40
Стандартты функциялар. С тілінде алдын ала программалары жасалып
стандартты модульге жинақталып қойылған, қажет кезінде пайдалануға бола-
тын объектілердің бірі стандартты функциялар болып табылады. Олар жиі
кездесетін математикалық және басқа да функцияларды есептеу ҥшін
қолданылады. Стандартты функцияны жазу ҥшін міндетті тҥрде функцияның
аты және жақшаның ішінде аргументі кӛрсетілуі қажет. Стандартты
функциялар: fabs(
x), sіn(
x), cos(
x), asin(
x), acos(
x), tan(
x), e
xp(
x), log(
x), sqrt(
x),
atan(
x), т.с.с. Кітап соңындағы
А қосымшасында
функция тізімдері мен типтері,
жазылу жолдары кӛрсетілген. Функцияны есептеу барысында аргумент пен
функция типтерінің әр уақытта сәйкес келе бермейтінін есте сақтаған жӛн. С
тіліндегі стандартты функцияларды пайдалану ҥшін
тақырыптық
файлы (прототипі) қолданылады.
Комментарий – тҥсініктеме ретінде қолдануға болатын символдар тізбегі.
Олар ҧлттық алфавиттерді де пайдалана береді. Комментарий басы мен аяғы
/* ... */ осындай таңбалармен шектелуі тиіс. Олар бір немесе бірнеше
жолдардан да тҧра алады. С++ тілінде жол соңында тҧратын комментарийлер //
симолдарынан кейін орналасады. С және С++ тілдерінде қҧрастырылған
есептерді бір компилятор арқылы шығаруға болатындықтан, кӛбінесе тҥсінік-
темелердің жоғарыдағы екі тҥрін де пайдалана беруге болады.
/* программа ішіндегі комментарийлер осылай орналасады */
Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты
мағынасы бар ең қарапайым сӛйлемі оператор болып табылады. Тіл объек-
тілерін, яғни программада пайдаланылатын мәліметтердің атаулары мен
типтерін, олардың алғашқы мәндерін алдын ала тағайындау программаның
сипатталуы болып саналады.
Енді Фаренгейт градустарын Цельсий градустарына ауыстыратын C тілінде
жазылған программа мәтінін келтірейік.
/* Градустарды Фаренгейт бірлігінен Цельсий
бірлігіне алмастыру, f = 0, 20, ...,300 */
#include
#include
main()
{ int t0, tn, step;
float f,c;
t0 = 0; /* төменгі температура */
tn =300; /* жоғарғы температура */
step = 20; /* өзгеру қадамы */
clrscr(); f = t0;
printf("Град_Ф Град_Ц\n");
while (f <= tn)
{ c = (5.0/9.0) * (f -32.0);
printf("%4.0f %6.1f\n", f, c);
f = f + step;
}