қазақстан Республикасы 

заңнамасының талаптарымен көзделген құжаттар ұсынылмаса, немесе Клиентпен жасанды 

құжаттар ұсынылса төлемді немесе ақша аударымын жасаудан бас тартуға; 

3.1.2.5.  Клиенттің  жеке  мәліметтерін  жинау  мен  өңдеуді  Қазақстан  Республикасының 

«Жеке мәліметтер және оларды қорғау туралы» Заңына, сонымен қатар Клиент пен Банк 

арасында жасалған /жасалып жатқан шарттарға сәйкес орындауға; 

3.1.2.6.  Банкпен  Қазақстан  Республикасының  «Қылмыстық  жолмен  алынған  кірістерді 

заңдастыруға  (жылыстау)  және  лаңкестікті  қаржыландыруға  қарсы  әрекет  ету  туралы» 

Заңының  талаптарын  орындау  мақсатында,  немесе  Банкте  Қазақстан  Республикасының 

«Қылмыстық  жолмен  алынған  кірістерді  заңдастыруға  (жылыстау)  және  лаңкестікті 

қаржыландыруға  қарсы  әрекет  ету  туралы»  Заңына  сәйкес  деп  танылатын  Клиенттің 

қылмыстық  жолмен  алынған  кірістерді  заңдастыруға  (жылыстау)  және  лаңкестікті 

қаржыландыруға қатысы бар екені туралы негіздер болса бір жақты тәртіпте осы Шартты 

орындаудан бас тартуға; 

 

3.2. 



Клиенттің құқықтары мен міндеттері 

3.2.1.  Клиент міндеттенеді: 

3.2.1.1.  Осы Шартқа сәйкес міндеттерді уақытылы және толық орындауға; 

3.2.1.2.  Операцияны  орындаған  кезде  Банк  Тарифтеріне  сәйкес  осы  Шартта  көзделген 

тәртіпте аударым операциясын төлеуге; 




3.2.1.3.  Банктің  талап  етуі  бойынша  Клиентпен  жүргізілетін  операцияның  заңдылығын 

және  дұрыстығын  растаушы  құжаттарды  ұсынуға,  соның  ішінде  Қазақстан 

Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстау) және 

лаңкестікті қаржыландыруға қарсы әрекет ету туралы» Заңының талаптары бойынша; 

3.2.1.4.  Төлемдік  құжаттардың  деректемелерін  дұрыс  көрсетпегені  үшін  тәуекелдер  мен 

жауапкершілікті өзіне алуға; 

3.2.1.5.  Клиенттің  кінәсінен  Банктің  барлық  жасалған  шығындары  мен  сот  шығындарын 

шартсыз тәртіпте өтеуге; 

3.2.1.6.  Алушының  аударымды  алу  үшін  қажетті  аударым  деректемелерін  табыстаудан 

басқа,  ақша  аударымы  және  үшінші  тұлғалардың  жеке  мәліметтері  туралы  ақпаратты 

(ауызша, жазбаша немесе электронды түрде) табыстауға,  

3.2.1.7.   Қазақстан  Республикасының  заңнамалық  нормаларына  және  осы  Шартқа  сәйкес 

басқа да міндеттерді орындауға.  

 

3.2.2.  Клиент құқылы: 

3.2.2.1.  Аударым операциясы туралы толық ақпарат алуға; 

3.2.2.2.  Қазақстан  Республикасының  заңнамалық  талаптарына  қайшы  келмейтін, 

Қазақстан  Республикасы  заңнамасына  және  осы  Шартқа  сәйкес  тиісті  түрде  рәсімделген 

құжаттарды ұсынумен ақша аударымын жасау үшін Банкке жазбаша тапсырма ұсынуға; 

3.2.2.3.  Төлемдік  құжатта  ағымдағы  жұмыс  күнінен  ерте  емес  және  төлемдік  құжатты 

жазған күннен бастап 10 (он) күннен асырмай валюталау күнін көрсетуге; 

3.2.2.4.  Банк Шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда Шартты бұзуға; 

3.2.2.5.  Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сәйкес басқа да құқықтарды 

орындауға.  

 

Тарау 4. Тараптардың жауапкершілігі   

4.1. Осы  Шарттың  ережелерін  бұзған  жағдайда  Тараптар  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасына  сәйкес  жауапкершілік  артады.  Бұл  ретте  Банктің  жауапкершілігі  тікелей 

жасалған зардап сомасымен шектеледі. 

4.2. Банк қабылданған Клиенттің аударым операциясын орындауға берілген тапсырмасын 

орындамағаны  үшін  немесе  кешіктіріп  орындағаны  үшін  жауапты  емес,  егер  бұндай 

орындамау немесе кешіктіріп орындау электр энергиясын ажыратуға, байланыс желілерінің 

бүлінуіне, сонымен қатар Банкке қатысы жоқ басқа да себептерден орын алса. 

