168
Осы функцияларды қолданудың бір мысалын келтірейік:
typedef struct
{
char author [30];
char title [50];
int pages;
} BOOK;
BOOK b1={ "Kernighan", "С Language", 256 }, b2;
FILE *fp;
void main()
{...
fp=fopen("struct.txt", "w+");
// файл әрі оқу, әрі жазу үшін ашылды
fwrite(&b1, sizeof(BOOK), 1, fp);
fseek(fp,0,0); // маркер файл басына
fread(&b2, sizeof(BOOK), 1, fp);
printf("Авторы – %s,аты – %s,беттер саны – %d\n",b2.author,
b2.title, b2.pages);
}
Бақылау сұрақтары
1.
Файл дегеніміз не? Ол не үшін пайдаланылады?
2.
Файл қайда орналасады және қалай белгіленеді?
3.
Файл ашу функциясы қалай жазылады?
4.
Файл атын программада қалай анықтаймыз?
5.
Файлдың қолданылу режимдері қалай кӛрсетіледі?
6.
Файлға мәлімет жазу/оқу функциялары.
7.
Файлға жаңа элемент қалай қосылады?
8.
Мәлімет оқылған файлға мәлімет жазуға бола ма?
9.
Файлдан ақпарат оқу үшін не істеу керек?
10.
Файлға ақпарат жазу үшін не істеу керек?
11.
Символдар мен сӛз тіркестерін файлға жазу үшін не істеу керек?
12.
Құрылымдарды пайдаланатын файлдар қандай функцияларды пайдаланады?
ТАПСЫРМАЛАР
1. Файлдан сандар оқып, солардың ішіндегі теріс сандар қанша екенін анықтайтын
программа қҧру керек.
2. Файлдан сӛз тіркесін оқып, солардың ішіндегі 6 символдан артық сӛздерді экранға
шығарып, басқа файлға жазып шығыңдар.
3. Файлдан сандар оқып, солардың арифметикалық ортасын файл соңына қосып жазу
керек.
4. Файлдан сӛз тіркесін оқып, солардың керісінше жазылған нҧсқасын басқа бір файлға
жазып шығыңдар.
5. Файлдан сандар оқып, солардың максимумын анықтайтын программа қҧру керек.
6. Файлдан сӛз тіркесін оқып, солардың ішіндегі бос орын орнына сызықша жазып оны
басқа бір файлға жазып шығу керек.
7. Файлдан сандар оқып, солардың минимумын анықтайтын программа қҧру керек.
8. Бір файлда екі сӛйлем жазылған, соның екінші сӛйлемін басқа файлға жазып шығу
керек.
169
9. Файлдан сандар оқып, солардың кӛбейтіндісін анықтайтын программа қҧру керек.
10. Сӛз тіркесінен тҧратын файлдағы бас әріптерді кіші әріптерге айналдырып, басқа
файлға жазып шығу керек.
11. Файлдан сандар оқып, солардың нешеуі 5-тен артық екенін анықтау керек
12. Сӛз тіркесінен тҧратын екі файл берілген. Осы екі файлдағы сӛз тіркестерін
біріктіріп, ҥшінші файлға жазып шығыңдар.
13. Файлдан сандар оқып, солардың қосындысын анықтау керек
14. Сӛз тіркесінен тҧратын екі файл берілген. Осы екі файлдағы сӛз тіркестерінің орнын
ауыстырып жазып шығу керек.
15. Файлдан сӛз тіркесін оқып, солардың ішіндегі ең ендісін анықтап, соның неше
символдан тҧратынын анықтау қажет.
16. Файлдан сандар оқып, солардың тақтарын бір файлға, жҧптарын екінші файлға
жазып шығыңдар.
17. Файлдан бірнеше сӛйлем оқып, сол сӛйлемдердің ―м‖ әрпінен басталатын бір
сӛйлемін ғана экранға шығарып, соның ҧзындығын анықтайтын программа қҧру
керек.
18. Файлдан сандар оқып, солардың барлығын да бірге арттырып, шыққан сандарды
басқа бір файлға жазып шығыңдар.
19. Файлдан бірнеше сӛйлем оқып, сол сӛйлемдердің ең соңғы сӛйлемін ғана экранға
шығарып, соның ҧзындығын анықтайтын программа қҧру керек.
20. Файлдан сандар оқып, соларды керісінше тәртіппен екінші бір файлға жазып
шығыңдар.
21. Файлдан сандар оқып, солардың цифрларын экранға сӛзбен шығаратын программа
қҧру керек, мысалы, 0 орнына ―нӛл‖, 1 орнына ―бір‖, т.с.с. 9 орнына ―тоғыз‖ деп
жазатын болуы тиіс.
22. Файлдан сӛз тіркесін оқып, солардың бірінші сӛзі мен соңғы сӛзін алмастырып,
екінші бір файлға жазып шығыңдар.
23. Файлдан сӛз тіркесін оқып, соларды керісінше жазып шығатын программа қҧру
керек.
24. Файлдан сандар оқып, солардың алғашқы жартысы мен соңғы жартысының орнын
ауыстырып, нәтижесін жаңа файлға жазып шығу керек.
25. 10 бҥтін саннан тҧратын файл жасайтын программа қҧру керек. Сол файлдағы
сандарды оқып, олардың қосындысын анықтаңдар.
26. Whіle операторы арқылы Char типті элементтерден тҧратын файл жасау қажет.
Циклден шығу шарты – z әрпін енгізу. Сол файлдың кӛшірмесін екінші бір файлға
жазып, жазылған мәліметтерді экранға да шығару керек.
27. Іnteger типті N саннан тҧратын файл жасап, сол файлдағы жҧп сандарды экранға
шығару қажет.
28. Бҥтін сандардан тҧратын файл жасап, сол сандарды басқа бір файлға кері
тәртіппен жазып шығу керек.
29. Мынадай қҧрылымдағы бірнеше қатарлары бар файл жасау керек:
- реттік нӛмірі;
- фамилиясы, аты-жӛні;
- жалақысы.
Осы файлға бес адам туралы мәліметтер енгізіп, басқа файлға осылардың ішіндегі ең
кӛп жалақы алатын адам туралы мәліметті кӛшіріп жазу керек.
30. Файлдағы мәтінді тҥгел оқып шығып, ондағы ―о‖ әрпін ―а‖ әрпімен алмастыратын
программа қҧрыңдар.
170
31. Файлдағы мәтіндік ақпаратты экранға және қағазға шығаратын программа жасау
керек.
32. Файлда N бҥтін сан жазылған. Соларды ӛсуі бойынша реттеп, екінші файлға
жазып шығару қажет.
33. Нақты сандардан тҧратын бір ӛлшемді жиым элементтерін пернелерден енгізе
отырып, бір файлға жазып шығып, сол жиымның жҧп индексті элементтерін екінші
файлға жазатын программа қҧрыңыздар.
34. Топтағы студенттердің ҥлгерімін бір файлға мынадай тҥрде жазу керек: рет нӛмірі,
аты-жӛні, 5 сабақтың аты, әр сабақтан алған 3 бағасы. Программаға енгізілетін
мәліметтер пернелерде теріліп, файлға жазылуы қажет. Жақсы оқитын студенттер
тізімін екінші бір файлға бӛлек жазып шығу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |