« №219 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Кестелер. Кестелерді құру.
Пән мұғалімі: Сүлейменова А.І
2015-2016 оқу жылы
К үні 06 .02 .2016 ж
Пәні: Информатика
Сыныбы: 6 «б»
Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелерді құру.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мәтінді кесте түрінде ұйымдастыру туралы білімдерін қалыптастыру. Кесте құруды үйрету.
Білімділік: Оқушыларды мәтінді кесте түрінде безендіру жолдарымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік:Техникалық тазалыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ меңгерту
Сабақ әдісі: Баяндау , сұрақ – жауап, көрсету, түсіндіру.
Көрнекілігі: Компьютер, дискет.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезең: (2мин)
а) оқушылармен амандасу, түгендеу;
б)назарларын сабаққа аудару;
в)сабақ барысымен таныстыру.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. (7 мин)
Билет№1
Мәтінді форматтау әрекеттері қандай?
Билет№2
Тізім түрлері?
Тізім жасау қалай жүзеге асырылады?
Билет№3
Қаріп терезесінде қандай өзгертулер жүргізуге болады?
Билет№4
Тізім деп нені түсінесің?
Тізімнің түрлерін ата?
І ІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру. (15 мин)
Кесте мәтіндері мен суреттері бар жолдар мен бағандардан, ұяшықтардан тұрады.
Кестелермен жұмыс істеу үшін Кесте (Таблица) менюі пайдаланылады. Кесте бойынша орын ауыстыру үшін ←, ↑, →, ↓ пернелері пайдаланылады.
Кестені құру үшін келесі әрекеттерді орындау керек:
Кесте (Таблица) менюінде Кірістіру (Вставить) командасын және содан кейін Кесте (Таблица) командасын орындау
Кестені кірістіру (Вставка таблицы) терезесінде жолдар мен бағандардың санын көрсету
ОК батырмасын басу
Кестелер мен шекаралар (Таблицы и Границы) тақтасы батырмаларының міндеті:
Кестені құру (Создать таблицу) – кестенің немесе оның элементтерін (жолын, бағанын, ұяшығын) дайындауға арналған
Өшіргіш (Ластик) – кесте шекарасының сызықтарын жояды
Сызықтар типі (Тип линии) – кесте шекарасының типін тағайындайды
Сызықтың қалыңдығы (Толщина линии) – кесте шекарасының қалыңдығын тағайындайды
Шекараның түсі (Цвет границ) - кесте шекарасының түсін тағайындайды
Шекара менюі (Меню Границы) – таңдалынған шекараларды ерекшелейді
Кестені кірістіру менюі (Меню Вставить таблицу) - жаңа кестені немесе оның элементтерін кірістіреді
Ұяшықтарды біріктіру (Объединить ячейки) –ерекшеленгендерді бір ұяшыққа біріктіреді
Ұяшықтарды бөлу (Разбить ячейки) – ерекшеленген ұяшықты (ұяшықтарды) бірнеше ұяшыққа бөледі
Теңестіру (Выравнивание) – ұяшықтардың ішінде мәтінді теңестіруді тағайындайды
Жолдарды теңестіру (Выравнивание строк) – жолдарды биіктігі бойынша теңестіреді
Бағандарды теңестіру (Выравнивание столбцов) – бағандарды ені бойынша теңестіреді
Автоформат – Кестелерді безендіру мәнерін тағайындайды
Мәтіннің бағыты (Направление текста) – ұяшықтағы мәтіннің бағытын өзгертеді
Сұрыптау (Сортировка) и - ерекшеленген ұяшықтардағы мәліметтерді өсуі және кемуі бойынша сұрыптайды
Автоқосынды (Автосумма) – ерекшеленген ұяшықтардағы мәліметтерді қосындылайды.
Достарыңызбен бөлісу: |