Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
Коммуникация функциялары:
Ақпараттық функция. Қазіргі ғылымда "ақпарат" ұғымы адамдар арасындағы әртүрлі білім мен ақпарат алмасу ретінде түсіндіріледі. Мұнда байланыс делдал рөлін атқарады. Бұл коммуниканттар арасында жасалатын хабарламалар, пікірлер, ойлар, шешімдер алмасу. Ақпарат алмасу қандай да бір практикалық мақсатқа жету, кез-келген мәселені шешу үшін де, қарым-қатынас процесі үшін де, адамдар арасындағы қарым-қатынасты сақтау үшін де жасалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |