Программалау тілдері жоғары оқу орындарына арналған оқулық



жүктеу 2,9 Mb.
Pdf просмотр
бет2/82
Дата19.11.2018
өлшемі2,9 Mb.
#20460
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82

 

1. АЛГОРИТМДЕУ НЕГІЗДЕРІ 
1.1 Алгоритм, программа ұғымдары 
Алгоритм  ҧғымы  информатикада  ақпарат  сияқты  іргелі  ҧғымдардың 
қатарына жатадыБҧл атаудың мағынасын тҥсіну ҥшін оған жан-жақты талдау 
жасаған жӛн 
Алгоритм атауы атақты араб математигі абу Жапар Мҧхаммед ибн Мҧса әл-
Хорезми  (763-850  ж.)  есімінің  латынша  Algorіthmі  (Алгоритми)  болып  жазы-
луынан  шыққан.  Ол  санаудың  ондық  жҥйесінде  кӛпорынды  сандармен  ариф-
метикалық  амалдардың  орындалу  ережесін  ҧсынған.  Бҧл  ережелер  қосынды 
мен  кӛбейтіндіні  табуға  арналған  амалдарды  орындауға  қажетті  тізбектен 
қҧрылғанСол ереже осы кҥнге дейін қолданылып келеді 
Оған  дейін  де  арифметикалық  амалдарды  орындаудың  кӛптеген  ережелері 
болған.  Онда  негізінен  сандардың  ерекшеліктеріне  кӛп  кӛңіл  бӛлінген.  Ал  әл-
Хорезми кӛп орынды сандардың бәріне ортақ және барлық сандарға жарамды 
ереже  ҧсынған.  Әл-Хорезмидің  ҧсынған  тәсілін  жақтаушыларды  алгоритм-
діктер  деп,  алгоритм  ҧғымын  бірқатар  қасиеттері  бар  ережелер  жүйесі  деп 
атаған 
Қазіргі  кезде  алгоритм  ҧғымы  тек  математикалық  есептерді  шешу 
әдістерімен  ғана  шектелмейді.  Оның  мағынасы  одан  әлде  қайда  кең.  Әрбір 
компьютер  алдын  ала  берілген  алгоритммен,  яғни  жоспармен  жҧмыс  істейді
Алгоритмді  заңдылық,  реттелген  амалдар  жиыны,  кезекпен  орындалатын 
операциялар  тізімі  деп  ҧғынған  жӛн.  Бҧл  ҧғым  қазіргі  кезде  кеңінен 
қолданылып  жҥр.  Оның  кӛптеген  анықтамалары  да  бар.  Соның  бірін  келтіре 
кетейік 
Алгоритм    берілген  есептің  шығару  жолын  реттелген  амалдар  тізбегі 
түріне  келтіру.  Кез  келген  есепті  қарапайым  амалдарды  тізбектей  орындау 
арқылы  шығаруға  болады.  Алгоритмді  компьютерде  орындау  ҥшін  оны 
программа тҥрінде жазып шығу керек 
Программа  –  алгоритмді  машинаға  түсінікті  нұсқаулар  тізімі  ретінде 
жазу.  Программа  машинаға  тҥсінікті  командалардан  тҧрады.  Осы  командалар 
тізбегі орындалу барысында есептің нәтижесі шығадыӘрбір компьютер алдын 
ала жазылған программамен жҧмыс жасайдыПрограмма дегеніміз – белгілі бір 
нәтиже  алу  ҥшін  орындалатын  амалдардың  айқындалған  тізбегі.  Процессор 
программаның  қҧрамындағы  командаларды  кезекпен  орындап  отырады
Командалар  тізбегін  программа  деп  қарастыруға  болады.  Команда  бір  ғана 
қарапайым  амалды  орындау  ҥшін  берілген  бҧйрық  ретінде  беріледі
Командалар:  арифметикалық  немесе  логикалық  амал;  ақпаратты  тасымалдау 
командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; нәтижені экранға, қағазға 
басып шығару командасы; келесі командаларға кӛшу тәртібін орындау т.с.с 
Компьютердің жҧмысы программалық принципке негізделген, яғни ол ӛзінің 
жадында  сақталатын  командалар  тізбегін  автоматты  тҥрде  орындау  арқылы 
есеп шығарады 