4.3. Банк төлемдік немесе ақша аударымын орындаған кезде Клиенттің қателесіп көрсеткен 

қателері үшін жауапты емес. 

4.4. Егер  Клиенттің  тапсырмасын  орындау  есептік  операцияларда  қатысатын    ҚР  ҰБ 

Қазақстандық банкаралық есептесу орталығының, SWIFT жүйесінің және корреспондент-

банктердің кінәсінен кешіктірілсе, Банк Клиенттің алдында жауапты емес. 

4.5.   Тараптар 

міндеттемелердің  толық  немесе  ішінара  орындалмағаны  үшін 

жауапкершіліктен  босатылады,  егер  ол  еңсерілмейтін  күш  жағдайлары  (форс-мажор) 

салдарынан  орын  алса:  өрт,  су  басу,  жер  сілкінісі,  электр  энергиясы  ажырағанда, 

Тараптардың  кез  келгені  үшін  орындалуы  міндетті  болып  табылатын  мемлекеттік 

органдардың және ҚР ҰБ шешімдері, Тараптардың бақылауынан тыс заңнамалардың және 

басқа да жағдайлардың өзгеруі. 

Жалпыға  белгілі  сипаттағы,  бұқаралық  ақпараттар  құралының  хабарлауынан  шығып 

кететін  еңсерілмейтін  күш  жағдайлары  қосымша  дәлелдер  мен  хабарламаларды  талап 

етпейді.  Еңсерілмейтін  күштің  барлық  басқа  жағдайларына  қатысты  дәлелдер  мүдделі 

Тарапқа  ұсынылады.  Осы  кезде  құзырлы  органның  берген  куәлігі  еңсерілмейтін  күш 

жағдайының  бар  болуы  мен  әрекет  ету  ұзақтылығының  жеткілікті  растауы  болып 

табылады.  



4.6. Банк құпиялық ақпараттың таралғаны үшін жауап бермейді, егер құпиялық Клиенттің 

кінәсінен  бұзылса  немесе  құпиялық  ақпарат  үшінші  тұлғаларға  басқа  көздерден  белгілі 

болса. 

4.7. Тараптар  Қазақстан  Республикасы  заңнамасының    нормаларына  және  осы  Шартқа 



сәйкес  осы  Шарт  бойынша  міндеттемелерді  орындамағаны  және/немесе  тиісті 

орындамағаны үшін жауакершілік артады. 

 

Тарау 5. Қорытынды ережелер 

5.1.  Осы  Шарттан  шығатын  барлық  дауларды  Тараптар  келіссөздер  жүргізу  жолымен 

реттеуге тырысатын болады.  

5.2. Тараптар  өзара  келісім  жасау  бойынша  дауларды  реттеу  мүмкін  болмаған  жағдайда 

даулар  осы  Шарт  жасасқан  орын  бойынша  соттың  қарауына  беріледі  және  Қазақстан 

Республикасының заңнамасына сәйкес қарауға жатады. 

5.3. Клиент  осы  Шартқа  қол  қойған  кезде  Банктің  Тарифтерімен  танысқанын  және  оған 

келісетіндігін растайды. 

5.4.  Шартқа  өзгерістер  мен  толықтыруларды  енгізу  Банкпен  Клиентке  осындай 

өзгертулерді енгізу туралы хабарламаларды 14 (он төрт) күнтізбелік күн қалғанда Банктің 

барлық бөлімшелері мен филиалдарында хабарлама ілу және веб-сайтта хабарламалар ілу 

арқылы хабарлап, бір жақты тәртіппен орындалады. 

5.5. Осы  Шартқа  Клиент  қол  қойып,  Банкке  банк  қызметтері  мен  өнімдері  бойынша 

ақпараттандыруды,  Клиенттің  ұялы  телефон  нөміріне  және  электрондық  пошта 

мекенжайына  СМС-хабарламаларды  жіберу  жолымен  жүзеге  асыруды  қарастыруға 

келісімін береді. 

5.6. Осы  Шарттың  бір  бөлігі  Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  белгіленген 

тәртіпте жалған деп танылса, онда аталған дерек бүкіл Шартты тұтастай және/немесе оның 

бөлек бөліктерін автоматты түрде жалған деп есептеуге себепші болмайды.  

5.7.    Осы Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлем немесе аударым 

жасалып  болған  соң,  сонымен  қатар  Банк  Шартта  немесе  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасында  көзделген  негіздер  бойынша  төлемді  немесе  аударымды  жасаудан  бас 

тартқан жағдайда өз әрекетін тоқтатады.  

5.8.    Шарт мемлекеттік және орыс тілінде құрастырылды. 

5.9. Шарт  ережелерімен  реттелмейтін  басқа  да  мәселелер  Қазақстан  Республикасы 

заңнамасының нормаларына сәйкес шешіледі.  



 

жүктеу 120,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау