97
7. Жиым элементтерін пернеден енгізгеннен гӛрі rand() және random() функцияларын
пайдаланып, кездейсоқ сандар тізбегін беру арқылы енгізген ыңғайлы болады.
8. Жиымдарды сҧрыптау алгоритмдерінің жҧмыс істеу жылдамдығы, алатын кӛлемі және
қолданылу аймағы әртҥрлі болып келеді.
Тапсырмаларды орындауға арналған нұсқаулар
а) Әрбір студент журналдағы ӛз нӛміріне сәйкес (мҧғалімнің кӛрсетуі бойынша) тӛрт
есеп шығаруы тиіс.
ә) Әр есептің блок-схемасы және соған сәйкес программасы қҧрылып, компьютерде
сол программаның нәтижесін алу керек.
б) Екі блок-схема Word программасындағы
Сурет салу-Автофигуралар-Блок-схема-
лар мҥмкіндігімен сызылып кӛрсетілуі тиіс.
в) Берілген жиым элементтері мен нәтижелік элементтерді экранға шығарып, нәтиже-
лерді жазып алу қажет немесе нәтижені бірден файлға жазуға тырысу керек.
Есептер
1. Кез келген сандардың бiрӛлшемдi
А(10) жиымындағы оң элементтердi екi есе
кемiтiңдер, ал терiс элементтерi болса, онда оларды индекстерiнiң мәнiмен ауысты-
рыңдар.
2. Бiрӛлшемдi
А(10) жиымындағы терiс элементтердiң ең ҥлкенiн табыңдар.
3. Бiрӛлшемдi
А(20) жиымындағы -5-тен кiшi элементтердiң қосындысын және
олардың жалпы санын, сонымен бiрге 5 санына қалдықсыз бӛлінетін элементтердiң
нӛмiрлерiн анықтаңдар.
4. Бiрӛлшемдi
А(10) жиымындағы оң элементтердiң квадраттарының арифметикалық
ортасын есептеңдер.
5. Бiрӛлшемдi
А(100) жиымындағы терiс элементтердiң санын анықтаңдар.
6. Бiрӛлшемдi жиым мәндерi берiлген диапазонда жататын элементтерiнiң нӛмiрiн
басып шығарыңдар.
7. Бiрӛлшемдi
А(10) жиымындағы оң элементтердiң iшiнде мәнi ең кiшiсiн және оның
индексiн (нӛмiрiн) табыңдар.
8. Бiрӛлшемдi жиымда 2-элементтi бiрiншi орынға, 3-нi 2-шiмен және т.б.
алмастырулар
орындай отырып, 1-элементi соңғы орынға қойыңдар.
9. Берiлген оң сандар тiзбегiндегi қосындысы берiлген саннан асып кетпейтiн
элементтердiң санын табыңдар.
10. Ҧтыс билетiнiң нӛмiрi алты орынды сан. Билет ―бақытты‖ (алдыңғы және соңғы
ҥш цифрдың қосындысы ӛзара тең) немесе ―табысты‖ (жҧп орындарда тҧрған
цифрлардың қосындысы тақ орында тҧрғандардың қосындысына тең) болатын-
дығын анықтаңдар.
11. Оң және терiс сандар тiзбегiндегi бiрiншi терiс санға дейiнгi орналасқан сандар
тiзбегiнiң ӛсу ретiмен орналасатындығын анықтаңдар.
12.
N кәсiпорынның бiр жылғы электр энергиясын тҧтынуы туралы дерек бар. Осы
бойынша энергия тҧтынудың арифметикалық ортасын және энергияны ең кӛп
ҥнемдеген кәсiпорынды анықтаңдар.
13. 14 аудан бойынша жанармай қорының мӛлшерi белгiлi. Жанармаймен ең жақсы
қамтылған ҥш ауданды анықтаңдар.
14. Берiлген
А(14) жиымы бойынша мына шарттарды қанағаттандыратын
В жиымын
қҧрыңдар:
В(0) =
A(1);
B(1) =
A(1) *
A(3); ...
B(4) =
A(1) *
A(3) * ... *
А(13)