 

Кез  келген  компьютер  жадында  берілген  мәліметтермен  қоса  оны  қандай 
жолмен,  қандай  нҧсқауларды  орындағанда  шығатынын  кӛрсететін  програм-
маны  сақтайды.  Компьютер  берілген  тапсырманы  орындауға  дайын  тҧрған 
техникалық  аспап  болғандықтан,  әрбір  тапсырманы  тҥсінікті  тҥрде  қысқаша 
жаза  білу  қажет.  Тапсырма  жоғарыда  айтылған  жекеленген  командалардан 
тҧрадыМашинаға тҥсінікті тҥрде жазылған тапсырмаларды немесе командалар 
жиынын  да  программа  деп атауға  болады.  Программа – арнайы  мәтін  арқылы 
компьютерге тапсырманың ретті кезегін хабарлайтын ережелер мен нҧсқаулар 
тізбегінен тҧрады 
1.2 Алгоритмдердің орындалуы 
Алгоритмді  орындаушының  рӛлін,  негізінен,  адам  немесе  автоматтанды-
рылған аспап, яғни компьютер, робот, т.бқҧралдар атқарады 
Сонымен,  алгоритмнің  орындалу  кезінде  оны  орындаушыға  келесі  жолы 
қандай нҧсқау орындалатыны белгілі болуы қажетАл орындаушының жҥзеге 
асыра  алатын  командалар  жиыны  –  компьютердің  командалар  жҥйесін 
қҧрайды.   
Алгоритмді  машинаға  енгізу  ҥшін  оны  белгілі  бір  заңдылықпен  мәтін 
тҥрінде  жазып,  компьютердің  жадына  енгізу  қажет.  Ал  алгоритм  мен  оның 
орындалуын компьютерде жҥзеге асыру ҥшін қолданылатын бірыңғай және дәл 
жазуға арналған ережелер жҥйесі программа болып табылады 
Алгоритм  мен  программаға  байланысты  компьютердің  мынадай  жҧмыс 
ерекшеліктері болады: 
1) есепті шығару жолы алгоритм тҥрінде ӛрнектелуі қажет; 
2) алгоритм программаға айналдырылуы тиіс
3) программа машина жадына енгізіліп, ретімен орындалуы керек 
Кҥнделікті  тҧрмыстан  алып  алгоритмге  бір  мысал  келтіре  кетейік.  Студент 
болу ҥшін алгоритмнің мынадай қадамдарын орындау керек: 
1орта мектепті бітіріп, Бірыңғай ҧлттық тестен ӛту; 
2керекті қҧжаттарды аттестаттың тҥпнҧсқасымен бірге белгілі бір жоғары оқу 
орнына (университетке, институтқа) ӛткізу; 
3конкурстан ӛту 
Бҧл кӛрсетілген пункттердің орнын ауыстыруға болмайдыОлар кӛрсетілген 
ретпен кезектесіп орындалуы тиісСонда ғана керекті нәтижеге (студент болу) 
қолымыз жетеді 
Алгоритм  –  информатика  мен  есептеу  техникасының  іргелі  ҧғымдарының 
бірі.  Квадрат  теңдеудің  тҥбірін  табу  ережесі,  ҥшбҧрыштың  ауданын  есептеу 
жолдары  алгоритмдердің  мысалдары  болып  табылады.  Сонымен,  алгоритм 
есептерді  шығару  тәсілі,  яғни  белгілі  бір  нәтижеге  жету  ҥшін  қолданылатын 
амалдардың реттелген жиыны 
Адам баласы кҥнделікті ӛмірде алгоритмдер теңізінің ішінде жҥзіп жҥр деу-
ге боладыӘрбір адам кҥнделікті ӛмірде кӛптеген  мәселерді шешу барысында 
бірсыпыра  ережелерді  ӛзі  ӛмірден  алған  тәжірибесі  бойынша  ойланбай-ақ 


жүктеу 2,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау